жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мүшел жас" әдеби-монтаж
Тақырыбы: «Мүшел жас-мерейлі жас»
Мақсаты:
-
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
-
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
-
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата-аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Нақыл сөздер, шарлар,
тақырып
Сабақтың эпиграфы: «Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол!»
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Барысы:
Мұғалім:
Ата-анаға көз
қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамыз ата-ана мен перзент арасындағы байланысты тамаша жариялаған. «Адамның бір қызығы бала деген! – деп қазақ халқы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап балаға арнап өткізетін жиын - тойы қаншама.
Қандай бала тойларын білеміз?
Бүгініміз қандай той?
Ол жайында бар ма ой?
Жігіт болды балаңыз
Құрбан шалып, малды сой, деп,
- ең алдымен оқушыларымызды өткен туған күндерімен құттықтап,
бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде Нұржан шешеннің мына бір
ұлағатты сөзін айтуға рұқсат етіңіздер,
«Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол!» демекші бүгінгі көрсеткелі отырған бастамасы ата–бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Ендеше, сөз кезегін оқушыларыма берсем.
1-жүргізуші: Темірлан: Құрметті ата-аналар, ұстаздар қонақтар және оқушылар! Бүгінгі болғалы отырған 7- сынып оқушыларының «Мүшел жас-мерейлі жас» атты тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер
2-жүргізуші: Мирамқан: Біреулер өмір өткелін
13-ке жетіп, асып қыр
1-жүргізуші: Темірлан: Біреулер балғын көңілмен
Мүшелге қадам басып тұр.
2-жүргізуші: Мирамқан: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
1-жүргізуші: Темірлан: Шын пейілмен, құрметімізді көрсетіп,
Мүшел той иелерін шақырайық ортаға - деп ортамызға сіздердің қошаметтеріңізбен 13 жасқа толған осы тойдың иелерін шақырайық
2-жүргізуші: Мирамқан: 13 жас-жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін
1-жүргізуші: Темірлан: Мирамқан, ең алдымен мүшел жасқа дейінгі тойланатын тойларға тоқталсақ қайтеді
2-жүргізуші: Мирамқан: Жарайды, Темірлан. Мүшел жасқа дейінгі тойланатын тойларға тоқталатын болсақ, Ананың құрсағынан басталатын, Ең бірінші қуаныш басталатын той – «құрсақ той» екен.
1-жүргізуші: Темірлан: Анадан шыр етіп туылған күн,
Кіндігі жібек жіппен буылған күн,
Екінші той – туған күн, той!
Рәсім – «кіндік кесу» жарасты ғой,
2-жүргізуші: Мирамқан: Түн ұйқысын төрт бөліп,
Жылаған сәбиін әлдилеп жұбатқан.
Жас нәресте бөленсе бесікке –той!
Үшінші той – «бесік той»!
1-жүргізуші: Темірлан: 40 күнде қырық рет түлеткенде,
40 қасық сумен тәнді нұр еткенде,
Төртінші той – «қырқынан шығару», той!
2-жүргізуші: Мирамқан: Алғашқы қадам басып, қаз тұрғанда,
«Тұсау кесу» айналар той-думанға,
Беснші той — тұсау кесер, той!
1-жүргізуші: Темірлан: Мұсылман ата-ананың міндет тойы,
Одан кейін жасалар сүндет тойы,
2-жүргізуші: Мирамқан: Оқушы атанатын мектепке барып,
Қуантқан ата-анасын әріп танып.
Тауысып «әліппені» жүрдек оқыр,
Сол күні «тілашардың» болары анық.
1-жүргізуші: Темірлан: Өмірдің бір белесін болдырған шақ,
Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ,
2-жүргізуші: Мирамқан: «13- те – отауға ие» деген қазақ,
Балиғатқа бас болдырған шақ …
Бүгін міне «Мүшел той» — үлкен той!
1-жүргізуші:
Темірлан: Мүшел жасың құтты болсын,
Орындалсын ойда жүрген бар
арман
2-жүргізуші:
Мирамқан: Таусылмайтын бақыт беріп
басыңа
Отбасыңмен аман болшы әрқашан
____________________________ тамаша әніне берейік.
1-жүргізуші: Темірлан: Мирамқан, сен осы жыл қайыру туралы аңызды білесің бе?
2-жүргізуші: Мирамқан: Жоқ, білмеймін, қане мүшел жас иелерінен сұрап көрейік!
1 -оқушы: С.Аружан: Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті: «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұданда жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын». Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір-бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.
2 -оқушы:
Жансая: Кейбір деректерде «мүшел»
сөзінің «мүше» сөзінен екені айтылады, сонда мүшеге ие болған
хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі,
қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.
Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел
жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты
жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдайы беріп, қан
шығарып, мүшелден аман-есен шығу үшін деп сол адамның қимас киімін
және матадан жыртып жарлы—жақыбайларға таратылады екен. Мүшел жас
күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман-есен шығып, ұзақ
сүру үшін, бақытты болу үшін істелетін ырым
екен.
3-оқушы: 13 – сәбилік мүшел;
Саят: Жүрген еді көңілде небір ойлар,
Теріңіне сезімнің көңіл бойлар.
13 жастан бұл мүшел басталады,
Мүшел, мүшел жас, мүшел тойлар.
4-оқушы: Риза: Он үш жасқа толғанда,
Бірінші мүшел болғанда.
Жастықты жарқын сезім көп,
Жас адам «білем өзім» деп.
Шыңына жетер бала шақ,
Шыңдайды жасты болашақ
5-оқушы: Айбар: 25 – ер жету мүшел;
25 жаста беріле
Қызмет қылса еліне
Азамат – жігіт сұлтаны,
Аруы – оның нұр таңы,
Аузына елдің ілінер.
6-оқушы: Ақнұр: 37 – жігіттік мүшел;
Азамат биік жетіле,
Толғанда отыз жетіге,
Орындай алса мақсатын
Шығарар еңбек жақсы атын.
Жақсылық етсе ұдайым,
Жарылқар оны құдайым.
7-оқушы: Елдар: 49 – орта жас мүшел;
Қырық тоғыз жасында,
Қыруар іс басында
Несібе көп, не аз болып,
Немере сүйсе, мәз болып,
Ханымдар мен мырзалар –
Қадірін білсең, ырзаалар.
8-оқушы: Назерке: 61 – ақсақалдық мүшел;
61 мүшел – қария,
Ақылын айтса, дария
Адамдық – толық қасиет,
Айтады жұртқа өсиет.
Абырой сонда, біліп ал,
Ақылын айтса, тілін ал!
9-оқушы: Жанерке: 73 – қарттық мүшел;
Жетпіс үш – қарттық басталар,
Денсаулық кетсе, ас қалар.
Кіріптар болып көмекке,
Қарт айтар жасқа көп өкпе.
Көп болсын қартқа сыйласым,
Көмегін жастар тыймасын!
10-оқушы: Ерасыл: 85 – кәрілік мүшел;
85 – сеңгір биік жас, -
Кей жанға бұл жас бұйырмас
Бабаға сыйын қимас кім?
Бақыты қарттың – сйласым.
Шөбере сүйген бабаны
Шөпшек іздеп табады.
11-оқушы: Анель: 97 жас қалжырау;
Келгенде тоқсан жетіге,
Кейбір қарт ұқсар жетімге.
Танымай кетсе туажат,
Тағдыры қарттың тымазап.
Бабаға дайын төріміз:
Сыйлайды бүкіл еліміз!
12-оқушы: Ернар: Жүз тоғызыншы мүшелде,
Ата боп баба үш елге;
Сүйікті болар нәубеті,
Сүйеді бүкіл әулеті.
Өренге баба ой салар, -
Өлімі оның той болар.
1-жүргізуші: Темірлан: Аллаға құлдық қылып бас иетін,
Айтайын мүшел жастың қасиетін.
«Сақтансаң ғана, сақтаймын» - деген екен,
Жадыңа тұт жаратқанның өсиетін.
2-жүргізуші: Мирамқан: Алла жалғыз басқасы егіз, кіл егіз,
Айталық, қуаныш-қайғы, күн менен түн егіз.
Мүшел жастар соны еске салады,
Сондықтан да сақтанып біз жүреміз.
_____________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Темірлан: Көңіл аудар даналардың
сөзіне.
Адал жанды өнеге тұт өзіңе.
2-жүргізуші: Мирамқан: Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік.
13-оқушы: Ү.Ақерке: Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
14-оқушы:
Самал: 13 жасында ұлы Абай атамыз
ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
Жүсіпбек Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған. Қазақтың
тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ
мамандығын таңдап алдына мақсат етіп
қойған.
15-оқушы:
Әділбек: Исатай мен Махамбет бастаған
топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді. Осы кезде
Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 13
жаста еді.
16-оқушы: Е.Ақерке: Мен сіздерге ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз – әңгіменің бірін айтып берейін. «Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 жасар Қазыбекті аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға:
Самғар: Біз қазақ деген мал бақан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт- береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз.
Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз, - деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабаларың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтын алдына жығып беріпті» Мен бұл аңызды айтқаным сендерде осы Қазыбек би аталамыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар дегім келеді.
1-жүргізуші: Темірлан: Күй нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жәмиғат, ал енді
Биге кезек берейік
2-жүргізуші: Мирамқан: _____________________________________________________________________
17-оқушы: Динара: Жасымызға жас қостық,
Жақсы күнде бас қостық.
Арманы бір құрдастар,
Ағайын боп достастық.
Еркін күнді ойлаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Туыстықты қастерлеп,
Туған күнді тойлаймыз.
18-оқушы: Айгерім: Белгілі өмір гүлін әперерің,
Кешірген баласының қателерін.
«Мүшелтойы» ұл-қызыңның өсіп қалған,
Айтамыз, құтты болсын әкелерім!
Ақылменен толтырып саналарын,
Азамат боп өсті міне балаларың.
Шуағын бар әлемнің сыйлайтұғын,
Мүшелтой құтты болсын аналарым!
19-оқушы: Ғ.Аружан:Адамзат туған анадан,
Ақылы іске жараған.
Адамның жасын атаулы,
Мүшелге бөліп балаған.
Көркейер көңіл батадан,
Үлгі алып өссең атадан.
Он үшке толсаң, қазақта,
Бір мүшел жас деп атаған.
Өнеге қалса данадан,
Өсиеті елге тараған.
Бір мүшел жасты халқымыз,
Есейген шақ деп санаған
Сөнбесе сенім санадан.
Ынтымақ кетпес арадан.
Кешегі күндер үлгісі,
Аңыз бен жырмен тараған.
20-оқушы: Е.Ақерке: Тамаша бүгінгі күн біздер үшін
Аталып отыр міне бір мүшелім
Тамаша осы тойда ақ көңілден
Достардың ақтарылса ақ тілегі
Тамаша бүгінгі күн, мүшел тойым
Балалық шақтан өтіп өскен ойым
Тамаша осы тойда ақ ниетпен
Ақтарса келген жиын жиға ойын
Тамаша ақылға ақыл қоса берсек
Біліммен биіктерге ұша берсек
Тамаша жақсылықпен ата - ананы
Қуантып, Адам атын иеленсек.
1-жүргізуші: Темірлан: Екі көздің ағы менен қарасы,
Баласының әркез болған панасы.
Болғандықтан біздер үйдің үлкені,
Атанамыз ата — әженің баласы. (Оқушылардың апаларына сөз кезегін беру)
2-жүргізуші: Мирамқан: Күтіп тұр алда сан қызық
Асулар асқар, неше сын
Ұстазың сенің алғашқы
Кеудеңде үміт жанғызды (Зағила Бокейқызына сөз беру)
1-жүргізуші: Темірлан: Сыйға сый, татиды екен сыра балға,
Тәңірім бақыт берсін сұрағанға.
Құрметпен «Мүшелтойда» тілек айтсын
Сөз кезегін берйік қонақтарға
2-жүргізуші: Мирамқан: деп сөз кезегін 25, 37, 49, 61 мүшел жасқа толған ұстаздарымыз бен ата-аналарға берейік.
______________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Темірлан: Денің сауда жетерсің
арманыңа
Жоспарлап алға қойған
мақсатыңа,
Денің сауда көрерсің бұл
дүниенің.
Бар қызық, рахатын,
жарығында.
2-жүргізуші:
Мирамқан: Денсаулық-шексіз
бақыт,
Досым
менің,
Сондықтан көңіл аудар
денсаулыққа.
Қолда барда біл оның
қасиетін,
Күтіп, баптап, аяла әр
уақытта.
______________________________________________________________________________________________
Бәрі бірге: Сарыарқаның самалындай есеміз,
Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз.
Бізді өсіріп, еркелеткен туған ел
Мақтан етер перзентің боп өсеміз!
1-жүргізуші: Темірлан: Думандатып құрдастарым тойла бүгін,
Дос сүйінсін, күйінсін дұшпан қасың.
Он үш жастың оншақтасын атап өтіп,
Бүтін ғасыр жасауға тағдыр жазсын.
2-жүргізуші: Мирамқан: Қуаныштан бәріміз жылы шыраймыз,
Мерекеге әсем өлең құраймыз.
Шәкірттерге ұлағатты сөз айтар,
Үлкендерден қол жайып бата сұраймыз
1-жүргізуші: Темірлан: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадымен болыңыздар.
2-жүргізуші: Мирамқан: Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау-саламат
болыңыздар! – деп, бүгінгі мүшел тойымызды аяқтаймыз. Тойдан тойға
аман-есен жете беріңіздер.
Білім — теңіз, ақыл – біздің кемеміз,
Үлкендердің игі ісіне ереміз.
Құттықтау сөз айту үшін тілекпен,
Апайлар мен ағайларға сөз береміз.
1 – жүргізуші:
Балаларын тағы бір қырдан байқады,
Өнеріне тамсанып бас шайқады.
Құттықтау сөзді бар баланың анасы,
Ата – аналарға береміз.

