Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Музыка» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Семей қаласы, 2018 жыл
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін
«Музыка» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
-
Түсіндірме жазба
-
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
-
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұны мен олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
-
Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.
-
Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруға негізгі бағдарлар болып табылады.
-
Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарланған коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
-
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
-
Тұлғаға-бағдарланған білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
-
Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
-
Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді іске асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру ұсынылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
-
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.
-
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
-
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
-
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, білім құмарлылық өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
-
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқыту мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
-
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патроиотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарының негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының мінез-құлқы тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын берік тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
-
«Музыка» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
-
«Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыканың базалық білімі, біліктіліктері және музыкалық қызметінің түрлерін меңгеруге, музыкалық қызмет процесінде шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникация біліктіліктерін қалыптастыруға, ұлттық және адамзаттық мәдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.
-
Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыкалық негізгі білімі мен біліктіліктерін, музыкалық қызметтегі шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникациялық әдіс-тәсілдерін меңгеру, ұлттық және адамзаттық мәдениеттің көркемдік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамыту.
-
Пәнді оқытудың міндеттері:
1) музыкалық сауаттылық бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру;
2) стиль, жанр, музыканың көркемдік құралдары туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) музыкалық негізгі терминдер мен түсініктемелерді игеру;
4) музыкалық іс-әрекет процесінде білімдер мен дағдыларды, оның ішінде музыканы басқа өнер түрлерімен кіріктіру арқылы дамыту;
5) музыкалық орындаушылық дағдалырды, сонымен қатар АКТ қолдану арқылы қалыптастыру;
6) дәстүрлі қазақ музыкасы және фольклорының, әлем ұлттарының музыкалық шығармашылығының, классикалық және қазіргі композиторлар шығармаларының үздік үлгілерін білу;
7) музыкалық қызмет процесінде білім алушылардың шығармашылық қабылдауын қалыптастыру;
8) музыкалық іс-әрекеттер процесінде зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
9) білім алушылардың өмір тәжірибесі негізінде когнитивтік және эмоционалдық іс-әрекеттер саласын, көркемдік-эстетикалық сезімдерді, ассоциациялық және бейнелеп ойлауды қалыптастыру, музыкалық іс-әрекеттер арқылы қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіру.
-
Бастауыш мектептегі «Музыка» пәнінің мазмұны:
1) қазақ музыка фольклорын, дәстүрлі, классикалық және қазіргі музыка үлгілерін;
2) музыкалық сауатының негізін;
3) орындау және тәжірибеде музыкамен әуестену үшін музыкалық материалды (композиторлар, халық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанр және стильдер бойынша мағлұматтар);
4) музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ қолдануды;
5) өнердің басқа түрлері және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.
-
Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
-
Құндылыққа бағытталған тәсіл:
1) оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың әдісі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады;
2) құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталандырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойғы білім - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.
-
Тұлғаға бағытталған тәсіл:
1) тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оқу процесінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.
-
Іс-әрекеттік тәсіл:
1) іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі табады, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білім, оқу біліктері мен дағдыларының және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».
-
Сараланған тәсіл:
1) Сараланған тәсіл оқушылардың ерекшеліктерінің негізінде оқу топтарына әр түрлі мүмкіндіктер туғызатын дербес оқу процесі болып табылады. Сараланған тәсілге әр түрлі топтағы оқушылардың оқу іс-әрекетін арнайы дайындалған құралдар мен қызметті саралау әдістерінің көмегімен ұйымдастыру кіреді. Саралап оқыту жұмысын ұйымдастырудың шарты күрделілігі, танымдық қызығушылығы, мұғалім тарапынан көмек көрсету сипаты жағынан айырмашылығы бар сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.
-
Коммуникативтік тәсіл:
1) білім берудегі коммуникативтік тәсіл дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу процесі. Коммуникативтік тәсіл нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативтік тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі қарым-қатынас икемділігін қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) енгізуі қажет.
-
Ортақ тақырыптар негізінде оқыту:
1) «Музыка» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. 6-7 жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
-
Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту:
1) оқыту әдісі ретінде ойын түрін қолдану оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Музыкалық іс-әрекеттер процесінде ойынды қолдану оқушылардың музыкалық есте сақтау, ассоциативтік-бейнелік және шығармашылық ойлау, есту, ырғақтық, орындаушылық дағдыларын және музыкалық білімдерін дамытуға мүмкіндік береді;
2) оқытудың ойын технологияларының басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.
-
Көркемдік-музыкалық тәсіл:
1) бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі музыкалық іс-әрекет (орындаушылық, музыкалық-шығармашылық, коммуникативтік және сөйлеу іс-әрекеті) барысында музыкалық сауат негіздерін қолдану нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқушылардың және оқушы топтарының оқу-танымдық іс-әрекеттері. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттері тек сабақтармен ғана шектелмейді, сонымен бірге сабақтан тыс іс-әрекеттермен кіріктірілуі, оның ішінде оқушылардың түрлі шығармашылық-музыкалық, драмалық үйірмелерге қатысуымен қарастырылады
-
Берілген тәсілдер:
1) әрбір оқушының музыкалық білімін одан әрі дамыту мақсатында әрбірінің жеке пікірін құрметтеу және қолданыстағы білімдер мен дағдыларды қолдану маңыздылығын түсіну;
2) арнайы тапсырмалар мен педагогикалық қызмет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
3) оқушыларға өмірден алынған мысалдар арқылы мәселелерді шешудің стратегияларын моделдеу;
4) оқушылардың зерттеу әрекеттері мен белсенді оқуын ынталандыру;
5) оқушылардың сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық дағдыларын түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатысу арқылы дамыту;
6) оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
7) әртүрлі музыкалық іс-әрекет түрлеріне оқушылардың белсенді қатысуы;
8) білімді өз бетімен іздену уәжін қалыптастыру;
9) «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушылардың білім алуын қолдау;
10) бағалаудың әртүрлі тәсілдерін одан әрі дамыту үшін қолдану;
11) әрбір оқушының шығармашылық дағдыларын ашу үшін қолайлы орта құру;
12) оқушыларды белсендіру және ынталандыру мақсатында оқытудың дифференциациясы;
13) пәнаралық кіріктірілуі арқылы жүзеге асырылады.
-
Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
-
«Музыка» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
-
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, бастауыш білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес бағалау өлшемшарттарымен оқу процесінің барлық қатысушылары (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, ата-аналар мен басқа да заңды тұлғаларға) алдын-ала таныстырылған нақты анықталған оқушылардың білім жетістігін салыстыруға негізделген бағалау процесі.
-
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген..
-
Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
-
Бастауыш мектепте критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
-
Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың күнделікті өмірде сабақта және/немесе үйде меңгерілген білім деңгейі мен дағдыларының қалыптасқандығын анықтайтын бағалау және оқытуда оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын белсенді жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды оқу барысында олардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын және оқытудың мақсаттары мен күтілетін нәтижеге жетуін түсінуге мүмкіндік береді.
-
Жиынтық бағалау- білім деңгейі және тоқсан соңындағы оқу бағдарламасы бөлімдерін аяқтауы бойынша оқушылардың білімді меңгеруі мен дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайтын бағалау.
-
«Музыка» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
-
Әр сыныпқа арналған оқу жүктемесі:
-
1-кесте
|
Сынып |
Апталық сағат саны |
Жылдық сағат саны |
|
1 |
1 сағат |
33 сағат |
|
2 |
1 сағат |
34 сағат |
|
3 |
1 сағат |
34 сағат |
|
4 |
1 сағат |
34 сағат |
-
Музыка кабинеті сабақтарды өткізуге ыңғайлы және оқушылардың кіші және үлкен топтарда еркін жұмысын қамтамасыз ету үшін жылжымалы үстелдер мен орындықтары бар үлкен бөлме болуы керек. Кабинеттегі жиһаздың орналасуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Кабинетте музыкалық жабдықтарды, аудио-, бейнетехникаларды қосуға ыңғайлы болу үшін электр розеткаларды кабинеттің бірнеше жерлеріне орналастырған жөн. Кабинетте, жалюздер мен терезені қараңғылауға арналған жүйелер, қосалқы бөлме немесе сөрелер, материалдар, құралдар және музыкалық аспаптарды сақтайтын шкафтар қою, қабырғаларды дыбысты өткізбейтін қылып ескеру ұсынылады.
