400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мүшайра

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиеті пәні бойынша кез келген мүшайраны ұйымдастыруда көмекші құралы бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сыныбы: 5-7

Тақырыбы: «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

Мақсаты: ана тілі дәріптеуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Барысы:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 22 қыркүйек тіл мерекесіне арналған «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында ұйымдастырылып отырған мүшайрамызға қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, - деп С. Торайғыров бекер жырламаған.

Құрметті оқушылар, бүгінгі өздеріңнің шығармашылық қабілеттеріңе баға берер қазылар алқасымен таныс болсақ

1_______________________________

2_______________________________


Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен тіл алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді.

Ендігі кезегімізді сайысымызға қатысушы оқушыларымызды таныстырудан бастасақ...

1_____________________________________

2____________________________________

3_____________________________________

4_______________________________________

5________________________________________

6_______________________________________

7______________________________________

8______________________________________

9______________________________________


Қуан, далам, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Тіл туралы Заңың енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан, халқым, күшіне енді Тіл Заңы,

«Сүйінші!» деп ақындарың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы бағаланар гүл бағы, - дей отырып, келесі кезекті оқушылардың шығармашылық қабілетін танытатын «Поэзия минуты» айдарына берсек.

Оқушыларға бөлімнің шарты бойынша белгілі тақырып беріледі. Оқушылар сол берілген тақырып бойынша өздерінің шығармашылық қабілеттерін таныту үшін өлеңдерін шығарады.

«Өз тіліңді оқы!» деді мектепте,

Селтең қағып жүрме, балам, бос текке.

Өзге тілге қанша құмар болсаң да,

Өз тіліңді шамаң келсе шеттетпе.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін сарапқа салар қазылар алқасына сөз беріледі.


Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар жырлаған дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім, - дей отырып бүгінгі «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы мүшайрамызды аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.05.2025
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі