«Музыкалық аспаптар:Дәстүрлі және заманауи»
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.Қай заманда болса да адам баласы музыка аспабы арқылы өзінің ішкі сезімін, күйініші мен сүйінішін, қуанышы мен қайғысын жеткізіп отырғаны белгілі.
Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан,сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра.
Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге сүйенетін болсақ, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерватория-сының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналған. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлген болатын: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар.Белгілі композитор, академик А. Жұбанов «Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр»,– деген екен. Сан ғасырлар бойы қазақ халқының өмірімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан мол да, қасиетті де, киелі мұрамыздың үлкен бір тобын ұлттық музыкалық аспаптары құрайды.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспабының бірі- домбыра .Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген. Археологиялық қазба жұмыстары, тасқа түскен ескерткіштер домбыраның ежелгі түркі дәуірінде пайда болғанын көрсетеді. Алғаш домбыраның шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады. Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра"-деп жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
Ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, қиын-қыстау күндеріне куә болған домбырадан артық халықтың күйін шертіп, мұңын айтар не бар? . Оның бойында күллі қазақтың тарихы, мұң-зары, қуаныш-қайғысы, өткені мен бүгіні бар. Сондықтан да болар, қай қазақтың шаңырағына барсаң қасиетті домбырамыз төрден орын алады. Бұл бір ғана музыкалық аспапты ғана емес, күллі казақты, тарихыңды құрметтеу деп білеміз.
Екі ішектен ғана тұратын музыкалық аспаптың ерекшелігіне шынымен де таңданасың. Одан шыққан әсем әуеннің осынау екі ішекті аспаптан тарап жатқаны қайран қалдырады. Домбырада ойналған күйдің ерекше үні бар. Ол ет-жүрегіңді елжіретіп, көзіңе қазақтың кермиық даласын, қазақтың дархан көңілін елестетеді. Бір тілі Құрманғазы атамыздың төкпесі боп,бір тілі Тәттімбет атамыздың шертпесі боп тарихтан-тарихқа жеткен аспап.Осындай аспапты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндетім деп білемін.
Қай халықтың музыка аспаптары болсын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дөстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туын-дап пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерін сыртка шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.
Казақтың ұлттык, музыка аспаптары сонау ұлы ғалым бабамыз Әл-Фарабиден бастап, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов сынды, тағы басқа ғалымдар мен өнер адамдарының назарынан тыс қалып көрген жоқ. Музыка мен музыка аспаптарын зерттеу саласында ұлан-ғайыр еңбектер қалдырған Ш. Уәлихановты айтпағанның өзінде Абай Құнанбаев өзінің орыс досы Н. Долгополовпен бірге 1885-1893 жылдар аралығында бірнеше музыкалық аспаптарды тапқан. Абай әсіресе, ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударған. Семей қаласындағы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайында үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және асатаяқ сақталған.
Бүгінде отыздан астам қазақтың ұлттық төл музыка аспаптары бар. Бұл аспаптар алпысыншы жылдардан бастап ұлттык көне музыка аспаптарымызды зерттеуге өлшеусіз үлес қосып, соларды жер-жерлерден, қаншама мұражайлардан, ғылыми еңбектерден қажымай-талмай іздестіріп тапқан және сол аспаптарды жасатып, сол аспаптар құрамымен ансамбль ұйымдастырып, кыруар еңбек сіңірген ғалым Болат Сарыбаевтың қажырлылығы аркасында өмірге қайта оралды. Қазіргі Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық оркестрдің, негізін салған да Б. Сарыбаев еді. Б. Сарыбаев өмірге жолдама берген сол ұлттық музыка аспаптарымыздың көбі қазірде ұлттық оркестрлеріміз бен көптеген халық аспаптары ансамблдерінің құрамына енген. Көне де киелі саналатын аспап -ол қобыз. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатқан,ұлттық музыкалық аспап. Ұлттық аспап – асыл мұра , ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Өнер киесін арқалаған бабаның өнегесін қадірлеп, өткенді ұмытқызбай, бабалар жолын жалғастырушы аспап – қобыз.
Музыка аспаптарын жаугершілік заманда халыққа хабар бергенде, аң үркіткенде, әнші-күйшілер ән-күй орындағанда, бақсылар сарнағанда пайдаланып отырған. Мысалы, жау шапқанда елге хабар беру үшін үрмелі аспаптарды (дабыл, дауылпаз, ұран, керней); бақсылар сарнағанда — даңғара, асатаяқ, шаңқобызды; әнші-күйшілер өлең-жыр, терме-ән айтқанда немесе күй шерткенде — домбыра, сыбызғы, сырнай, қылқобыз сияқты шекті аспаптарды пайдаланған. Музыка аспаптары кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған. Музыка аспаптарына арнаулы қап жасап, қоржынға салып, аттың қанжығасына байлап немесе асынып алып жүруге ыңғайлаған.
Қорыта келсем ,қазақтың классик жазушысы, біртуар тұлға Мұхтар Әуезов халқымыздың музыка өнері жайында: «Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс – тарих үшін елеулі бұйым» деген екен. Расында, бұл халқымыздың дәстүрлі музыка өнері атадан балаға мирас болып, ғасырдан ғасырға жалғасын тауып отыратын рухани-мәдени байлық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»;
2. Б. Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары»;
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Музыкалық аспаптар:Дәстүрлі және заманауи» тақырыбында мақала

шағым қалдыра аласыз