-
Кабинетте міндетті түрде интерактивтік, маркерлік және көрсетілім тақталары болуы қажет.
-
Пәнді тиімді оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар:
1) жабдықталған компьютер (монитор, жүйелі блок, саб-буфер, дыбыс ұлғайтқыштар (колонкалар), микрофон, тышқан, пернетақта, жүйелілік фильтр);
2) домбыра, фортепиано, синтезатор, баян, аккордеон;
3) фонотека (CD-музыкалық жазбалар қоры);
4) музыкалық орталық;
5) топтық жұмыстар үшін ноутбуктер;
6) бейнекамера;
7) фотоаппарат;
8) қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары: домбыра, дабыл, дауылпаз, қоңырау, сылдырмақ, асатаяқ, шаңқобыз, тұяқтас, мұйіз, тоқылдақ;
9) балаларға арналған музыкалық аспаптар жиынтығы: ксилофон, металлофон, бубен, маракастар, музыкалық үшбұрыш, белгілі биіктіктегі қоңыраулар, балалар барабандары.
-
Оқу пәнінің мазмұны:
1) пәннің мазмұнын анықтау үшін музыканы оқыту мақсаттарының үш бөлімнен, алты бөлімшеден тұратын жүйесі жасалған. 1-4 сыныптардағы музыкалық білім берудің мазмұндық бағыты оқыту мақсаттары жүйесінің үш бөліміне бағынған. Бұл бөлімдер оқушылардың музыкалық сауатын, орындаушылық және шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағытталған. Бөлімдер мен бөлімшелер құрылымының логикасы оқушылардың музыкалық шығарма мәнін түсінудің негізі ретінде ақпараттарды қабылдауға негізделген (музыканы тыңдау және қабылдау, талдау және тыңдаған музыкаға әсерлену):
1-бөлім «Тыңдау, талдау және музыканы орындау» мынадай үш бөлімнен тұрады: «Музыканы тыңдау және талдау», «Музыкалық-орындаушылық қызмет», «Музыка сауаты». Бұл бөлімнің мақсаты музыкалық сауатты, тыңдау және музыканы талдау, вокалды-хор, аспаптық және ырғақтық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған;
2-бөлім «Музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасау» сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамытуды қалыптастыруға бағытталған: музыка шығару мен импровизация жасау үшін идея мен материалды талқылау және жинақтауды қарастыратын екі бөлімшеден тұрады. Осы бөлімде музыкадағы бастапқы АКТ дағдыларын қалыптастыратын оқу мақсаттары көзделеді;
3-бөлім «Презентация және бағалау» музыканың мазмұны арқылы оқушылардың коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған музыкалық-шығармашылық жұмысын көрсету мен бағалау кезеңдерін қамтиды;
2-кесте
|
№ |
Оқыту мақсаты жүйесінің бөлімдері |
Оқыту мақсаты жүйесінің бөлімшелері |
|
1 |
Музыканы тыңдау, талдау және орындау |
1.1 Музыканы тыңдау және талдау |
|
1.2 Музыкалық сауаттылық |
||
|
1.3 Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет |
||
|
2 |
Музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасау |
2.1 Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау |
|
2.2 Музыка шығару және импровизациялау |
||
|
3 |
Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау |
3.1 Музыканы көрсету және бағалау |
-
Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану және мониторинг жасау үшін кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді, үшінші сан бөлімшені, төртінші сан оқу мақсаттарының реттік санын білдіреді. Мысалы, код белгісіндегі 1.2.1.1: «1» сынып, «2» бөлім, «1» бөлімше, «1» оқу мақсатының реттік саны.
-
Ескертпе:
1) барлық оқу мақсаттары нақты контекстке қатысты байланбай, әртүрлі тақырып аясында іске асырылуы мүмкін.
-
Әрбір бөлімшенің аясында музыкалық білім берудің мақсатын айқындау 1-4 сыныптардағы білім берудің 41 мақсаттан тұратын жинақталған жүйесін жасауға мүмкіндік береді, онда 1 сыныпта оқытудың 9 мақсаты, 2 сыныпта -10, ал 3-4 сыныптарда -11 оқу мақсаттары көзделген. Оқыту мақсаттарын айқындауда, атап айтар болсақ қосалқы мәтінде, пәндік білім мен біліктіліктер ғана емес, сонымен бірге оларды нақты тәжірибеде қолдану, мысалы, оларды ән айту және музыкалық аспаптарда ойнауда қолдану, құрастыру және импровизация, музыкалық компьютерлік бағдарламаларды меңгеру үшін АКТ-ны пайдалану, пәнаралық байланыстар, сөйлеу қызметінің түрлерін дамыту мен комммуникативтік дағдыларды қолданудың арқауы тартылады:
1) 1-бөлім «Музыканы тыңдау, талдау және орындау»:
Музыка оқыту әдістемесі пәнінің мақсат, міндеті
Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде ой-өрісін дамытуда заман талабына сай құрылған музыка сабағының маңызы зор. Мектептегі музыка сабағы оқушылардың әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы қабілетті дамыту керек. Ал, жалпы музыкалық қабілетті дамыту үшін музыка пәні мұғалімі „сегіз қырлы, бір сырлы“ болуы қажет. Ол-әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы,қысқасы, ғылымның әр саласынан хабардар болғанда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.Міне, осындай ұстаз дайындау мақсатында музыка пәнінің маңызы зор. Жалпы білім беретін мектептің музыка сабақтары білім берудің, тәрбие берудің маңызды саласы болып табылады.Музыка пәнінің мақсаты-қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық (ұлттық) музыкаға баулу.
Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті–оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс-әрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас көркемдік эстетикалық мүмкіндіктерді туғызу. Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әсемділігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін, тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет.Өзін қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабағын тығыз байланыста ұстау, оқу тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халық ауыз әдебиеті, ойын-сауық, салт-дәстүр, тағы басқа музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.
Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері:
-
Оқушылардыңы музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.
-
Оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тек шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру,оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білуге, музыкалық шығармалардың сипатына, стилі мен жанрына және дәуіріне қарай түсінуге тәрбиелеу, музыкалық шығармалардың сипатын танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық, тембрлік ерекшеліктері туралы және оларды музыка пәнінін бағдарламасында белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру.
-
Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдерді игеруде қалыптастыру.Ән айту дағдысы, музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Көркем бейнелерді қабылыдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр алуан түрлерін біріктіру нәтижесінде жүзеге асады. Бұл–оқушылардан түрлі іс-әрекет барысында белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.
-
Музыка сабақтарында оқушылардың музыка шығармашылық дағдыларын даму.Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін(әншілік, күйшілік,ақындық,суырып салма,бейнелеу өнері,актерлық, жазушылық т.б.) қалыптастыру болып табылады.
Музыка пәні мұғалімі осы ұсынып отырған мақсат-міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабақтарында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтырып отыруы қажет.
«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» пәні психология, педагогика және музыка теория негіздері пәндеріне негізделіп құрылған.
1.Музыкалық тәрбие әдістемесі,музыка теориясы пәндерімен тығыз байланысты. Себебі музыкалық теория музыка құралдары арқылы оның заңдылықтарын үйретеді, музыканың қарапайым білім дағадыларымен қаруланырады.
2.Музыкалық тәрбие әдістемесі пәнімен тығыз байланысты. Музыкаға оқытуда біз психологиялық зерттеулерге сүйенеміз. Себебі, оқушылардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерінің дамуын олардың мінез-құлқын жасына қарай ой-өрісінің даму деңгейін, сезім-түйсіктерінің жетілуін біз психология пәні арқылы білеміз.
3.Музыкалық тәрбие әдістемесі балалар физиологиясымен де тығыз байланысты. Себебі музыка оқытушысы оқушылардың әншілік қабілетін дамыту үшін балалар дауыс аппараты және тыныс алу аппаратарының құрылысымен функциясымен жетік білу керек. Егер оқытушы балалар физиологиясын жетік білмесе, ән үйрету барысында бала организіміне зақым келтіруі мүмкін.
4.«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбиенің теориясы мен технологиясы» (педагогикалық ғылым ретінде) жалпы педагогиканың заңдылықтарына бағынады. Кез-келген пәнді оқыту педагогиканың әдіс–тәсілдерін білуді талап еткені сияқты, музыка оқытуда педагогиканың әдіс тәсілдерімен дидактикалық принциптеріне сүйенеміз.
Әр сыныпта музыка тыңдау,ән айту,музыка сауатын меңгеру,шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары бойынша музыкалық материалдарды игеру барысында әр бөлімге сәйкес әндер жинағын, сазгерлер туралы мағлұматтар,тыңдалатын музыкалық шығармаға сәйкес иллюстрациялық көрнекіліктер, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар түрлерін, ребустар, сөзжұмбақтар, дидактикалық көрнекіліктер, халық педагогикасының әдістері-мақал-мәтел, жұмбақ, музыкалық ойындар тағы басқа құнды да көптеген қажетті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты өз дәрежесінде өткізуде керекті қорларын молайтады.

М.О Әуезов пен Абай Құнанбайұлының музыка саласындағы еңбектері
Семей қаласы, 2018 жыл
Абай музыкалық мұрасы
Ұлы ақын,
ағартушы Абай музыкалық
саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін,
қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса,
музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай
өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді,
халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері
де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға,
заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба
мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен
себебі — олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін
шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Абай әндерінің өзгешелігі — мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы
жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік
алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады,
болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық
жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың
халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді.
Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен
қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына —
ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері
халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып
жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып,
қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың
музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне
байланысты.
Абай музыкалық мұрасы
Музыкалық мұра. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері - осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын әндерге Абай әңдері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия лебі оның әндеріне де жаңа лебіз берді. Орыстың ұлы ақындарын үлгі тұтқан Абай музыка дүниесінде де мұсылмандық шығыстың құран оқу әуезінен үн сөздіктерін іздемегені былай тұрсын, өзіне дейінгі болып келген қазақтың халықтық әндерінің бірқалыптас тілдерін де місе тұтпады. Ол орыстың әдет- ғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан шығармашылық үлгі алды. Оның үстіне Абайдың «Евгений Онегинді» аударып, «Татьяна хатына» өзінің ән шығаруы, А. А. Дельвиг пен М. М. Глинканың «Сұрғылт тұманын», А. Г. Рубинштейннің «Мен көрдім», М. Ю. Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбын» аударып, ояарға ән шығарғаны - Абайдың музыкалық сөздігін байытуға әсер етті. Тағы бір айта кететін нәрсе - Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының керінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен», «Жиырма бес», «Аққұм» сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз.
Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның шығармашылық заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы, Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі - Абай ерекше бір музыкалық ортада болды: бір жағынан, өзінің асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық музыкасын жақсы біліп, Семей қаласына гастрольге келген артистердің концерттерін тыңдап-көру арқылы орыс музыкасымен тікелей танысып отырса, екінші жағынан айналасына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды (өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа). Олар Абай шығарған әндерді тыңдаушы ғана емес, бабына келтіріп орындаушы, дос пейілді кеңесшілер еді. Абайда Мұхит, Біржан сияқты күшті дауыс болмаса керек. Ол тек өз даусының жеткенінше ғана айтып шығарды. Ол-ақын, композитор, орындаушы арасында жетілген еңбек белгісі жоқ көздегі жағдай еді. Шығарманы бірінші рет орындаушы да, кейін оны халықарасына таратушы да шығарушының өзі болады. Бұл жағдай Абай басында да болды. Абай әндері жаңа болғандықтанда өз тұсында көп түсінбеушілікке көздесті. 7, 8, 11 буын ырғағымен ғасырлар бойы тәрбиелеңіп келген адамдарға Абайдың жаңалықты ән тілі тұсінікті болып кету үшін феодализмнің кертартпа дәстүрі қолайлы жағдай болмады. Абайдың : Адам аз мұны біліп ән саларлық, Тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық, - дегені осы бір жағдаймен байланысты болу керек. Әннің мөнін тұсіне айтатын орындаушы мен оны бағалай білетін, жаңа үнді жаны тұсінетін тындаушыны арман еткен, бұрынғы қара дүрсінділікпен күресіп келген Абай жаңа әндерінің көпке баяу тарағанына қынжылады. Алайда идеялық көзқарасында еңбекші халықтың мұңын жоқтауға көшкен Абай өзінің өлеңдерінде де, қарасөздерінде де, әндерінде де осы идеяны қолдап отырды. Поэзияның тілі жетпеген жерде Абай өлеңге ән қосты. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген Абай музыкасыныңда адам өміріндегі орнын, оның поэзиямен қосылғанда күші арта түсетінін сөзген. Абай әнді ермек үшін де, қосымша кәсіп болсын деп те шығармаған. Ол жан сырын халыққа тек поэзия тілі арқылы ғана жеткізуді місе тұтпай, сонымен бірге халқымен музыка арқылы да тілдесуді жөн көрген... Абайдың Музыкалық мұрасы тек совет өкіметі тұсында ғана жиналып, нотаға түсіріле бастады. Қазақтың халық музыкасын жинаушы А.Затаевич 1925 ж. Абайдың бірнеше әнін нотаға тұсіріп, жариялады. 30 жылдарда композитор Б. Ерзакович пен Л. Хамиди Абайдың 20-дан аса әнін нотаға тұсірді. Бұл әндердің бірқатары Абайдың екі томдық өлеңдер жинағында да басылды. 1939 ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы Мәкен Мүхаметжанованың орындауымен Абайдың Ібәнін нотаға жаздырды. Бірқатар білімпаздардың ұйғаруынша, Мүхаметжанованың орындауындағы Абай әндері автордың түпнұсқасына жақын болуы керек. Қазақтың халықтық музыкалық үлгілерін жинаушы кейбір мекемелерде жеке адамдардың архивтерінде сақталып жатқан Абай әндерін шамамен есептегенде, түрлі нұсқаларын қосқанда, жалпы саны қырыққа жуық болады Абай әндері нотаға түскен күннен бастап фортепианолық сүйемелдермен жеке дауысқа арналып, нотаға түсіріліп орындала бастады. Бертін келе Қазақстан композиторлары Абай әндерін өздерінің шығармаларына тақырып-арқау етіп енгізді. Абай әндері негізінде жеке аспаптарға (ұлт аспаптарына, симфониялық оркестр аспаптарына), шағын ансамбльдерге(трио, квартет, квинтет) және үлкен оркестрге арнап шығармалар жазды. Абай әндері «Абай» операсына молынан кірді. Онда Абай әндері өзініңалға- шқы қалпында да, шығармашылық дамулы - өзгөрісті түріндедеендҢоркестрде, хорда, ансамбльдерде). Операдағы бір өзгешелік - бірқатар кейіпкерлер үшін Абай стилінде ән, ариялар жазылды. Мысалы, бірінші актідегі Айдар-Ажардуэті, төртінші актідегі «Ей, халайық, барым ең сен» деп басталатын Абайдың ариясы.
Қазақстан композиторлары Абайдың сәздеріне өздері көптеген ән жазып, Абай поэзиясының жан түкпіріне жететін асыл қасиеттерін музыка тілімен жапғастыру ісіне қызу атсалысты. Абай - тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер койнына кірер денең...» Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады. Абай музыканы таддауға материапистік тұрғыдан келіп, оны сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды. «Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай түнық...» - деп, Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетті. Ол сыртқы шындық біздің сөзім мүшелеріміз арқылы бастағы миға жетеді деген дәлел айтты: «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй...» немесе: «Жүрек тербеп оятар баста миды». Композитор шебер суреттей, образ жасай білсе, әнде өмір сәулесі түнық су түбіндегі заттай анық көрінеді, ән мен кұйдің санамызда бейнөлеңуі, «бойымызды алып, жүрегімізді тербеп, бастағы миымызды оятуы қүлақ (есту) арқылы келеді», - дейді Абай. Ән-күйдің сана-сезімге, кеңілге әсер ететінін айта келіп, Абай: «Салған ән көлеңкесі сол көңілдің», - десе, екінші біржерінде:
«Ұйықтап жатқан жүректі ән
оятар,
Оның тәтті оранған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін
қозғап,
Жас балаша кеңілді жақсы уатар»,
- дейді.
Әнде кеңіл күйі сан түрлі болатынын (мажор, минор) Абай шебер түсіндіреді. «Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар...» немесе: «Құр айқай бақырған, Құлаққа ән бе екен», - деген өлең жолдарында Абай музыканың жан қылын шерту орнына, жаныңды түршіктіретіні де болатынын айтады. Данышпан Абай күй женінде де ете өткір пікірлер айтты. Күйдің тексіз айтылатын ән екенін сөзген Абай: «Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге, Жылы жүрек қайда бар қозғаларлык?...»немесе: Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда кеңілдің әсері бар , - деді. Бұл жолдардан Абайдың күйді жете тұсінгендігі керініп тұр. Осындай ән-күй туралы айтылатын аса бағалы пікірлерімен қатар, Абай әнді орындау шеберлігіне де көп кеңіл аударады...
Абай орындаушылыққа ұлкен мән берген адам. Жақсы шығарылған ән-күй жаман орындаушының қолына түскенде, «ауыздан шыққанда еңі қашатын, кеңілдегі керікті ойдың» көбін киетінін де Абай білді. Шығарушылық пен орындаушылықтың екі турлі қабілет екенін де ол жақсы түсінеді. Сондықтан жоғарыда айтылғандай, Абай алғашында өз әндерінің шығарушысы да, оларды бабына келтіріп орындаудың нұсқаушысыда, ән-күйдің, әншіліктің сыншысы да өзі болды. Әрине, Абайдың «әніңді сатып ақша алма» деуі - сол көздегі ән қадірін тұсініп, біреулерді өтірік мақтап, мал табушыларды мінеп-шөнегендік еді.
Қорытып айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі - Абай поэзиядағы сияқты музыкалық шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артық шылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыкалық дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы - үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек белісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық женінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін ұлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драма, сатира, трагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін т. б. сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.[1]

Халықтың ұлттық аспаптары
Семей қаласы, 2018 жыл
Қазақтың музыкалық аспаптары
Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, , сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті. «Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
![]()
Домбыра
Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен. Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
Шертер
Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады. Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған.
Қылқобыз
Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды.
Жетіген. Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған. Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді.
Адырна. Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады.
Сыбызғы
Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.
Сазсырнай
Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары.
Шаңқобыз
Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар.
Мүйіз сырнай[
Мүйіз сырнай - ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай - сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.
Ұран
Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
Тұяқтас
Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.
Асатаяқ
Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.
Сақпан[
Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың “сақпан”, “шартылдауық”, “зымырауық” деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр. Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде зырылдауықтың бірнеше үлгісі сақталуда. Олар белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасында қалпына келтірілген.
Дабыл
Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады.кнфункеие
Даңғыра[
Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.
Кепшік
Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды. Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді. Ертеде Кепшікті қыз - келіншектер бидай суырып, сұлы ұшырып, тары тазалау үшін тұрмыстық мақсатта қолданып келген. Кейін келе оны би ырғақтарын сүйемелдеуге, ал бақсы - балгерлер зікір салып, ауруларға ем жасағанда өз әуендерін сүйемелдеуге қолданатын болған. Музыкалық мақсат үшін соқпалы құрал ретінде пайдалану ісі осы бақсылардың өз дауыстарын сүйемелдеп зікір салу әрекетінен туындаған.
Қорытынды
Қазақ халқының музыка мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Музыка аспаптарының әр түрлілігі де соның бір айғағы.Ұмыт болған аспаптарды қайта өңдеу және оларды жетілдіре түсу , аспаптарды дамыту сондай –ақ осы аспаптарға байланысты ұлттық өнерімізді тұрмысымызға кеңінен енгізу біздің азаматтық парызымыз. Уақыт шаңына көміліп ұмыт қалған қазақтың көне аспаптарында ойнау тәсілдерін қайта өрбітіп , қалпына келтіру - әуезшілік шығармалардың мазмұнын жаңа көркемдік сатыға көтеріп қоймай , ұлттық мәдениетімізді байытып , оған дәстүрлік тұрпат беретіні сөзсіз.

Музыкалық терминдер
Семей қаласы, 2018 жыл
А
Д
К
Л
М
П
Р
С
Ф
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Музыка портфолио

шағым қалдыра аласыз