жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Нан дастарханға қалай келді?
«Есіл ауданының білім беру бөлімі Есіл қалалық
№3 «Балбөбек» бөбек балабақшасы МКҚК
Ашық сабақ:
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Тәрбиеші: Мұратхан Г.
2016-2017 оқу жыл.
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: 1.Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып,нан қайдан келетінін түсіндіру.
2. Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.
3.Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, слайд арқылы сөйлете білу.
Көрнекіліктері: нанның түрлері,бидай,комбайн,диірмен, наубайхана, бидайды тазарту, ұннан әр түрлі нан, тоқаш т.б. жасату балалармен.
Үш тілде: Сәлеметсізбе!- Здравствуйте!- hello.
нан-хлеб, bread. Көлік-машина- car, vehicle.
Сөздік жұмысы :Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын. Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған
Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш амандасып аламыз.
- Сәлеметсізбе!- Здравствуйте!- hello.
-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.
Негізігі кезеңі
Ғажайып сәт: Балалармен балабақшаға келемін деп жиналып жатқанда анам маған бір, сандықша беріп жіберді, ішін ашпа, бұнда біздің ең құнды байлығымыз бар балаларға апарып бер деп айттып берді. Бірақ менде біреудің аманатын бергенде тиіспей апаруым керек деп ала келдім. Қалай ойлайсындар? Біздің ең байлығымы не деп ойлайсындар? Балалардың жауаптары.
Проблемалық әр түлі балалар жауабын айтады.
Ендеше, балалар бірге сандықшаны ашайықшы, мағанда қызықты болып тұр. ой балалар бұл не? Көрдіндер ме? Біздің ең байлығымыз нан екен.
Ал нан қалай дастарханға келеді?
Мақал-мәтел сұрау балалардан..
Ас атасы-нан,
Нан- тіршілік көзі,
Нан бар жерде,ән де бар. Слайд көрсету қалай астық жинау керек немен тасимыз. Бізге не керек?
Оны білу үшін балалар бүгін біз әр орталықта жұмыс істейміз. Біріншіден үлкен көлік жасауымыз керек. Онымен бидайды диірменге әкеледі. Слайд көрсету.
2-ші кезең. Көлікті құрастыру орталығы:
Көлік құрастыру үшін бізге нелер керек. кабина, мотор, дөңгелек, кузов т.б.
Көліктің бөлшектері туралы әңгімелесу. Слайд көрсету.
3-ші кезең. Зертханалық жұмыс. Диірмендегі астықты тазарту.
Білегіміз, қолымыз таза болу үшін. Қолғап киуіміз керек. Мұнда шаң тозан болады. Бидайды тазартып екі бөлікке бөліп сақтайды. Бір бөлігін наубайханаға жібереді екінші бөлігін келесі көктемге сақтайды тұқым ретінде. т.б.
Дидактикалық ойын « Қатты жұмсақ»
Балалар сыйпау арқылы ажырату байдай мен ұнды, күріш, жарма т.б.
4-ші кезең: Балалардың тәжірибесіне сүйену. Слайд көрсету.
Нанды қалай пісіреді?
Шығармашылық орталық.
Өз бетінше жұмыс.
Балалар дайын қамырдан әртүрлі нан жасайды.
Наубайханадағы дайын ұнан нан,тоқаш пісіру дайын ұнмен:
Дайын болған ұнды неге пісіреміз? Үйде аналарын тісіре ма? ал балабақшада пісіруге бола ма?
Ендеше балалар нанды ұмытпайық, піскенін бақылаймыз біраз уақыт кетеді ол үшін.
Тақпақ білесіндер ма? нан туралы?
Кәнекей бірге қайталайық бәріміз.
Нан қоқымын шашпандар,
Жерде жатса баспандар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастандар.
5-ші кезең: Қорытынды:
Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді.
-Астық жинау.
Дәнді егістіктен жинау.
Элеватор және қоймалар.
“Нан –байлық,нан-береке”деп халқымыз бекер айтпаған.Қаншама адам еңбек етеді.Дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Күтілетін нәтиже:
Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын білу, ұнан әр түрлі тағам түрін жасауға болатынын түсінеді тағы сол сияқты.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген