МУЛЬТФИЛЬМНІҢ СІЗ БІЛМЕЙТІН ЗИЯНЫ
Мультфильм ол жәй ғана мультфильм, онда тұрған не бар, не зияны бар дейсің? - деуіңіз мүмкін.
Көптеген ата-аналар мультфильмдерді көру балаға ешқандай жүктеме түсірмейді, жәй ғана көңіл көтеру үшін деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл олай емес. Мультфильмдер баланың интеллектуалды және эмоционалды дамуына тікелей әсер етеді.
Cұрақ-жауап бойынша орташа есеппен 2-6 жас аралығындағы балалар күнделікті 3-4 сағаттан аса уақыт мультфильм қарайды екен. Мультфильмсіз тамақ ішуден бас тартып, қырсығатын балалар да баршылық. Сондай-ақ, ата-аналардың жартысынан көбі балаларының қандай мультфильм көріп жатқанын бақыламайды. Себебі, баланы қадағалап отырғаннан көрі, теледидар алдында қалдырып немесе қолына телефонды ұстатқызып мультфильм қаратып қойған әлдеқайда жеңілірек.
Бала тамақтанбай отырса, ата-аналардың көбі бұл проблеманы мультфильм қосып берумен шешеді. Қостыңыз-бала екі көзі мультфильмде тамағын жейді әйтеуір, қоспадыңыз-қырсығып жылап, истерика шығарады.
Өзім жиі байқайтыным, тамақтану орындарында ата-аналар баласымен келсе, бала өзі отырады, алдында телефон, телефонда «маша и медведь» (дәл осы мультиктің қаншалықты зиян екенін қосымша айтатын боламын) , екі көзі экранда, аузына бірдеңе салып жеп жатыр н/е мамасы аузына тамақты тығып отыр, бала не жеп жатқанын өзі де білмейді, оған айтайын деп жатқан ешкім жоқ.
Бұл кезде бала телефонға байланып, не жеп жатқанын байқамай гипноз әсерінде отырады. Бала ештеңені байқамайды, дәмді де дұрыс сезбейді, жәй ғана асқазаны тамаққа толады. Телефоннан көз алмай тамақ ішу-өз шамасынан көп тамақтануға, ас қорытудың бұзылуына алып келеді. Одан бөлек бала шашалып немесе тұншығып қалуы әбден мүмкін.
Енді, “Мультфильмнің зияны не? Дұрыс таңдалмаған мультфильмдер қандай жағдайларға алып келеді? 3 жасқа дейін бала мультфильм қараса не болады”,- деген сұрақтарды талқылайық.
3 жасқа дейінгі балаға телефон,теледидар қарауға болмайды.
3 жасқа дейінгі бала не қарасада, оған оның маңызы жоқ.Балаға не қарасада бәрібір. Сіз оған мультфильм қоссаңызда, кез келген бағдарламаны қосып берсеңіз де қарай береді.Бұл жаста балаға контент маңызды емес, оған экранда бірнәрсенің болғаны, жыбырлапжатқаны маңызды.
Егер бала бұл жаста теледидар немесе телефоннан көп мультфильм қарайтын болса:
-
Балада тәуелділік пайда болады;
-
Экранның үнемі жыбырлағанына деген қажеттілік пайда болады;
-
Динамикалық картинасыз бала өзін жайсыз сезінеді.
Мультфильмді дұрыс таңдау маңызды
Балаңыздың миы үнемі жаңа дүниені іздеу үстінде болады, сол себепті де бала мультфильмдерге тез беріліп кетеді.
Әдемә визуалды эффекттер , әуендер әсерінен бала өзін мультфильм кейіпкерлерінің бірі деп есептей бастайды. Балалар үнемі әлдекімге еліктегісі келіп тұрады. Саналы немесе бейсаналы түрде мультфильм кейіпкерлеріне еліктейд: сол сияқты әрекет етеді,сол сияқты сөйлейді, қылықтарын көшіреді, тіпті киіну үлгісін де қайталайды.
Мысалы, "Маша и медведь" мультфильмінен кейін, ата-аналардың айтуынша балалар Машаның әрекеттерін қайталайды, сол сияқты тілін шығарып төбелеседі (мультфильмдегі қылықтарын қарап көріңіз). Ал ата-ана мультфильмдегі аю сияқты жаңа жазалау түрлерін табумен әлек.
Жылдам ауысатын кадрлар бала үшін зиян
Көптеген заманауи мультфильмдер жылдам ауысатын эпизодтармен сипатталады.
Сол себепті, бала болған оқиғаны айтып бермек түгілі, ол оқиғаны есте сақтай алмайды.
Баланың жасына сай емес анимациялар баланың психикасына кері әсер етеді. Жылдам ауыатын кадрлар ми үшін стресс.
Өте тез ауысатын картиналар жүйке жүйесінің қатты қозуына алып келеді.
Әртүрлі күрделі анимациялар, тым көп түстер, тез ауысатын кадрлар баланың шыдамсыз болуына, агрессиялық әрекеттердің туындауына себепші болады. Қарап тұрсақ, қазіргі кезде өз жасына сай емес мультфильмдерді қарайтын балалар көп.
Мультфильмдер есте сақтау қабілеті мен зейінге тікелей әсер етеді
Иә, иә бұл факт. Өте тез ауысатын күрделі анимациялы кадрлар есте сақтау мен зейінге кері әсер етеді. Бұл зерттеулер барысында дәлелденген.
Мамандар "жылдам" мультфильмдердің балаға қалай әсер ететінін анықтау мақсатында эксперименттер жүргізіп көреді.
1-топтағы балалар "Губка Боб" мультфильмін қараған.
2-топтағы балалар "Винни пух" мультфильмін қараған.
10 минуттан кейін балаларға бірнеше тапсырмалар берілген, нәтижесінде 1-топтағы балалардың есте сақтауы мен зейінінің 2-топтағы балаларға қарағанда әлдеқайда төмендігі анықталған.
Мультфильмдердің көпшілігінде көрермендерге күлкі сыйлайтын жауыздық, зорлық-зомбылық әрекеттер кездеседі
Жауыздық әрекеттер көрініс тапқан кадрлардан соң, балада әртүрлі реакциялар пайда болады. Бала ондай әрекеттердің соңы неге алып келетінін түсінбей, өз мысалында қарастырып көруге деген қалауы ашылып, достарына немесе ата-анасына жасап тексеріп көруі әбден мүмкін.
Сонымен қатар, экранда зорлық-зомбылық әрекеттердің көп болуы адреналиннің жылдам бөлінуіне себепші болады.Бала қозғыш, жылдам ашуланатын болады және оны бақылу қиынға соғады.
Мультфильмді көру барысында балада түсініспеушілік, қарама-қайшылық сезімі пайда болады. Ата-анасы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мультфильмнің сіз білмейтін зияны?

шағым қалдыра аласыз