400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Намыс дода" спорттық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-8 сынып оқушыларына арналған спорттық сайыс. Сыныптан тыс шара болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Намыс дода» спорттық сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Өтілетін орны: Спорт зал 
Спорттық құралдар: доп, ысқырық, қапшық, гимнастикалық шеңбер, кедергілер, т.б құрал жабдықтар. 
Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей егемен еліміздің болашағы, қорғаны болатын ұл-қыздарымыздың қатысуымен өтетін «Намыс-дода» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.
Бұл сайысқа 5-6-7-8 сынып оқушылырынан құралған «Жігер» және «Жалын» тобы қатысады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Спорт пен жылдамдықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г .Р Алғалиева

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б Н Баяхметова

3.Мектеп психологы: Б М Мизамитова
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда деп
«ЖІГЕР» және «ЖАЛЫН» топтарын ортаға шақырамыз. 
Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

І. Таныстыру.

ІІ. «Гимнастикалық шеңбермен адам тасу» сайысы. 

ІІІ. «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы. 

ІV. «Қаппен секіру» сайысы 

V. «Қаңбақ шар» сайысы
VІ. «Арқан тарту» сайысы 
Спорт- көркі өмірдің.
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып, өсіп, толарсың.

І. Таныстыру. (топ аты, ұраны, тобымен таныстыру) Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топтарыңызды таныстырып өтіңіздер. 
ІІ. «Гимнастикалық шеңбермен адам тасу» сайысы. 
Шарты: Топ басшысы шеңберді беліне салып, кедергілермен жүгіріп келіп 2-ші баланы шеңберіне салып алып жүгіреді. Сөйтіп 3-ші,4-ші.... кете береді. (Ойыншылар жарыса бастайды) 

ІІІ. «Жер асты жолмен жүріп өту» сайысы. 

Шарты: Төсеніште алдыға домалап, жер асты жолымен жүріп өтіп, жиналған кубиктерді себетке дәлдеп түсіру керек.

ІV. «Қаппен секіру» сайысы 
Шарты: Оқушылар қапты киіп алып секіру жарысы
V. «Қаңбақ шар» сайысы. 
Шарты: Екі топ мүшелері сеткадан аспай бір- біріне шар лақтырады. Қай топта шар аз сол топ жеңіске жетеді.
VІ. «Арқан тарту»
Шарты: Бұл сайысқа екі топ қатысады. Ортаға сызық сызылады. Сол сызықтан қай топ өз қарсыластарын өткізе алса, сол жеңіске жетеді. «Білім жарысы»
Қорытындылау. Енді сайысымыздың жеңімпазарын анықтау үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. (Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, құттықтаймыз)

Денсаулық-басты байлық өмірдегі, 
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі. 
Салауатты өмір салтын насихаттап, 
Атанайық жақсы азамат өңірдегі. 
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Намыс дода» спорттық сайысымыз осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі