400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мұқым елдің мұзбалағы Мұқағали"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали мақатаев
Материалдың қысқаша нұсқасы

- Армысың ардақты поэзия сүйер қауым!

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Мұқым елдің мұзбалағы" атты әдеби-сазды поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер!

Экранға назар аударайық

Өмірбаяны видеоролик

1-жүргізуші:  Иә, Мұқағали өлең жазумен бірге шахматты, аңға

шығуды, балық аулауды өте жақсы көрген.

Мұқағали 1949 жылдың көктем айында жары Лашынмен отау құрады. Ақынның Алмагүл,Шолпан, Лəззат атты қыздары, Жұлдыз, Айбар деген ұлдары бар. Қазіргі таңда ақынның төрт немересі бар.

Видеодан үзінді көрелік

2-жүргізуші: 

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, оған елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

1-жүргізуші:

 Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен  «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада  қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.

Ән дегенде Нұрғиса Тілендиевтің мына естелік сөздерін айта кеткеніміз жөн секілді.

       

  1975-жылдың күзі.Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей,үйде шығарма жазып жатқан.Неге екенін қайдам,інімді арнайы іздедім.

       Ақыры таптым.Екеуара кең-мол әңгімелескен соң мен оған аға ретінде қолқа салдым:

       -Мұқаш батыр!Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана танығандаймын.Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты,қарапайым.Ендеше неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың.

         Мен бұрын-соңды әннің сөзін жазған ақын емес едім,аға...Осының өзі қалай болар екен...

    Ол әжептәуір ойланып қалды.Мен қайталап қолқа салдым.Бұл жолы қарсылық көрсеткен жоқ.Тек ауыр күрсінді.Сонда не ойлады екен?     

    Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"

„Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"

„Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.

Әндеріне ерекше тоқталған екенбіз ,ендеше  «Саржайлау» әніне кезек берелік.

Орындайтын:

2-жүргізуші: Мұқағали –біздің замандағы ғажайып ақындардың  бірі.Ақынның өзі «Егер  сіздер  шынымен менің  өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек  болсаңдар,онда мен  не  жазсам,соның  бәрін оқып шығуды  ұмытпаңыздар.Мені өз  өлеңімнен  бөліп қарамауларыңызды  өтінем» деген  екен.

Менің анкетам көрініс

1-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

                           Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                           Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

                           Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгері ұлы ақындарша дөп басып дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп-білгендердің ішінде құлаш-құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде-кем.

Естеліктерден үзінділер.

 

Оқушылар ортаға шығады.


Нағиман Батанқызы(Ақынның анасы)

 

Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты ақыны атанарын,құдай ақы,туған шешесі мен де,өмірлік жары да,туған бауырлары да білгеміз жоқ.Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар...Енді қарап отырсам,тыңдап отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп,өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты,өлеңінің қуаты шығар.Бұған да тәубе.Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен қошаметті артында қалған біз-отбасы,жары мен балалары,бауырлары болып көріп жатырмыз.Қайсыбірін айтайын.Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып жанады...

 

Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы)

 

Мұқағалидың тілі бай,халық тілі еді ғой.

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Оған-жырларына жазылып жатқан белгілі композиторлардың да,әуесқой композиторлардың да әсем әндері,қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері,суретшілердің жасап жатқан бірінен-бірі өтетін Мұқағали портреттері,тағы басқа да дүниелері бәрі-бәрі куә.Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек.Лауреаттықты „жоғарғы топ," мықты ағалары қимаса да,ел-жұрты ыстық ықыласына бөлеп,әлдеқашан шын бағасын,зор құрметін беріп те қойған.Мұқаң халқына піріндей сенді.

 

Фариза Оңғарсынова

 

Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып,дөп басып,тани алмасақ,бұл-өнердегі заңдылық.

Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес,жақындаған сайын алыстап,жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

М, Мақатаев күнделігінен

Оқитын:

25-май 1974 жыл

Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. ...Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді бағалай біліңдер!

Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой… мені...


         Поэзияның әрі таймас сұлулығы да,барған сайын ынтызарыңды құрта түсетін құдіреті де осы болуы керек.

          

         Бала шақтан – болашаққа көрініс

 

2-жүргізуші:

Поезия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- дейтін Мұқағали-біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.


Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

Поезия минуты.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

Автограф , өлең керек, өкінбеймін, Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды, Қазынам бар, жоқ ,дәрігер.

1-жүргізуші: Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ.Ол өлең болып өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды.

 

2-жүргізуші: Жазушы баспасының ұжымы қайта құру және демократия

талаптарын ескере отырып, республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.

            Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М.Мақатаевтың «Жылайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.

1-жүргізуші:

Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығарман,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-

деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі  оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.

2-жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы – мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі.

 
1-жүргізуші.

                      Жазылар естеліктер нешелеген,

                      Көрерміз оның бәрін пешенеден.

                      Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

                      Көшеді өлең немесе өшеді өлең,-дейді Мұхаң.

Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі жазыла берер.Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме,өше ме-мәселе сонда! Ал М.Мақатаевтың жырлары күндегендерге-көктен түскен жасындай боп, күткендерге-мәңгі тозбас асылдай боп, 20 ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық. 

                          

2-жүргізуші: Ертең- сенің туған күнің,о, пәлі-ай!

                       Мына дүние қалай тұрсын тойламай!?

                       Өлмесіңді біле тұра мәңгілік

                        Бұл өмірді қиып кеттің сен қалай!?

                        Туған күнді тойламай қынжылып ең,

                        Сыр бермей ешбір жанға тік жүріп ең.

                        Мерейтойды өткізді бүкіл қазақ,

                        Күні-түні дүрлігіп мың-мыңымен!     

Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.



2-жүргізуші: 

Ақынның сөзі  өлмесе,өзі  де өлмегені.

Осымен Мұқағали  Мақатаев шығармашылығына  арналған «Мұқым елдің мұзбалағы » атты  тәрбие сағатымыз  аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі