Сабақтың тақырыбы: «
Туған өлкем»(мұражайға саяхат сабақ)
Мақсаты:
1.Оқушыларды туған
жерін,елін сүюге және адамгершілік, мейірімділікке,қарапайымдылыққа
тәрбиелеу.
2.Туған жердің төл перзенті
– Н.Мұсабаевтың өмірі, еңбек жолын үлгі ете отырып, ұлы тұлғаларға
деген сүйіспеншілігін арттыру, олардан үлгі алуға тәрбиелеу.
3.Тарихи мұражайларға
барып, өз елінің тарихымен танысу.
Сабақтың түрі:
танымдық, саяхат сабақ
Әдісі : ауызша,
жазбаша,түсіндіру, әңгімелеу
Пән аралық байланыс
: дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі :
суреттер, альбом, плакат, кітаптар, Н.Мұсабаев туралы фотостенді,
мектеп жанындағы мұражай, экспонаттар, кітаптар көрмесі.
Барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушылармен
амандасу,түгелдеу,оқушы назарын сабаққа аудару.
ҚР мемлекеттік әнұраны
айтылады.
Кіріспе.
Мұғалім сөзі:
Оқушылар бүгінгі
сабағымызда мектеп жанынан ашылған «Өлкетану» мұражайына саяхатқа
шығамыз.Алдымен өз өлкеміздің тарихымен танысып алайық
1
942 жылы Ақтөбе облысынан Батырова Сәбила,
Нұржанов Керей,Қойшықов
Сағынай,Қойшықов Ағынай
6011 қой, 30 бас сиыр, 5
жылқы, 35 жанұя оның ерлері
соғыста бронмен босатылып,
суыққа төзімсіз биязы
жүнді ақ қойды жермен айдап
оңтүстікке қарай көшеді.
Қыстың қаттылығынан Сыр
бойында орналасқан
Қазалы ауданы,Ақсуат селосы
«Кеңтүп» елді мекенінде
20-30дай отбасы жертөле
қазып мекен қылып тіршілік
жасаған. 1943 ж ауданда
1-болып құрылған асыл тұқымды
қой совхозы жібек жүнді ақ
қойды өсіруде жоғары табыстарға
жетеді. Сол себептен бұл
шаруашылық «Ақ қой» совхозы деп
аталған.
Бүгінгі біздің сабағымыздың
арқауы туған жерден түлеп
ұшқан Қазалы ауылының
ұрпағы, мектебіміздің 6-түлегі,
қоғам қайраткері Нәжмәдин
Түрікпенұлы Мұсабаевқа
мұражай төрінен орын
берілген.
Өмір жолымен таныстыру.
Н.Түрікбенұлы Мұсабаев 1950ж Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Ол
№100 «Кеңтүп» орта мектебін 1966ж бітіргеннен
кейін
1971ж Қазақ химия-технология институтын
бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын алып шығады.
Студент кезінде отбасын құрған, үш баласы бар.
Ердің атын еңбек шығарады...
Оқушыларды Нәжмәдин ағайдың еңбек жолымен таныстыру.
1971-1973 жылдары: химия-технология институнда аға ғылыми
қызметкер.
1975-1979 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінде ұйымдастырушы
ауыл шарашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
1979-1980 жылдары Қазалы шаруашылық есептегі құрылыс жөндеу
басқармасының бастығы.
1980-1983 жылдары №64 ЖМК (бұрынғы ТМК) бастығы.
1983-1984ж Халық депутаттары Қазылы аудандық Кеңесі атқару комитеті
төрағасының орынбасары.
1984-1989ж Қазалы аудандық партия комитетінде ауыл шаруашылығы
ұйымдастару бөлім меңгерушісі.
1989-1991ж Халық депутатары Қазалы аудандық кеңесі атқару
комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады.
1991ж
Халық депутаттары Қызылорда облыстың Кеңесі атқару комитеті
төрағасының орынбасары қызметіне ұсынады.
1991-1995ж Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары.
1995-1997ж Қазалы ауданының әкімі болып тағайындалады.
1997-2000ж Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
2000
жылдың қыркүйек айынан бастап Жаңақорған ауданының әкімі.
2004
жылдан Арал ауданының әкімі. Қазір зейнетке шығып, құрметті еңбек
демалысында жүр.
Қорытынды:
Әр
елдің, әр адамның өзінің бетке тұтар, мақтаныш етер, елі ерекше
бағалайтын тарихи тұлғалары болады.
Алыстағы сағым жылдардан сағыныш болып қалған ауыл, туып өскен
мекенің сені өзіне тартып, қиялыңа қанат бітіріп, бәйге атындай
баулыған шақтарын еріксіз есіңе салады.
Үйге
тапсырма : «Туған өлке»туралы шығарма жазу.


