Музыкалық ойыншықтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыкалық ойыншықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық аспаптардың дыбыстарын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аққайың» бөбекжай бақшасы











Ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық сабақ

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Музыкалық ойыншықтар»

Picture 9



Тәрбиеші: Тоқбураева Р.





2022-2023 оқу жылы









Білім беру саласы: «қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Музыкалық ойыншықтар»

Мақсаты:

Білімділік: Музыкалықойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. Таныс ойыншықтарды, белгілері (түсі мен көлемі, дыбысы) арқылы ажыратуға үйрету(мысалы: сыбызғы гуілдейді, қоңырау сыңғырлайды, дауылпаз дүңгірлейді).

Дамытушылық: Дауыс артикуляциясы жаттығулары арқылы дыбыстарды дұрыс анық айтуды үйрету.

Көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар: ақпараттық технология , орталықтарға арналған тапсырмалар, музыкалық ойыншықтар.

Оқу-ісәрекет кезендері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Балалар менімен саяхатқа барасыңдар ма?

-ол үшін бізге автобус керек.

-балалар қараңдар біздің топқа көлік келіп қалыпты.

-ендеше көлікке отырып саяхатқа шығайық.

-баратын жерімізге тез бару үшін біз жолды қысқартып тақпақ айтып барайық.

-қазыр жылдың қай мезгілі?

-ендеше қыс мезгілі туралы тақпақ айтайық.

-Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаналарын арқалдап

-қараңдар балалар біздер келдік автобустан түсейік.

-қараңдаршы балалар біздер қайда келдік?

-дүкенге

-ойыншықтар дүкеніне келдік

-дүкенге кірейік, дүкеншімен амандасайық

-сәлеметсізбе

-бұл қандай дүкен?

Д-бұл музыкалық аспаптар сататын дүкен

-бізге онда ойыншық бересіз бе?

Д-ойыншық керек болса менің тапсырмамды орындасаңдар мен сендерге ойыншық беремін.

Тіл ұстарту ойыны. «Не қалай дыбыстайды» Шарты: Жануарлардың атауын атап олардың дыбыстауын айтып шығады.

Мысалы: Қой. Мә-мә-мә. Мысық. Мяу-мяу-мяу.

Д-жарайсыңдар балалар менің барлық тапсырмаларымды орыңдадыңдар мен сендерге ойыншықтарымды таратып берейін.

-балалар кім қандай ойыншық алды?

- -Мынау-сыбызғы. Бұл-музыкалық аспап. Ол-дыбыс шығаратын тесіктері бар ұзынша түтікше. Түтікшені үрлейді, сол кезде гуілдеген дыбыс шығады.

-Балалар, сыбызғы «гу-гу-гу» деп гуілдейді екен.


Балалар, дауылпаз-бұл да музыкалық аспап, ол үлкен дөңгелек болып келеді, дауылпазды таяғымен соққанда, ол «дүң-дүң-дүң» деген дыбыс шығарады.


-Мынау-қоңырау. Қолға ұстайтын айна тәрізді, көптеген ілгектерінде кішкентай қоңыраулары бар. Олар сыңғырлайды.


Сергіту сәті.

Аяқтармен топ-топ-топ,

Қолымызбен хлоп-хлоп-хлоп.

Бір оңға , бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқаймыз


 Д\Ойын. Дұрыс тап та ата.

Шарты: Балалар әр түрлі суреттер ішінен дауылпазды, сыбызғыны, қоңырауды тауап, атауларын дұрыстап атау керек.


-ендеше балалар музыкалық аспаптармызды алып автобусымызға отырып, тобымызға барайық. Жолымызды қысқарту үшін ойын ойнайық.


Ендеше балалар тіл ұстартуға арналған жаттығуымызды орындайық .

Ра-ра-ра біз шертеміз домбыра,

Бам-бам-бам тарсылдайды барабан,

Дақ-дақ-дақ тоқылдайды тоқылдақ .

Ыз-ыз-ыз сызылтады қыл қобыз


-міне балалар тобымызға да келіп жеттік

барамыз

балалар көлікке отырады.



Балалар көлікке отырады


























Балалар барлығы суретке қарап ойын шартына сай ойнап шығады.







Тәрбиешінің көмегімен «сыбызғы» сөзін бірнеше рет қайталайды.

-«Гу-гу-гу» деп қайталайды.


«Дауылпаз» сөзін айтады.

«Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.




«Қоңырау» сөзін қайталайды.

Сыңғырлайды.



Сергіту жаттығуларын өлең мазмұнына сай орындайды.










Балалар ойын шартына сай орындайды.




Балалар қайталайды:






-балалар автобустан түседі.


Балалар біздер нелермен таныстық ?

-Сыбызғының дыбысы қандай екен?

-Дауылпаздың дыбысы қандай екен?

-Қоңыраудың дыбысы қандай екен?

Ендеше балалар мен сіздерге осы музыкалық ойыншықтарды берейін сендер өздерің осы аспапта ойнап әуенін шығарып көріңіздерші.

-Жарайсыңдар балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызыметіне өте тамаша қатыстыңыздар рахмет сіздерге.

Ендеше балалар келген қонақтармен қоштасайық

узыкалық ойыншықтармен

-«Гу-гу-гу» деп қайталайды.

-«Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.

-Сыңғырлайды.

Балалар қолдарына берілген аспаптарды өз қалаулары бойынша дыбыстарын шығарып хор ұйымдастырады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша музыкалық аспапты сипаттауға арналған тапсырманы

Игереді: муз аспаптардың атын дыбысты дұрыс,анық айтуды,

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2023
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі