Материалдар / мысалы: ертеңгілік "Қош бол, балабақша"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

мысалы: ертеңгілік "Қош бол, балабақша"

Материал туралы қысқаша түсінік
мысалы: ертеңгілік "Қош бол, балабақша" ересек топ. Балабақшамен қоштасу туралы сценарий.Балалардың әндері, тақпақтары, билері барлығы толық жазылған және келетін қонақтар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Шілде 2021
419
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қош бол, балабақша»

Дайындаған: Касымова А.И.

Өткізген: Тлеубаева Е.Б.

Мақсаты: Ересек тобының жыл бойы алған білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүйгіштікке , бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

(Залға музыка әуенімен үш бала кіреді)

1.Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа да жеттіңдер. Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл-ойларың, Өсті міне бойларың, Қуанышқа ортақпыз. Құтты болсын тойларың!Қадірлі ата-аналар!Құрметті қонақтар!Бүгін біз мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз. Ұяларын қимай қоштасқалы тұрган балапандарымызды ортаға шақырамыз.

1.Қайырымды Жантөре мен талантты Әмина

2.Епті Алиасқар мен зерек Айбибі

3.Жігерлі Алихан мен мейірімді Ақниет

4.Сабырлы Марлен мен нәзік Аиша

5.Тәртіпті Досбол мен әдемі Кәусар

6.Білімді Жасмин мен ақылды Нұрғиса

7.Сабырлы Айым мен ұқыпты Кәусар.

8.Жайдарлы Айзере

Қамқор пен биші

Көңілді мен сүйкімді

Дарынды мен білімді

Ынталы мен алғыр

Намысшыл мен

Марлен:
Қош келдіңіздер, құрметті меймандар!
Бізбен бірге қоштасуды тойлаңыздар.
Жасмин:
Өсті,міне,бойымыз, Өсті ақыл-ойымыз. Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойымыз. Сәлеметсіздер ме қадірменді қонақтар, білім нәрімен сусындатқан тәрбиешілер, аяулы аналар. Біз бүгін есейіп, қарлығаштай қанат жайып білім теңізіне, яғни мектеп табалдырығын аттағалы отырмыз.
Ж.Каусар: Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді бастайық Әдеп пенен өнегені үйреткен, Бақшамызды есімізде сақтайық.
Жасмин: Марлен, Каусар сенің есіңде ме, біз алғаш осы балабақшаға келгенде былдырлаған кішкентай бүлдіршіндер едік қой. Біз мұнда ән айтып, би билеп көп нәрсені үйрендік. Ертемен балабақшаға келгенде апайларымыз күлімдеп қарсы алушы еді ғой.
Марлен: Ия, есімде Жасмин. Оларға алғысымыз шексіз.
Ендеше кішкентайымыздан тәрбиелеп, білім берген біздің тәрбиеші апайларымызға мың алғыс!

А.Каусар:

Баулып, баптап өсірдіңіз, Балалық етсек кешірдіңіз. Ұмытпаймыз сөзіңізді, Ұмытпаймыз өзіңізді.

Марлен:

Ботақаным бөбек деп Еркелеткен ұл қызын Анамызды ерекше Қуантатын күн бүгін.

2.Тәрбиеші:

Есте қалар мәңгілік
Бүгінгі кун ерекше
Қуанышты балалар
Қуанышты үлкен де 
Жасыра алмай көз жасын
Баса алмай жүрек лүпілін Мерекені бастайық
Қоштасудың бұл кешін.

Балалардың барлығы хормен:

Жақсылыққа құмармыз Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!

(Шар ұшырып, орындарына отырады)

2.Тәрбиеші:

Алдыңдағы балалар Мектепке кетіп барады Ән айтып хорменен

Қимай кетіп барады – дей отырып ортаға балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар!

Ән: Балабақша

Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарын айтуға шақырамыз.

Жантөре

Балабақша - базарлы үй. Көшедегі ажарлы үй. Шаттығы бар шуақты, Өз үйіміз сияқты.

Амина

Біздер алты жастамыз, Сәбиліктен асқанбыз. Мектеп бізді шақырады, Қош бол, әсем бақшамыз.

Алиясқар

Қуанамыз, сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызды қимаймыз, Қоштасатын күн бүгін.

Каусар А.

Мектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз.

Алихан

Балабақша есігін Екіге тола ашқанбыз Едік аппақ нәресте Көп- көп бөбек көргенде Жұбанғаным есімде.

Досбол

Қоштасып балалбақшамен Біріншіге барамыз Өздеріңді ұмытпай Есімізге аламыз.

Айым

Балабақшам сүйікті, Ән салдыртты, билетті, Шынықтырып денеңді Шымыр болуға үйретті.

Аиша

Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып балабақшамен, Мектепке енді барамыз.

Айзере

Оқимыз білім аламыз Болашақ жолын саламыз Бақшаменен қоштасып Біріншіге барамыз.

Айбибі

Бормен жазар тақтаға Үлгілі бала боламын Жүретіндей мақтана Тәртіпті бала боламыз.


Хормен

Бұл- екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз осы үйдің гүліміз, Біз осы үйдің сәніміз.

1.Тәрбиеші:

Мектеп ана шақырады бізді алдан, Алдымызда талай талай сан арман. Қоштассақ та балабақшам сенімен, Санамызда өзің берген өнегең – дей отырып балалардың орындауында «Мектепке енді барамыз» әні.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

(Балалар орындарына отырады )

(Қонаққа мыстан кемпір кіреді)

Мыстан кемпір: Ой, антұрған қайда барасың? Тоқта деймін саған, тоқта!Үй иесін тыңдамағаны несі. Тауық аяқтарыңды сындырамын. Теледидардан неше түрлі билерді көріп, ламбада, макарена, реп, балдық билерді билеймін деп шаршатты.Әлім де жоқ, оған би үйрететін.

2.Тәрбиеші: Мыстан кемпір неге шулап жүрсіз. Мүмкін біздің балалар көмектесер. Біздің балалар балабақшамызда көптеген билерді билеген. Біздің балалар оған үйретер.

Би: «Папури»

Тәрбиеші: Мыстан кемпір сен неге мектеп киімін киіп алғансың?

Арқаңдағы сөмкең де мектепке ұстайтын сөмкеге ұқсайды.

Мыстан кемпір: Ойбай ау қайдасы несі? Мектепке барамын. Мыналар барғанда мен бара алмаймын ба?

Тәрбиеші: Жасыңыз нешеде сонда?

Мыстан: Қыздың жасын сұрамайды. Ал 18де

Тәрбиеші: Қойыңыз. 18дегі қызға ұқсамайсйз тіптен

Мыстан: Жарайды 100. Немене сенбейсің бе? Жарайды, бір 200 жас бар енді, Ой қоймадың ғой шынымды айтайын 400 жасқа толдым биыл.

Тәрбиеші: 400 жас. Адам 400 жасқа келіп мектепке барады ма екен?! Сізге кеш емес пе мектеп?

Мыстан: Не болады екен оқыса? Оқудың ерте кеші жоқ.

Тәрбиеші: Ал жарайды, сіздің мектепке дайындығыңыз қалай?

Мыстан: Үстімдегі киімімді көрмей тұрсың ба? Әлде сөмкемді көрмей тұрсың ба?

Тәрбиеші: Ал сөмкеңізде не бар? Мектепке қандай заттар алдыңыз?

Мыстан: Менде өткен кеткенге шөкелейтін тасым бар, рагадкам бар құс атуға, кнопкаларым бар алдағы балалардың орындығына қоятын, бір сөзбен айтқанда мен мектепке дайынмын.

Тәрбиеші:Балалар мына мыстан кемпірдің сөмкесіне салғандары дұрыс па? Айтыңдаршы? Сөмкеге қандай заттар салуымыз керек?

Ойын: Мектепке жинал (Мыстан кемпір балаларға кедергі жасайды. Сөмкелерге керек емес ойыншың, тас т.с.с салып жібереді)

Мыстан: Менің мына үйшігім музыкаларыңды естіп осында қашып кетті. Сендердің билеріңді көріп үйреніп алайыншы. Би билеп бересіңдер ме?

Мыстан: Биді жақсы билейді екенсіңдер, ал орыс тілінде тақпақ айту білесіңдер ме?

Мыстан кемпір: Ой, балалар керемет билейді екенсіңдер. Не болды тауық аяғы үйрендің бе? Енді үйге бар, қазір мен барамын.

Орысша тақпақтар:

До свиданья, наш любимый, добрый детский сад! Были мы с тобою вместе много лет подряд! Аиша А теперь мы расстаемся в школу нам идти, Но тебя не забудем в жизненном пути!

Воспитатели родными стали нам теперь, В наш детсад они впервые нам открыли дверь! Вместе с нами веселелись и учили нас, Ж.Кәусар А теперь вот провожают в школу, в первый класс!

Пока тянулся день рабочий- Вы заменяли детям мать И вот сегодня каждый хочет Нұрғиса За все СПАСИБО Вам сказать!

Тәрбиеші: Біздің балалар өте өнерлі. Би ді де билейді, тақпақты да айтады. Енді әнге кезек берейік.

Ән: «До свидание детский сад»

Мыстан: Сендер менің сиқыршы екенімді білесіңдер ме?

онда маған 7 баланы санап бер. Мен оларды жан-жануар, құрт - құмырсқаға айналдырып жіберейін. Кім қорықпайды, шығыңдар.

(Тәрбиеші балаларды шығарады)

Мыстан өз тілінде сөйлеп жатады.

Тәрбиеші: Мына мыстан бірдеңе бүлдірмекші ме?

(Мыстан балаларды алып кетеді. Сахна артынан қонақтарды қарсы ала беріңдер деп дауыстайды).

Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақтар келе жатыр.

Залға орыс тобының балалары тақпақтары мен өлең, билерін тарту етеді.

Тәрбиеші: Балалар, көрдің дер ме, бұл балалар да балабақшамен қоштасып, сендер сияқты мектеп табалдырығын аттап білім алмақшы. Ендеше қонақтарымызға рахмет айтып шығарып салайық.

Мыстан: Ал, балалар, енді менің сыйқырыма назарларыңды аударыңдар. Сендер менің орманда тұратынымды білесіңдер ғой. Мен сендердің достарыңды сыйқырлап тастадым. Ендеше ертегі тамашалайық.

Сахналық қойылым: «Саңырау құлақ астында»

Мыстан: Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Мен онда қайтадан бұларды балаларға айналдырайын.

Сахна сыртына шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар, біз ойын ойнағанды жақсы көреміз ғой я? Ендеше ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Шатасқан сандар»

Мыстан: Ойыншықтарым ай, сендерді қалай қиып тастамақшы мына балалар - деп жылап отырады.

Тәрбиеші: Мыстан әжеміз осыншама жасқа келіп ойыншықтарды қимай отыр ма? Демек ол ойыншықтармен әлі күнге дейін ойнайтын болғаны ғой. Мыстан әжей, сіз жыламаңыз. Одан да біздің балалардың биін тамашалаңыз.

Би: «Хош ойыншығым»

Мыстан кемпір: Ал, балалар сендер мектепке барғалы жатырсыңдар. Қандай ақылды, өнерлісіңдер.

Сендер мектепке дайын екенсіңдер. Жарайсыңдар. Ой, ұмытып бара жатырмын. Менің кететін уақытым келді. Мектеп қабырғасына барғанда кездесіп қалсаңдар амандасып тұруды ұмытпаңдар. Ал мен кетейін, қош сау болыңдар!

2.Тәрбиеші: Рахмет сізге мыстан кемпір. (Мыстан кемпір қоштасып кетеді)

1.Тәрбиеші:

Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

Баршаңызға рахмет айтар балалар,

Балабақша көркі болсын әрқашан

Кейінгі бүлдіршін балалар.

Міне біздің кішкентай балапандарымыз ақылды, шымыр, батыл болып өсуіне «Балапан» балабақшасының әрбір қызметкерлеріне қандайда болсын үлес қосты. Сондықтан біздің балалар өздерінің алғыстарын білдіргісі келеді.

1.Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін АҚНИЕТ

Артықсыз сіз басқадан

Алма Бейсенбайқызына мың алғыс!


2.Жайдарлы жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп ЖАСМИН

Білгеніңді сұрайтын

Айгүл Аманкелдіқызына мың алғыс!


3.Жас ұрпаққа жалынды

Сөз маржанын дарытқан.

Алдындағы баламен, ӘМИНА

Тіл арқылы табысқан

Орыс тілін меңгерген

Үйретуді жөн көрген

Жұмакүл Шайханқызына мың алғыс!


4.Салтанат апай өзіңізді,

Жақсы көрем әрдайым. АЙЗЕРЕ

Әрқашан бізге жалықпай,

Ағылшын тілін үйреткен.

Күнде келіп біздерге

Халімізді біледі.

Салтанат Сейтжанқызына мың алғыс.


5.Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз. ЖАНТӨРЕ

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Нұрайша Молдашқызына мың алғыс!

6.Қайнаған су әкеліп,

Іш деп дәрі береді. АЙЫМ

Жылтыңдатып инесін,

Түршіктірер денеңді.

Күмісжан апайға мың алғыс!


7.Төсек орны тап-таза,

Аппақ жуған сүлгісі. АЙЫМ

Ақмарал, Жанат апайларға,

Балалардан мың алғыс.






8. Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы, А.КӘУСАР

Ақ көңіл, жақсы апа.

Әлде май, қаймақ па,

Борщ па, сорпа ма?

Тұрады ортада.

Аспазшы апайға мың алғыс.


9.Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Айна апайға мың алғыс!


10.Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Еркеназ, Айнұр апайларға мың алғыс!



578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!