400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұзтаудың мұзбалағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Белгілі ақын орақ тілді от ауызды Оралхан Бөкейге арналған туынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұзтаудың Мұзбалағы.

Жарқ еткен жай отындай жасындағы,

Жанған шырақ Мұзтаудың басындағы.

Өзіндік биігі бар аласармас

Суреткер жиырмасыншы ғасырдағы.

Табиғатпен тілдесіп сырын ұғысқан,

Қанат керіп асқар шыңға бір ұшқан.

Әдебиетке тың серпіліс ап келген

Шыққан жұлдыз сөнбейтұғын шығыстан.

Кер мінезді кербез үнді арысым,

Ерімеген шыңның аппақ қарысың.

Әр жанрға жан бітіріп жазатын.

Бөлекше еді болмыс бітім шабысың.

Қиыршығы өр Алтай өркешінің,

Қайталанбас жалғасы өр көшінің.

Табиғи сұлулыққа жаны құмар.

Дарабозы жазушылар өлкесінің.

Аршалының тәккәппар асау маралы,

Мекен еткен мүлгіген жұмақ даланы.

Тастан салған мүсіні күншығыста,

Жол көрсетіп алыста қалып барады.

Табиғатпен астасқан түгел демің.

Қаламаушы ең күн көзі түнергенін.

Түз тағысы Алтайдың кер бұғысы

Аралаған тау шатқал сілемдерін.

Орақ тілді Мұзтаудың мұзбалағы,

Жалын ішіп от шайнап мұз жалады.

Ұрпақтарға мұрасы азық болған,

Ұлылардың артында із қалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі