Музыка сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
"Музыка сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру" - Өнер , музыка мектептері, жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Музыка сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру.

(Әдістемелік баяндама)


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа насихаттап, бойына сіңіру жолында музыка сабағының қосатын үлесі зор. Балаларға жүйелі түрде білім беру, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру міндетіміз.

Елбасымыз Н:Ә:Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп ұстаздарға үлкен сенім

білдірді. Жаңа талап -- мұғалімдерден ізденісті, жаңа технологияны меңгере отырып шығармашылық жұмыстармен үнемі алға жылыжып отыруды қажет етеді. Шығармашылықпен айналысқан мұғалімнің сабағы өте сапалы өтеді, әрі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Халықтық педагогика замана сындарынан өтіп, жаңғырып, халқымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазына. Музыка сабағын оқытуда және сыныптан тыс жұмыстарда балаларға тәлім- тәрбие беруде, қазақтың тұрмыстық салт- дәстүрлерін, әдет- ғұрыптары мен халық музыкасы және фольклоры туралы ұғымдар қатар жүреді. Әр халықтың музыкасы, өнері, мәдениетінсіз сол халықты тану мүмкін емес. Музыка сабағында халықтық педагогика оның ажырамас бір бөлшегі ретінде көрінеді. Халқымыздың асыл қазынасын сабақ барысында тиімді пайдалану, оқушыларды ұлттық өнеріне, оның салт- дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретіп, өз ұлтын сүюге тәрбиелейтіні сөзсіз.

Тұрмыс-салтқа байланысты әндер мен күйлерді тыңдап үйренуде мысалы «Бесік жыры», «Тұсау кесу», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу», «Жоқтау» әндері мен күйлерінің мән- мазмұны халқымыздың салт-дәстүрімен тікелей байланысты. Әндер мен күйлерді үйреніп, тыңдау барысында берілген тақырыпқа байланысты салт-дәстүріміз, әдет- ғұрып туралықысқышы видеороликтер, слайдтармен және әңгімелесу, түсіндіру әдісімен айтылады.

Қазақтың музыкалық аспаптарымен танысу барсында салт-дәстүрге байланысты аңыз-әңгімелердің аспаптардың құрылысын, шығу тарихын есте сақтау үшін зор маңызы бар. Мысалы, қобыз, домбыра, жетіген, сыбызғы т.б көне аспаптардың пайда болуы туралы аңыз әңгімелерді оқушылар елестете отырып, зор ықыласпен тыңдайды.

Мысалы жетіген аспабын таныстыруда осы аспаптың шығу тарихы жөнінде аңызды айтып, әңгімелесу әдісі бойынша түсіндіріп, оны халқымыздың жеті санының мәні мен маңызына үлкен мән беретінімен байланыстыра отырып түсіндіру өз нәтижесін береді. Бұлда музыка сабағын халықтық педагогикамен ұштастыра өткізудің бір көрінісі.

Мұндағы жеті күндік ас беру – қазақтың салтында қайтыс болған адамға жеті күндік ас беріледі де,жеті күн өткенше жоқтау айтады. Мысалы ал жоқтау ежелден келе жатқан халық дәстүрі, музыка тілімен айтқанда аза тұту музыкасы. Осылайша бір аспапты таныстыру мақсатында халқымыздың асыл мұралары туралы кеңінен мәлімет беру, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге құрметпен қарауға үйретері сөзсіз.





Shape3 Shape2 Shape1

Жетігеннің жеті шегі



Жеті қазына

Жеті күн



Shape4

Shape6 Shape5


Shape9 Shape8 Shape7

7

саны

Жеті нота

Жеті ата




Shape11 Shape10


Shape14 Shape13 Shape12


Shape16 Shape17 Shape15

Жеті күндік ас беру

Жеті қат көк

Жеті жұт









Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары да халықтық педагогиканың бір бөлшегі.Ұлттық ойындар арқылы балаларды халқымыздың дәстүрімен, әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып,оны құрметтеуге тәрбиелейді.Ойынды сабақтың басында қолдану- жаңа сабаққа немесе үй тапсырмасын сұрауға оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданса, оқушылардың көңіл-күйін сергіту,шаршағанын ұмыттырып, ерік-жігерін дамытуға көмектеседі. Ойын сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту, не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланады. Бастауыш сыныптарда ойын оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында қолданады. Мысалы, "Алтын сақа", «Сиқырлы таяқ», «Ұшты-ұшты», «Айгөлек», «Кім жылдам», «Қырықаяқ», «Ақшымшық» тағы да басқа көптеген ұлттық ойындарды байланыстырып сабақты қызықты әрі мағыналы өткізуге болады.

Ұлттық құндылықтарымыз- салт-дәстүріміз, музыкалық фольклорымыз-жыр-терме, толғаулар, көнеден келе жатқан ұлттық музыкалық аспаптар, қолөнер бұйымдары (әшекей бұйымдары, құрал-саймандар, ат-әбзелдері т.б), ою-өрнектерге бай ұлттық киімдер. Ең бастысы қазақтың киіз үйін алайық.. Киіз үй бөліктерінің әрқайсысынан халқымыздың отбасына, туған елге, жерге деген тілегін көре аламыз. Мысалы: «Киіз үй» әнін үйрену үшін түрлі түсті суретпен салынған киіз үйдің бөлшектерін құрастырамыз. Ол үшін киіз үй қалай тігіледі? Осыны түсіндіреміз. Әр бөлшектің артында ұлттық салт дәстүрге байланысты сұрақ тұрады.

1.Кереге - Кереге туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? Мысалы «Керегең кең болсын!»

2.Сықырлауық - Босаға, табалдырыққа байланысты мақал мәтел айту.

3.Шаңырақ - Шаңырақ, Отбасы туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Елтаңбамызда шаңырақ не үшін тұр деп ойлайсыңдар?(Осы жерде шаңырақ туралы кеңінен әңгімелеу. Қара шаңырақ, киелі шаңырақ, шаңырағың биік болсын!,т.с.с Шаңыраққа байланысты мақа-мәтелдердің мазмұнын ашып түсіндіру)

4.Уық - «Бірлік болмай тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Уықтың шаңыраққа қадалып, шаңырақты ұстап тұруын - ауызбірлік, бірлік, достық, ынтымақтық ұғымдарымен байланыстыра отырып түсіндіру.

5.Іргелік, үзік, түндік, ши – киіз үйдің қорғаны. Осылардың киіз үй үшін маңызын- туған жермен, елмен байланыстыра отырып әңгімелеу.

6. Басқұр, желбау, шашақты баулардың маңызы, олардың ою-өрнекпен тоқылуы, ою-өрнектердің мәні ашу, слайдтарды көрсету.

Музыка сабағын өткізуде қазақтың ою-өрнектерін пайдаланудың маңызы ерекше. Ою-өрнектер әсемдігімен бірге өзіндік мән- мағына береді, әрқайсысының атауы болады. Қазақтың ұлттық аспаптарына арналған күйлерді, әндерді, басқа да музыкалық шығармаларды тыңдай отырып, ою-өрнектер арқылы бейнелеуге болады. Қазақтың ұлттық би өнерінде де әр қимыл ою-өрнекпен бейнеленеді. Мысалы тұмар, айна, толқын, қошқар мүйіз, аққу тағы да көптеген би қимылдарын атауға болады.Бейнелерді ою-өрнек арқылы елестету, бейнелеу- оқушылардың әсемдік пен ырғақтың үндестігін сезіне білу дағдысын қалыптастырады.

Қазақ халқы өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжей білуді баланың санасына жастай сіңіре беруді қөздеген. Сонымен музыка сабағын халықтық педагогикамен ұштастыра өткізудің маңызы зор екенін көреміз. Басты мақсат – балаларды халық педагогикасы негізінде ұлттық сана – сезімі оянған, мәдениетті, білімді, эстетикалық талғамы жоғары, еңбекқор, өз елін сүйетін, ұлттық құндылықтарын қастерлей білетін, рухы биік адам етіп тәрбиелеу.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
144
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі