400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағалидың Қорқыт рухымен сырласуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағалидың Қорқыт рухымен сырласуы Көрініс
Материалдың қысқаша нұсқасы

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ

«Қорқыт рухымен сырласу»

Ұзақтығы: 8–10 минут

Музыка.Индира Расылхан әні «Жапырақ жүрек жас қайың»

«Қорқыт» әні Гүлнұр Оразымбетова

Шайтанның музыкасы «Алдар көсе» мультфилімінен

Кейіпкерлер:

*Қорқыт баба – мәңгілік өмірді өнерден тапқан дана

*Періште – ар, иман, тазалық үні

*Шайтан – нәпсі, күмән, пенделік ой

*Мұқағали – ақын, рухани ізденіс иесі

(Түн. Әлсіз жарық. Сахна ортасында Мұқағали жалғыз. Қолында дәптер.)

Мұқағали:
Өмір…
Біреу үшін – байлық,
біреу үшін – мансап,
ал мен үшін — жыр.

Бірақ жыр да мәңгі ме?
Өзім өткінші болсам,
сөзім қалай тірі қалады?..

(Кенет жарық өзгереді. Шайтан пайда болады.)

Шайтан:
-Әй, ақымақ пенде,Өмір мәңгілік дейсің бе?
Адам бір күндік!Бүгін жеп-іш, бүгін ләззат ал! Мен сені жамандыққа шақырмаймын.
Мен тек жеңіл жолды көрсетемін.Бәрі солай істеп жүр ғой
... Шайтанның музыкасы «Алдар көсе» мультфилімінен

Мұқағали:
Сонда адам арсыз өмір сүруі керек пе?

Шайтан:
Ар деген — әлсіздерге арналған ертегі!
Сен неге өзгеше болуың керек ? Рақаттанып,жақсы өмір сүруге тырыс,таста уайым қайғыны,байлық жина,мансап қу,ей ақыным,адамдар мені жамандайды,бірақ менің ізімде жүргенін өздері де білмейді.Жүр,бірге сайран салып,көңіл көтерейік! Аха-ха-ха -ха барлық адамзат пенде,ал пенделер алданады,жүр,көп күттірме!

Музыка ойналады(Жапырыақ жүрек жас қайың) Индира Расылхан

Періште көрінеді

Періште:
Жоқ!
Ар — адамды адам еткен қасиет.Жүрек таза болса — жол да таза.Жол ауыр болса да,
дұрыс жол — сол.Адалдық кейде кеш жеңеді,бірақ ешқашан жеңілмейді.Сен қателессең де,
бәрі бітті деген сөз емес.Тәубе бар.
Үміт бар.
Қайта тұруға күш бар.Жақсылықты таңдау — әлсіздік емес,ол — ерлік.Сабыр — жеңіліс емес,
ол — жеңіс.(кідіріс)Уақыт шектеулі,
өмір деген мәңгі емес,бірақ жүректегі нұр — мәңгі.Сен жалғыз емессің.Мен қасыңдамын

Қобыз үні естіледі. Начало формыКонец формыТұман арасынан Қорқыт баба көрінеді.)

Мұқағали:Уа, Қорқыт баба,өмір деген — бір сәттік сәуле ме,әлде мәңгілікке жалғанар жол ма?Жыр жаздым, жүрекке жүк арттым,бірақ уақыттан қорқамын.Сөз қалады деймін…
Ал адам ше?Жаным өлеңмен тыныстайды,өлеңсіз өмір — өлі тыныс.
Айтшы, баба,адам қалай өмір сүруі керек?(кідіріс)Өмірді жеңу үшін бе,әлде оны сезіну үшін бе?Өтпелі ғұмырда өлмейтін не

Қорқыт баба: Мен өлімнен қаштым.Жердің төрт бұрышын кездім.Қайда барсам да, алдымнан
қазулы көр шықты.Сонда түсіндім:өлім — жолдың соңы емес,ол — өмірдің айнасы екен.
Адам өлмейді екен,Өмір қысқа болса да,мағынасы терең.Біреуге жасаған жақсылығың —
мәңгілік үн.Шыққан адал сөзің —мәңгілік сарын.


Өмірді жеңем деп әуре болма,оны адал сүр.Сезіммен айтылған сөз —уақыттан ұзақ.
Жаныңмен жазған жырың —сенің мәңгілігің.Келешек ұрпаққа мәңгі өлмейтін жырлар,салихалы ойлар қалдыр.

Мұқағали:Қайран Қорқыт бабам,асыл сөздеріңді мәңгілікке пір тұттым,адал жол,адал өмірді таңдадым, бақыт пен қайғы, өлең мен ой —барлығы адамға мәңгілік ұмтылыстың жолы.

Өмір деген - ұлы сапар осынау,
Қиындықтар кезіксе де жасымау.
Өмір деген - қарап жүрмей досым-ау,
Жұмыс жасау, жанұяңды асырау.
Өмір деген - міне солай жан бағу,
Әр қызыққа тамсану да, таң қалу.
Өмір деген - өкініш пен қуаныш,
Өмір деген - алдау және алдану.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.02.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі