Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ – ЖАҢАРУ МАМАНДЫҒЫ, 6 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бекарыстан би ауылы
№24 орта мектептің
Музыка пәні мұғалімі
Оразбай Темірхан Сәдірұлы
МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ – ЖАҢАРУ МАМАНДЫҒЫ
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық – әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша түсінік- таныммен жан-жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Музыка мұғалімінің оқушылармен жұмыс істеу барсында яғни музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Педагог-музыканттың кәсіби дайындығы оның қоғамдық, саяси, арнаулы және педагогикалық–психологиялық терең жан– жақты білімі болуымен анықталады. Қазіргі таңда білім шарттары бойынша оқушыларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ берудің жаңа үрдісін тиімді пайдаланудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім берудің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі жас буын музыка пәнінің мұғалімі оқушылармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетелдік прогресшіл қайраткерлердің ұсынған жаппай музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға тырысады.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау– қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі. Себебі қоғамның әлеуметтік- экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Мұғалім-музыкант жұмысының жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Сыныппен жүргізілетін әр түрлі ара-қатынас тек айтылған сөзде, мимика мен қозғалыста ғана көрініс тауып қоймайды. Оның бояуының реңі тек өнер сабағына тән көптеген компоненттерден құралады: ішкі жан дүниеге әсер ететін, орындаушылық процестер кезінде, музыка тыңдағанда және музыка жайлы ой жүгірткенде туындайтын музыканың – өз тілі, сөзі, мимикасы, көзқарасы, жесттеры, үзілістері болады
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс -тәсілдерін, жаңа инновациялық педагагикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты. Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлаудың негізгі мақсаты – музыка өнеріне баулу.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.
Осылардың негізінде орындалатын біздің міндетіміз:
-
қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
-
жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
-
музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
-
жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.
Мұғалім – мектептің ғана басты тұлғасы емес, ол – қоғамның да басты тұлғасы. Мұғалім беделі, ең алдымен оның өз жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «Нені оқыту керек?»,- деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «Қалай оқыту керек?»,- дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпрараттың, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білі шеберлігін іздеу қажет. Ұстаз мәртебесінің артуы, ең алдымен мұғалімдердің М.Әуезов айтқандай, «Ұстаз деген – ұлы есімге» қаншалықты лайықты болуына байланысты дер едік. Бүгінгі жаңа дәүірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар жеке басының мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы азаматтығы тұрғысында жастарға үлгі боларлықтай биіктен көрінуі шарт.
Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі – ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Болашақ музыка пәнінің мұғалімдері кәсіби-педагог ретінде мамандыққа бағытталған оқу пәндері негізінде дайындалады.
Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі іс. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп кезінде „жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін“ – деді. Я.А.Коменский. „Мұғалімнің қызметі мәртебелі“,- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры“, – деп атап көрсетеді.
Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалық дәрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам – қоғам болудан, адам – адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын адамдар. Ал адамдарды солған дайындайтын, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың мінезін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмашылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.
Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны оқушыларға адам, табиғат оның әсем сұлулығын қоғам құбылыстарының тығыз байланыстылығын меңгертуде, олардың дүниетанымын, эстетикалық көзқарастарын қалыптастырып, жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеуде барлық білім салаларымен әсіресе өнер пәндері өзара тығыз байланысуы қажет.
“Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе”, – деп В. В. Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.
Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.
– музыкалық әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;
– музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;
– музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту.