Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Машықкерлерге білімдерін толықтыру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына

байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью,

пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан

үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау


Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша

тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен

ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу


Бағалау критерийі Білім алушы

Автор көзқарасын ажыратады

Көтерілген мәселені талдайды

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады

Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады

Есімше, көсемшелерді қатыстырады.


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Орындау уақыты 15-20 минут


1-тапсырма

Мәтінді тыңдап, автордың көзқарасы мен көтерілген мәселені жазыңыз.

...Нағыз қазақ - домбыра!

Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Қазақ халқының мәдениет пен өнер тарихының ежелгі көріністері осы домбырамен үндесіп жатқандай. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов «Домбыраның екі ішегін қағып, әуен шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету - логика, күй сезімінің мәнін жеткізу - философия» - деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақ халқының көне заманының, сонымен қоса қазіргі таңдағы күйшілерінің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. Ұлтымыз үшін, ұлттық құндылықтарын дәріптей білетін әр қазақ үшін домбыра – ұлттық мақтаныштың бірегейі. Домбыра шертілгенде қазақтың кең-байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н.Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» - деген сөзі соның бір дәлелі. Қос ішек үнінен бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман-мүддесі, философиялық сарыны, азаматтық үні, тарихы күй болып төгіледі. Қадыр Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді.— деген жолдары соны айғақтады… Бүгінгі қоғамда домбыраның сиқырлы әуенінің құдіретін жете түсінбейтін жандар көптеп кезігеді. Онан гөрі Батыстың ән-күйін тыңдағанды жөн көреді. Жанына тыныштық пен емді сол Батыс әуендерінен алып, соларға тәуелдене түседі. Бұл, әрине, қазіргі заман адамдарының психологиясына байланысты болар. Дегенмен, түсінгенге, сезінгенге домбыраның күмбірі, өзгеше әуезі талай жанға рухани күш дарытуға қауқарлы. Сонымен қоса адам бойында патриотизмді оятуда да үлесін қосары сөзсіз. Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

http://blogtime.kz/bilu-cerec/nagyz-kazakdombyra.html

Автордың көзқарасы

Көтерілген мәселе




2-тапсырма

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.

Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары

Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Сөз бен әуеннің осы түйіскен тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-көстегенде, жылқыны құрау- құраулағанда, қойды пүшәйттағанда. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музыкалық дыбыстардың алғашқы элементтері деуге болады. Музыкалық дыбыстардың әлеуметтік мәнін ашатын бесік жырдың, санамақ, «Бас бармақ, балаң үйрек». «Бақа, бақа, бақ, бақ» секілді басқа да ойын өлеңдері – дүние есігін ашқан жас баланы әлеуметтендірудің басты құралдарының бірі. Осы қысқа да әуезді үндерді айта отырып, анасы баланы өзінің дене мүшелерімен таныстырса, тағы бір жақтан, оның әуені құлағына дыбыстардың айтылуын сөз құрамын есту арқылы пайымдауға баулиды. Балаларды алғаш жәндіктермен таныстырғанда айтылатын «Бақа, бақа, бақ, бақ» өлеңінің әуені де созылыңқы, ұғынықты. Осы және басқа да балаларға арналған өлеңдерді ертеде ешкім әдейілеп жаттамаған, ол бала кезден естіп, тыңдап өскендіктен өзінен-өзі құлаққа «сіңіп» қалатын. Өсе келе бұл сәби кезінде естігендерінің үстіне ойын үлгілерінің әуені мен сөздері қосылады. Осындай ойын өлеңдері «Ақ терек, көк терек», «Ақ сандық, көк сандық» сияқты балалар есейгенде, мысалы, 8-9 жасқа келгеннен бастап ойнағанда айтатын өлеңдер. Халқымыз ғасырлар бойы рулық, туысқандық, отбасылық қауымдастық түрінде өмір кешкен. Бұл ойындар сол кезде балалар арасында туысқандық байланысты нығайту, өзара қамқорлық, бір істі орындауда ұжымдасу, бірлесіп өзара көмектесу, тұтастыру секілді міндеттерді атқарған. Әлгі ойын балалары есейіп бойжеткенде, бозбала жасына қадам басқанда бұл өлеңдер ғашықтық әндеріне, терме, толғаулар, жыр, дастан, қиссалар мен домбыра және қобыз күйлеріне ауысады. Музыкалық дыбыстарды адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды білдірудің бір түрі деуге болады. Мысалы, ұзатылып бара жатқан қыз айтатын «Сыңсу» кеше ғана еркелеп, ата-анасының төрінде отырған қыздың жат жұртқа кетіп бара жатқандағы көңіліндегі мұңды білдіреді. Ол сөзбен қосылғанда ерекше мағыналы. Қыз ұзату тойы, одан ары қарай «Жар-жар», оған қарсы айтылатын «Ау-жар» өлеңдерімен жалғасады. Онда ұзатылып бара жатқан қыздың мұңын сейілтіп, тойды ойын-сауықпен көмкеру, халықтың көңілін көтеру көзделеді. Сол себепті «Жар-жар» мен «Ау-жар» қалжың аралас, қайым айтыс сипатына ие. Бұл туралы «Жар-жардың» тәрбиелік мәні – қалыңдық құдай жазған шын жұрты, ұзатылып барған жері екендігін санасына сіңіре беру» делінген «Қазақтың тәлімдік ойлары антологиясында». Қыз ұзатып, келін түсіру сәніне келтіретін тағы бір өлең – «Беташар». Мұнда жас келінге тәлім боларлық көптеген ақыл-кеңестер айтылады. Бөтен жұртқа жаңа түскен жас келінге, оның бетін ашушы «бетіңді, келін, ашқаным, жаңа жұртқа қосқаным…» деп, өзінің міндетімен қоса келген жеріне таныстыра отырып, келінге осы ортамен араласып, «сіңісіп» кетуі үшін осы сөздер айтылады.

http://bigox.kz/kazak-muzyka-onerinin-en-algashky-tuyndylary/


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Автор көзқарасын ажыратып, көтерілген мәселені талдайды


1

мәтінді мұқият тыңдайды;

1

автор көзқарасын анықтайды;

1

көтерілген мәселені анықтайды.

1

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады

Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады

2

тірек сөздерді жазады;

1

мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады;

1

синонимдік қатарларды анықтайды;

1


мәтінді ықшамдап қайта жазады;

1

есімше, көсемшелерді қатыстырады.

1

Барлығы



8




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
1342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12