«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» тақырыбы аясында ұйымдастырылған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әкеге қарап ұл өсершешеге қарап қыз өсер» тақырыбы аясында ұйымдастырылған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойын

Танымдық ойынның мақсаты:

    1. Ата – ана мен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту.

    2. Халқымыздың баға жетпес мұрасын ата-аналар арасынды дәріптеу. Отбасындағы және балабақшадағы бала тәрбиесінде мақал-мәтелдерді қолдану.

    3. Ата–бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы тәлім – тәрбие беруге, әдет–ғұрып, салт-дәстүрлі сыйлауға баулу.

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойынның

сценарийі

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» білгірлері. Біз бүгінгі іс-шараны келешек ұрпағымыздың білімді, тәрбиелі азамат болып өсулеріне ықпал етуді, ата-ана мен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайта түсу мақсатында өткізгелі отырмыз. Қош келдіңіздер!

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары дұрыс шықты.

Білім мен тапқырлықпен жарысыңдар

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Мақал–мәтел, жұмбақ ата–бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құнды, тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар адамның ойлау қабілетін шындайды.

Бүгінгі өткізілгелі отырған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойыны 5 кезеңнен тұрады:

1-кезең. «Таныстыру» (Топтың атауын, ұранын мақал – мәтел, жұмбақ арқылы ұсынып, таныстырады). Таныстыру формасы ерікті түрде.

2-кезең. «Мақал – мәтелдің жалғасын тап» Бұл кезеңде әр топ экраннан көрсетілген мақал-мәтелдің жалғасын табу керек. Мысалы: Отансыз адам – .... (ормансыз бұлбұл).

3-кезең. «Суреттен мақал – мәтелді тап». Экранда көрсетілген суретке қарап мақал – мәтелді табу. Әр топ 3 мақал – мәтелді табады.

4-кезең. Ұл мен қыз тәрбиесіне қатысты мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Бала тәрбиесінде мазмұнына сай қолдану жолдарын айту.

5-кезең. Бейнесұрақ. Балалардың жұмбақтап қойылған сұрақтарына жауап беру. Әр топқа 3 жұмбақ жасырылады.

1-кезең. «Таныстыру»

Кімдер білгір, өнерпаз білейікші,
Тапқыр ана екен деп жүрейікші.

«Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл» - дегендей кезек таныстыруда.

2-кезең. «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»

Киелі сөз сүйектен өтер демде.

Ата дәстүр абырой көтергенге,

Тоқталамыз енді біз көңіл бөліп,

Жалғастырып мақал-мәтелдерді.

Бұл кезеңде әр топ берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу керек. Мысалы: Отансыз адам – .... (ормансыз бұлбұл).

  1. Ананың көңілі балада ... Баланың көңілі далада.

  2. Анаңа ауыр сөз айтпа... Атыңа ауыр жүк артпа.

  3. Кәріге құрмет ... Балаға міндет.

  4. Атаңа не қылсаң ... Алдыңа сол келер.

  5. Атадан жақсы ұл туса, елдің қамын жейді

Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.

  1. Мейірімі мол ананың, жүрегі жылы, қолы кең

Кең пейілді атаның, жүзі жылы, жолы кең.

3-кезең. «Суреттен мақал – мәтелді тап».

Экранда көрсетілген суретке қарап мақал – мәтелді табу. Әр топқа 3 мақал – мәтел жасырылады. Жауап бере алмаған жағдайда, 2 топ жауап береді.

  1. Жігітке жеті өнер де аз

  2. Қыздың жолы жіңішке.

  3. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

  4. Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда

  5. Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар,

Бәрінен де қой бағып,

Қозы өсірген озар.

  1. Құтты қонақ келсе,

Қой егіз табады

4- кезең. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру.

Жаста берген тәрбие,

Жас шыбықты игендей.

Білімді болсын ұл мен қыз,

Пайдасы елге тигендей.

Халқымыз қызды аса қадір тұтқан. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз өрісің» дейді қазақ. Қазақ қызды жат жұрттың баласы, қызды үйде қонақ санаған. Қызды әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп, тіл тигізбей тәрбиелеген.

Ұл бала қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата – ана отын тұтатушы. Ер бала өз ата-анасына, іні, аға-қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады.

Келесі кезек ұл мен қыз тәрбиесіне қатысты мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Қазіргі заманда өз отбасыларыңызда мақал – мәтелдерді негізге ала отыра, бала тәрбиесінде қолдану жолдарын айту.

Ұл тәрбиесі

Қыз тәрбиесі

Білімі жоқ ұл, жұпары жоқ гүл.

Ақылды қыз, білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз, сөзге ілінер.

Бала тентек болатыны үйінен,

Ердің тентек болатыны биінен.

Қызың жақсы болса, үйіңе ырыс кірер,

Жаман болса, ұрыс кірер.

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер.

Шешесіне қарап қызын ал,

Аяғына қарап асын іш.


Қатысушылар дайындық кезеңінде, көрермендерге жұмбақтар жасырылады.

5-кезең. Бейнесұрақ – жұмбақ жасыру.

Қазынамыз толы ғой қымбаттарға,
Жауап беріп көрейік жұмбақтарға.

Мұқият тыңдап, назар салайық экранға,

Балалар жұмбақ айтып тіл қатқанда.

Экранға назар аударайық.

Қорытынды

Әділқазы мүшелері берілген жауаптарды 3 ұпайлық жүйемен бағалап, қорытындысын шығарады. Марапаттау.





«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойынын бағалау парағы

Кезеңдері

1 топ


2 топ


1-кезең. «Таныстыру»







Әр дұрыс жауап 1 ұпай


2-кезең. «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»


(6 мақал)











3-кезең. «Суреттен мақал – мәтелді тап».


(6 мақал)











4-кезең. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру.


(6 мақал)









5-кезең. Бейнесұрақ.


(6 жұмбақ)












(3 ұпайлық жүйемен бағаланады)
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2023
798
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі