Тақырыбы: Мұқан Иманжановтың "Алғашқы айлар" повесі
Мұқан Иманжанов – балалар әдебиетінің дамуына мол үлес қосқан жазушы. Оның қаламынан заман шындығын бейнелеген, әлеуметтік – моральдық мәселелерге назар аударған бірталай әңгіме, повестер туды. Балалар мен жасөспірімдер, жастар әдебиеті мамандарының аз кезінде жаңа есімдерді шығаруға, әдебиетіміздің кешеуілдеп жатқан саласына көп күш – жігерін жұмсады.
Мұқан Иманжановтың өміріне шолу жасап өтсек...
|
1916ж |
Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. |
|
1935-1938ж.ж |
Алматы қаласындағы есеп – санақ техникумында экономикалық білім алады. |
|
1938-1941ж.ж |
Республикалық теле – радио хабарлар тарату комитетінде қызмет атқарады. |
|
1942-1949ж.ж |
Соцаиалистік Қазақстан (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастайды. |
|
1949- 1958 ж.ж |
Қазақ балаларының сүйікті басылымына айналған “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында бөлім меңгерушісі болды. |
|
1958 ж |
Дүниеден өтті. |
Шығармалары:
“Жастық” жинағы (1948 жылы жарық көрді
“Тыңдағылар” (1956 жылы жарық көрді)
“Таныс қыз” жинағы 1957 жылы жарық (көрді)
“Менің махаббатым” (1960 жылы баспадан басылды) пьесалар жинағы
“Сөнген шала” (1957жылы жарық көрді) сатиралық комедия
“Көк белес” (Аяқталмаған роман, 1960 жылы баспадан басылды)
Мұқан Иманжановтың қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін әйгілі еткен «Алғашқы айлар» хикаяты мектептегі оқу-тәрбие тақырыбына арналған.
Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар» повесі
Мұқан Иманжанов шығармашылығының негізгі нысаны - гуманизмді ардақтау, адамның ұлылығы, тазалығы, өз мақсатына беріктігі, рухани адамгершілік қасиеттерін мадақтау, екінші жағынан осы асыл қасиеттерді өнеге етіп, бала жастан осыған тәрбиелеуді көздеу.
«Алғашқы айлар» повесінің идеясы: «Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Соғыстан кейін енді-енді ес жиып, еңсесін көтеруге бет алған еліміздің күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелерді көтеруге күш салды. Осы шығармасы үшін Жамбыл атындағы республикалық бірінші жүлдеге ие болды.
«Алғашқы айлар» повесінің сюжеті:
Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі.М Иманжановтың бұл шығармасы жастар мен жеткіншектер өмірін сол кездегі дәуір, қоғам талабына сәйкес таныта алған туынды.
«Алғашқы айлар» повесінің кейіпкерлері:
1.Білімді де жігерлі жас мұғалім Жақыпбек - бүкіл оқу-тәрбие мәселесін өмірмен, өндіріспен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді және сол мақсат-мұратын жүзеге асыру жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі.
2. Мектеп директоры – Күдері Қадыров – бір сарынды оқу машығымен жүрген басшы.
3. Оқушылар – Сапар, Сейтен, Бектай
Тарих пәнінің мұғалімі Батырбай Жауынбаев – жаңалық іздемейтін, жан қинауға құлықсыз жан
Бану Бектұрсынова – биолог мұғалім қыз
Әсима – тәжірибеден өтуге келген студент қыз
Бекіту сұрақтары:
1.Мұқан Иманжанов кім?
2. Мұқан Иманжановтың өміріне шолу жасаңдар
3.Шығармаларын атаңдар
4. «Алғашқы айлар» повесінің сюжеті қандай?
5. «Алғашқы айлар» повесінің кейіпкерлерін сипаттаңдар
Үйге тапсырма:
1.«Алғашқы айлар» повесіндегі оқытушы бейнесі және оқушыларға сипаттама
2. https://youtu.be/KCVvgYrOfdA осы сілтеме арқылы видео сабақты көре аласыздар.
