400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Музыкада ұлттық дәстүр элементтерін қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым педагогі, педагог-модератор, музыка жетекшісі Сайлаубай Ардақ Ақтайқызы "Музыкада ұлттық дәстүр элементтерін қолдану" атты мақаласында мектепке дейінгі ұйымда музыка іс-әрекетінде ұлттық дәстүр элементтерін қолдану – балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырумен қатар, оларды эстетикалық, патриоттық және рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің тиімді жолы,-дей отырып, осы бағытта жұмыс жасау іс-тәжірибесімен бөліседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыкада ұлттық дәстүр элементтерін қолдану


Мектепке дейінгі ұйымда музыка іс-әрекетінде ұлттық дәстүр элементтерін қолдану – балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырумен қатар, оларды эстетикалық, патриоттық және рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің тиімді жолы. Бұл бағытты қолданудағы мақсат балаларды қазақ халқының ұлттық музыка өнерімен таныстыру, балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, музыкалық қабілеттерін дамытып, шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.

Музыка іс-әрекетінде ұлттық дәстүр элементтерін қолдану – мектепке дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамытады, ұлттық сана-сезімін, шығармашылық ойлауын, мәдениетке деген құрметін арттырады.

Музыка іс-әрекетінде қолданылатын ұлттық дәстүр элементтері:



Элемент

Қолдану жолдары

Халық әндері мен жырлар

«Бөпем», «Әлди-әлди», «Секіртпе», «Әгигай» халық әндерін үйрету, орындау.

Ұлттық аспаптар

Домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз сияқты аспаптармен таныстыру, дыбыстарын тыңдату,

Күй тыңдау

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет сияқты күйші-композиторлардың күйлерін тыңдату.

Ұлттық билер

«Қара жорға», «Айжан қыз», т.б. билерден қарапайым қозғалыс элементтерін үйрету.

Музыкалық ойындар

«Ақсүйек», «Сақина салу», «Тақия тастамақ» т.б. ойындарды музыкамен ұштастыру.

Мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар

Ұлттық болмысқа сай тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттату.



Ұлттық дәстүр элементтерін қолдану түрлері:

1. Музыкалық тыңдау: балаларға ұлттық аспаптарда орындалған күйлер мен әндерді тыңдату;

Музыка арқылы көңіл-күйін ажырату.

2. Ән айту: халық әндері мен композиторлар әндерін үйрету;

Ән айту кезінде дұрыс дауыс қою, ырғақ сезімін дамыту.

3. Музыкалық-ырғақты қимылдар:бидің қарапайым қимылдарын үйрету;

Би арқылы әуенге сай қозғалысты меңгеру.

4. Музыкалық ойындар мен драмалау: музыкалық сахналау (ертегілерді ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелдеу); ұлттық ойындарды музыкамен бірге қолдану.

Осы ретте музыка жетекшілерінің негізгі рөлі: баланың жас ерекшелігіне сай музыкалық материалды дұрыс таңдау, музыка сабақтарында ұлттық нақыштағы орта қалыптастыру, балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту мен қолдау, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, отбасында ұлттық музыканы насихаттауға ықпал ету.

Музыка іс-әрекетінде ұлттық дәстүрді қолданудың маңызы:

Ұлттық сана-сезімді қалыптастырады. Қазақ халқының ән-күй өнері арқылы балалар өз халқының тарихы мен мәдениетін тани бастайды.

Эстетикалық және рухани тәрбие береді. Халық әндері, күйлер, би элементтері арқылы баланың ішкі дүниесі байиды.

Тіл байлығын арттырады. Халық әндері мен тақпақтар арқылы сөздік қорын кеңейтеді.

Музыкалық қабілетін дамытады. Ұлттық аспаптармен танысып, ырғақ, әуен, тембр, интонация ұғымдарын меңгереді.



Іс-әрекет үлгісі:

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық аспаптары»

Мақсаты:

Балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру;

Музыкалық есту қабілетін дамыту;

Ұлт мәдениетіне қызығушылығын арттыру.

Құралдар:

Домбыра, қобыз, сазсырнай (нақты немесе бейнематериал)

Дыбыстық жазбалар

Ән мәтіндері, суреттер

Барысы:

Амандасу, көңіл-күй орнату (әнмен).

Ұлттық аспаптармен таныстыру – олардың шығу тарихы, дыбысы.

Ән үйрену – «Домбыра» немесе «Әгигай».

Ойын – «Аспапты тап» (дыбысы арқылы табу).

Қимыл-қозғалыс – би элементтерімен сергіту сәті.

Қорытынды – «Не ұнады?», «Нені үйрендің?».

Нәтижесі:

Балалар ұлттық музыка түрлерімен танысады;

Домбыра, қобыз сияқты аспаптардың атауын, дыбысын біледі;

Қазақ музыкасына деген құрметі артады.



№81 «Әсемгүл» балабақшасының музыка жетекшісі

Сайлаубай Ардақ Ақтайқызы

Педагог-модератор



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қыркүйек
71
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі