Материалдар / «Мұражай экспонаттары нені баяндайды?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мұражай экспонаттары нені баяндайды?»

Материал туралы қысқаша түсінік
№2 мектеп-интернатының «Тарихи-өлкетану» экспонаттары туралы мағлұмат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
2252
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мұражай экспонаттары нені баяндайды?»Мақсаты:Оқушыларға мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, көне заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушы екенін түсіндіру.Барысы:І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті мұғалімдер, оқушылар!ІІ жүргізуші: №2 мектеп-интернатының «Тарихи-өлкетану» мұражайына қош келдіңіздер!І жүргізуші: Мұражай – естелігі өткендердің, Ерлікпен ел даңқына жеткендердің, Мұражай – қазынамыз қасиетті, Жас ұрпақ мұражайды қастерлегінІІ жүргізуші: Біздің мұражайымыздың қорында қаламыздың тарихы және ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бірнеше мағлұматтар мен ақпараттар сақталған.І жүргізуші: Жалпы, мұражайымыздыңI залы «Өлкетану орталығы», негізгі бес бөлімнен тұрады:Бірінші бөлімі - «Өмірі өнеге болған ұлы адам» деп аталады. Бұл бөлім Солтүстік Балқаш өңіріне табан тіреген геологиялық экспедицияның жетекшісі, Теріскей Балқаштың республикамыздағы ғана емес, одақтық деңгейдегі маңызы бар өндірісті аймаққа айналуының басында тұрған тамаша ғалым – геолог Михаил Петрович Русаковтың өміріне арналған. Балалық шағы, білім алу орындары, атқарған жұмыстары. Зерттеу жұмыс барысы. Қазақстан оның ішінде Қоңырат кен орынын барлау жұмыстары қалай басталғаны жайлы мағлұматтар. Михаил Петрович Русаков жайлы жазылған жазба деректер, кітаптар, қолжазбалар. Сонымен қатар өзінің жеке заттары. Студенттердің, достары, әріптестерінің жазған құттықтаулары жинақталған. Қолтаңбамен қалдырылған «Дорога на Коунрад» «Выдающеиеся ученые Геологического комитета ВСЕГЕ и Санкт-Петербург» кітаптары сақталған.ІІ жүргізуші: Екінші бөлімі - «Ел жүрегіндегі ерен тұлға» деген атаумен алынған. Яғни, бұл бөлім мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанған - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өміріне арналады. Балалық, студенттік, еңбек жолының басталу кезеңдері, Жезқазған, Сәтбаев өлкелеріндегі ерен еңбектері жайлы құнды деректер жинақталған.Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың таңдамалы еңбектері, «Сәтбаев» (М.Сәрсекев), «Обаған» (Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев), «Қарашаңырақ Қарсақбай» (С.Қожамсейітов), Қ.И.Сәтбаевтың балалық шағы кітаптары, оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталғанІ жүргізуші: Үшінші, «Балқаш мыс алыбы» бөлімінде - тарих көшіне ілескен туған жеріміз, сүйікті қаламыз Балқаш қаласына арналады. Мұнда, Балқаш кен металлургия комбинатының құрылу тарихы, Балқаш құрылыс тарихынан сыр шертеді. Балқаш өміріне байланысты: «Цинковый завод», «Трест Прибалхашстрой», «Балхаш-Атамекен», «Посвящение городу», «Заводтың құрылу тарихы» альбомдары жазылған. «Жез таулар» (Ә.Әзиев), «Годы и люди», «Времен связущая нить- из Балхашского журналиста», «Мой город Балхаш», «Балхаш тарих беттері» (С.Каукербекұлы), «Экология Прибалхашья», «Люди медного гиганта» (Р.Кенбаев) және тағы басқа да кітаптар жинақталған.ІІ жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан Алтын күн, Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. Аталдың сен барлық әлем тілінде, Атыменен қазақ деген халқыңның,-демекші «Тұғыры биік, тарихы өнеге - Қазақстан» деп аталатын төртінші бөлімінде Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күнгі өмірінен сыр шертеді. Бұл бөлімдегі негізгі мағлұматтар: Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев, Тәуелсіз Қазақстан, мәдениет, спорт, өнер, білім, құрылтайлар, жолдаулар мен тарихи тұлғалар жайында жинақталған. Жаңалықтар үнемі жаңартылып, оқушылардың шығармашылығымен толықтырылып отырады.

І жүргізуші: Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саясаты — қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе халықтың өмірінде салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс табатыны белгілі. Яғни, біздің бесінші, «Ұлттық педагогика» бөлімі Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты ұйымдастырылып, жинақталған

ІІ жүргізуші:Мектебіміздің екінші қабатында мұражайымыздың II залы және 6 бөлімі «Ерлік залы» бар. Ондағы негізгі мәліметтер- 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына және Ауған соғысына қатысқан Балқаш қаласы және Балқаш өңірінің батырларына арналған. Олар жайлы естеліктер, кітаптар, деректер,хаттар,суреттер,кездесулер жайлы әңгімелер жинақталған.

І жүргізуші: Мінекей, балалар біздің тарихи-өлкетану мұражайымыздың жалпы сендерге берер байлығы мен мол мұрасы осы.

ІІ жүргізуші: Біздің бүгінгі берген мәліметтерімізден өздеріңе біраз керектілеріңді алды деген сенімдеміз! Мұражайымызға жиі келіп, мазалаған сұрақтарыңның жауабын алып тұруларыңа болады. Ал әзірше, келесі кездескенше, сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!