3. Дәптерлеріңе видеода көрсетілген 9 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын және №1,2 тапсырмаларды орындаңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқан Иманжановтың "Алғашқы айлар" повесі
Тақырыбы: Мұқан Иманжановтың "Алғашқы айлар" повесі
Мұқан Иманжанов – балалар әдебиетінің дамуына мол үлес қосқан жазушы. Оның қаламынан заман шындығын бейнелеген, әлеуметтік – моральдық мәселелерге назар аударған бірталай әңгіме, повестер туды. Балалар мен жасөспірімдер, жастар әдебиеті мамандарының аз кезінде жаңа есімдерді шығаруға, әдебиетіміздің кешеуілдеп жатқан саласына көп күш – жігерін жұмсады.
Мұқан Иманжановтың өміріне шолу жасап өтсек...
|
1916ж |
Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. |
|
1935-1938ж.ж |
Алматы қаласындағы есеп – санақ техникумында экономикалық білім алады. |
|
1938-1941ж.ж |
Республикалық теле – радио хабарлар тарату комитетінде қызмет атқарады. |
|
1942-1949ж.ж |
Соцаиалистік Қазақстан (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастайды. |
|
1949- 1958 ж.ж |
Қазақ балаларының сүйікті басылымына айналған “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында бөлім меңгерушісі болды. |
|
1958 ж |
Дүниеден өтті. |
Шығармалары:
“Жастық” жинағы (1948 жылы жарық көрді
“Тыңдағылар” (1956 жылы жарық көрді)
“Таныс қыз” жинағы 1957 жылы жарық (көрді)
“Менің махаббатым” (1960 жылы баспадан басылды) пьесалар жинағы
“Сөнген шала” (1957жылы жарық көрді) сатиралық комедия
“Көк белес” (Аяқталмаған роман, 1960 жылы баспадан басылды)
Мұқан Иманжановтың қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін әйгілі еткен «Алғашқы айлар» хикаяты мектептегі оқу-тәрбие тақырыбына арналған.
Мұқан Иманжанов. «Алғашқы айлар» повесі
Мұқан Иманжанов шығармашылығының негізгі нысаны - гуманизмді ардақтау, адамның ұлылығы, тазалығы, өз мақсатына беріктігі, рухани адамгершілік қасиеттерін мадақтау, екінші жағынан осы асыл қасиеттерді өнеге етіп, бала жастан осыған тәрбиелеуді көздеу.
«Алғашқы айлар» повесінің идеясы: «Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Соғыстан кейін енді-енді ес жиып, еңсесін көтеруге бет алған еліміздің күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелерді көтеруге күш салды. Осы шығармасы үшін Жамбыл атындағы республикалық бірінші жүлдеге ие болды.
«Алғашқы айлар» повесінің сюжеті:
Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі.М Иманжановтың бұл шығармасы жастар мен жеткіншектер өмірін сол кездегі дәуір, қоғам талабына сәйкес таныта алған туынды.
«Алғашқы айлар» повесінің кейіпкерлері:
1.Білімді де жігерлі жас мұғалім Жақыпбек - бүкіл оқу-тәрбие мәселесін өмірмен, өндіріспен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді және сол мақсат-мұратын жүзеге асыру жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі.
2. Мектеп директоры – Күдері Қадыров – бір сарынды оқу машығымен жүрген басшы.
3. Оқушылар – Сапар, Сейтен, Бектай
Тарих пәнінің мұғалімі Батырбай Жауынбаев – жаңалық іздемейтін, жан қинауға құлықсыз жан
Бану Бектұрсынова – биолог мұғалім қыз
Әсима – тәжірибеден өтуге келген студент қыз
Бекіту сұрақтары:
1.Мұқан Иманжанов кім?
2. Мұқан Иманжановтың өміріне шолу жасаңдар
3.Шығармаларын атаңдар
4. «Алғашқы айлар» повесінің сюжеті қандай?
5. «Алғашқы айлар» повесінің кейіпкерлерін сипаттаңдар
Үйге тапсырма:
1.«Алғашқы айлар» повесіндегі оқытушы бейнесі және оқушыларға сипаттама
2. https://youtu.be/KCVvgYrOfdA осы сілтеме арқылы видео сабақты көре аласыздар.
3. Дәптерлеріңе видеода көрсетілген 9 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын және №1,2 тапсырмаларды орындаңыздар.
шағым қалдыра аласыз


