Намыс дода

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Намыс дода

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ намысын таптатпай, туымызды көкке самғатып, әрқашан елді мақтан тұтуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: НАМЫС-ДОДА жарысы
Мақсаты: Ата-ананың, сынып жетекшімен оқушының спортқа, эстафеталық ойынға қызығушылықтарын арттыру. Бала мен жанұя, сынып жетекші арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қажетті құрал –жабдықтар: доптар, атрибуттар, жұмсақ ойыншықтар, жеміс суреттері, жәшіктер, кабиналар, маскалар.
Қатысушылар: Ата-аналар, сынып жетекшімен жоғарғы сынып оқушылары.
Жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанарма
Намыс пен спорт жарыста
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге намыс бәйгесі
Кім жүйрік болса, сол алда.
— Бүгінгі Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінде «НАМЫС ДОДА» атты спорттық сайысқа қош келдіңіздер спорт сүйер қауым. Жарыс 9-11 сыныптар аралығында оздырылатын болады, жарысқа әр сыныптан 1ұл, 2қыз, сынып жетекшісі және 1 ата-ана қатысатын болады. Олай болса, үш бірліктен құралған командалар қатысатын «НАМЫС ДОДА» атты жарысымызды бастаймыз.
— Ендеше ортаға топтарды шақырамыз.
1- топ-Қара түсті футболкада – «Сұңқар» тобы 9-сынып құрамасы
2- топ-Ақ түсті футболкада – «Тұлпар» тобы 10-сынып құрамасы
3- топ-Көк түсті футболкада – «Жігер» тобы 11
а-сынып құрамасы

4- топ -Қызғылт түсті футболкада – «Қыран» тобы 11б-сынып құрамасы

Келесі кезекте әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алайық.

1. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі – Арман Сапиоллаұлы

2. Директордың тәрбие ісі орынбасары – Жанар Сырымқызы

3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі – Гулжан Айтжанқызы

Жарыстың кезеңдері:
1. Командалар таныстыруы
2. «Жеміс жинау» кедергіден секіру арқылы
3. «Шеңберге доп салу»

4. «Шар жару» /рогаткамен/
5. «Арбакеш»
6. «Тауып көр»
7. «Көмекші»
8. «Арқан тарту»

9. «Қасықпен су тасу» / скамейка үстімен өту/

10. Шешуші сайыс «Ұзындыкка секіру»
— Жарысымызды бастаймыз. Ойын шарттарымен таныстыру:

1. «Таныстыру»
2.
«Жеміс жинау» кедергіден секіру арқылы деп аталады, бұл ойынның шарты : Эстафеталық жарыс. Топ мүшелері кезектесіп жүгіріп келіп, жіпке тізілген жемістердің біреуін алып, қайтадан жүгіріп қайтады, келесі ойыншы ойынды жалғастырады.Жарыс уақытқа беріледі. Қай топ көп жеміс жинайды, соған сәйкес бағаланады.
/Әр тур сайын әділқазылар жарыстың бағасын береді/
3. «Шеңберге доп салу жарысы» оның шарты:
Топ мүшелері эстафеталық жүгіру арқылы шеңберге кезекпенен доп салады. Әр топ мүшелері допты бір рет қана лақтыра алады. Түскен доп саны ұпай санына қосылады.

4. «Шар жару» /рогаткамен/ әр топ мүшелері рогаткамен шарды кезекпен жарады, көп шар шарған топ жеңімпаз атанады
5. «Арбакеш» жарысы. Шарты:
Бұл жарыс жылдамдыққа берілген. Топ мүшесінің біреуі жылқының маскасын киеді. Екеуі қолдарын айқастырып ұстап, арба есебінде болады. Үшінші ойыншы арбакеш есебінде жылқының беліндегі жіпті ұстап отырады. Қай топ жан-жаққа шашырамай, бұрын мәреге жетсе,сол топтың ұпайы артады.
6. «Тауып көр» ойыны. Шарты:
Бұл жарыс қарсы командалар арасында маскаларды қолдану арқылы өтеді. Бірінші топтың мүшесі қасқыр болса, екінші топтың мүшесі қоян болады. Қоянның көзі байланады. Екі кабина қойылады. Оның біріне қасқыр, екіншісіне сәбіз жасырынған. Қоянның көзі шешілген соң, ол екі кабинаның біреуін таңдайды. Егер қасқыр шықса, қоян мәреге дейін қашып құтылу керек. Қасқыр қоянды ұстап алса, ұпай беріледі.Егер де ұстай алмаса қарсы топқа ұпай беріледі. Егер сәбізді таңдаса, еш қорықпастан алып кетеді және ұпай өздеріне бұйырады.
7. «Көмекші» ойыны.Шарты:
Ойыншының көзі байланып, жерде жатқан жұмсақ ойыншықтарды жинап, оны өз тобының жәшігіне апарып салу керек. Оған көмекші болып, жәшік ұстап, бір ойыншы «оңға қарай»,«солға қарай», «тура жүр» деген командаларды өз тобындағы ойыншыға дауыстап айтып тұрады.Көп ойыншық жиналса, ұпай саны артады.

8. «Қасықпен су тасу» / скамейка үстімен өту/

9. Соңғы ойын түрі қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту» . Жеребе тастау арқылы топтардың қатысу реті анықталады. Команда мүшелері толық қатысады.

10. Шешуші сайыс «Ұзындыққа секіру»

Осымен сайысымыз аяқталды.Әділқазыларымыз сараптап болғанша биші қыздарымызды флешмоб биімен ортаға шақырамыз.
Әділқазылар жарысты сараптай келе, жүлдегерлерді анықтайды. Жүлдегер топтар «НАМЫС ДОДА» кубогімен мақтау қағаздарымен марапатталады.

Жүргізуші:
Спорт деген азанда
Алады да тұрғызып,
Еріншектік аз онда
Бастайды ойын бір қызық
Аязда да тоңбайсың
Ыстықта да солмайсың
Сергектікті қолдайсың
Жалқаулықты сүймейсің
Бақыт сенен қашпайды
Өнер білген пайдалы
Спорт соның айғағы.

Спортпен шұғылданып жүрейік, ағайын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі