жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұқағали оқуларына арналған материал
![]()
Мұқағали оқулары
Ақынға арнау, Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен үзінділер, өз өлеңдерім
Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы
Солтүстік Қазақстан облысы , Тоқсан би ауылы
2016 ақпан айы
-
«Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!.
Ақын аманаты (Мұқағали ақынға арнау)
Сырға толы жырларыңыз, ақын аға!
Өмірде кім тыныштық таба алады?
Ұқсайды өмір аспандағы жұлдыздарға,
Жүрек деген шын сезімнен жаралады.
Тоқтамай лүпілдеген толқын-жүрек,
Теңесер ақ қайың жапырағы діріліне.
Әрине, өмірде бәрімізге сенім керек,
Өз ойыңмен жетуге ақын сезіміне.
Өкінбей, өкпелемей бұл жалғанда,
Ғашық болу зор бақыт деп білемін.
Жан жаққа ізгілік сезіммен қарағанда,
Махаббат жалынын өзім де сезінемін.
Мәңгілік қуанышқа бөленбеген ,
Сонда да бақыт сезім бойын алып.
Қаралы қара түнде түңілмеген,
Махаббат сезімін талай жырлап.
Шіркін ай , бұл неткен әділсіздік,
Ғашық болып дүниеден ерте өткен.
Жапырақ жүрегіндей жаны нәзік
Сырласып жыр арқылы айға жеткен.
Көлді бойлап ұшып жүрер шағала,
Ақындай қиналамын мен де өмірде.
О, замандас, өміріңді сен бағала,
Бір күн ақ шешеді екен тағдырыңды!
Аққудың сезіміндей тың махаббаты
Өмірде шын сырларын таба алмады.
Ұрпаққа қалдырған ақынның аманаты
Аққудың қанатында жазылып қалады.
-
«...Ал екінші бақытым – тілім менің»
Қазақ тілі
Қазақ тілім, бір өзіңнен нәр алдым!
Елім менің, бір сен үшін жаралдым!
Қазақ жерін мекендеген бауырлар
Ана тіл деп қазақ тілін санайды.
Осы жерде дүниеге келген балалар
Қазағымның ар-намысын қорғайды.
Қазақ тілі – Отанымның тағдыры!
Ақындардың қуанышты ән-жыры!
Қазақ тілі – болашағы елімнің,
Ана тілі - қуанышы көңілімнің!
Қазақ тілі – өзімнің мақтанышым,
Ана тілі - сезінетін қуанышым!
Ана тілі
Ана тілі,асыл мұра –алтын қорың,
Өз тілінді білмесең нағыз сорың.
Аңсаған арманымыз орындалып,
Қазағым іздеп жүріп тапты жоғын.
Өз тілімде шежірем,жырым менің.
Асан Қайғы арманы, Қорқыт күйі .
Тағдырым да, мұңым да сен менің.
Ана тілім, кең даламның асыл үні!
Ана тілін ардақтап, сақтап алып,
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.
Бұл өмірде жүрмін мен ұстаз болып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің.
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаларға басындырам?
Күмбірлеген үніңді жырлай алсам,
Құм астына көмілген ғасырды ұғам.
Сен арқылы шерте аламын сыр әдемі,
Жатсынбайды дауысымды жыр әлемі.
Қызғыш болып қорғаймын,қазақ тілі,
Туған жердің жыры сенсің, ана тілі!
-
«Күнделік жаз, жарқыным!»
6 март 1973 жыл
...Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол тек – поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл!
9 апрель 1973 жыл
Адам өмірінің бақыты – балалық шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені...
25-май 1974 жыл
Ерте-ертеде Нерон патша өмір сүрген. Жұрт оны ақымақ деп атауға дағдыланып кеткен. Шынында да ол сондай болды ма, мен онысын білмеймін. Бірақ мен оны өз сөзі арқылы білемін және терең түсінемін. «О! Қандай ұлы актер өліп барады!» — оның бүкіл өмірінің дәні сол сөзінде. Ол қанша ақымақ болса да, өз қалауынша өмір сүрмеген адамның шын жүректен мойындауы. Біз бәріміз — артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де...
16 ақпан 1976 жыл
Өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға белгілі бір көзқарасы жоқ адам ақын емес. Ондай адамның өзін ақын ғана емес, қоғамның ойлай білетін азаматымын деуге де қақысы жоқ.
Қазіргі нағыз ақын алдымен ойшыл, яғни философ болуы қажет. Поэзияның жалаң сұлулығы жалаңаш сұлуға ұқсайды: оны тек қызықтауға ғана болады. Ақынның міндеті суреттеп шығу, баяндап беру емес, қайта сол сұлулықтың құпиясын, оның ар жағындағы нақ сол жасырынды ашып беруде. Осы заманғы ақын тәжірибелі құбылнамашыдай уақыт тамырын дәл басып, дәуірдің, қоғамның дертін өз дертіндей қабылдауға тиіс. Поэзияда философ болу деген сөз — өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу. Алайда салқынқанды, ақылгөй философ болу жарамайды, ақырына дейін «адам жанының инженері» болып қалу керек...
17-февраль 1974-жыл
Ақын болу үшін ақында не болуы керек?
Бірінші: талант. Білімді, сұңғыла талант (диплом міндетті емес).
Екінші: ұят, өзінің нашар өлеңдерін оқығанда өзінен өзі ұялуы үшін.
Үшінші: қарапайымдылық. Пушкин мен Абайдыкіндей болмаса да, басқалар түсінетіндей адамдық қарапайымдылық. Ақылдымсымау, түсіндірмеу, тек жырлау.
Төртінші: түйсік. Басқалар көре алмайтынды көру және тану.
Бесінші: еңбек, үнемі шындалып отыру үшін.
Алтыншы: жан. Жан байлығын әмәнда сақтау қажет.
Дала
Дала, дала , кең дала ...
Көз жүгіртіп қарасамын айнала!
Көктем келіп , гүілдетті даламды.
Қызғалдақтан қызыл кілем тоқылды!
Бозторғайдың әні естілді аспанда,
Жасыл төсек төселіпті даламда.
Неткен әсем туған жердің көлдері!
Неткен сұлу кең даламның гүлдері!
Солтүстіктің күзі, қысы айбарлы,
Солтүстіктің жазы қандай жайдары!
Туған өлкем – ақындардың мекені,
Туған жерім жырлаймын мен сені!
Әжеме
Балалық шақ қайтып келмейді,
Бақытты күндер естен кетпейді.
Балалық шақ өте қызық болған-ай!
Бірақ өмір зуылдап өтті кідірмей.
Қызыл судың жағасында туып едім,
Жидек теріп, гүл жинап өсіп едім.
Жанымда жүруші еді асыл әжем,
Әжемнің аруағына бас иемін!
Әлі есімде жасыл шайын көйлегі,
Қымыз баптап таңертеннен жүргені.
Әжемнің бар еді өмірде бір тілегі,
Немересі білімімен бақытына жеткені!
Өмірде біз талай азап кешеміз,
Біраз қиын мәселелер шешеміз.
Бақыт құсы оңай қонбас қасыма,
Ойланатын келіп тұрмын жасыма.
Өзім болсам бүгін төрт баланың анасы,
Жүремін мен әжемнің болып баласы.
Асыл әжем, бір өзіңді сыйлаймын,
Сізге ғана жан сырымды айтармын!
Әке-шешем маған жақын , әрине ,
Сонда дағы әжем менің есімде.
Жүрегімде елестейтін бір бейне,
Жарқын жүзі көрінеді көзіме!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген