Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка аспаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Машықкерлерге білімдерін толықтыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні: 14.12.18

Машықкердің аты-жөні: Муратханова Наргиз Мадиевна

Сынып: 7 «г»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Музыка аспаптары

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

7.О7. Ғаламтор, энцеклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану.

7ӘТН4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану;

Сабақ мақсаттары:

Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беред.

Ғаламтордан берілген ақпараттарға сүйене отырып, аспапты жарнамалайды.

Есімше, көсемше тұлғалы етістіктерді тұйық етістікке айналдырады.

Бағалау критерийлері

Жетістік критерийлері

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Мәтіндегі ойды қорытындылап, өз ойларын ауызша еркін баяндауға дағдыланады;

Етістерге тұйық етістіктің жұрнағын жалғап жазады.

Талқылауға арналған сұрақтар: Қазақта қандай музыкалық аспап түрлері бар? Осындай керемет әуенді жеткізу үшін жұмыстанатын топты қалай атаймыз? Қалай ойлайсыздар осы оркестрде қанша аспап болады?

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, Өзін – өзі тану, музыка

Қажетті құрал-жабдықтар

Интеративті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, көрнекіліктер.

Оқыту әдістері

«Жасырын ұяшық», «Жеребе» әдісі, «Түртіп алу» стратегиясы, «Жұлдызшалар», «Массагеттен базарлық», «Бәрекелді! Әттеген-ай!», «Отшашу», «Кинометафра», «Жұлдызды сәт» әдісі, «Сынып оркестрі».

Дереккөздері

7-сынып «Қазақ тілі» Мектеп баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Тапсырмалар


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Дереккөздер/ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексереді.

- Сіздер, қандай аспап түрлерін білесіңдер?

Топқа бөліну: «Жасырын ұяшық» арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Адырна»

2-топ: «Асатаяқ»

3-топ: «Сазсырнай»


Үй тапсырмасын тексеру:

«Жеребе» әдісі арқылы бір қобдишадан оқушы есімі таңдалады. Сол оқушы үй тапсырмасына жауап береді.


Қызығушылықты ояту:

Құрманғазы атындағы қазақ академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы «Серпін» күйі тыңдатылады.

- Балалар, осындай керемет әуенді жеткізу үшін жұмыстанатын топты қалай атаймыз?

- Қалай ойлайсыздар осы оркестрде қанша аспап болады?

Оқушылар амандасып, оқу құралдарын дайындайды.




Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Адырна»

2-топ: «Асатаяқ»

3-топ: «Сазсырнай»



Үйге берілген тапсырмаға жауап береді.




Музыканы халық тудырады, ал суреткерлер оны тек музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейді.

М.И.Глинка

- оркестр

- 30-40







Суреттер қиындысы





Қобдиша






Күй, слайд


Сабақтың ортасы

25 мин

Jeltoqsannyń on tórtі.

Мýzyka aspaptary

1-тапсырма. «Түртіп алу» стратегиясы. Мәтінді мұқият тыңдаңдар.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қазақта қандай музыкалық аспап түрлері бар?

2. Күй дегеніміз не?

3. Ең алғашқы күйдің атасы кім? Қай ғасырда өмір сүрген?

4. Құрманғазы қандай композитор?

5. Тәттімбет Қазанғапұлының музыкалық композицияны орындаудағы ерекшелігі қандай?

6. Сыбызғы мен қобызда күй орындаған классиктер кімдер?

Қазақта отыз бестен астам музыкалық аспап түрі бар. Олар: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, нарқобыз, шаңқобыз, қылқобыз, жез қобыз, асатаяқ, ұран, дабыл, даңғыра, жетіген, шертер, адырна, сыбызғы, сазсырнай, сазген, қоңырау және т.б. Домбырамен немесе қобызбен орындалатын музыкалық пьесаны күй деп атайды. Дәстүр бойынша күй орындаушының суырыпсалма қиялынан туады. Қазіргі күнге жеткен ең ежелгі күйдің атасы — Қорқыт ата. Ол бұдан 1200 жыл бұрын дүниеге келген. Атақты халық композиторларының бірі — Құрманғазы. Ол 60-тан астам күйлер шығарған. Аспапты музыкаға ең үлкен үлес қосқан — Тәттімбет Қазанғапұлы. Оның күйші-композитор ретінде даңқы шыққан. Домбыраға тамаша күйлер шығарып әрі оны шебер орындауымен ерекшеленген. Сармалай сыбызғыға арналған классикалық күйлер шығарып, оның өте тамаша орындаушысы болған. Композитор Ықылас Дүкенұлы қобыз классикасының дамуына үлкен ықпал жасаған.

А.Исанова

Дескриптор:

- мәтінді тыңдайды;

- маңызды ақпараттарды түртіп алады;

- сұрақтарға жауап береді.

ҚБ. «Жұлдызшалар»


2-тапсырма. «Массагеттен базарлық»

Мәтінді оқыңдар. Мәтінмен жұмыс: Әр аспапқа постер немесе кластер құрып, аспапты жарнамалаңдар.

1-топ. «Адырна»

Адырна – қазақ халқының көп ішекті шертпелі көне саз аспабы. Аңыз деректеріне сүйенсек, бұл аспап көне түркілер мен қыпшақтар арасында кең таралған, танымал аспап. Қазақ жерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде табылған.

Көне заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Зерттеушілердің айтуы бойынша, адырна аспабының көне түрі садаққа ұқсайды. Кейін марал, бөкен, бұғы, киік, арқар тәрізді аңдардың тұлғасына ұқсас болып келген, мүйіз бен құйрық арасына ішектер тартылған екен.

Адырна аспабының шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Шанақ мен мүйіз ағаштан жасалады. Мүйізге құлақтар бекітіліп, ішектер тартылады. Ішектер шуда жіптен не болмаса тарамыстан тағылады. Ішектердің жалпы саны 7-ден 17-ге дейін болады. Аспап қалыңдығы 8-10 см, жалпы тұрқы 48-50 см. Адырна арфа аспабына ұқсас, шерту әдісі де жақын. Адырнаны тізеге қойып, басын иыққа тіреп, сол қолмен сүйеп, оң қолмен ішекті іліп (кейде шертіп) ойнайды.


2-топ. «Асатаяқ»

Асатаяқ - қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы. Тоқылдақ, сылдырмақ, сақпан сияқты сілкілмелі аспаптардың қатарында. Аспапта ойнау тәсілі айтарлықтай, қиын емес. Асатаяқты ырғап, сілкіп, шайқап ойнайды. Ертеде бұл асатаяқты бақсылар мен абыздар қобыз, даңғара, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптармен қатар науқастан айықтыру мақсатында қолданған. Асатаяқ басына мал басын орнатып, оған темір сақиналар мен салпыншақтар ілген. Бақсылар адамдарды емдеген кезде асатаяқты сілкіп отырып, оларды өздеріне қаратқан. Уақыт өте келе асатаяқ ән-күй әуеніне қосылып, би ырғағын сүйемелдеу үшін кеңінен қолдана бастады. Асатаяқ аспабын үйеңкі, емен, қайың, жеміс-жидек ағаштарының бұтақтарынан жасайды. Басына темір металлдардан жасалған сылдырмақтар мен қоңыраулар ілінеді. Жалпы ұзындығы 110-130 см. Жасалу тәсіліне қарай «айшықты», «жылан басты», «жалпақ басты», «ай басты», «қалақша», «сопақша», «қобызбас» т.с.с. болып келеді. Аспапқа ою-өрнектер салынады.

Қазіргі таңда асатаяқ кеңінен дәріптелуде. Ұлттық аспаптар оркестрлері мен этно-фольклорлық ансамбльдер шығарма орындаған кезде асатаяқ қолдануда.


3-топ: «Сазсырнай»

Сазсырнай – сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай саздан жасалған үрмелі аспап. Бұл аспапты кішкентай балалар мен жасөспірімдер ермек үшін пайдаланған, диапозоны аса үлкен емес. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған.

Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сондай-ақ, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі ауа толқынының дұрыс жетуіне байланысты. Аспапты сапалы саз-балшықтан жасайды. Сазды илеген соң, оны біркелкі пішінге келтіріп, кептіреді. Кептірілген саз белгілі бір температурда қызған пеш ішіне салынып, күйдіріледі. Кейін дыбыс ойығы салынып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді. 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде табылған болатын. Қазақ жерінің көп аймақтарында кең таралған.


Дескриптор:

- мәтінмен танысады;

- кластер құрады;

- аспапты жарнамалайды.

ҚБ. «Бәрекелді! Әттеген-ай!»



Тілдік бағдар

Тұйық етістік — іс­қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік барлық етістік негіздеріне, яғни түбір етістіктерге, етістерге және күрделі етістіктерге -у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жазу, айту, қабылдау, сұрыптау, бөгеу, шегелеу, бару, бармау т.б. Аталған етістіктер іс­әрекеттерінің, қимылдың атын білдіріп, солардың атауы болып отыр. Сондықтан да тұйық етістік зат есім мәнінде жиі қолданылады. Барлық етістіктерді қимыл деп бір сөзбен айтсақ, әрбір жеке қимылдың атын білдіретін етістердің атауыш түрі қазақ тілінде осы тұйық етістігі арқылы беріледі. Осы қасиеттеріне байланысты тұйық етістіктер кейде қимыл атауы деп аталады.

Тақырыпппен танысады.



Мұғалім жалпы аспаптармен, олардың алғашқы орындаушыларымен таныстырады. Оқушылар жаңа ақпараттарды дәптерлеріне түртіп отырад. Кейін мұғаліммен бірге тақылайды.

1. Қазақта отыз бестен астам музыкалық аспап түрі бар. Олар: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, нарқобыз, шаңқобыз, қылқобыз, жез қобыз, асатаяқ, ұран, дабыл, даңғыра, жетіген, шертер, адырна, сыбызғы, сазсырнай, сазген, қоңырау және т.б.

2. Домбырамен немесе қобызбен орындалатын музыкалық пьесаны күй деп атайды.

3. Күйдің атасы — Қорқыт ата. Ол бұдан 1200 жыл бұрын дүниеге келген.

4. Атақты халық композиторларының бірі — Құрманғазы. Ол 60-тан астам күйлер шығарған.

5. Домбыраға тамаша күйлер шығарып әрі оны шебер орындауымен ерекшеленген. Сармалай сыбызғыға арналған классикалық күйлер шығарып, оның өте тамаша орындаушысы болған.

6. Ықылас Дүкенұлы , Тәттімбет Қазанғапұлы.


















1-топ










2-топ















3-топ





















Тақта, бор



Слайд, оқулық












































Тақта, А3, аспап суреттері

маркерлер







































































Тақта, бор, кесте





(2)3-тапсырма. Төменде берілген етістерге тұйық етістіктің жұрнағын жалғаңдар. Қай етістіктердің буын саны өсті? Неліктен? Сұраққа жауап беріңдер.

Оқы, биле, кемі, баста, қос, тасы, сүрт, шырқат, алғыс ал, сатып бер, ас, терге, қайтпа, сындыр, тоқтаттыр, қимылда, кеңес, ашулан, кетіп қал, қанағаттандыр, тыңда, ұялып келме, қорқып қаш.

Дескриптор

- Тұйық етістіктің жұрнағын жалғайды;

- Буын санын анықтайды;

ҚБ «Жұлдызшалар»

4-тапсырма. Ғафу Қайырбековтің «Қобыз сарыны» өлеңін оқыңдар. Есімше, көсемше жұрнақтары жалғанған етісітктерді тауып, тұйық етістікке айналдырып жазыңдар.

Баяғы Қыдыр қыпшақ, көне Оғыздың.

Баяғы баба түрік саздарынан

Сыр тартып, самаладай маздады жан,

Оянды сар даланың батырлары

Жеңімпаз жалауына жазған ұран.

Түріктің шаңырағын ұстап қалған

Бар ма екен қазақта арман, қыпшақта арман?

Бар ма екен, о, дүние, Ықыласта арман

Қобызын Қорқыт-ата құшақтаған!

Сол үшін Ықыласқа табынам мен,

Күй санап, сөз көбейтіп не ғылам мен?

Тірілтер ата-баба, ел мұрасын

Тағы бір сондай ерді сағынам мен!

Дескриптор

  • Есімше, көсемше жұрнақтары жалғанған етістіктерді табады;

  • Тұйық етістікке айналдырады

ҚБ «Отшашу»


5-тапсырма. «Кинометафра». Бейнероликтен көрсетілген көне аспаптар туралы түйгеніңді кестеге түсір.

Аспап түрі

Ерекшелігі

Жетіген


Үскірік


Дауылпаз


Сыбызғы


Шертер


Шаңкобыз


Даңғара


Дескриптор

  • Берілген материалды тыңдайды;

  • Көне аспаптар туралы түйгенін кестеге түсіреді;


3-тапсырма.

Оқу, билеу, кему, бастау, қосу, тасымау, сүрту, шырқату, алғыс алу, сатып беру, асу, тергеу, қайтпау, сындыру, тоқтаттыру, қимылдау, кеңесу, ашуланбау, кетіп қалмау, қанағаттандыру, тыңдау, ұялып келмеу, қорқып қашу.








4-тапсырма.

Тартып(көсемше) - тарту

Жазған(есімше)- жазу

Ұстап(көсемше)- ұстау

Қалған(есімше)- қалу

Құшақтаған(есімше)- құшақтау

Санап(көсемше)- санау

Көбейтіп(көсемше)- көбейту

















5-тапсырма.

Аспап түрі

Ерекшелігі

Жетіген

Ішек сандар жетеу болғандықтан аспап жетеу болғандықтан аспап жетіген д.а

Үскірік

Дауысы қыстыгүні соғып тұратын үскірік аяздың ызыңдаған дауысына келеді.

Дауылпаз

Қазақтың ұрып ойналатын көне аспабы.

Сыбызғы

Ертеде адамдар қой баққан кезде пайдаланған. Кешкілікте аңыз-жырларды сыбызғымен айтқан.

Шертер

Шекті аспап. Домыбыра сияқты орындалады.Көлемі домбырадан кіші.

Шаңкобыз

Темірден немесе күмістен жасалады. Сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап

Даңғара

Көне ұрмалы аспап. Даңғараның үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға пайдаланылған.


Тақта, бор,

оқулық















Оқулық, тақта, дәптер






















Проектор

Тақта, дәптер, кесте

Сабақтың соңы

5 мин

Бағалау. «Жұлдызды сәт» әдісі


Үйге тапсырма: Тұйық етістіктерді қатыстыра отырып, «Қазақтың ұлттық аспаптары” тақырыбына эссе жазыңдар


Кері байланыс: «Сынып оркестрі». Бүгінгі сабақтан не үйренгендігін жазып аспаптардан оркестр құрайды.

Shape1

Оқушылар бір-бірін бағалайды.


Үй тапсырмасын толық түсініп, күнделікке жазып алады.



Оқушылармен кері байланыс орнайды.




Күнделік




Аспап суреттері



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12