Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұстафа Шоқай
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
І Кіріспе
1.1 Түркі әлемінің ұлы перзенті
«Ұлы тұлғаларын білмейінше,бірде-бір, дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан,
біз тарих көшінің жүрісін ғана алып қоймаймыз,оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің
алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық
түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал
жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім
жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың
қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар
мақтанышы болып келген»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ халқының ғибратты тарихында уақыт өткен сайын еңсесi биiктеп, асыл бейнесi тұтас Алаштың асқаралы биiгiне айналатын дара тұлғалар бар. Ұшарлығы көк тiреген шыңдардың аз болатыны сияқты, олар да қадау-қадау. Сондай санаулы даралардың бiрi және бiрегейi-Мұстафа Шоқайұлы.Қазақстан мен қазақ халқының соқтықпалы-соқпақсыз тұтас бiр дәуiрiнiң көшбасында тұрған, елiмiздiң дамуына, рухани, мәдени, ғылыми жаңа биiктерге самғауына орасан зор үлес қосқан ақиық азамат. Қазақ даласының мәңгiлiк мұзбалағы!
Онсыз қазақ тағдырын көзге елестету мүмкiн емес, ол кiсiнiң аты айтылмаса – тарихымыз жартыкеш. Қазақ халқында осындай біртуар азаматтар кем болма -ған.Ақтық демі қалғанша шыбын жаның елінің еңсесін,жерінің берекесін,Отаны үшін от кешіп, қамшының сабындай ғұмырын қазақтың қамы үшін арнаған ұлы тұлға- Мұстафа Шоқай болып табылады.Ақ патшаның әмірінен қаймықпай, кейіннен қылышынан қан тамған қызыл террордың қатыгез саясатын ашық сынаған ер,өр тұлға болып табылады.Елінен жырақта жүрсе де, жүрегі қазақ, тұтас түркі халқы деп соққан халқының ұлы перзентін ардақтамаған халық тарихы-жартыкеш. Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Мұндағы халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент –Мұстафа Шоқайұлы. Ендігі кезекте еліміздің біртуар нар тұлғасын заман ағымынан қалдырмауымыз керек.Өскелең ұрпақ Мұстафаны білер болса,халқының өткенін білер еді. Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес.Мұстафаны ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылуы тиіс. Солардың бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Мұстафа Шоқай есімін алтын әріптермен енгізілуі тиіс деп ойлаймын.Мұстафаның өмір сүрген ортасы оны нағыз қасқыр мінезді,халқының қалаулысы,елінің елеулісі,үйдің емес, түздің баласы болуға тәрбиеледі.Өз кезегінде жастайынан алғыр бала әмбебап тұлғаға сай барлық игі қасиеттерді өң бойына сіңіре білді.Осы қасиеттер болашақта оның жеке,дербес пікірін қалыптастыруда шешуші рөл атқарды тарихи шындық.
Мұстафа Шоқай – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясын құрушы. Өмір бойы қазақ ұлтының тәуелсіздігін бейбіт жолмен алуды мақсат тұтып өткен азамат.Мұстафа 1890 жылы 25 желтоқсан күні сол кездегі Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы ауылында дүниеге келген. Зерттеушілердің пікірінше, оның ата-бабасы қыпшақ руының белді әулетінің адамдары болған. Атасы Торғай датқа Сырдария облысындағы бірнеше ауылды басқарған, ал әкесі ауыл-аймаққа белгілі әділ би болған.Мұстафа Ташкенттегі ерлер гимназиясы мен Санкт-Петербург университетінің заң факультетін аяқтаған. Осы кезде ол өзіндік дүниетанымы мен саяси көзқарасын қалыптастырып, ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерінде еркін сөйлеген.1917 жылдың көктемінде Мұстафа Ташкенттегі мұсылмандар конгресі кезінде құрылған Мұсылмандар орталығының басшысы болып тағайындалады. Осы жылдан бастап «Бірлік туы» және «Еркін Түркістан» басылымдарын шығара бастаған. Ал тамыз айында ол Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі атанады.1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін комитет мүшелері қуғынға ұшырап, жасырынуға мәжбүр болды. Мұстафаның басы үшін арнайы сыйлық та тағайындалды.1917 жылдың 27 қарашасында Қоқанда өткен Бүкіл мұсылмандардың IV съезінде Түркістан автономиясын құру туралы ұсыныс айтылды. Оның да тізгіні Мұстафа Шоқайға тиді. 1918 жылы Шоқай Бүкілресейлік уақытша үкіметтің (Уфа директориясы) мүшесі болды.Шоқайды Челябіге жер аударады.Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы жылдарын шет мемлекеттерде өткізді. Түркия арқылы Германияға, сосын Францияға қоныс аударады.Эмиграцияда жүріп «Таймс», «Шафак», Journal of Royal Central Asian Society сынды белді ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болды. «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» атты басылымдарды шығарып тұрды. Большевиктердің жұмысы туралы түрік, ағылшын және француз тілдерінде лекциялар оқыды.Парижде ол Түркістан ұлттық бірлестігіне жетекшілік етті.1941 жылдың 22 маусымында Берлиндегі орыс эмигранттары жаппай тұтқындалды. Олардың арасында Шоқай да бар еді. Гитлер үкіметі оған Түркістан легионын басқару туралы ұсыныс жасады.Бұл легионның мақсаты – Германия протектораты болып табылатын Үлкен Түркістан мемлекетін құру болатын. Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартады.Себебі оның мақсаты дербес,тәуелсіз Ұлы Түркістан державасын басқару болатын. Ол 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлин қаласында жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оның өмірден өтуі қазақ халқының болашағы үшін ауыр болды себебі нағыз елін сүйген елі сүйген азаматтың отанына келтірер пайдасы оның ақыл-парасаты ғасырға, болашаққа даңғыл жол салып өмірдің өткелінен өтуге көмектесер ұлы туынды -ларды бұдан да көп жазар ма еді.
Бірақ уақыт қайта айналып келмейді.Болған іс болды,бояуы сінді дейді ғой қазақ.
Ерең ердің есімі егемен ел болуымыздың арқасында ғана естіле бастады.Бүкіл түркі әлемінің ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың еліміздің бүгінгі болашағына сіңірген теңдессіз жанқиярлықпен еңбегі,жалынды публицист,тамаша тарихшы,зеңгер - ғалым,халықаралық саяси күрескер ретіндегі еңбегін болашақ ұрпақ біліп қана қоймай оны келешекке мирас қылып жеткізу біздің қасиеті парызымыз.
ІІ Негізгі бөлім зерттеу бөлім
2.1 Солақай саясатты сабырмен саралаған саясаткер
«Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж емес, өзін-өзі шығармаларымен, ерлігімен ақтап отыр. Оны тарих пен уақыт ақтады. Ә.Әлімжанов
Мұстафа Шоқай заманы коммунистік пен капиталистік идеологиялардың қақтығысы болған заманға тұспа-тұс келді.Мұстафа Шоқай өз кезегіңде халқының қамын ойлап коммунистік идеяға оппозицияға шықты.Халық та қазақ зиялылары да Мұстафаны қатты сыйлады.Қазақ тарихнамасында Әлихан мен Мұстафа екеуі екі түрлі,екеуінің пікірі бір жерден тоғыспады деген пікірлер қалыптасқан.Оны тарихшылар Әлиханның Мұстафамен Түркістан мухтариатына бірігу туралы келісіміне қарсы шығумен дәлелдейді.Бірақ қазіргі Әлиханның Әміре Қашаубаевтың етігіне салып Мұстафаға беріп жерген хатын ескерер болсақ Алашорда мен Түркістан автономияларының түпкі мақсаты бір болғаның көруге болады.Алашордамен Мұстафа арасында үлкен байланыс бар.Қазақ және шетелдік ғалымдардың азын-аулақ зерттеулерінде Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның қоғамдық процесстерде ысыла қоймаған Мұстафаның дүниетанымы мен көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған маңызды кезеңі айтылмай кетеді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан "батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.
Мұның өзі оның осы кезеңде түркішілдік ықпалда болғанын көрсетеді. Осыны сезген Ә.Бөкейханов М.Шоқай мен оның жолдастарына "өздеріңді ешқандай сағыммен алдамаңдар” деп ескерту жасайды. Патша өкіметінің отарлық саясатының мәнін ұққыларың келсе, ең алдымен оның қоныс аударушылық саясатына назар аударыңдар деп оларға дұрыс бағыт сілтейді. "Әлихан бізге ылғи да "ұлтқа пайдалы адам болғыңыз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді”,- деуші еді.
Біз ол кезде орыс мектептерінде оқып жүрген жәдидші жастар – бәріміз де бүкіл ынта-ықыласымызбен "мұғажыр мәселесін” үйренуге кірістік. Мемлекетіміз үшін ең үрейлі қатердің қайдан туып келе жатқанын сонда ғана түсіндік”,- дейді кейін М.Шоқай.
Мұстафаның сөзіне қарағанда,ол Ә.Бөкейхановпен алғаш Санкт-Петербургте емес, одан ертерек Ташкент гимназиясында оқып жүрген шағында кездеседі. Қоныс аудару саясатын ыждағатты зерттей келіп, ол мұғажыр мәселесінің азаттық қозғалысының басты мазмұны, бұл саясаттың түпкі мақсаты қазақ жерін этностық отарлау екендігі туралы тұжырымға келеді. Сол себепті де болар, ол өмірінің соңғы сәтіне дейін патша, кейін Кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатын назарынан тыс қалдырмайды, жерінен айырылған халықтың күні қараңғы екендігін еске салумен, болашағы жоқтығын айтумен болады. Әлем тарихындағы мұндай саясаттың отаршылдықтың "ең жабайы”, "ең дөрекі” түрі екендігі жөнінде жар салады. Өзі де ес біле бастаған кезінен-ақ қоныс аударушылықтың сорақылық мысалдарымен талай рет ұшырасады.
Эмиграцияда жүрген кезінде жұма сайын кездесіп, сұхбаттасып тұратын жақын жолдастарының бірі Украин Халық Республикасының 1917-1918 жылдары Сыртқы істер министрі болған А.Я.Шульгин: "М.Шоқайдың Бюрода атқарған жұмысының маңыздылығын айтып жеткізу қиын”,- дейді. Мұстафа қазақ азаматтарының майданның қара жұмысына алынуына байланысты мәселелерде Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларымен бірлесе жұмыс істейді. 1916 жылы М.Шоқай мен А.З.Валиди Түркістаннан алынған жұмысшылардың жағдайын білу үшін майданға барып қайтады. Патшаның тақтан тайған күні Ә.Бөкейханов жаңа жағдайда қазақ халқының алдында тұрған мәселелерге байланысты елге қайтатынын, Бүкілресейлік Земство одағындағы өзінің орнына майданға алынған жұмысшылардың ісімен айналысатын ұйымдардың шешімімен М.Шоқайдың сайланғанын айтып, сол себепті тез арада Минскіге келуін талап етіп, хат жолдайды. Бірақ Петроград пен майдан арасындағы теміржол қатынасының үзіліп қалуы себепті Мұстафа Минскіге бара алмайды.
Наурыз айында Уақытша үкімет Ә.Бөкейхановты Петроградқа шақыртады да, оның орнын Асфандияр Кенжин басады. Петроградта 20 наурыз күні Әлиханның Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалуына келісімі алынады. М.Шоқай Ә.Бөкейхановпен Петроградта кездесіп, түркі мұсылман халықтарының тағдыры жақын арада жүзеге асырылуға тиісті нақты шаралар жөнінде кең түрде сұхбаттасады. Сол жылы Әлиханмен бірге М.Дулатов та Петроградқа келеді. Мұнда Ә.Бөкейханов Міржақып пен Мұстафа Уақытша үкіметке қолдау көрсеткен астана көшелеріндегі шеруге де қатысады. "Қазақ” газетінде Әлихан, Мұстафа, Міржақыптың қолдары қойылған "Алаш ұлына” деген үндеуі жарияланады.
Үндеу 12 сәуірде жарық көргенімен, бұл құжат Петроградта дайындалып, осы үш тұлғаны, яғни Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Шоқайдың қаламынан туындайды.
М.Шоқайдың "Алаш ұлына” секілді маңызды құжатты дайындауға тартылуы қазақ жері мен халқының тұтастығын ойлаған Әлихан мен Міржақыптың әуел бастан оны ұлт-азаттық қозғалысының оңтүстік қанатының жетекшісі ретінде санауынан деп нық сеніммен айта аламыз. М.Шоқай әуелі Түркістаннан Убайдолла Қожадан, оған іле-шала сәуір айында Орынборда ашылатын Торғай облысы қазақтарының сиезіне Ә.Бөкейхановтан та шақырту алады. Мұстафа Петроградтан Орынборға 1 сәуірде жолға шығады.
Кейін жиында М.Шоқай: "Қазақ даласындағы автономиялық өкіметтің іргесін қалай бастаған бұл сиезд қазақ, өзбек, татар халықтарының бастары біріккен, еркіндікке ұмтылысы мен туысқандықтың айқын көрінісі болды”, деп бағалайды.
М.Шоқайдың 10 сәуірде Ташкентке оралған бойында М.Тынышпаевтың Ә.Бөкейхановқа жазған хатында: "Мұстафа Орынбордағы қазақтардың ұстаған жолы мен біздің көзқарасымыз туралы айтып берді... Мен сіз бен біздің көзқарасымыздың бірдей болып шыққандығына аса қуандым”, деуі осы тұжырымды толықтыра түседі. М.Шоқай дүниетанымының ерекшеленуіндегі Алаш идеологиясының шешуші рөл атқарғандығын мойындай отырып, оған түркі мұсылман қозғалысы жетекшілерінің ой-пікірлері де әсер еткендігі, жалпы алғанда оның екі ғасыр тоғысындағы саяси ағымдар мен оқиғалардан нәр алғандығын ескеруіміз қажет.
Мұстафаның гимназияда оқып жүрген шағын өзі "біздер – жәдидшіл жастар” деп жол-жөнекей, бір-ақ рет еске алуында үлкен мән бар. Басқа уақытта және бірде-бір еңбегінде ол өзін "жәдидшілмін” деп атамайды. Себебі ол жәдидшілердің тар шеңберлі идеялық платформасынан Ақпан төңкерісінен біраз бұрын шығып кеткен-ді. Ресми құжаттарда 1922 жылы 23 қаңтарда ГПУ қызметкерінің РК(б)П Қазақ облыстық Бақылау комиссиясына жеткізген хабарында Т.Рысқұловтың 1924 жылдың сәуір айында М.Сталинге жолдаған баяндамасында М.Шоқай жәдидтер қозғалысының қайраткері емес, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер секілді "алашордашыл қайраткер” деп көрсетіледі. (РГАСПИ. Ф.17. Оп. 85. Д.77. Л.204). Мемлекеттік Саяси басқармасының қызметкері Қазақ Республикасында саяси платформасы анық үш ағым немесе "топ” бар екендігін "анықтап”, оның біріншісіне Алашорданың негізін қалаған және ұйымдастырған деп Ә.Бөкейхановты, М.Дулатовты, Х.Досмұхамедовті, М.Шоқайды және тағы басқа белсенді тұлғаларды жатқызады.
Жоғарыда аталған баяндамасында Т.Рысқұлов М.Шоқайдың Түркістанды "тәуелсіз буржуазиялық автономия” ретінде жариялауда толықтай Алашорда платформасында тұрғандығын, Ташкенттегі "Бірлік туы” мен "Улуг Түркістан” газеттерінің Орынбордағы "Қазақ” газетімен бір ұстанымда екендігін еске салады. Мұстафа Түркістандағы оқиғаларды қазақ даласының саяси өмірінен бөліп қарамайды. А.-З.Валиди: "Қазақ халқының көрнекті қайраткерлері: жазушы Ахмет Байтұрсынов, Бөкей ордасының аса құрметті адамы Шахингерей Сұлтан Бөкейханов, Ташкенттен Мұстафа Шоқаев, Жиһаншах Досмұхамедов Торғай облысының комиссары Ғалихан Бөкейхановтың резиденциясында әртүрлі жиындар өткізіп жүрді”,- деп жазады "Естеліктер” атты еңбегінде. Мұндай басқосуларда Түркістандағы жағдайдың әңгіме өзегі болып тұрғандығы сөзсіз.
Түркістан мен қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысы ошақтарының арасындағы байланысты нығайтуда М.Шоқайдың 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші жалпықазақ сиезіне арнайы шақыртылуы маңызды қадам болды. Түркістандағы саяси ахуалдың күрделілігіне байланысты Мұстафа сиез жұмысына қатынаса алмады, бірақ ол сырттай Құрылтай жиналысының депутаттығына кандидат және Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне депутат ретінде бекітілді. 1917 жылдың желтоқсанында Түркістан Мұхтариятының Уақытша үкіметі М.Шоқайды Орынборға Башқұртстан мен қазақтардың ұлттық ұйымдарымен байланыс орнату, сонымен бірге "Оңтүстік-Шығыс казактары одағының” саяси ұстанымы жайында мәліметтер жинау мақсатында ісспарға жібереді. М.Дулатов 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында М.Шоқай Орынборға сиездің (ІІ Жалпықазақ съезін айтады. – К.Е.) соңына қарай келді деп көрсетеді. Сиезде Мұстафа Түркістан Мұхтарияты жөнінде баяндама жасап, Жетісу мен Сырдария қазақтарының Мұхтариятқа қосыла қоймағандығын айтып береді.
Кейін шетелде жүріп жазған "Түркістанда” деген еңбегінде Мұстафа Алаш автономиясының қалай құрылғандығына тоқталып, съезде екі пікірдің орын алғандығы туралы, біріншісінің болашақта Ресей Федерациясының автономды бөлігі – Сібірмен қосылуды жақтағанын, келесілерінің Алашорда мен Түркістанның толық бірігуін қолдағанын айтады. Бірі түркілік орталықтан шеттеп қалудың жөнсіздігін айтса, екіншілері оған басқаша уәж келтіреді. Сиез Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Ресейдің болашақ мемлекеттік құрылысын түпкілікті шешкенге дейін Қазақ өлкесі Сібірмен де, Түркістанмен де қосылмай, дербес автономия ретінде өмір сүреді деген ымыралық шешімге келеді:"Бірақ делегаттардың көпшілігі Сібірмен қосылуға қарсылық білдірді.
Орынбор сиезінің кейбір ерекшеліктеріне қарағанда қырғыз (қазақ – К.Е.) өлкесі мен Түркістан өздерін біртұтас аймақ ретінде түсінді”, деп көрсетеді М.Шоқай. Осы түсініктің бір көрінісі – Түркістан автономиялық үкіметінің мүшесі М.Шоқайдың Алашорда үкіметінің де мүшесі болып сайлануы. Тіпті Алаш партиясы бағдарламасының алғашқы нұсқасын дайындайтын комиссия құрамына Мұстафаның де енгізілуі жоғарыдағыдай көзқарастан туындаған секілді.
Түркістан қазақтарының тағдыры жөнінде М.Шоқай мен Ә.Бөкейханов бір тоқтамға келіп, бұл мәселені арнайы шақырылатын Сырдария қазақтарының сиезінде шешу жөнінде ұйғарады. Түркістан Мұхтариятын большевиктер жаныштағаннан кейінгі уақытта М.Шоқайдың Халел Досмұхамедовпен жақын қарым-қатынаста болғанын айтуымыз керек. 1918 жылдың маусым айында Самара қаласында өтетін Құрылтай жиналысы мүшелерінің кеңесіне қатысуға бағыт ұстаған М.Шоқай мен әйелі Мария Яковлевна 1 мамырда Ташкенттен шығып, жолай Х.Досмұхамедовтің ауылына тоқтайды. Кейбір зерттеушілер Мұстафа 18 мамырда Жымпиты селосында ашылған Алашорданың батыс қанатының ІІ сиезіне қатысты дейді. Бұл жағдай әлі де зерттей түсуді қажет ететін секілді. Қалай болғанда да сол жолы олардың арасында қазақ, өзбек халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы олардың большевиктерге қарсы біріккен іс-қимылдары жөнінде кеңінен әңгіме болғандығы қисынсыз емес.
М.Шоқай Самарада құрылған үкімет (Комуч) құрамына А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов және тағы басқа қазақ зиялыларымен бірге енеді. 22 тамызда ол алаш қайраткерлерімен бірге Челябіде өткен Комуч пен Сібір үкіметінің Мемлекеттік кеңесіне қатысады. Мұстафаның 1918 жылдың жаз айларындағы қызметі эсерлер мен кадеттердің жиындарына қатысуымен шектелмейді. Осы кезеңде ол Торғай даласында қазақтардың тұрмысымен, елдегі саяси ахуалмен кеңінен танысады. 1918 жылдың қыркүйегінде Алашорда басшылығы Сібір үкіметіне бі-рін-бірі тану жөнінде келісімнің жобасын ұсынады. Онда Алашорданың ең басты міндеті ретінде Алаш территориясын большевиктерден азат ету және Түркістан мен Жетісуға көмек көрсету, болашақта Алаш, Сібір, Башқұртстан мен Түркістан федерациясын құру деп белгіленеді.
Зерттеушілер назарынан тыс алып келген осы бір құжаттың мән-мағынасына үңілсек, оны Алашорданың Түркістанмен не болмаса Сібірмен бірігуі жөніндегі екіұдай пікірдің екі ұстанымдағы Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайға ортақ ұйғарымға келуінің көрінісі екендігі анық. Заңды күшіне енбегенімен, жоба федеративтік құрылым жөніндегі бұл екі тұлға пікірлерінің жаңа жағдайда біршама өзгеріске ұшырағанын дәлелдейді.
Бірнеше пікір алмасулар нәтижесінде түркі мұсылман зиялылары Уфада өтетін Мемлекеттік мәжіліске ортақ платформа негізінде қатысуға келіседі. 8 (жаңа стиль) қыркүйекте ашылған кеңеске қазақ облыстарынан және Түркістаннан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай және тағы басқалар қатысады.
1929 жылы Прагада жарық көрген "Орыс тарихы мұрағаты” деген жинақта осы кеңеске қатысқан делегаттар мен ұйымдарға соңғыларының ішінде Алашорда және Түркістан Уақытша үкіметіне қысқаша сипаттама беріледі. Онда қазақтар басқалардың бәрінен де артық ұйымшылдық көрсетіп, Қазақ автономиясын жариялады және орталығы Семейде Алашорда Уақытша комитетін құрды делінеді. Кеңесте Бүкілресейлік өкімет билігін ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамына М.Шоқай мен Ә.Бөкейханов та енеді. Олар Кеңес президиумынан орын алады. Мұнда Мұстафа Ресей мемлекеті деңгейіндегі қайраткер ретінде танылады. Оған М.Шоқайдың Кеңес төрағасының екінші орынбасары болуына қоса мандат және қаржы комиссияларының құрамына сайлануы дәлел бола алады.
13 қыркүйектегі Кеңес отырысында үкімет жауапкершілігі, яғни оның қызметіне бақылау қою мәселесі көтеріледі. Осыған байланысты Құрылтай жиналысын ұйымдастыру керектігі, не болмаса үкіметтің Мемлекеттің Кеңес алдында жауапты болуы жауапкершілік тетіктері, тағы басқа тақырыптар төңірегінде пікірталастар өрістейді. Оның барысында Бүкілресейлік үкімет қызметі бағдарламасының жобасы дайындалып, оның азаматтық іс саласындағы міндеттері былайша анықталады:
1. Сібірдің саяси автономиясын, сонымен бірге өзін-өзі басқаратын облыстардың автономиясын мойындау жолымен федеративтік демократиялық құрылысты нығайту; 2. Қысқа уақыттың ішінде осы құрам негізінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шақыру; 3. Ресейді мекендейтін халықтардың аумақтық автономиясына негізделген ұлттық саясат жүргізу.
М.Шоқай бірінші "Сібір” сөзін алып тастауды, себебі барлық автономиялық үкіметтердің, олардың ішінде Сібір Уақытша үкіметінің де функциялары мен құқылары бірдей деп көрсетіп, Сібір үкіметіне артықшылықтар беруге ыңғайланған тұжырымға өзгеріс енгізеді.
Кеңесте Ресейдің мемлекеттік құрылысы жөнінде бұрыннан алынған шешімдерден бас тартушылық сыңайы да білініп қалады. Осыған байланысты М.Шоқай 1918 жылдың 5 қаңтарында Құрылтай жиналысы қабылдаған қаулыны еске салып, Мемлекеттік кеңестің оның жер мәселесі туралы қарарын өз жобасы негізіне алуы мен Ресейдің федеративтік демократиялық республика болуы туралы келесі қарарын ескермей кетуі – қисынсыздық екендігі жөнінде делегаттардың есіне салады. М.Шоқайды Л.А.Кроль, И.И.Войтов, А.Валидов және басқалар қолдайды.
Оншақты адамдардың сөздерінен кейін М.Шоқай үкімет қызметі жөніндегі бағдарламада аумақтық автономия деген пункттің қалдырылуын, бірақ Мемлекеттік кеңес жұмысының алға жылжуына кедергі келтірмеу мақсатында 1918 жылдың 5 қаңтарында Құрылтай жиналысының заңын негізге алатын редакция құруды ұсынады.
Бұл пікірге Ә.Бөкейханов та қолдау білдіреді. Сонымен қатар Әлекең: "Біз демократиялық федеративтік Ресей республикасымен біргеміз, біз өзімізді біртұтас Ресейдің бөлігі сезінеміз. Жікшілдікке жол беріліп жатыр деушілер самодержавиелік Ресейде жатжұрттықтар – құлдар, ал великоростар – бұлар құл иеленушілер деп ойлауға дағдыланған ескі психологияның табынушылары болып табылады, мұндай психологиядан құтылу ләзім. Бұл жағдайды түсінеміз, бірақ қазіргі кезеңде Ресейдің федеративтік, демократиялық ел болуы және біздің орыс халқымен бірге ұлы да бақытты Ресей құрамына енуіміз үшін ондай көңіл-күйден арылған жөн”, деп тұжырымдайды.
Ә.Бөкейханов бір жыл бұрын өткен Мемлекеттік кеңесте келісімге қол жеткізілмегендігінің себебі бір тараптың басымдылық танытқанынан орын алғандығын еске салады. "Мені осында жіберген барлық ұйымдар, егер мұнда патриоттар отырған болса, егер олар Ресейді құтқару үшін шын мәніндегі пәрменді өкімет құруға келген болса, олардың келісімге келуін талап етеді, біз келісімге қол жеткізілуін және коалициялық биліктің келісім негізінде құрылуын қолдаймыз”, дейді. Бөкейханов аталмыш коллегия құрамының жеті адамнан тұруын, оның өз тарапында Құрылтай жиналысы алдында жауапты Министрлер кабинетін құруын жөн деп есептейді. Ал коалициялық үкіметтің Кеңеске қатысып отырған ұйымдардың өкілдерінен тұруы керектігін айтып, оған Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының атынан төрт өкілдің, Сібір үкіметінен – бір, казак әскерлерінен – бір, Алашорда, Түркістан, Башқұрстаннан – бір өкілдің енуі жөнінде ұсыныс жасайды.
М.Шоқай Ә.Бөкейхановтың пікірлеріне толық қосыла отырып, орталық билікті құру тетіктері, орталық билік пен облыстық үкіметтердің өкілеттіктері, басқару функциялары, жер, ұлтаралық қатынастар мәселелері бойынша бірнеше рет нақтылы ұсыныстар жасайды. Орталық билік пен облыстық үкіметтер арасындағы өкілеттіктерді бөлісу мәселесі жөнінде баяндама жасаған Халық бостандығы партиясының мүшесі Л.А.Кроль дайындаған қарар жобасынан "кеңейтілген автономия” сөзінің алынып тасталуына Ә.Бөкейханов мұның жай редакциялық түзету емес, автономия мазмұнына нұқсан келтіретінін, сол себепті "кеңейтілген автономия” сөзінің пікірталастар барысында қол жеткізілген концепциялық тұжырым екендігін айтады.
Ә.Бөкейханов пікірін М.Шоқай да қолдап, қарарда "кеңейтілген автономия” ұғымы принциптік ұстанымды білдіреді деген түсінік береді. Л.А.Кроль орталық өкіметке тиесілі функциялар қатарында соғыс, бейбітшілік мәселелеріне қоса, әскери ведомство, жол қатынасы, пошта және телеграф, сыртқы істер, бақылау және қаржы жүйесі салаларын атайды. М.Шоқай Л.А.Крольдің қарарын осы күйінде қабылдауды сұрайды.
Автономия жөніндегі қарар жобасында облыстық үкіметтер өз функцияларын талап еткен жағдайда орталық үкіметке қайтарып береді деген ескерту қалдырылады және ол пункт, болашақ көрсеткеніндей, унитаристердің жымысқы әрекетінен туындаған еді. Ақырында "ымыралық комиссия” Ресейде орталық өкімет билігін құру жөніндегі негізгі принциптер жөнінде келісімге келіп, ақтық қарар мына күйінде қабылданады:
1. Бүкілресейлік Уақытша үкімет Кұрылтай жиналысының шақырылуына дейін бірден-бір жоғарғы егеменді өкімет билігі ретінде танылады; 2. Орталық билік қарамағындағы мәселелердің барлығында облыстық үкіметтерге берілетін кеңейтілген автономия құзыретінің шегін анықтау Бүкілресейлік Уақытша үкімет қарауында қалады.
Орталық үкімет құрамына кандидатуралар ұсынылған кезде М.Шоқай Алашорда, Башқұртстан және Түркістан үкіметтері түрік-татар ұлттық басқармасы атынан дербес тізім ұсынылмайтынын, бірақ кандидатураларға олардың ұлттық мәселе бойынша көзқарастары негізінде қолдау көрсетілетінін мәлімдейді. "Директория” аталған үкімет құрамына бес адам: Н.Д.Авксентьев (төраға, эсер), Н.И.Астров (кадет), генерал В.Г.Болдырев (партияда жоқ), Г.В.Вологодский (партияда жоқ), Н.В.Чайковский (халық-социалистік партиясының мүшесі) сайланады. Мемлекеттік кеңестің соңғы, бесінші отырысы 23 қыркүйекте өтеді. Директория маусым-қыркүйек айларында өмір сүрген Комучтің орнын басады. Оның резиденциясының Уфада, Омбыда, не Екатеринбургте орналасуы жөнінде де кеңес мүшелерінің арасында келісім болмайды. Ақырында Директорияның Омбыға көшуіне рұқсат беріледі. Оның мұндағы алғашқы қадамдарының бірі – облыстық үкіметтерді бұрынғы өкілеттерінен айыру жөніндегі заң қабылдауы болды. Бұл жағдай М.Шоқайдың орыс демократиясына сенімін мүлдем әлсіретеді. Оның үстіне көп ұзамай Директория тұтқынға алынып, 18 қарашада Колчак өзін "жоғарғы билеуші” жариялайды. Жалпы алғанда Уфа мемлекеттік кеңесі жұмысы эсер партиясы мен оларға қолдау көрсеткен мұсылмандық блоктың жеңісімен аяқталады.
Мұнан кейін М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев және А.-З.Валиди Мәскеуден Уфаға келген Н.Ақшорамен кездесіп, "Оңтүстік-шығыс мұсылмандары облыстарының федерациясын” құру жөнінде кеңеседі.
Кейін (1929ж. 27 мамырда) Мәскеуде ГПУ тергеушілеріне берген жауабында А.-З.Валидимен соңғы рет Уфа мемлекеттік кеңесінде кездестім, онда жауларымызға, олардың ішінде, әрине, Кеңес өкіметі болатын, бірлесе күресу жөнінде уағдаластық деп Ә.Бөкейханов осы жиынды еске алады. Уфа кеңесі Ә.Бөкейхановтың М.Шоқаймен де соңғы кездесуі болатын. Орынборда атаман А.Дутовқа қарсы астыртын төңкеріс ұйымдастыру әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Мұстафа Әзірбайжан, не Грузияға барып тұрақтауға тоқталады. Бұл жолы да оның сапары Х.Досмұхамедов пен Ж.Досмұхамедовтің ауылдары арқылы өтеді. Халел Мұстафаның Гурьев (қазіргі Атырау) қаласы, Форт-Шевченко (Кетік) арқылы Кавказға аттануына үлкен көмек көрсетеді. Кейбір мәліметтерде Мұстафаның Кетіктен Әзірбайжанға өтіп кетуіне 1904 жылғы Порт-Артур шайқасына қатысқан подполковник Оспан Көбеев қолғабыс берді деген сөз бар. Қызылдар әуелі Әзірбайжанды, кейін Мұстафа барып орналасқан Грузияны да алады. Осыдан кейін ол Түркияға өтіп, ақырында 1921 жылдың мамыр айында Парижге барып тұрақтайды.
Кавказда жүрген шағында Мұстафа Түркістан Мұхтарияты үкіметінде көмекшісі болған Искандер Көпжасаров арқылы елдегі жағдай жөнінде хабарласып тұрады. Парижде де Мұстафаның Алаш зиялыларымен байланыс тіндері үзілмейді. Мұстафа секілді көрнекті тұлғаның Францияға келуі бұл елдің саяси өмірінде ізсіз қалмайды. Сыртқы істер министрлігінде ол туралы мінездеме даярланып, басшылыққа ұсынылады. Онда М.Шоқайдың саяси оқиғаларды бағалаудағы қалтқысыз дәлдігі, Еуропаға Түркістанның ұлттық ұйымдарының тапсырмасымен келгендігі көрсетіледі.
Мұстфа Шоқай туралы қате пікірдің қалыптасуының басты себебі Сталинның 1926 жылы №145 Делосы бойынша "националист-контрреволюционер Чокаев Мустафа".Міне осы бұйрықтың салдары қазақ халқы үшін ғана емес күллі түркі халқы үшін қарғысты болды.Себебі осы бұйрық Мустафаның тағдырына қара таңба келтірді,тура осы бұйрықтың салдарынан болашақ ұрпақ Мұстафаны фашист ретінде тани бастады,тура осы бұйрықтың салдарынан сан мындаған Мұстафаның өміріне зиян келтірер текетірестер пайда болдырды.Шоқай туралы қарсы пікірлер қазіргі кезде оны зерттеуге де оның өмірінің жарқын бейнелерін халыққа көрсету үшін зияның келтіруде.Кеңес үкіметі кезіңде Мұстафа өмірі толық жабулы оның адами,саяси көзқарастарының дұрыстығы қатты бүркемеленді.Сол себептен Мұстафаны сатқын деп танитын жаңа көшкін пайда болды.Мұстафа Шоқайға қарсы кеңестік насихат 1968 жылы шарықтау шегіне жеткен болатын. Сол жылы МҚК офицері Серік Шәкібаевтың Шоқай туралы жазған «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты повесі жарық көрді.
Деректі мазмұндама ретінде
жарық көрген бұл шығарма Шоқайды басын сауғалаған, шен-шекпен үшін
елін нацистерге сатқан опасыз ретінде көрсеткен болатын.
Кеңес дәуірінде Шоқай туралы тыйым салынбаған дара басылым болып
табылатын бұл повесть Шоқайдың нацистердің түрмесінен фашистік
Германияның Шығыс министрі Альфред Розенбергке хат жазуымен
басталады. Хатында Шоқай Түркістанды тек Германияның құтқара
алатындығына сенетіндігін, сол себепті тұтқынға түскен түркі тектес
кеңес әскерлерінен көмекші отрядтар жасақтап, неміс армиясына
көмектескісі келетіндігін білдіреді. Осылайша, Шоқайды фашистік
билік астындағы Түркістанға басшы болу үшін елін нацистерге бодан
етуге тырысқан сатқын ретінде көрсетуге бағытталған оқиғалар
тізбегі өрбиді. Повесть бойынша Шоқай жақын серігі Уәли Каюм Хан
берген удан өліп, «сазайын» тартады.
Шәкібаевтың повесін құжаттарға сүйене отырып жазғандығы рас
болғанымен, пайдаланған деректеріндегі қателіктер оны жаңсақ
оқиғалар құрастыруға жетеледі. Шәкібаев күмәнді кеңестік деректерді
қолданады. Бұл деректердің көпшілігі соғыстан кейін кеңестерге
қайтарылған легион мүшелерінің МҚК тергеуіне берген жауаптарының
хаттамалары еді. Тергеуде қысым астында әскерлерден алынған
мәліметтердің көпшілігі шындыққа сай келмейді. Повесте шындыққа
қайшы келетін көптеген мәліметті кездестіруге болады. Мысалы,
повестің басында Розенбергке хат жазған Шоқай бір жылдай түрмеде
отырады. Алайда Шоқай ешқашан түрмеге отырмаған. Шоқай тек үш
аптадай Париж маңындағы Компиен лагерінде тұтқында болған. Ол жер
де түрмеден гөрі оқу лагеріне ұқсас болған. Сонымен қатар ол кезде
әлі Шығыс министрлігі құрылмаған болатын және Розенберг де министр
емес еді. Повесте Шоқайдың Петербургте заң факультетінде,
Керенскиймен бірге оқығаны айтылады. Шындығында екеуінің бір
уақытта студент болулары мүмкін емес. Шоқай Петербургке келгенде
Керенский оқуын бітіріп кеткен болатын. Өйткені 1881 жылы 22
сәуірде туған Керенский Шоқайдан 11 жыл бұрын Петербург
университетіне түскен. Кітапта Шоқайдың ағылшын тыңшыларымен
жұмыс істегені алға тартылады. Шоқайдың ешбір елге тыңшылық
істемегені белгілі. Автор Мұстафаның Еуропаға жұбайы Марияның
қалауы бойынша келгенін алға тартады. Ал оның Еуропаға өз
ықтиярымен саяси күрес жүргізу үшін келгендігі Шоқай туралы
зерттеулерде бүгінгі күні нақты мәлім болып отыр.Бұл еңбек
Мұстафаның өмірін өрескел қателіктерге толтыратын жалғыз еңбек емес
мұнан бөлек 1991 жылғы С.Беланның "Правда о "Гостуркестане" и
Туркестанском легионе История Казахстана:белые пятна" деген еңбекте
Мұстафаны барынша сатқын ретінде көрстеді және бұл кітапта да
кеңестік аңыз баяндалады.
Елінің ертеңің ойлаған есіл ерді осынша қаралау әлі де біздің мұстафатанушылардың әлемдік деңгейде тұлғамызды ақтап шыға алмауы қатты қыңжылтады.Ұлы тұлғамызды қаралайтын бұл жалғыз кітап емес мұнан бөлек 2004 жылы шыққан С.Чуевты «Проклятые солдаты.Предатели на стороне ІІІ рейха» осы еңбекте Мұстафаны қатты сынап Сталин аталарының кінәлаған айыптарын қайталап жазған болатын .Осы жоғарғы аталған еңбектерден бөлек қаншама мақалалар баяндамаларда Мұстафаны «сатқын» көрсеткен болатын.С.Чуев өз еңбегінде: «в конце 1920-х годов Вали Каюм сотрудничал с М. Чокаевым и они совместно выпускали газету «Яш Туркестан». Его духовный наставник Идриси, работавший в германском МИДе, устроил Вали Каюма в отдел пропаганды МИДа. Находясь в тени Чокаева, Вали Каюм поставил своей целью выбиться вперед и подчинить себе всех туркестанцев, что впоследствии и попытался осуществить».Шоқайды Түркістан легионының идеялық жетекші санайды.Бұл жазушы Шоқайды сатқын ретінде ғана танып қоймай оны Туркестони мухтариатын ағылшын протекторына айналдыру ойында болған деп өз сөздерін Англияның Түркістан автономиясын алғашқы болып мойындағаның және оның территориясына әскерін енгізгенің жазады.Ол өз еңбегінде Мұстафаның ұлы бейнесіне сатқын маскасын жабады.Бұл еңбек 2004 жылы жазылған бола тұрса да тәуелсіз тарихнаманың орнына алып-қашпа әңгімелерге көбірек сүйенгені көрініп-ақ тұр.
Оның мақсатын өмірлік кредосын жоққа шығарады.Мұнымен тоқтамай «жазушы смақ» Мұстафа жайлы:«Просуществовав три месяца, «Кокандская автономия» прекратила свою деятельность с приходом к власти большевиков. Для Чокаева настают мрачные времена. Он бежит в Турцию, после чего в центр эмиграции Париж.С началом немецкой оккупации он оказывается в концлагере. за связь с англичанами. Его деятельная натура не может мириться с издевательствами и ничегонеделанием. В результате раздумий появляется на свет его письмо к Розенбергу. В нем Чокаев обосновывает свою новую политическую идею. создание с помощью Великой Германии исламского государства «Туркестан», организацию особой армии из бывших советских военнопленных-мусульман для высадки десанта в Каракумах и свержения Советской власти.» деп оған қоса қашқын деп қаралайды.Бірақ Мұстафа ешқашан өз мақсатын халқының мүддесінен жоғары қойған емес, өзінің емес күллі түркі халқының мақсат мұқаддатын қойған болатын.Бірақ өкінішке орай өзге түгіл өзіміздің отандық БАҚ өкілдерінің пікірі алауыз болыр отыр.Отандақ өзін «Тәуелсіз «Flash» газеті» өзінің Мұстафаны қаралау үшін бақандай екі мақала арнаған.Ол мақала мазмұны мынандай:«бұл сұрақты уақыт қана шешеді.Қандай заман болса сондай ерлер болып табылады.
Бәлкім бұл заманның рухына сәйкес келер.Бірақ біз үшін ол ешқашан батыр бола алмайды.»делінеді.Осындай есіл ерді еліміздің есірген журналистері есіркетіп жүргеніне қандай ақталу болмақ.Мұны аз десеңіздер РФКП-ның басты ақпараттық органы «Гитлердің жандайшабына ескерткіш орнатылды» деген мақала пайда болды.Бұд газетте ұлы түркінің ұлы ұлын:«Қазақстанда антисоветтік қозғалыс басшысымен фашизмнің шабарманына ескерткіш орнатылды.Қызылордада Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіш тағы бір псевдотарихи аңызды мемлекеттік идеологияға айналдырды.» -деп тағы Ресей Федерациясының саяси тұрғыдан аса маңызды ақпараттық газеттерде осылай жазылған.Яғни, осы газетті және жоғарға аталған кітаптарды оқитын барлық азамат азаматшалар ол жайлы жаман ғана пікірлер естіп оның есімін естігенде жиіркеніш пайда болары сөзсіз.Онсыз да Мұстафаны көпшілік халық «қазақтың Власовы»,«сатқын»,«қашқын»,«сужүрек» деген пікірде болып табылады. Мұстафаның дүниетанымдық қабілеті өте күшті болған. Оның өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігі гимназияда оқып жүргеннен бастап-ақ оянған. Ол туралы мына бір естеліктен білуге болады: «Екінші бір хатында Мария Яковлевна (Мұстафаның зайыбы) сегіз жасар Мұстафа Ташкенттегі орыс гимназиясының алғашқа класында оқып жүрген кезінде ,- дейді жазушы Хамза Абдуллин. Петербордан үлкен бір поп келіп, гимназия алаңында шәкірттермен кездесу жасағанын жазды. Осы кездесудің алдында кішкентай Мұстафа сол гимназияда оқитын он шақты қазақ баласын жинап алып: «Поппен амандасқанда кім де кім шоқынса, ол мұсылман емес, ондайларға арамызда орын жоқ болуы керек,- деп үрейлі уағыз айтады. Балалар: « Жоқ, Мұстафа, біз ешуақытта да шоқынбаймыз, біз кәпір емес, мұсылманбыз! » — деп ант ішеді.Сөйтіп, Ресей дінінің өкілі келеді. Гимназияның бастығы балалардың барлығын алаңға шығарып, тәртіппен тізіп қояды. Поп тізілген балалардың бір шетінен бастап амандасып, екінші шетіне қарай ақырын жылжып отырады. Сонда әрбір бала, поп өзіне жақын келгенде оң қолымен екі иығы мен маңдайын сипап, шоқынып салем беуге тиісті. Қазақ балаларының қатарына келгенде Мұстафаның сол жағында тұрған бір қазақ баласы шоқынып қалады. Сол кезде Мұстафа бір тас алып әлгі баланың маңдайынан періп жібергенде, ол өкіріп, жерге сылқ ете түседі. Гимназияның директоры жаман сасады. «Бұл не сұмдық?» деп поп директорға қарайды. Директор: «Бұның не?» деп Мұстафаға ақырады. Сонда Мұстафа: «Мына мұсылман туған иттің баласы бір секундтың ішінде шоқынып, кәпір болып кетті ғой! Сол үшін жазаладым!»- деп жауап беріпті.Осы бір естеліктен жас Мұстафаның бар болмыс бітімі, оның өмірге деген көзқарасының қалай қалыптасып келе жатқаны аңғарылғандай.
2. 2 М.Шоқай еңбектерінің ұлттық құндылығы
Ол жайлы еңбектер жеткілікті жазылғанымен оны оқитын адам
болмаса,осы еңбектер арқылы оны адал есімін ескере алмасақ мұндай
еңбектер пайдасы болмайды,шыңдық шыңына жеткізе алмасы
сөзсіз.Аққу,шортан һәм шаян секілді әрбір зерттеуші өз пікірін алға
тартады,әрбіреуі тек өзінің пікірінің дұрыстығын дәлелдесе ешбір
пайда мағына болмасы сөзсіз.Әрбір тарихи зерттеуші өзінің ғана емес
айналысына қарап өзгелердің де пікіріне көңіл бөлсе,өзгелердің
пікірі тарихи мағынасының мәнің зерттей ала өзінің пікірімен
салыстыра алып қарастырса, бір пікірге компромисске келері
сөзсіз.Бірақ тарихи зерттеушілер арысымызды арашалай алмай аһ ұрып
қалғаның айта кету керек.Басынан сөз асырмаған қазақ басындырып ,ат
ойнатып алып, ат арылту қиын болады.Елдің еңсесін көтерер ерді
ойнақтатуға жол беруіміз бетке шіркеу болды.Тарихи санасын
тазартып, егескен елді ердің атымен қорғай алу- біздің қасиетті
парызымыз. Кейбір оспадар қылықтарды тани алып, оны алдын ала
арашалай алсақ, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Оны тарихи тұлғасын
ашатын тың деректердің бірі Керенский Мұстафаға министр қызметін
ұсынғанда, ол одан бас тартып,Түркістан істері жөніндегі
комиссияның төрағаксы болуды жөн көреді.Бұл ісімен ол өзінің түркі
халқы үшін жанын беруге дайын,жоғарғыда айта кеткендей, ол халқының
мақсатын өзінің арманынымен сабақтастыра алған бірден бір тұлға.
Елінен 1919 жылғы ақпанда Мұстафа Шоқай Маңғыстауда
Форт-Шевченко қаласында кемеге отырып, Әзербайжанға өтті. Бұл оның
туған жерден біржолата кетуі еді. Еуропа халықтарының да тілін
білген Мұстафаны шетелге кетіп, күресті идеологиялық тұрғыдан
жүргізуіне кеңес берген Әлихан Бөкейханов болыпты. Елде қалғандар
кеңес өкіметін мойындағандарымен, оларды кеңес өкіметі тірі
қойған жоқ, тірі қалғандарын дәрменсіз етті. Күресті жалғастырған
қазақтан жалғыз Мұстафа Шоқай еді.Ол Әзербайжанда көп аялдай
алмады. Аласапыран заман оны барған сайын елінен алыстата берді.
1919 жылы Грузияға өтіп, Тбилисиде екі жыл тұрды. Мария екеуі сол
жерде қайта табысады.
1921 жылы ақпанда
қызылдар Грузияны басып алған соң Түркияға кетеді. Туыс ел
болғанымен, онда да көп тұрақтай алмай, 1921 жылы көктемде Парижге
келеді. Париж түбіндегі шағын Ножан-Сюр-Марн қаласында
тұрақтайды.
1924 жылы Түркістан
ұлттық бірлігі ұйымы құрылып, оған мүше болады, кейін оны өзі
басқарады. Ұйымның «Жаңа Түркістан» («Йени Түркістан»),
«Жас
Түркістан» («Яш
Түркістан») журналдарын ұйымдастырды.Жас Түркістан
газеті өзінің саяси қызметін 1929 жылдан 1939 жылға дйін
жаллғастырады.Бұл газеттің Мұстафаның арқасында 117- саны
шығады.Оның көптеген бөлігі Кеңкс үкіметін қаралап ,оның жағымсыз
тұстарын қаймықпай жазуға арнады.Кеңес үкіметінің саясатын «қызыл
террор» деп те атаған бірден бір саясаткерлердің бірі болып
табылады.Журналдың №62 санында «Атамекен жағдайы деп келетін
мақалада Мұстафа:Түркістанда қанды террор жүріп жатыр...Біз
Түркістан ұлтшылдары,нахақтан өлтірілген бойындағы барымен
мекеннің,туған халқының ар-намысын қорғаған жерлестеріміздің
күрескер рухына құрметпен басымызды иеміз.»делінеді.Бұл мақаланың
үзіндісінен біз Мұстафа халқын сүйген ұлтшыл екенін
түінеміз.Тарихнамада «ұлтшыл» сөзін естігенде ,көп адамдарда
ұнатпайтын жағымсыз сезім туындайды.Бірақ «ұлтшыл» ұлтың сүйген ұлы
тұлға деп аударылатын секілді.Мұстафаның мақалаларын оқи отыра
,оның күллі әлемдегі барлық баспасөз құралдарынан хабардар екенің
оның әрбір әлем бұрышындағы жаңалықты бірінші болып білетіндігін
көруге болады.Ол өзінің 1930 ж.,№3-4 санында америкалық Л.Хобсеннің
мақаласынан үзінді келтіреді:Түркістан Азияның орталығында
жатыр...Олар орыс бұғауын ешқашан өз еркімен мойындамаған...Енді
міне олардың үстінде олардың ұлттық дәстүрін жоймақ болатын орыс
большевиктері отыр...Түркістандықтар коммунист бұғауын
кигенімен,оған әлі бас имегендер...» деп жазады.Мұстафа осы
мақаладан үзінді келтіріп:«Әрбір Түркістандықты өз ұлттық хұқығымыз
үшін күреске шақыру...Ұлтын құтқару жалыны лаулай түссін.» деп
жазады.Яғни, Мұстафа бұл мақаласы арқылы Түркі халқының ешқашан
өзгеге бас имеу керектігін және басты қару білім екенің баса айтып
көрсетеді. Мұстафа ерекше көреген тұлға болған.Оның еңбектерің
ерекще зерделеп қарай білсек, оның 1930 ж. №3-4 санында
«Большевиктер тарихты қалай жазады» мақаласында большевиктер
тарихты жазғанда ерекше мәліметтерге емес, жазушылық қиялға көп
көңіл бөлетінін жазады.Сол кездегі зиялылардың бұл қиялды жоққа
шығаруға дәрменсіз екенің
көрсетеді.
Бұл мақала арқылы Мұстафа өзің болащақта дәл солай қаралайтынын білген шығар бәлкім.келешекте Мұстафаны ісімен емес алып қашпа әңгімелер арқылы сынайтынын білген шығар.
Осы ретте айта кетер жағдай ,Мұстафа ешқашан біреуді қаралайтын болса , алып қашпа әңгімемен емес, нақты деректерге сүйеніп,сілтеме жасау арқылы өз пікірін ашық жеткізетіндігін көруге болады.Ендігі кезекте Мұстафаның 1930 ж., №3-4 санында «Түркістан Лениншілдеріне жауап» деген ауқымды мақаласында барлық оған келтірілетін жалаларға өз жауабын келтіреді.
Бұл мақалада:«Түркістандық «лениншілдер» бізді «дүние импералистерінің» қызметіне жегілгендер деп айыптап,бізге қарсы құтырына шабуылға шығуда. Сөйтіп,бізге жала жаба отырып,партия мүшелерінің назарын қиындықтар мен «ағымдарды» тудырған себептерден басқа жақа аударып жіберуге тырысады. Өздерің «тарихи материализмді» жақтаушылар санайтын және жекелердің тарихтағы рөлін мойындайтын большевик мырзалар Түркістандағы ұлттық саяси оқиғалардың рухани негізін әлсіретпек үшін ... түсіндіргілері келеді.» делінеді.Яғни ,Мұстафа Кенес үкіметінің коммунистік идеологиядан жат пікірлердің барлығында «шоқайшылдар» тұр деп есептеді.Большевиктер «шоқайшылдарға» жатқызған адамдарды Мұстафаның өзі мойындамайды. Себебі Мұстафа әрқашан өз пікірімен дербес оймен жүруші адам болып табылады.Көп деректерде Мұстафаны «троцкийшіл» деп те атайды. Мұстафаның бұл сөзге жауабы мынандай болды:«Біздің пікірлестеріміздің көп екенің жауларымыз(коммунистер а.А.Н.) мойындап жатса,ол да бізді сүйсіндіреді.Алайда біз большевиктердің бізге таңған адамдарының бәрін бірдей қабылдай алмаймыз.Және оған зәру де емеспіз.Троцкийшілдер мен Самарқандағы ескішіл еврейлердің бізге қажеті де жоқ.Троцкийшілдер біздің ұлттық істеріміздің жаулары.Түркістанда ұлттық үкіметтің үстемдігінен басқа
ешбір күшті мойындамау негізінде құрылған» -деп жазылған. Неткен керемет сөздер десеңші,осынша алып тұлғамыз қаймықпай ешбір өзге үкіметті мойындамай,тәуелсіз дербес Түркі мемлекеттігін құру идеясын көтереді.Мақалада сонымен қатар кейіннен Голощекиннің шабарманы болған Ізтай Құрамысов,Нәби Қадыровтарды сол кезде тани алады.Оларды Мәскеу отаршылдары ретінде саналу тиістігін баса айтып көрсетеді.Мұстафа әрқашан дербес мемелекет құруға тырысты.Нәби Қадыров бір кітап жазып. соның ішінде Мұстафаның сөзі деп жалған жазып ,онда Түркістан тек ағылшындардың қол астында ғана өмір сүре алады деген пікір ұстанады деп көрсеткен.Кеңестік идеолгия біздің сананы толық улаған 70 жылдың ішінде барысты мысыққа айналдырған.
Мұстафа үшін өмірдегі кредо сөздерінің бірі- ол Лайпорт Рейдің: «Кез келген ұлт үшін дүниедегі ең зор бақытсыздық-басқа бір ұлттың тепкісіне түсу»,-дейді.Иә,расында Мұстафаны көп адмдар «авантюрист», «утопиялық тұлға» деп таниды.Біпақ олар Мұстафаны дұрыс танымайды.Сол себептен осындай керағар пікірлер қалыптасады.Мұстафаны бұл идеяны жүзеге асыруға қайрат жігері де, ынта- мінезі жеткілікті болатын еді.Кеңестік идеологияға Мұстафа өз пікірін былай білдіреді:«Біз Түркістандада пролетарлар диктатура -сын теріске шығарамыз.»,-делінеді.Яғни, Мұстафа коммунизмге барар жол мүмкін еместігін, оның өміршендігінің болмайтынны көрсеткен болатын. Мінекей,Мұстафаның көрегендігіне тағы да көз жетіп отыр. Мұстафаның еңбектеріне қарасақ, ол өзінің көбінесе түркі баласы деп көрсетеді.Бірақ ол қазақтығын ескермегеннен емес, күллі түркі халқының амандығын азаматтық борышы деп таниды,осы ізгі қасиеттер оның өміріндегі қиындықтарға әкеліп соққаны шындық. Мұстафаның өмірлік серігі Мария Шоқай бір естелігінде: «Орыс ұлтшылдары орыс империясының ішінде Түркістан мен өзге орыс емес халықтарды мойындағысы келмейтін. Орыс демократиясындағы осы көзқарас Мұстафаның намысына тиетін. Осы себепті де ол 1923 жылы орыс демократия-сынан мүлдем теріс айналып, орыс баспасөзінен де қол үзді», – деп жазды. Міне, осы кезден бастап Мұстафа Шоқай ұлт сатқыны, халық жауы есебінің алдыңғы сапында тұрды. Ол амалсыз шетел асуға мәжбүр болды. Бірақ, ұлы мұраттар соңында кеткен арыс елінен жырақтаса да, өзінің қайраткерлігін тежеген жоқ, қайта сәл де болса еркін әрекеттер жасауға мүмкіндік алды. Бірақ, қолдаушысының да, қолының да қысқалығы ол армандаған биік Түркістанның еңсесін аласарта берді. Ағылышын, француз, неміс және түркі тектес халықтардың тілдерінде (сегіз тілде) еркін сөйлеп, жаза алатын Мұстафаның беделі зор болды. Фашистер Францияны басып алғаннан кейін неміс армиясының саяси барлау орталығы (Гиммлер, Розенберг, Грефе) Азия халқының өкілі, ірі публицист-қайраткер, білімі терең Мұстафаны өз мүддесіне пайдалануды ойластырды. Оған Англияның «Интеллиджес Сервис» барлау орталығының тыңшысы деген айып тағылады да тұтқынға алынады. Неміс барлау орталығының басшылары тұтқынға түскен Кеңес әскерлерінің арасындағы мұсылмандардан арнайы легион (жасақ, армия) құруға Мұстафаны қолдануды көздеді.
Ол нацистердің ұсынысына алдымен тұтқындар лагерін аралап, қандас- тарымен жүздескеннен кейін жауап беретінін айтты. Оның талабы қанағат -тандырылды. Лагерьлерді аралағанда ол тұтқындардың жан төзгісіз ахуалын көрді. Оларды тозақ отынан аман алып қалудың бірден бір жолы уақытша болса да «Түркістан легионын» ұйымдастыру қажеттігін ойлады. (1941ж тамыз) Оның ішкі мақсатынан бейхабар Розенберг Мұстафаның «армияны құру, үйрету істері біраз уақыт алады. Герман армиясы Түркістанға кіргенге дейін менің армиям соғысқа қатыспай тұра тұрса » деген пікірін қабылдады. Германияда жүргенде Шоқай Гитлерге «қолға түскен тұтқындар арасында үгіт-насихаттар жүргізу» мәселесіне жәрдемдесуге келіседі. Бірақ, ондағы ұлт қайраткерінің мақсаты да, көздеген міндеттері де басқа болатын. Өзінің бұл шешімінің еш нәтиже бермесіне көзі жеткен ол дереу алғашқы ойнынан айнып, неміс билігіне төмендегідей хат жолдайды: «Сіздер, немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, зұлымдықты XIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Сөйте тұра, енді сіздердің күллі әлем алдында мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ». Мұстафаның жары өз естелігінде: «Мұстафа өз хатында соғыс тұтқындарының шегіп жатқан азабы мен жан қиярлық халдерін жіктеп, суреттеп жазған болатын. Бұл бейшара, бейбақ жандардың мазаққа ұшырап, ату жазасына кесіліп жатқандықтарын, оларға жаны ашитынын, оларды құтқару үшін басшылыққа жалынғанын айтады. 35 мұсылманды сүндеттелгені үшін өлімге бұйырылған жерінен аман алып қалғанын, аштықтан тұтқындар өз жолдастарының жүрегі мен өкпесін жегенін, жаңбыр мен қарда суық құдықтың айналасын жалаң қолдарымен қазғандарын көріп шыдай алмағанын, оларға көмектесе алмайтын болғандықтан, одан да өлімді артық санайтынын жазады.Оның өмірі күрмеуін ашу қиын арқан сынды оның қасқырдай мінезі оның тұлға болып қалыптасуының басты алғышарттарының бірі болды. 1930 жылы Мұстафа Шоқай революциядан кейінгі кезеңнің сабақтарын тұжырымдай отырып, «Автономиядан – азаттыққа!» деген шағын мақаласында өкінішпен былай деп жазады: «Біздің буыны қатпаған жас ұлт-азаттық қозғалысымыз тарихында уақыты келген сайын еске алатын қаншама тарихи күндер баршылық. Міне, сондай тарихи күндердің бірі 1917 жылдың 10 желтоқсаны болып табылады.
Бұл күні Қоқан қаласында жиналған Түркістанның 4-ші жалпы өлкелік құрылтайы Түркістан автономиясын жариялады. Біз бұған Түркістанның бүгінгі ұлт-азаттық қозғалысы жолында салынған алғашқы негіз, бірақ бұл жолда өжет аталмаған қадам ретінде қараймыз. …Он үш жыл бұрын біз ұлт-азаттық қозғалысымыздың программасын жасағанда, автономиямен ғана шектелуді дұрыс санадық. Сонда, орыс отаршылдығында болған Польша, Финляндиядан басқа ұлыстар, орыс төңкерісі және орыс демократиясына сенген-ді. Польшалықтар мен финдерден басқа ешбір халық ұлт-азаттығын тез жүзеге асыруды ойлай алмаған еді. …Орыс төңкерісінің демократиясы …бізге өз ұлттық мәселемізді онымен достық және ынсап принциптері төңірегінде жұмыс-талас арқылы жолға салу жөніндегі қанағатшылдығымыздың қателік екенін ашық көрсетіп берді. …Ұлт азаттығы – халқымыздың ең заңды мәселесі. Ұлт азаттығы залымдардың зұлымдығынан, өз мүддесін ойлайтындардың таласынан жұртты және халықты сақтайтын қорған…»,-деген болатын.Яғни елінің ер тұлғасы егемендік бақытты қорғанышта өмір сүрудің құралы болып табылады деген пікірді ұстанды.М.Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі анықтайтын жеке мемлекет болуын мақсат етіп қойды. Осы мақсатта ептеп уақытша үкіметтің аз айлық билігін пайдаланып қалғысы келді. Бірақ «ұлттың өзін-өзі билеу мүмкіндігін береміз» деген бірде бір орыс демократтарына сенген жоқ. «Олар үкімет басына келген соң сөзсіз айнып» кетеді деген пікірін сөз арасында түсіндірумен болды. Сондықтан Ресейден енші алуды қызбалыққа, үстірттікке, асығыстыққа ұрынбай жан жақты ойластырылған саясат жүргізу керек еді. Ресейдің «демократ» билеушілері іш тартып алмас үшін М. Шоқай «ұлттардың өз өзін билеуін», Ресеймен шекаралық, қаржылық және сыртқы саясатта бірлігін жоққа шығармайтынын дәлелдеп береді.«Қоқан автономиясының» келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді ме, күмәні болды ма, бірақ ол адам қолынан жасау мүмкін емес тарихи төтенше оқиғалардан үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды азаматар басын қиып еді. М.Шоқай Түркістан халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдық-тың, рулық жіктелетін қандай деңгейде екенін жақсы білді. Жаңа автономияда сот жүйесін қазылар алқасы, немесе шариғат жолымен жүзеге асыруды ұсынған кезде «руластық тамыр белен алып кетеді» деп бірден қарсы болған.Мұстафа түркі тектес халықтың психологиялық дәстүрлі ерекшелігін жақсы білетін.
2. 3 Ұлы адамнан ұлағат
Халқымыздың біртуар перзенті М.Шоқай атаның ұрпаққа қалдырған ұлағат, ғибрат сөздері де аз емес. Д. А. Қонаев нақыл сөздері өзінің мазмұны, тақырыбы бойынша ерекшелігі бар шығармалар. Д. А. Қонаев нақыл сөздерін әңгімеге де, көсемсөзге де жатқыза алмаймыз. Ол- ой мен пікірге, философияға, психологияға, педагогикалық ұғымға толы дүние.
-
Ұлтқа пайдалы адам келсе, бәрiнен бұрын орыс өкiметiнiң атамекенi -мiздегi жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сiзге не iстеу керектiгiн осы саясаттың өзi-ақ көрсетiп бередi.
-
Бiз, әрине, өзiмiздiң атамекенiмiз Түркiстанды кеңестiк Ресейден де, басқа Ресейден де бiржола бөлiп алуды мақсат етемiз. Бұл – бiздiң ұлттық мұратымыз, ұлттық арман-мүддемiз. Бiз тек осы идея үшiн қызмет етемiз. Атамекенiмiздiң iшiндегi және сыртындағы барлық ұлттық күштерiмiздi осы идея төңiрегiнде топтастыруға барынша тырысамыз.
-
Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсiздiгi болуы мүмкiн бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, бiлмейдi де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесi. Ал ұлттық рухтың өзi ұлт азаттығы мен тәуелсiздiгi аясында өсiп-дамиды, жемiс бередi.
-
Ұлттық рухтың негiзi – ұлттық тiл.
-
Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз.
-
Әрбiр өсетiн адам басынан өткенiн балалық шағын еске алса да, сол балалыққа қайтқысы келмейдi.
-
Бәрiнен бұрын өз қатарымызды, түркiстандық бiрлiгiмiздi күшейтейiк. Түркiстанның жұдырықтай жұмылған ұлттық бiрлiгiн Ресейден айрылу үшiн күресiп жатқан басқа халықтардың ұлттық майдандармен тығыз үйлестiре отырып, орыс империализмiне қарсы қуатты күш ұйымдастырып, бiрге қимылдайық. Орыс империализмiне қарсы күрес майдандағылардың ұлтын, дiнiн, нәсiлiн, партиясын тергеп-тектемейiк, алаламайық. Тек осындай жол ғана бiздi ұлттық азаттыққа жеткiзе алады… Бұдан басқа жолдардың барлығы алдамшы, тұйық… Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады. Және оны қорғап қала алады.
-
Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.
-
Төлқұжат деген нәрсе «ұлт» бермейдi, оның «ұлтын» өзгерте алмайды. Төлқұжат деген нәрсе сол төлқұжат иесiнiң оны берушi үкiметке тәуелдi екенiн ғана куәландырады.
-
Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремiн және соған жету үшiн тырысамын. Демек, атамекенiмдi құтқару үшiн күресемiн.
-
Кеңестiк ұлт саясаты бiздi «балғасымен» жаншып, «орағымен» орып тастады.
-
Сiздер, немiстер өздерiңiздi «Еуропадағы ең мәдениеттi халықпыз» деп санайсыздар. Егер сiздердiң мәдениеттерiңiз менiң көрiп жүргендерiм болса, онда мен сiздерге тұтқындардың шеккен азабын көрулерiңiздi тiлеймiн. Сiздер XX ғасырда өмiр сүре отырып, ХIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстiңiздер. Мәдениеттi халық екендiктерiңiздi айтуға хақыларыңыз жоқ. Егер, сiздер, осыған байланысты маған «ату» не «асу» жазасын берсеңiздер, қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмiр сүргеннен гөрi өлгенiм артық.
-
Бiз, Түркiстан тәуелсiздiгiн жақтаушылар, елiмiздiң еркi үшiн және жұртымыз Түркiстанның бодандықтан құтылуы үшiн күресемiз. Түркiстандықтарда бұдан басқа жол болмаған. Қазiр де жоқ және бұдан соң да болмайды… Бiздiң мұратымыз Түркiстанда түрi жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық болатын мемлекеттiк құрылымға қол жеткiзу болмақ. Сонда ғана халқымыз өз жерiнiң нағыз қожасы бола алады.
-
Қазақпын деп мақтануды ар көретiн, қазақтың тiлiнде сөйлеудi масқаралық көретiн салт қайдан шығып отыр? Балалардың көбi не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бiрдеме болып өсiп жатқанын неге көрмейсiңдер?
-
Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады және оны қорғап қала алады.
-
… ұлттық еркiндiк пен азаттыққа талпыну- табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрiздi нәрсе.
-
Бiз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға сүйенемiз.
-
Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
-
Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.
-
Атамекендi сүю – оның тұтас мүддесiне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жанпида қылуға дайын тұру болып табылады.
-
…ұлттық мүдде жеке топтар мүддесiнiң жиынтығынан тұрмайды.
-
Бiздiң шын жүректен және асыға күтерiмiз бiр ғана нәрсе, ол -атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы ұлттық мұратымыз жолында бiр жан, бiр тән болып жұмылуға шақырамыз.
-
Тәуелдiлiгiн жалпы ұлт мүддесi тұрғысына сәйкес, ұлттың жалпы жағдайына үйлесетiн түзiм жолында құрбан ете бiлген адамдар ғана нағыз ұлттық патриот және ұлтқа пайдалы қызметшi бола алады.
-
Мақтаға қарсы күресте бидаймен қаруланыңыз. Шет ел үстемдiгiнен құтылудың алғашқы қадамы шет елге астық тәуелдiлiгiнен құтылу болмақ.
-
Атамекенiмiздiң ұлттық құқығы жолында жүргiзiп жатқан күресiмiз, тiптi, кейде «демократияның шекарасын» аттап кеткен күннiң өзiнде ешкiм бiздi шовинизммен айыптауға қақысы жоқ
ІІІ Қорытынды
«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсiздiгi болуы мүмкiн бе?
Тарих ондайды көрген жоқ та, бiлмейдi де.
Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесi.
Ал ұлттық рухтың өзi ұлт азаттығы мен
тәуелсiздiгi аясында өсiп-дамиды, жемiс бередi.»
Мұстафа Шоқай
М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған М.Шоқай ХХ ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс диктатурасынан қорғауға күш салды. М.Шоқай осынау таза табиғи қалпымен, көптің көзі жетпейтін шың басындағы шынар секілді еді. Тамырын тасқа жайған шынар жалғыз өседі, жүзін күн сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні қатты болады. Шыңдағы шынар секілді М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан өтіп, асыл ой, азаматтық қалпымен жиырма бірінші ғасырға келді. М. Шоқайдың тарих бетіне таңбалы із болып қалған барлық қызметін түгелдеп беру мүмкін емес.1918 жылы Грузияда одан Түркияда кейін Париж бен Берлинге ұласқан қоғам қайраткерінің өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі жол.
Жұмысты қорытындылай келе, алға қойған мақсаттарды ашып, зерттедім. Қазақ тарихының ұлы тұлғасы бола тұра , осы уақытта даулы кейіпкердің өмір өткелдерін,жеткен жетістіктерін,жазған еңбектерін,төзген теке тірестерін, жалған тағылған жалаларды,ұрпаққа жеткен ұлылықтарды,сүбелі сөздерін зерттеп, оның ұлы бейнесін ашуға тырыстым. "Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады" деген мақал бар. Дегенмен М.Шоқай туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жакын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нактылығында, істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп түратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалды" – деп жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің осы сөздерінен біз Мұстафа Шоқайұлы ұлтжанды, дана, елінің қамын жейтін адам болғанын түсінеміз. Оның аты қазақ тарихында алтын әріптермен жазылады.
Біз, жас ұрпақтың қасиетті міндеті-ұлы тұлғамызды ұлықтау,қарсы пікірді оған ешбір жолатпау болып табылады.Ілияс Жансүгіров атамыз айтқандай,«Өз елін, өз ерлерін ескермесе,ел- дағы қайдан алсын кемеңгерді.»
Иә,расында егер де тәуелсіздік таңы атпағанда,мүмкін біз Мұстафадай нар тұлғамызды қастерлемей,оны коммунистік,большевиктік идеологиямен тануымыз сөзсіз еді.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ел түледі. «Рухани жаңғыруға» даңғыл жол салды.Сол даңғыл жолға шырақ түсіріп,жол сілтеуші- сөзсіз біздің Мұстафа болмақ. Нағыз ұлтжанды,елінің еңсесін көтеру үшін аянбай еңбек еткен өр тұлға.Қасық қаны қалғанша елдің мұның,халық жүгін арқалап,ата - баба өсиетін орындаған халық қаһарманы,дарабоз данышпаны.Болашақ еншісіндегі сұрақ : келер ұрпақ Мұстафа атасының өмірінен ғибрат алар ма екен ?!
Ғылыми жобамды қорыта келе, мынадай ұсыныстар ұсынамын:
-
М. Шоқай туралы конференциялар ұйымдастыру ;
-
Әлемдік деңгейде ақтап,таныту үшін шығармаларын шет тілдерге аудару;
-
БАҚ арқылы «Ұлы дала ұлағаты» деген атпен арнайы бағдарламалар арқылы
насихаттау;
-
М. Шоқайға арналған ақындар мүшәйрасын өткізу;
-
Мұстафа Шоқай туралы естелік кітаптар жазу;
-
«Шоқайтану» пәнін енгізу;
-
Оқу орындарынан шағын мұражайлар ашу;
-
М. Шоқайдың кітап басылымдарын көбейту;
-
«М.Шоқай оқуларын» ұйымдастыру;
-
Нақыл сөздерін жеке кітап етіп шығару;
-
Тарих, әдебиет оқулықтарына Д. Қонаевтың шығармаларын енгізу;
-
Ол туралы деректі фильмдер түсіру;
-
Ескерткіштер мен мұражайлар ашу;
-
Ұлттық ерекшелігімізге байланысты құнды мәліметтерді , тағылымы терең
еңбектерін мектептің оқу -тәрбие саласына арнайы енгізу.
Осы ұыныстарымыз жүзеге асырылса, М.Т.Шоқай атты заңғар тұлға ел ішінде ешқашан ұмытылмайды.Иә, қазақ бар жерде Мұстафа Шоқай есімі ұмытыла қоймас?! Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті!
29