жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев"
МЕКТЕБІМЕ
Мектебім
— айтар әнім,
Сан рет
қайталадым.
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе
қайтарамын.
Мектебім,
қия алмаймын,
Көп нәрсе
қиялдаймын...
Мәңгілік оқушың
боп,
Қалуға ұялмаймын.
Өзіңнен,
тегінде, мен
Аттанам сенімменен.
Ассалаумағалайкүм,
Дәу мектеп өмір
деген!
Анашым!
Асыл
анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін,
есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ
сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне
адам.
Алыс жолда жүрсем де
арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа
шық,
Оқытып кешеу барған
хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның
ашып?
Өткізіп талай жылды, ай,
аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым,
білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен
тың даланы оятқалы.
Сен маған шарфыңды бер
Сен
маған шарфыңды бер, шарфынды бер,
Сыйыңа
сый жасаймын, нарқымды көр,
Қарызыңды
мың есе қайтармасам,
Шапалақпен
жағымнан тартып жібер.
Сен
маған шарфынды бер, шарфынды бер,
Сырдың
желі мойнымды шарпып жүрер,
Алатаудың
арда өскен тентегімін,
Қайырымды
құрбыңның нарқын білер...
ЖЕР
Жер!
Сенің есігіңді қағып тұрмын,
Сен бесігім болмасаң, нағып тудым?!
Өз ұямды өзіме қимайсың ба,
Неге мұнша пендеңді сабылттырдың?!
Жер!
Сенің есігіңді қағып тұрмын!
Өтті менен,
Бәрі де өтті менен,
Ұлыңмын тілеуіңді көп тілеген.
Жер!
Менмін... Адаммын ғой...
Аясаңшы!
Адаммын,
Күнде сенің арқанды тепкілеген.
Өзіңнің сәбиіңмін құндақталған,
Түсіндім...
Сенсіз,
Ана, күн жоқ маған.
Асылып жауыр қылған арқаңнан да
Қойының әлдеқайда қымбат маған!
Мен, мен болсам!!!
Арып-ашқан жан болса,
Мен бір үзім нан болсам.
Ол мені жеп әлденсе,
Бишараға әл берсем.
Айнала шөл құм болса,
Қарға адым жер мұң болса,
Жолаушының сонда мен
Құтысында су болсам.
Өшкелі жатса ер дене,
Өмір болып келсем мен.
Қайғыдағы пендеге
Қуаныш боп енсем мен.
Арманымнан жаңылсам,
Ақша болсам, не деймін?!
...Қашан дағы табылсам
Қалтасынан кедейдің.
Мен, мен болсам, мен болсам,
Бір өзім бір ел болсам.
Қол астымда - әскерім,
Ар-ожданым сен болсаң!
Әкеме
Сонымен
құладың ба, тас қамалым,
Қалмады
күйініштен басқа амалым.
Зиратың
аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған
қорғанымнан тас қаладым.
Шынымен
құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен
өртендің бе, нулы орманым.
Әке, сенің
өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін
жер басып, ұл болғаным!
Ертең біз жол жүреміз
Жасың
бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең
біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол
ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер,
күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар.
Болашақ деген елге,
Қандай біз
сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды,
өсекшілді қатарға алма,
Кеселін
тигізеді сапарға алда.
He бетімізді
айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты
қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны
қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте,
жандырыңдар.
Болашақ деп аталған
өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған
тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең,
шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз,
қамданыңдар!
...Тірі жетсең, Болашақ
өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық
салмағың бар.
Батар күн
Батар
күн,
Келер түн,
Атар таң,
Шығар
күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы
мен,осылай мәңгілік тұрармын,
Осы
мен, сірә да, өлмейтін шығармын!
Жақындық
сеземін -
Жерден де аспаннан,
Жылылық
сезінем -
Мұздардан, тастардан.
Өмірім,
сірә да,әріден басталған,
Әріден
басталып, мәңгіге тасталған.
Осы,мен,өлмейтін,
өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып
ап, қайтадан тұрармын.
Үш бақытым
Ең
бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған
берем ойымның алтын кенін.
Ол
бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ
алтыннан нарқым менің.
Ал
екінші бақытым – Тілім менің,
Тас
жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей
– кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті
тілімнен түңілмедім.
Бақытым
бар үшінші – Отан деген,
Құдай
деген кім десе, Отан дер ем!
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай
– ақ кел дағы от ал менен.
Түтін
түтет,
Өс,
өрбі, көгере бер,
Немерелер
көбейсін, шөберелер.
Жадыңда
ұста :
Жақсылық
күтпегейсің!
От
емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш
бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені
мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш
күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау,
Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Отан
Отан!!
Отан!
Сен
болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке
бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден
бұл өксуменен кетер ем.
Құс
ұясыз,
Жыртқыш
інсіз болмайды.
Отансыз
жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі
қорлайды да, сорлайды.
Тірі
адамға - сол қайғы!
Күн
көреді,
Әкесіз
де, анасыз,
Өмір
сүрер.
Әйелсіз
де, баласыз,
Ал
Отансыз -
Нағыз
сорлы панасыз?
Білесің
бе,
Отанның
сен не екенін?
(Екі
өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі
Отан жоқ.
Жалғыз
Отан - мекенің!
Тұнжыраған ояу бақ
Жапырақтар
түсіп жатыр,
Түсіп
жатыр...
Неліктен?!
Айрылып
бара жатыр ағаш біткен көріктен.
Көргенсіз
де,
Жүгенсіз
де,
Күздің
бұзық бораны,
Бала-бақтың,
дала-қарттың,
Шашын
түтіп желіккен.
Жапырақтар
ұшып жатыр,
Түсіп
жатыр,
Аяулы-ақ...
Емін-еркін
тапап келем,
Кешіп
келем жаяулап.
Сыйдым-сыйдым
бұтақтары.
Жебесіндей
садақтың,
Мені
көздеп тұр ма деймін,
Тұнжыраған
ояу-бақ...
Анау - аспан, мынау – бақ
Анау
- аспан, мынау - бақ,
Аспанда
бұлт, бақ жадау.
Мамық
ұшты, қылаулап,
Қыс
та келіп қалған-ау.
Аспан,
жердің арасын.
Дәрігер-қыс
алуда.
Табиғаттың
жарасын
Ақ
дәкемен таңуда.
Таңдырып
ап мандайын
Тағы
көйлек сұрап жүр.
Бақты
кезіп, тал-қайың,
Жалаң
аяқ жылап жүр.
Қу
бұтағын құшақтап,
Түксиеді
кәрі емен.
...Қыс
- тазалық, қыс - аппақ,
Әрі
өкініш, әрі өлең...
Арулар
Арулар
- асыл жандар!
Шуақ
боп шашылғандар,
Қуат
боп тасынғандар,
Құшақ
боп ашылғандар,
Арулар
-- асыл жандар!
Арулар
- асыл жарлар!
Арулар
- әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір
үйге от болып жағылады.
Әрбір
үйде таң болып атты-дағы,
Әрбір
үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды-ау
бір шашылған шуақтарын,
Саясына
келеді-ау, шуақтағың.
Жамандыққа
қиярсың қалай ғана,
Жайнаған
бір-бір үйдің шырақтарын.
Арулар
- асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер,
құшақтар, жалыныштар...
Жек
көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы
көрсе балқытып, жанына ұстар.
Арулар
- аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің
жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар
- тіршілікке күре тамыр,
Өмірді
бір-біріне жалғап тұрар.
Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды
ақын оятпаса, болмайды,
Ақынды
ақын таяқтаса, ол - қайғы.
Ақынды
ақын сүйемесе, болмайды,
Ақынды
ақын күйелесе, ол - қайғы.
Ақынға
ақын басынан-ақ жуық-ты,
Барлық
ақын бір анадан туыпты.
Ақынға
ақын адал болсын әмәнда,
Ақынға
ақын арам болса, жаман да...
Ақынға
ақын, ете көрме пенделік!
Ақын,
ақын! Пенделікті жөнделік!
Таң алдында
Айдың
да кеткісі жоқ көк бетінен,
Табандап
жатып апты етпетінен.
Күн
түнге таңнан хабар айтып еді,
Жұлдыздар
үркіп кетті бет-бетімен.
Асылып
- ақ Шолпанға түн құшағы,
Қалуға
таңмен бірге тырмысады.
Жердегі
емес, көктегі ғұмырлар да
Қалайды-ау,
сірә, бәрі Күнге ұсауды...
Жұлдыздар сөніп барады
Айналып
келді батқан күн,
Жығылды
түннің жалауы.
Алауын
бақпай ақ таңның,
Жұлдыздар
сөніп барады.
Адамның
бағзы арманы -
Жұлдыздар
қайда манағы?
Аспанның
лағыл маржаны,
Мұхитқа
батып барады.
Кереметі-ай, мына жарық сәуленің
Кереметі-ай,мына
жарық сәуленің!
Езу
тартып барады, әне, әлдекім,
Алатау
да жатыр, әне, сәнденіп,
Ал
мен болсам,бір жаныммен
әуремін.
Кереметі-ай,мына
жарық сәуленің!
Қайта
маған оралар ма әл-демім.
Қайда
кеттің,қайда кеттің, дәрменім?
Қайда
кеттің, сауық-сайран дәуренім?
Әліппе
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың
Отан туралы
Мен
оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды
өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен
оның қасиетті тілін сүйем,
Мен
оның құдіретті үнін сүйем.
Бар
жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі
маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным
менің,
Кеудемді
жарып шық та,
Бозторғайы
бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен
биік екен.
Мен
оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды
сүймеуің де күйік екен,
Отанды
сүйгенің де күйік екен...
Сағатым қайда, сағатым
Қалған
ба тағы таң атып?!
Жайған
ба жасыл қанатын?!
...Таусылмас
менің тағатым
Соқ,
соқ, соқ, менің сағатым!
Келген
бе тағы күн шығып?!
Күн
шығып,
Жерге
құлшынып,
Енген
бе тағы тіршілік?!
Армысың,
асау тіршілік!
Тұрмысқа
қажет табатын,
Беретін
және алатын,
Мезгіл
де болып қалған ба,
Алатын
жерге баратын?!
Таусылмас
менің тағатым
Соға
бер,
Соқ,
соқ, сағатым!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген