Материалдар / музыкалық ойын сабақ "Әуенді тап"5сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

музыкалық ойын сабақ "Әуенді тап"5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуенді тап ойынын оқушылардың музыкалық қабілетін ояту үшін ойнатуға өте жақсы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Әуенді тап

Сазды ойынның мақсаты: Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әндерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: Сазды ойынға арналған оқушылар ұпайын анықтайтын әртүрлі қағаздан топ аты көрсетілген аспаптар, техникалық құралдар слайд тағы басқалар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар сыныпқа саз әуенімен енгізіледі, үш топқа арналған орындар дайындалған, және жүргізуші.
Сазды ойын барысы:
-Қош келдіңіздер құрметті қауым, аяулы ұстаздар, сүйікті біздің мектебіміздің оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушы өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерқұмар ән сүйер ойыншылар!

«Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй!»

- деп ұлы Абай атамыз айтқандай ән өнерін сүйетін,шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі бұл музыкалық ойынымызға үш топ қатысады:Оқушылар өздеріне ұнаған нота түстерін таңдап алады.
- Домбыра тобы
- Қобыз тобы
- Сазсырнай тобы
Топтарды таныстыру
«Домбыра» тобы
Ойынға келді топ «Домбыра»
Әнге құмар жандар дара
Қолпашта бізді уа, халайық!
Ойнап біздер қуантайық
«Қобыз» тобы
«Қобыз тобы тамаша,
Салады әнді жаңаша.
Ойынымен таңқалдырар,
Ойыншылар жараса»
«Сазсырнай» тобы
«Сазсырнай» тобы ерекше
Тапқырлығы өзгеше
Байқаңдар топтар біздерден,
Әуеншілер біздер ерекше.
Енді музыкалық ойынның шартын түсіндіріп өтейін.
Әуенді тап сазды ойыны төрт бөлімді сайыстан тұрады:
[b
]1. «Балғын шақ әуендері» деп аталады, мұнда біздің ойыншылар мектеп қабырғасында үйренген, естіген әндерді тауып, ұпай иемденеді.
2. «Тыңда Радио!» деп аталады мұнда әуеншілер радиоқабылдағыш арналарынан естіген әуендерді табады.
3. «Жұлдыздар дауысы» деп аталады мұнда ойыншылар теледидар, радио арналарынан көріп, естіп біліп жүрген қазақ әншілерінің дауысын ажыратып, әншінің немесе топ аттарын тауып айтып беру қажет.
4. «Күй-шежіре» деп аталады, мұнда әр үш топқа арнайы уақыт беріліп, жеке-жеке тыңдаған күйдің түрлерін ойыншалар тобымен ақылдасып, қандай күйдің түрі екенін айтулары қажет.

Ал енді ойынымызды бастайық, біздің дайындап әкелген әр сайыс әуендерін табайық.
Бірінші «Балғын шақ әуендер» сайысын бастаймыз
1. Отан ән
2. Біз өмірдің гүліміз! Әні
3. «Айгөлек» әні
Мінекей осымен бірінші бөлім әндері: аяқталды. Ұпайларын береміз
Ал енді екінші сайысымыз «Тыңда Радио!» қандай әуендерді сыйлайды екен, қабыл алайық. (Шеберлікпен тауып, тіпті орындапта жіберейік) (Әуендер минустық үлгіде беріледі)
1. «Қазақстан Республикасының әнұраны»
2. «Ана туралы жыр» әні
3. «Үшқоңыр» әні
Қанекей біздің ойыншыларымызға зор қошемет, өйткені екінші сайыс аяқталып біз үшінші сайысқа көшеміз.
Енді біздің сайыскерлеріміз қазақ эстрада жұлдыздарын білеме екен, соны анықтайық.
Сонымен «Жұлдыздар дауысы» сайысы басталды
1. «Әлия» әні Роза Рымбаева
2. «Шынарым » әні МУЗАРТ тобы
3. «Әке» әні Қайрат Нұртас
Үлкен рахмет құрметті ойыншылар! Енді сендерді соңғы сайыс «Күй-шежіре» күтіп тұр, күйдің үш түрін әр топқа жеке ұсынамыз.
Ойналған күйді күйшінің ойнау техникасы, тыңдау арқылы «төкпе», «тере», «шертпе», түрлерін ұйымдаса, ақылдаса ажыратуларың қажет. Өздерің байқағандай әр топтың атауы, күйді ойнайтын негізгі қазақтың үш аспабымен беріледі, ендеше қабыл алайық.
Бірінші күй «Домбыра» тобына ұсынылады
1. Құрманғазы! « Адай» күйі
Екінші күй «Қобыз» тобына
2. Дәулеткерей «Қосалқа» күйі
Үшінші күй «Сазсырнай» тобына ұсынылады
3.Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» күйі
Қошемет құрметті қауым өйткені «Әуенді тап» музыкалық ойынының соңғы бөлімі аяқталды. Біз енді әр топтың жинаған ұпай санын санап жеңімпаз топты анықтайық. Сонымен құрметті ойыншылар, көрермендер сазды ойынымыз аяқталды. «Ақылың болса ән тыңда» деген халық нақылы айтқандай әнге деген құмарлықтарыңыз ешқашан өшпесін.
Қош сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!