400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінің көркемдік қуаты

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінің көркемдік қуаты тақырыбында жазған ашық сабағым. Сабағым үлгілі сабақтар қатарына қосылды. Тапсырмалары оқу мақсатына сай, белсенді әдіс-тәсілдер қолданылған. Әр тапсырмада бағалау крийтерийлері мен дескрипторлары бар. Балл қою шкаласы нақты көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп

«Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Беркинова Аида Сабитовна

Мерзімі

28.11.2024

Пәні

қазақ әдебиеті

Сынып: 8 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінің көркемдік қуаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;

Сабақ мақсаты

«Сарыарқа» өлеңіндегі психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, эллипсистің қолданылуын талдай отырып, автор стилін анықтау

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды;

  • автор стилін анықтайды;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

15.00-15.01

15.01-15.08











Сабақтың ортасы

15.08-15.15























15.15-15.27



































15.27-15.31


















15.31-15.33

Ұйымдастыру кезеңі

«Үш шапалақ» әдісі арқылы психологиялық орта қалыптастырады.



Үй тапсырмасын тексеру. «Ең үздік...» әдіс

«Сарыарқа» толғауындағы автордың тілдік ерекшелігін«ПОПС формуласы» арқылы жеткізіңіз



Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. Мақсатын, бағалау критерийін оқушыларға болжату.

Дағды: сабаққа мақсат қою дағдысы, бағалау критерийлерін шығару дағдысы қалыптасады

О0ушының алдына міндет қою. Тапсырмалар орындау барысында көркемдегіш құралдарды қатыстырып, «Туған жер» тақырыбында өлең шығару. (Дарынды оқушылар анықталады)

Оқыту түрі: Топтық жұмыс.

Әдісі: «Орныңды тап»

Топқа біріктіру. «Flippity» платформасы арқылы алдын ала 5 топқа бөлінеді.

1-тапсырма. Психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, эллипсисті анықтамаларымен сәйкестендіріңдер (берілген көркемдегіш құралдардың анықтамаларын, ерекшеліктерін ізденіп келуге тапсырма берілген)


ЕББҚ оқушы топтық жұмыс барысында топ мүшелерінен қолдау көреді

Талқылау сұрақтары:

1.Осы тапсырма арқылы қандай мақсатқа қол жеткіздік?

2. Қиындық туындады ма?

3.Қандай қорытындыға келдік?

Дағды: Тыңдай білу, ұжымдық шешім қабылдау, бір бірімен байланысқа түсу, талдау, қарым-қатынас, болжай алу, алған ақпаратты жүйелеу дағдысы қалыптасады.

Мақсатқа оралу:психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, эллипсисті анықтау




2-тапсырма.

Оқыту түрі: Жеке жұмыс

Әдісі «Қазына іздеу»

1. Оқушыларға жеке жаттығу жүргізу үшін «Сарыарқа» өлеңінің мәтіні таратылады. «Сарыарқа» өлеңінен берілген үзінділерден психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, эллипсисті тауып талдаңыз, автор стиліне өз көзқарасыңызды білдіріңіз.



Дұрыс жауаптары:

1. Сарыарқа сені сағындым,

Желсіз түнде жыр айттым  психологиялық параллелизм

2.Асыл жерде алтын бар,

Шыға алмас елдің соры бар. Перифраз

3. “Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерін де алды”  Сатира

4. “Қонаққа сүйте ме екен келген сасып”

“Кең қоныс мұсылманға қалынбады” Ирония

5. “Тәңір айдап Маңғыстауға еріксіз қуды” деген жолда “неге” деген сұрақ жасырылып қалған. Эллипсис

Автор стилі: Өлеңнің стилі лирикалық-публицистикалық деп сипаттауға болады. Ақын жеке басының күйзелісін халқының тарихымен байланыстыра отырып, ауыр тағдырды көркем бейнелейді. Өлеңде тарихи фактілер мен лирикалық толғаныстар үйлесімді түрде берілген. Автор халқының тарихына деген аяулы сезімін жанама түрде білдіреді. Ол өзінің философиялық көзқарасын тарихи оқиғалар арқылы көрсетуге тырысқан. Өлеңдегі сатира мен ирония автордың отаршылдық саясатқа деген кесірлі көзқарасын көрсетеді. Бұл өлеңде автор өзінің ішкі сезімдерін ашық білдіре отырып, тарихи фактілерді қолданып оқырмандарды ойландырады.

ЕББҚ оқушыға тапсырмаға байланысты орындау үлгісі беріледі

Талқылау сұрақтары:

  1. Тапсырма орындау барысында қандай мақсатқа жеттік?

  2. Бұл шығармада автордың стилінің қандай ерекшеліктері айқын көрінеді?

  3. Бұл шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар автордың стиліне қалай әсер етеді?

  4. Бұл шығарма автордың басқа шығармаларынан несімен ерекшеленеді?

  5. Бұл шығарма арқылы автор қандай идеяларды жеткізуге тырысқан?

Дағды: Көркемдегіш құралдармен жұмыс жасай алу, дағдысы қалыптасады.


Мақсатқа оралу: «Сарыарқа» өлеңіндегі психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, эллипсистің қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

3-тапсырма.Көркемдегіш құралдарды қатыстырып, «Туған жер» тақырыбында құрастырған өлеңдерін оқиды.

Осы тапсырма арқылы дарынды оқушылар анықталады.


«Сарыарқа» толғауындағы автордың тілдік ерекшелігін«ПОПС формуласы» арқылы жеткізеді

Сабақ мақсатын өздері болжап айтады, мұғалімнің көмегімен толықтырады, бағалау критерийімен танысады.

Оқушылар әдебиет теориясы бойынша көркемдегіш тәсілдердің ережесін еске түсіреді.

Оқушылар әдебиет теориясы бойынша анықтамаларды атауларымен сәйкестендіреді.









М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінен алынған үзінділерден көркемдегіш құралдарды тауып, талдайды.Автор стиліне өз көзқарасын білдіреді.


«Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін» демекші, теңеулер мен эпитеттерді пайдаланып,

Дескриптор:

-Өз ойын жазады;

-Себебін түсіндіреді;

-Мысалдармен, фактілермен дәлелдейді;

-Қорытынды ойын жазады.

Түрі-өзара бағалау

Әдісі- «Ең үздік...»

Сабақ соңында өлең шығарған оқушы 2 балл алады



Бағалау критерийі

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды;

автор стилін анықтайды;

Дескриптор

- Психологиялық параллелизмді сәйкестендіреді;

-Перифразды табады;

-Сатираны сәйкестендіреді;

-Иронияны сәйкест ендіреді;

- эллипсисті сәйкестендіреді

Түрі- өзара бағалау

«Түстер» арқылы бағалау

Барлығын дұрыс сәйкестендірген топты- жасыл түспен бағалайды

Біреуі қате болса-сары түспен бағалайды

Барлығы қате болса- қызыл түспен бағалайды

Дескриптор

-Психологиялық параллелизмді тауып, талдайды; 1

-перифразды тауып талдайды; 1

-сатираны тауып талдайды;1

-иронияны тауып талдайды;1

-эллипсисті тауып талдайды. 1

-Автор стилін анықтайды. 1

Жалпы- 6 балл

Түрі- өзара бағалау

Әдісі «Сандар сөйлейді»

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі

http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/ibl ock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=kz

Сабақтың соңы

15.33-15.38









15.38-15.40

Кері байланыс. «Соңғы сөзді мен айтайын...» әдісі арқылы бүгінгі сабақ бойынша не құнды болды,не қиын болды, не қызық болғандығын айтады.

Рефлексия


Оқушыларға «Мұғалімге хат ...» рефлексия беріледі

Көркемдегіш құралдарды қатыстырып, «Туған жер» тақырыбында өлең құрастырған оқушыларға 2 балл қойылады

Кері байланыс жасап, нәтиже балдарын талдайды.

Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүзеге асырылады

Балл қою шкаласы

8- 10 балл

7-9 балл

6-7-8 балл

5-6 балл

4-5 балл

3-4 балл

2-3 балл

1-2 балл

Үй тапсырмасы
«Туған жер-бабалар аманаты» тақырыбында көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, өзіңнің туған жерің туралы әңгіме немесе сипаттама мәтінін жазыңыздар. Сөз саны-180

Дескриптор

- Туған жеріне әңгіме немесе сипаттама мәтін жазады

- Шығармашылық жұмысты жазуда белгілі бір идеяны ұстанады

- Әңгіме / сипаттама мәтінін жазу талаптарын сақтайды

- Көркемдеуіш құралдарды қолданады

- Айшықтау амалдарын пайдаланады

- Сөз санын сақтайды

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=14987









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі