Материалдар / Мұқтар Шахановтың ақындық өнері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқтар Шахановтың ақындық өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқтар Шахановтың ақындық өнері
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұхтар Шақановтың ақындық өнері



Мұхтар Шаханов – қазақ поэзиясына соны соқпақ, жыр үлгісін әкелген ақындардың бірі. Әр өлеңі тағлым мен үлгі-өнегеге бай. Кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын бұл талантты ақын әрбір өлеңін түйдекті ой мен сиқырлы сезімді сыйдыра білген. Ақын шығармашылығы көне дәстүрді кемелдендіре отырып жаңаша дәстүрді де қалай білді. Көптеген жылдар бойы ақынның өлеңдері халықты сезімге бөлеген болатын.


Ақын шығармаларында кездесетін кесек-кесек образдар – Ақсақ Темір, Шыңғысхан, Қожа Хафиз – шығыс поэзиясында көп кездесетін бейнелер еді. Жырлау қабілеті басым ақын шығыстық дәстүрдің ізгі ақындары шайырлардай тіл қатады. М. Шахановтың ерекшелігі де сол бұрынғы қалыптасқан лирикалық өлеңдердің дәстүрлі шеңберін кеңейте отырып жаңа формаларды өрбіте білген жаңашылдығының болуында. Ақынның атақты өлеңдерінің бірі – «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме» атты өлеңінде сезімнің сиқырлы күшін лирикалық шеберлікпен жеткізе білген:



Міне, нағыз күннің батыры,

Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау тезіне.

Неткен қайсар сұлулық бұл, –

деп бір орыс ақыны

Жас алыпты көзіне.


Лирикалық жүгі ауыр бұл жолдар сезімнің күшін батырлықпен теңестіруі жаңа заманның сезімге берген анықтамасындай белгі береді.


Сонымен қатар, елге танымал «Ғашықтық ғаламаты» өлең-дастаны да лирикалық болмысы бекіген туындыларының бірі. Бұл поэмада үлгілі тәмсіл ретінде алған Естай-Қорлан махаббат хикаяты жырдың лирикалық сәнін қалыптастыра түскен. Ақынның бұл жердегі жаңашылдығы да сол – өлеңге жаңа тыныс бере білгендігі; өлең құрамына бірнеше оқиға желісін енгізіп, бір ғана тағлым айналасына жинақталғандығы.


М.Шаханов жырларында лирикалық көрініс айқын да айшықты беріліп отырады. Лирикалық сезім мен лирикалық бет-бейне тұтас туынды көлемінде кең көрініске ие болмайды, алайда әр жолда жарқ етіп көріну арқылы бүкіл өлең болмысын сезімге толтырады. Қатты алып-ұшпа сезімге қарағанда, бұл әлдеқайда, сабырлы да саналы сезім болатын. Бұрынғы қалыптасқан өлеңдер, жырлардағы сезімнің қанық реңкі бүкіл өлең бой бітімінде бекіп жататын, ал М.Шахановта бұл үрдіс әлдеқайда өзгергендігін көруге болады. «Жұбайлар жыры» өлеңінде:


Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,

Келбетіңнен сезімнің күшін көрем.

Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,

Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.


Өлеңдегі сезім анық және нақты берілген. Және сезімнің нақты көрінісі соңғы жолдар арқылы әсерлі құйыла білген.

М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.
Біздің ойымызша, адамзаттың бүгінгі таңдағы рухани көркем ойының биігінен қарай отырып, М. Шаханов рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан сан қырлы, еліміздің таза ұлттық рухынан тыныс алған күрделі туынды – тұлпарларын әлемдік әдебиеттің үйіріне қосты. Поэзия есігін алғаш ашқанда, М. Шаханов әлі ешкім бастамаған жол іздеуге мақсат ұстанған болатын. Бұл күнде оның өз жолы бар. Оқырман қауым сол жолдың әлі де болса кеңи түсіп, ақынның алда талай татымды дүниелер беретініне сенімді.
Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер секілді. Бұл жолда
«Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге,
Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде» - деп, кейінірек жазған бір өлеңінде жолын қууға талап білдірген бір інісіне айтқандай, Мұхтардың талай талпынысы, еңбегі зая кетпеді».

Мұхтар Шахановтың поэзиясының мықты бір ерекшелігі – бұрынғы дәуірлерден қалған үлгі, ғибрат әңгімелерді қазіргі заманның құбылыстарына байланыстыра айта алатындығында. Оның халыққа кең танылған поэмаларының, өлеңдерінің басқа ешбір ақынның жаратылысына ұқсамайтын тосын келбеті осы тарапта болатын. Қандай тақырыпта ой қозғамасын өлеңдерінің ішкі астарында адамға, достыққа, халыққа, Отанға деген құрмет сезімі сезіліп тұратын рухани-адамгершілік құндылықтарға толы екенін байқадық. Егемендігімізді алғанымызбен, қоғамдағы көптеген жастарымыздың ұлттық рух пен ұлттық болмысын жоғалтып бара жатқандығы бәрімізді толғандырады. Сол рухсыздық апатынан сақтануда Мұхтар Шахановтың адамгершілік құндылықтарға толы поэзиясы көмеккке келетініне сенімім мол.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!