Мектеп:
«№ 29 ЖОББМ» КММ.
Мұғалім: Рамазанова
Галия Зейнуллаевна
Тақырыбы:
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты:
1.
Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей,
ата - бабамыздан
қалған өсиет сөздері
арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс
жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету;
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың
дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа,
даналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
презентация, үлестірмелі кеспе қағаздар.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы
топтар ортаға шығады. Әр топта үш
оқушыдан.
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар,
қонақтар!
2-жүргізуші:
«Мың
бір мақал, жүз бір жұмбақ»
ойынына хош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Алдарыңызда 5-7-сынып оқушыларынан
құралған топ.
Сайыскерлерге қойылатын
талап- ойды нақты дұрыс жеткізу,
тапқырлықпен сөйлеу, салмақты ой айта
білу.
2-жүргізуші:
Сезімтал
мен зерегін таразылап білетін,
Сайыскерлеге әділ баға беретін.
Қазылар алқасымен бүгінгі
Таныстырып алайық
сіздерді.
1-жүргізуші:
Сайысымызды бағалайтын Әділ қазылар
алқасының мүшелері: Төрайымы:
Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің
меңгерушісі- Оқасова София Бақытжановна;
2-жүргізуші:
Тәрбие ісінің меңгерушісі- Омарова
Жанаргүл Еркиновна;
1-жүргізуші:
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік
жетекшісі: Махметова Алма Қазбековна
2-жүргізуші:
Мақал - мәтел дегеніміз не? Мақал - мәтел
– ата бабамыздан қалған өшпес мұра.
Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт
өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны
артып, қымбат қазынаға айналып келеді.
Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор,
рухани байлық.
1-жүргізуші:
Мақал мен мәтел айырмашылығы: Мақалда
қорытынды, тұжырымды түйін айтылады.
Айтылар ой нақты толық жеткізіледі.
Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі
үшін өледі» деген мақалда елді қорғау,
жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі
айтылып тұр.
2-жүргізуші:
Мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап,
жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен
көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де
халықпен бірге көр, өз басыңның ғана
қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып
тұр.
1-жүргізуші:
Ал енді сайысымызды бастайық!
1
- бөлім: «Кім көп мақал-мәтел біледі?»
Ойынның
шарты: Мақалшылар
ортаға
шығып, алдын-ала алған тақырыбына үйде
дайындаған мақалдарын айтады.
Айтылған
мақал-мәтел санына қарай қанжығаларына
ұпай байлайды.
/ 1мақал, не мәтел -1
ұпай/. Уақыт шектелмейді.
2-жүргізуші:
Сөз 7
«А»
-дан қатысатын сайыскерлерге
беріледі.
1-жүргізуші:
Келесі сөз 7
«Б»-
сыныбына ұсынылады.
2-жүргізуші:
Сөз кезегі 6
«А»-
дан келген қатысушыларда .
1-жүргізуші:
Сахна
төріне 6
«Б»
қатысушыларын шақырамыз .
2-жүргізуші:
Ортаға 5
«А»-
сыныбының оқушылары шығады.
1-жүргізуші:
5 «Б» сыныбына
сөз кезегі беріледі.
2-жүргізуші:
2
- бөлім: «Мақал –сөздің мәйегі»
, -деп аталады.
Құрметті сайыскерлер,
сіздерге берілген 2 суретке
–МАҚАЛМЕН ЖАУАП БЕРУ
талап етіледі. Кеспе қағаздағы тапсырма-
«Мақалдың жалғасын табу». (Ойлануға
3 минут беріледі. Дайын болсаңыздар,
микрофонды алып, жауап беруге болады).
Жалғасын
тап:
1. Ұяда
не көрсең,... (ұшқанда соны ілерсің).
2. Туған жердей жер болмас,... (туған
елдей ел болмас).
3. Әдепті елдің
баласы... (алыстан сәлем береді).
4. Баланың ұяты – әкеге... (қыздың ұяты
– шешеге).
5. Ананың көңілі балада...
(баланың көңілі далада).
6. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың
жаны тәтті).
1-жүргізуші:
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған
және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге
дейін даму, өсу үстінде келе жатқан
жанрдың бірі-жұмбақ.
Жұмбақтар заттың
өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы
белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа
ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың
өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да
алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт
белгілерін қысқаша сипаттауды, солар
арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ
дейміз.
2-жүргізуші:
Халық жұмбақтарының тақырыбы
өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат
жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар
мен өсімдіктер, адам және оның өмірі,
өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың
басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны
да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ
көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама
түрде алынбай, бөлшектене, жекелене
алынады.
1-жүргізуші:
Олай болса, Жанкүйерлер! Жұмбақ
шешіп,
сыныптарыңыздың ұпайын көбейтуге үлес
қосыңыздар.
Жұмбақ
сайысы:
2-жүргізуші:
1. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (Кітап)
1-жүргізуші:
2.
Балаға
тәлім береді. (Ұстаз)
2-жүргізуші:
3. Уақыттан бір қалмайды. (
Сағат)
1-жүргізуші:
4.
Таусылмайтын
шырақ көзі. (Күн)
2-жүргізуші:
5.
Отан
үшін жан беріп,
1-жүргізуші:
Жоғалтқанмен
ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
(Белгісіз
жауынгер)
2-жүргізуші:
6. Мені
жаксы түсінетін,
Сырымменен бөлісетін,
Жақын туысым болмасада
Құпиямды сенетін адам.
(Дос)
1-жүргізуші:
3
- бөлім: «Сөз мергені» деп аталады
Берілген
сөздерге мақал-мәтел, тұрақты тіркеспен
жауап беру.
Қолы ашық Ала
жібін аттамау Ана
сүтін ақтау
Құлақ салды
Бұлақ
көрсең, көзін аш
Төбесі
көкке жету Өнер
алды -қызыл тіл
Білім – теңіз, Жүз
тенгең болғанша, Тас
жүрек.
Мектеп кеме Жүз досың болсын
Сайыс
нәтижесі дайын болғанша сөз кезегі
қалалық «Абай оқулары» сайысының 2-орын
жүлдегері 8 «Б» сынып оқушысы –Сакенова
Жанелге беріледі.
2-жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Дәл атар қай сынып озық шықты.
«Мың
бір мақал, жүз бір жұмбақ»
сайысында,
Жеңіске жетсе дейміз нағыз
мықты.
Сөз қазылар
алқасына беріледі:
/Қазылар
алқасы САЙЫС нәтижесімен
таныстыралады/.
1-жүргізуші:
Әрқашан
жігер болсын сөздеріңізде,
Қатардан қалмаңыздар.
Шат заманда, ТӘУЕЛСІЗ елде,
Биіктерге самғаңыздар! деп
Сіздермен қоштасамыз.
Назарларыңызға
рақмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мектеп:
«№ 29 ЖОББМ» КММ.
Мұғалім: Рамазанова
Галия Зейнуллаевна
Тақырыбы:
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты:
1.
Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей,
ата - бабамыздан
қалған өсиет сөздері
арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс
жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету;
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың
дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа,
даналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
презентация, үлестірмелі кеспе қағаздар.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы
топтар ортаға шығады. Әр топта үш
оқушыдан.
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар,
қонақтар!
2-жүргізуші:
«Мың
бір мақал, жүз бір жұмбақ»
ойынына хош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Алдарыңызда 5-7-сынып оқушыларынан
құралған топ.
Сайыскерлерге қойылатын
талап- ойды нақты дұрыс жеткізу,
тапқырлықпен сөйлеу, салмақты ой айта
білу.
2-жүргізуші:
Сезімтал
мен зерегін таразылап білетін,
Сайыскерлеге әділ баға беретін.
Қазылар алқасымен бүгінгі
Таныстырып алайық
сіздерді.
1-жүргізуші:
Сайысымызды бағалайтын Әділ қазылар
алқасының мүшелері: Төрайымы:
Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің
меңгерушісі- Оқасова София Бақытжановна;
2-жүргізуші:
Тәрбие ісінің меңгерушісі- Омарова
Жанаргүл Еркиновна;
1-жүргізуші:
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік
жетекшісі: Махметова Алма Қазбековна
2-жүргізуші:
Мақал - мәтел дегеніміз не? Мақал - мәтел
– ата бабамыздан қалған өшпес мұра.
Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт
өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны
артып, қымбат қазынаға айналып келеді.
Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор,
рухани байлық.
1-жүргізуші:
Мақал мен мәтел айырмашылығы: Мақалда
қорытынды, тұжырымды түйін айтылады.
Айтылар ой нақты толық жеткізіледі.
Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі
үшін өледі» деген мақалда елді қорғау,
жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі
айтылып тұр.
2-жүргізуші:
Мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап,
жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен
көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де
халықпен бірге көр, өз басыңның ғана
қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып
тұр.
1-жүргізуші:
Ал енді сайысымызды бастайық!
1
- бөлім: «Кім көп мақал-мәтел біледі?»
Ойынның
шарты: Мақалшылар
ортаға
шығып, алдын-ала алған тақырыбына үйде
дайындаған мақалдарын айтады.
Айтылған
мақал-мәтел санына қарай қанжығаларына
ұпай байлайды.
/ 1мақал, не мәтел -1
ұпай/. Уақыт шектелмейді.
2-жүргізуші:
Сөз 7
«А»
-дан қатысатын сайыскерлерге
беріледі.
1-жүргізуші:
Келесі сөз 7
«Б»-
сыныбына ұсынылады.
2-жүргізуші:
Сөз кезегі 6
«А»-
дан келген қатысушыларда .
1-жүргізуші:
Сахна
төріне 6
«Б»
қатысушыларын шақырамыз .
2-жүргізуші:
Ортаға 5
«А»-
сыныбының оқушылары шығады.
1-жүргізуші:
5 «Б» сыныбына
сөз кезегі беріледі.
2-жүргізуші:
2
- бөлім: «Мақал –сөздің мәйегі»
, -деп аталады.
Құрметті сайыскерлер,
сіздерге берілген 2 суретке
–МАҚАЛМЕН ЖАУАП БЕРУ
талап етіледі. Кеспе қағаздағы тапсырма-
«Мақалдың жалғасын табу». (Ойлануға
3 минут беріледі. Дайын болсаңыздар,
микрофонды алып, жауап беруге болады).
Жалғасын
тап:
1. Ұяда
не көрсең,... (ұшқанда соны ілерсің).
2. Туған жердей жер болмас,... (туған
елдей ел болмас).
3. Әдепті елдің
баласы... (алыстан сәлем береді).
4. Баланың ұяты – әкеге... (қыздың ұяты
– шешеге).
5. Ананың көңілі балада...
(баланың көңілі далада).
6. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың
жаны тәтті).
1-жүргізуші:
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған
және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге
дейін даму, өсу үстінде келе жатқан
жанрдың бірі-жұмбақ.
Жұмбақтар заттың
өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы
белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа
ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың
өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да
алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт
белгілерін қысқаша сипаттауды, солар
арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ
дейміз.
2-жүргізуші:
Халық жұмбақтарының тақырыбы
өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат
жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар
мен өсімдіктер, адам және оның өмірі,
өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың
басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны
да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ
көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама
түрде алынбай, бөлшектене, жекелене
алынады.
1-жүргізуші:
Олай болса, Жанкүйерлер! Жұмбақ
шешіп,
сыныптарыңыздың ұпайын көбейтуге үлес
қосыңыздар.
Жұмбақ
сайысы:
2-жүргізуші:
1. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (Кітап)
1-жүргізуші:
2.
Балаға
тәлім береді. (Ұстаз)
2-жүргізуші:
3. Уақыттан бір қалмайды. (
Сағат)
1-жүргізуші:
4.
Таусылмайтын
шырақ көзі. (Күн)
2-жүргізуші:
5.
Отан
үшін жан беріп,
1-жүргізуші:
Жоғалтқанмен
ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
(Белгісіз
жауынгер)
2-жүргізуші:
6. Мені
жаксы түсінетін,
Сырымменен бөлісетін,
Жақын туысым болмасада
Құпиямды сенетін адам.
(Дос)
1-жүргізуші:
3
- бөлім: «Сөз мергені» деп аталады
Берілген
сөздерге мақал-мәтел, тұрақты тіркеспен
жауап беру.
Қолы ашық Ала
жібін аттамау Ана
сүтін ақтау
Құлақ салды
Бұлақ
көрсең, көзін аш
Төбесі
көкке жету Өнер
алды -қызыл тіл
Білім – теңіз, Жүз
тенгең болғанша, Тас
жүрек.
Мектеп кеме Жүз досың болсын
Сайыс
нәтижесі дайын болғанша сөз кезегі
қалалық «Абай оқулары» сайысының 2-орын
жүлдегері 8 «Б» сынып оқушысы –Сакенова
Жанелге беріледі.
2-жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Дәл атар қай сынып озық шықты.
«Мың
бір мақал, жүз бір жұмбақ»
сайысында,
Жеңіске жетсе дейміз нағыз
мықты.
Сөз қазылар
алқасына беріледі:
/Қазылар
алқасы САЙЫС нәтижесімен
таныстыралады/.
1-жүргізуші:
Әрқашан
жігер болсын сөздеріңізде,
Қатардан қалмаңыздар.
Шат заманда, ТӘУЕЛСІЗ елде,
Биіктерге самғаңыздар! деп
Сіздермен қоштасамыз.
Назарларыңызға
рақмет!
шағым қалдыра аласыз


