жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Музыка - жүрек тілі
|
Пәні: Қазақ тілі |
Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп |
||||
|
Күні: 7.12.18 |
Машықкердің аты-жөні: Муратханова Наргиз Мадиевна |
||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Музыка – жүрек тілі» |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: |
7ӘТН4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану. 7.04. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсаты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Мәтіндегі айтылған ойды әрі қарай жалғастырып, өз ойын айту арқылы ой қорытындылай білуге үйрену; Етістіктің көсемше тұлғасын, жасалу жолдарын түсіну; Морфологиялық талдау жасай отырып, етістіктің көсемше формасын ажырата білуді үйрену. Көсемше тұлғалы етістіктер қолданылған жұмбақтарды шешу арқылы логиканы дамыту. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Жетістік критерийлері |
||||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: Мәтіндегі айтылған ойды әрі қарай жалғастырып, өз ойын айту арқылы ой қорытындылай білу. |
||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар- |
|||||
|
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет, өзін – өзі тану, музыка |
||||
|
Қажетті құрал – жабдықтар |
Интеративті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, көрнекіліктер. |
||||
|
Оқыту әдістері |
Сөздік, «3 сурет, 1 сөз» әдісі, «Бәрекелді, Әттеген-ай!», «Жұмыс үстелі», «Жымиғыштар», Сәйкестендіру, «Отшашу» әдісі, «Пайыздық бағалау» , «Блоб бөлмесі» |
||||
|
Дереккөздері |
7-сынып «Қазақ тілі» Мектеп баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар. |
||||
|
Тапсырмалар |
|
||||
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті: |
|||||
|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс – әрекеті |
Оқушының іс – әрекеті |
Дереккөздер/ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 10 мин |
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексереді. Топқа бөліну: Жұмбақтарды шешіңдер. Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды, Азынаса көмейінде мал жылайды. Құйрығын қара жерге тіреп алып, Келеді баяғының әнін салып. (қ...) Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта, Сөйлейді шежіредей адам соқса. Тағы да бір мінезі таңғажайып, Еш уақытта сөйлемейді адам жоқта. (д...) Саусақ батпас түтіктен, Сандуғаш құс сайрайды. (с...) Қызығушылықты ояту: «3 сурет, 1 сөз» әдісі
|
Оқушылар амандасып, оқу құралдарын дайындайды. Оқушылар топқа бөлінеді. 1 – топ: Домбыра 2- топ: Қобыз 3 – топ: Сыбызғы
Музыка — адамзаттың әмбебап тілі. Г.Лонгфелло |
Қима қағаздар, домбыра, қобыз, сыбызғы суреттері
Проектор
|
||
|
Сабақтың ортасы 25 мин |
Jeltoqsannyń jetisi Жаңа материал: 5-бөлім. Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы «Музыка – жүрек тілі» Етістіктің көсемше тұлғасы 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқыңдар. 1-топ: Мәтінде айтылған “музыка — адам жанының үні мен тілі” деген ойды қалай түсінесіңдер? 2-топ: Мәтінде айтылған “әр ұлттың өзінің төл музыкасы бар” деген ойды жалғастырып,пікірлеріңді ортаға салыңдар. 3-топ: Мәтін мазмұнын 3 сөйлеммен қорытып айтыңдар. Музыка — адам жанының үні Адамдардың міндеті күнделікті өмір салтындағы басты саланың бірі рухани мәдениетті жетілдіру болса, соның бірі әрі бірегейі музыка деп атауға болады. Өзге өнер түрлеріне қарағанда музыка өнері ертерек дамыған. Музыка өнерінің бір ерекшелігі сол, онымен дыбыс ырғағы арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесін, көңіл күйін, сана-сезімін білдіре алады. Әуен арқылы адамдар аңсаған арманын, қуанышы мен қайғысын, өмір сүрген қоғамын әнге қосып толғаған. Олар өздерін қоршаған табиғатты, оның өзен-көлдерін, орман- тоғайларын, асқар таулары мен байтақ даласын жырға қосып, оның әсем көркінен рухани ләззат алып отырған. Бұрынғы қазақтардың домбырасының қоңыр үні мен олардың қараөлеңі осыған дәлел. Қай халықтың болмасын оның тарихи жағдайына, күнделікті өмір салтына, әдет-ғұрпына байланысты дамып жетілген музыка өнері болады. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тән ұлттық дәстүрлі музыка өнері бар. Музыка өнерінің негізін қалаушылар халық арасынан шыққан дарынды өнер иелері — композиторлар. Әр күйді шығарушы әуен иелері болады, бірақ та біз қазір күйлерді халық күйі және халық композиторларының күйі деп екі топқа бөліп жүрміз. Оның себебі кейбір күйлер ғасырлар өтіп оның авторларының аты ұмыт болып, дарынды күйшілердің орындауы арқылы халық арасында күйдің әуені сақталғандықтан ол бара-бара халық күйі болып аталып кеткен. kazorta сайтынан. Дескриптор: -Мәтінді оқиды; - Мәтіндегі айтылған ойды әрі қарай жалғастырады; - Өз ойын айту арқылы ой қорытындылай білуге үйренеді. ҚБ: «Бәрекелді, Әттеген-ай!» Тілдік бағдар. Етістіктің көсемше тұлғасы Іс-әрекеттің, қимылдың себебін, амалын көрсететін қосымша қимылды білдіретін етістіктің ерекше түрі көсемше деп аталады. Көсемше қайтіп? қалай? Не істегелі? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: оқып түсіну, дауыстап оқу, күле сөйлеу, келе кірісу, амандасқалы келу, кеткелі жатыр және т.б.
2-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі Мәтіннен есімше, көсемше жұрнағы жалғанған етістіктерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.
Дескриптор: - мәтіннен есімше, көсемше жұрнағы жалғанған етістіктерді табады; - сөз құрамына талдайды. ҚБ: «Бәрекелді, Әттеген-ай!» 3-тапсырма. «Көңіл-күй тарелкасы» Ж.Аймауытовтың “Әнші” әңгімесінен үзіндінің бөліктерін тарелкадан таңдап оқып, көсемше жұрнағы жалғанған етістіктерді табыңдар. 1-топ: Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Зал жаңғырып, күңгірлеп кетті. 2-топ: Бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан жарға ұқсап, жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұқсап өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады. 3-топ: Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғылды... Дескриптор: -Мәтінді оқиды; -Көсемшелерді табады. ҚБ: «Бәрекелді, Әттеген-ай!» 4-тапсырма. Сәйкестендіру. Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөздермен тіркестіріңдер. 1. Домбыра ... жорғалап тұр 2. Сыбызғы ... бұралып би билейді 3. Әнші ... күңіренеді 4. Қобыз ... ән салады 5. Жетіген ... күмбірлегелі тұр 6. Биші ... сызылып сыр айтады Дескриптор: -мағынасына сәйкес сөөздерді сәйкестендіреді. ҚБ. «Отшашу» әдісі |
Тақырыппен танысады. 1-тапсырма. 1-топ: Музыка арқылы өзіңнің ішкі сезімінде не болып жатқандығын сөзсіз айтпай-ақ түсіндіре аласың. Ол ғажап әлем, ұмытылмастай сезім. 2-топ. Әр ұлт өзінің төл музыкасы арқылы танылады. Қазағым домбырасын қолына алып, күйімен күмбірлетіп ерекшеленсе, көрші орыс елі балалайкасы мен баянын жырға қосқан. 3-топ: Дыбыс ырғағы арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесін, көңіл күйін, сана-сезімін білдіре алады. Әуен арқылы адамдар аңсаған арманын, қуанышы мен қайғысын, өмір сүрген қоғамын әнге қосып толғаған. Музыка ешқашан өшпейтін әлем.
Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, кет-келі. Көсемше жеке тұрып негізгі тиянақты қимылды білдіре алмайды, ол — негізгі қимылдың амалын, себебін, мақсатын т.б. сипатын көрсететін қосымша қимылды қажет ететін етістіктің түрі. Бір сөзбен айтқанда, көсемше формалы етістік жалғыз қолданылмай, жанына тағы бір тиянақты етістікті не қосымшаны қажет етіп тұрады. 2-тапсырма. 1-топ: болады, дамыған, білдіре алады, қосып толғаған. 2-топ: қосып, алып отырған, дамып жетілген, болады. 3-топ: шыққан, болады, деп, бөліп, өтіп, болып аталып кеткен. 3-тапсырма. 1-топ: аруақтанып, көтеріліп, болмай 2-топ: кете алмай, жете алмай, ұқсап, айырылып, қайырылып, жылап 3-топ: қарап, сезбей, өкініп
4-тапсырма 1. Домбыра күмбірлегелі тұр 2. Сыбызғы сызылып сыр айтады 3. Әнші ән салады 4. Қобыз күңіренеді 5. Жетіген жорғалап тұр 6. Биші бұралып би билейді |
Тақта, бор Оқулық, тақта. Тақта,бор, кесте Проектор, оқулық, дәптер Көңіл-күй тарелкасы тақта, бор, оқулық Проектор, тақта, оқулық |
||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Бағалау. «Пайыздық бағалау» әдісі арқылы оқушылар өздерін берілген шкала бойынша бағалайды. Үйге тапсырма: Оқулықтағы 4-тапсырма. Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, көсемше жұрнақтарын жалғау арқылы сөйлем құраңдар. Кері байланыс: «Блоб бөлмесі»
|
Оқушылар өзара бағаланады. 100% - өте жақсы 75% - жақсы 25% - қанағаттанарлық Үй тапсырмасын жазып алады. Оқушылар бүгінгі сабақта өздерінің не түсінгендігін, неден қиналғандығын жазып, қандай дәрежеде екендігін суреттен белгілеу арқылы көрсетеді |
Диаграмма Күнделік «Блоб бөлмесі» суреті қима қағаздар |
||
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген