Мұстафа Шоқай

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұстафа Шоқай

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасын шыңдық тұрғысынан ашып зерттеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облыстық «Дарын» орталығының ғылыми-жобалар байқауына







DrawObject1











Орындаған: Нұрмағанбетов Азат Әзірханұлы

9-сынып оқушысы





Жетекшісі: Календиров Темірхан Нұрмағанбетұлы

Тарих пәнінің мұғалімі





Ғылыми жетекшісі:









Тарих бөлімі















Ақтөбе облысы

Хромтау ауданы

Дөң орта мектебі

2017 жыл



Мыңмен жалғыз алысқан.

(Мұстафа Шоқайдың туғанына 110 жыл толуына орай)

Осыдан тұп-тура он жыл уақыт бұрын бүкіл түркі әлемі өздерінің рухани көсемі Мұстафа Шоқайдың туғанына жүз жыл толуын және қайтыс болуының 50 жылдығын атап өтті. АҚШ, Франция, Германия, бірнеше араб елдері, Иран, Ауғанстан, Монғолия, Қытай, Түркиядағы қазақ ұлт өкілдері де Азат Түркістанның тәуелсіздігін жақтаған Қоқан автономиясының алғашқы және соңғы президентін еске алды. Дегенмен, өз туған Отанында Кеңестер үкіметі билеген кездерде бірнеше ондаған жылдар бойы оның адал есімі мен ісі ұмытылғаны да, аямай бұмаланғаны да шындық. Осындай қарама-қайшылыққа толы тарих шиеленістері жөнінде, «құлданған халықтың тарихы оның билеушілерінің билігімен жазылады»,- деген еді Джавахарлал Неру.

Шын мәнінде Ақмешітте (Қызылорда) туған, саялы Берлин бейітінде тыныш тапқан Мұстафа Шоқай Кеңес Одағына неге соншалық қауіп-қатер төндірді?

Барлық әділетсіз үкімет үшін басты нәрсе-өзінің өмір сүруін ұзарту және оның жайлы болуын сақтап қалу және ертеңгі күнге бағытталған барлық жаңа жүйелерден сақтану, сақ болу. Өйткені, ұлы империяның жойылып кетуіне ықпал ететін жекелеген тұлғалар болады, олардың өмір сүруі болашақты болжаумен бірлеседі.Олардың дүниеге келуін тоқтату мүмкін емес. Ол ешкімнің де қолынан келмейді.

Мұстафа Шоқайдың өмір сүруі патша отарына да өте қауіп төндірген еді. Әкесі жағынан қыпшақ руының торайғыр тарауынан шыққан аристократ, шешесі жағынан...

Хиуадағы қазақ хандығының тұқымы болып келетін ол Түркістан тарихын тамаша білген және оны өзінің алтын ғасырын басынан өткізген ұлы Түрік қағанатының тарихымен байланыстырады. Ол кезде Түркістан: Шығыс Түркістан, қытайлар Шыңжан деп атаған Оңтүстік Түркістан және орыстар советтік Түркістан деп атаған Батысқа – үшке бөлінген еді. Россияның Мемлекеттік Думасында Мұсылман Фракциясы саяси Бюросының алғашқы мүшесі болып, Түркістан халықтарының мақсат-мүддесін қорғаған бірінші адам – Мұстафа Шоқай еді. Орталық Азиядағы патшаныңотар саясатын әшкерелеген сөзін сөйлегенде, Мұстафа Шоқай 24 жаста екен.

Британ империясы құлағанда ағылшындар бұрынғы отар елдерінің ғылыми-техникалық және саяси дәрежесін Британ университеті арқылы сақтап қалуды өз алдарына мақсат етіп қойған еді. Бұл – Англия мен ағылшын тілінде мәдениеті бар елдердің өркендеп өсуіне әкеліп ықпал еткен.

Мұстафа Шоқай Петербург университетінің заң факультетін үздік бітіреді. Ол Ақпан төңкерісіне еш сенбеген және министрлік орын ұсынған Тәшкен гимназиясында бірге оқыған кластасы Александр Керенскийдің ұсынысынан бас тартады. Оның арманы – ешкімге тәуелсіз мемлекет болатын.

Мұстафа Шоқай – Қоқан автономиясының алғашқы президенті. Қазан төңкерісі Түркістан халықтары тағдырында күтпеген өзгеріс болды. Кеңестік өкімет басына келу әскери басып алумен қатар жүрді. Қазақстан тағы да өзінің географиялық орналасуы жағдайында қарама-қарсы соғысушы адамдардың, өлім мен қираудың көптеп жиналған орталығына айналды. 1918 жылдың қаңтары басында Қызыл Армия Қоқанғашабуыл жасады.Екі жүз мың тұрғынның төрттен бірі ғана тірі қалды. Қоқан президенті отты қоршаудан жігітерімен аман шығып, ол кездерде тәуелсіз болған Грузияға өтіп, Бұдан былай қарай Мұстафа Шоқайдың шет елге эмиграциялануы басталды.

Энциклапедиялық білімі бар Мұстафа Шоқай өзінің саяси көзқарасын тек түрік, орыс тілдерінде ғана емес, тәжік, ағылшын, француз, неміс және араб тілдерінде жазып қалдырған.

Бірнеше тіл білетін және шешен ол кеңестік баспасөздегі ресми мақалалар арқылы большевизмнің өмір сүруінің жалғандығын әшкереледі. Оның алғашқы бөлімі 1928 жылы, ал, екінші бөлімі 1935 жылы француз тілінде шыққан кітабы «Кеңес үкметіндегі Түркістан (пролетарият диктатурасына мінездеме)» деп аталды. Ол өз еңбегінде жеке күрестің де мән-мағынасыз болмайтынын дәлелдеді.

Өз халқының адал патриоты бола тұрып, ол ұлт лидерлерінің өкімет басындағылармен бірге жұмыс істеуінің жақсылыққа апармай, тек өліммен аяқталатынын көре білді. Оның алдын-ала болжауы мен топшы лауын Т.Рысқұловтың, Ұзақбай Құлынбетовтің өмір жолдары дәлелдеді.

Ол тоталитарлық өкіметті фашизмнің көп түрлерінің бірі деп есептеп, жек көрді. Шынында да билік ету жүйесіндегі әдістер өте ұқсас. 1938 жылы июнь айындағы көріністі Т.Рысқұловтың әйелі Азиза Түбекова былай суреттейді: «Тұрар күтпеген жерден орнынан көтерілді, маған кінәлі адамдай қарады, кері бұрылып, органнан келген үш адамның ортасынан шығып кетті». «Таңғы сағат алтыда екі неміс келді. Мұстафа менімен қоштасып, солармен шығып кетті. Көше бұрылысында маған тағы да қол бұлғап, бұрыштан әрі көрінбей кетті. Бұл оның тіршілігіндегі соңғы сәлемі және көзқарасы еді», - деп жазады Мәрия Шоқай.

Мұстафа Шоқай 1941 жылдың 27 желтоқсанында өмірден өтті. Қандай жағдайда, қалай өлтіргені әлі күнге дейін жұмбақ.

Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары.

Әзірше қолымызға түскен әр түрлі материалдарға, құжаттарға сүйенсек, Мұстафа Шоқайдың өмірі былайша өрбиді.

Мұстафа Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) қаласында ескі күнтізбе бойынша 1890 жылы 25-желтоқсанда дүниеге келген. Жаңаша күнтізбе бойынша бұрынғыға 13 күн қосқанда 7-қаңтар болып, 1891 жылға шығады. Осыған байланысты кейбір басылымдарда 1890 жылдың 7-қаңтары болыпта қате жазылып жүр. Дұрысы: ескіше 1890 жылдың 25-желтоқсаны, жаңаша 1891 жылдың 7-қаңтары. Мұстафаның тегі Орта Жүздегі Қыпшақ, оның ішінде торайғырдың Шаштысы, Батый ұрпағының Жанай тармағы болса керек (кейін Мұстафаның «Мыж», «Жанай» деген бүркеншік аттары болған). Әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше мәдениетті, елге беделді кісі болыпты. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр қазақтары Ресейдің қол астына кірмей тұрғанда Хиуа ханының датқасы (уәлиі, уәлаят басшысы) болған. Торғайдың да Шоқайдың да суреттері патша үкметінің арнайы тапсырмасымен жасалған фотоальбомға кіруі тегін емес сияқты. Шоқай ағайындары ішінде отырықшылықпен айналысып, бау-бақша егеді, кірпіш үй салдырады. Жазда киіз үйд е тұрады. Бірақ қазақ хұрпынан айнымайды, қазы (би) таниылған Шоқай үйінің есігі қара қазаққа айқара ашылып жатыр. Дегенмен байлықты малмен өлшейтін дала қазақтары үшін Шоқай ауылы кедей саналады. Ол өзінің бау-бақша егінін малға айырбастап немесе көптеп қоныстана бастаған орыстарға шаруаның құрал- саймандарына, балға айырбастап тіршілік ететін.

Мұстафаның нағашы жұрты да текті болғанға ұқсайды. Анасы Бақты – әйгілі әскербасылардың бірінің ұрпағы. Оның әкесі өзбек хандарына қарсы ұрыстарда аса ерлік көрсетіп, қазақ батырлары санатына кірген. Ал, Түркістанды патша әскерлері жаулап ала бастаған кезде де ұзақ уақыт орыстармен елінің азаттығы үшін, жері үшін күрескен. Мұстафаның болашақ анасы (қыз ткезінде) осы соғыстарға қатысып, әкесіне жәрдем етеді. Атқа мініп, шөл далада дұшпан әскерлерінің жолын барлап, хабар жеткізіп отырған. Бақты өлең жазып, дастандар жырлаған. Ана тіліне сауаттанып және әкесі сияқты арабша да білген.

Шоқай би отыздан аса ағайын-туыстарымен бір ауылда тұрған. Қазан төңкерісіне дейінгі мекені Орынбор-Ташкент теміржолы бойындағы Сарышығанақ станциясынан 5 шақырым жерде. Шоқай 1912 жылы Мұстафаның 22 жасында қайтыс болған. Жасынан зерек Мұстафа әкесі, туыстары жайлы бірсыпыра әңгімелерді естіп, не көріп есіне сақтайды. Оның айтуынша елдегі саяси оқиға Шоқай әулетіне де әсерін тигізген. Мысалы, екі рет Шоқайдың кірпіштен соғылған үйін жергілікті орыс үкметі мен мұжықтар мектеп үшін алып қояды, тіпті егістігін де тартып алады. Бірақ оларға қарсылық білдіре алмай, өз наразылығын ішіне сақтайды, орыстарға қарсы шығу керек деген ой түйеді.

Отаршылдықтың өкіметтігін, әділетсіздігін Мұстафаға да жас шағынан бастап-ақ сезінуге тура келеді. Бұл жай кішкентайынан-ақ кішісі бұла өскен Мұстафаға қатты әсер етеді.

Шоқайдың үш ұлы, екі қызы екінші әйеленен туады, бірақ Мұстафаны бірінші әйелібауырына салады. Мұстафа өле-өлгенше сол асыраған шешесін аузынан тастамауы оның махаббатының тұрақтылығының дәлелі. Үлкен ағасы Мұстафадан 15 жас үлкен. Апаларының ұрпақтары қазір Оңтүстік Қазақстан Облысында тұрады.

Мұстафаны жеті жасынан қалаға (Ақмешітке) орысша оқуға жібереді. Кейін 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, сегіз жылдан кейін оны өте жақсы деген бағамен бітіреді. Бірақ гимназияда Мұстафаға тиесілі алтын медальды генерал Самсонов бергізбей, оны күміс медальға ұсынылған орыс баласына жазады. 20 жасар Мұстафа медальды алмайтынын айтады, ал әлгі орыс оқушы Зепреметов күміс медальды ғана алады. Осы келеңсіздікті гимназия директоры Граменицкий де қолдайды. Отаршылдықтың бүл көрінісі тек жергілікті жастар емес, орыс жастарының да қарсылығын туғызады. Солоневич (кім екені әзір белгісіз – авт.) өз жазбаларында, сол кезде «жалпы орыс қауымы, профессорлар төңкеріс жасауға тырысқан еді» деп жазады. Көпшіліктің есінде қалған бұл оқиға да оң-солын тани бастаған Мұстафаға қандай әсер еткенін байқау қиын емес.

Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске алған қатысып шыңдалу кезеңі оның Петерборда өткізген жылдарына сай келеді.

Мұстафа 1910 жылы гимназия бітіргенге дейін-ақ жерлестерінің көп арыз-шағымдарын жазысып, дау-шарларын қуысып, жоғарыда айтылған генерал Самсоновтың алдына да талай барған болатын. Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңсесіне тілмаш етіп алмақшы болады. Бірақ Мұстафа одан бас тартып, Петербор университетінің заң факультетіне түсуді көздейді. Ол факультетке белгіленген стипендия тек орыс баласына берілуі тиіс еді. Сондықтан Мұстафа Қазан татарларының стипендиясынан үміттенеді. 1912 жылы «Айқап» журналының 13-санында Мұстафа туралы мынадай сөздер жазылыпты: «Осы күнгі Петербург университетінде 1910жылдан бермен қарай Сырдария облысының Перовский уезінің Гродековский болысының жігіті Шашты Қыпшақ руынан Мұстафа Шоқаев деген жігіт оқып жатыр. Бұл жігіт Перовский уезінде жоғарғы жерден оқыған бірінші жігіт болса керек». Бұл сөздердің мақтаныш сезіммен жазылғаны да байқалады. Ал Мұстафа шынында ел сенімін ақтау үшін аз іс атқарған жоқ. Оның оқып жүрген кезінде де (гимназияда, Петерболда) жерлестері әр түрлі арызбен келіп, одан жәрдем алып тұрады, сөйтіп студенттің оқуына бөгет жасайды. Кейбір үлкен істер бойынша Мұстафаға мәселені Сенатқа қоюға да тура келеді. Осының бәрі оның көп уақытын алып, ақыры 6 жылдың орнына оқуын 7 жылда 1917 жылы тәмәмдайды. Екінші жағынан мұндай бай тәжірибе болашақ заңгерге елдегі қазақтардың мұң-мұқтажын терең білуіне де мүмкіншілік туғызады. Мұстафа Шоқай оқып жүрген кезінде Мемлекеттік Думаға кандидатурасын ұсыну үшін қазақ азаматы Жантөрин оған Уфадағы жер үлесін берген (меншігі жоқтар Думаға ұсынылмайтын).

Мұстафаға алғашқы жүктелген қоғамдық жұмыс – оның 1914 жылы Әлихан Бөкейхановтың көмегімен IV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының Түркістан өлкесі атынан өкіл болып тағайындалуы.

1907 жылғы 3-маусым заңына байланысты қазақтар Мемлекеттік Думаға сайлау құқығынан айырылды. Осындай жағдай Думадағы Мұсылман фракциясыныңтүркістандық өкілі мұсылмандар мәселесін Думаға талқылауды ұйымдастырып, іс жүзінде депутаттықтың орнын толтырады. Бұл Мұстафа Шоқайдың Ресейдегі барлық мұсылман халықтарының белгілі қайраткерлерімен, Дума депутаттарымен араласуға, іс жүзінде жалпы мұсылмандық, жалпы түкістандық идеяларды көтеруіне алып келді. Азаттық алу үшін езілген халықтардың тізе қосу қажет екенін Мұстафа сол кезде анық түсініп, өмірінің соңына дейін осы жалпытүріктік идеядан айныған емес. Сонымен бірге Мұстафаға интернационалистік ұстаным да жат емес еді. Мысалы, ол20-жылдардың ортасына дейін олрыс демократиялық партияларымен одақтас болуды қолдайды. Бірақ орыс партияларының біртұтас бөлінбес Ресейді қолдап, езілген ұлттардың тәуелсіздігін жақтамауы, ашық шовинистік көзқарастары Мұстафа Шоқайды олардан жігін айыруға мәжбүр етеді. Кейін Парижде Мұстафа Шоқай «Кавказ, Түркістан және украин халықтарының достық қоғамын» құруға қатысуы оны интернационалистік, жоғарғы адамгершілік қырынан көрсетсе керек. Тіпті немістердің тұтқындар лагерінде жүрген кезінде бір топ грузин тұтқындарын еврей деп түсініп, атпақшы болғанда Мұстафаның оған ара түсіп, немістердің қателігін дәлелдеуі оның ерлікке пара-пар жанашырлығын айғақтайды. Өзінің шынайы демократиялық көзқарасы арқылы Мұстафа Шоқайдың Европада үлкен беделге ие болғанына дәлел жеткілікті.

1916 жылғы Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметі аяусыз басып-жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппзиция құрады, бұл мәселе желтоқсан айында Мемлекеттік Думада талқыланды. Осы мәселе бойынша баяндамаға дайындалу үшін Түкістанға арнайы келген депутат эсер А.Ф. Керенскийге материял даярлауға тікелей көмектескен де Мұсылман фракциясының хатшысы Мұстафа Шоқай болатын.

1917 жылы ококп қазуға Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарына жіберілген қазақ жігіттерінің аман-есен елге қайтуы аса қиынға соғады. Тіл білмейтін қазақтар теміржолдардағы орыс шенеуніктерінен пойызға орын ала алмай, үлкен станцияларда сандалып жүреді. Осы кезде Петербордан елге қайтқан сапарында Мұстафа Пенза, Сызрань, Самара қалаларында қазақ жігіттерінің пойызға отыруына ресми қызметкер ретінде көмектеседі...

1917 жылғы Ақпан төңкерісін Мұстафа Шоқай өзінің пікірлес досы башқұрт қайраткері Зәки Уәлидимен бірге Петерборда зор қуанышпен, үлкен үмітпен қарсы алады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
898
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі