Материалдар / Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
1902
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысыҚарқаралы ауданыАбыз ауылы№27 негізгі орта мектебі КММ













Тақырыбы:«Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны»



Бағыты: Жаратылыстану

















Орындаған: №27негізгі орта мектептің 1-сынып оқушысы Жұман Ақниет БауыржанқызыЖетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі: Кемпирбаева Назгуль Амировна



Аннотация

«Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны» деп аталатын тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу бөлімінде дастарқанға нанның қалай келетіні, нанның қасиеті, түрлері туралы түсінік бере отырып, нан-азық атаулының атасы екеніне көз жеткізе отырып, нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны жайында біршама жұмыстар жүргізді.













































№27 негізгі орта мектебінің 1-сынып оқушысыЖұман Ақниеттің «Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны» тақырыбына жазғанғылыми – зерттеу жұмысына Рецензия1-сынып оқушысы Жұман Ақниет зерттеген ғылыми жұмысының құрылымы, мазмұны жағынан талапқа сай жазылған. Өзінің жасына сай баланың зерттеушілік жұмысы анық жазылған. Нанның дастарқанға қалай келетіні, нанның қасиеті, түрлері туралы түсінік бере отырып, нан-азық атаулының атасы екеніне көз жеткізіп, нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны жайлы жетік зерттеді деп білемін. Осы жұмысты қорғауға ұсынамын.







Рецензия жазған А. Т. Жумагулова





















Тақырыбы: «Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны»

Мақсаты: нанның қасиеті, түрлері туралы түсінік бере отырып, нан-азық атаулының атасы екеніне көз жеткізу. Қай халық, қай  жұрттың болмасын нан қадіріне жетпейтіндері жоқ екендігін, нан бар жерде жан бар екені туралы айтып өту. Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны жайлы түсінік қалыптастыру. Нанды қадірлеуге, қастерлеуге  тәрбиелеу.

Міндеттері:
  • Нанның дастарқанға қалай келетіні, нанның түрлері, адам денсаулығына пайдасы мен зияны жайлы білу;
  • Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып,  салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту.
Ғылыми жұмыстың мазмұны: I. Кіріспе.II . Негізгі бөлім1. Нан дастарқанға қалай келеді?2. Нанның түрлері.3. Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияныIII. Қорытынды.



















1. Кіріспе Мені нан дастарқанға қалай келеді деп көп ойладым. Шынымен нан қайдан келеді екен? Даярлық топта оқып жүрген кезімде апай бізге «Нан дастарқанға қалай келеді?» деген сұрақ қойды. Ас атасы –нан , нан – біздің байлығымыз. Апай бізге нанның қалай келетінін суреттер арқылы түсіндірді. Нанның көп еңбекпен келетінін, дәнді жерге егуден басталатынын түсіндім. Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зиянын білгім келді.















2. Негізгі бөліміАс атасы - нан. Нан – ұннан жасалады. Ал ұнның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін қажеттінің бәрі бар. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады. Қазақ халқында нан өнімдерін пісіріп дайындаудың негізгі үш түрі бар: 1) Нанды көміп пісіру 2) табаға, қазанға, тасқа жауып пісіру 3) тоң майға, өсімдік (сұйық) майына қуырып пісіру. 1 - тәсіл бойынша көмеш, қоламта нан, күлше дайын - далды. Мұнда қамырды дөңгелектей жазып оттың шоқ араласпаған ыстық қолам - тасына көміп пісіреді. Егер ұсақтап кесіп қоламтаға көмсе, ол тоқаш деп аталған. 2-тәсіл таба, тас, қазанға нан пісіру кезінде қамыр жабыспас үшін оған май жағылған. Қыздырылған табаның көлеміндей етіп қамыр жайылған соң, бетіне тағы бір таба төңкеріп шоққа тығып қою немесе бетіне бір нәрсе жауып, шоқ үстіне қою арқылы таба нан пісірілген. Ыстық қазанға, қыздырылған, жалпақ жұқа тасқа қарыма нан, қазан жаппа дайындалған. Ішіне туралған ет салынып табаға пісірілгендерін кісе нан, ашытып пісіргендерін бөлке нан деп атаған. Қамыр жаймаға малдың, құстың етін орап, пешке пісірген бөкпе нанды бәліш, ертеректе бүйрек, бүйрекше нан деп те атаған. Қазіргі таңда Қазақстанда нанның 200 - ден астам түрі дайындалады.          Әдетте ұн қара және ақ болып екіге бөлінеді. Түрлі дәрумендер мен минералды заттар екеуінде де бар.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жеткізушісі. Нанның құндылығын тек оның құрамына қарап қоймай, сонымен қатар оның дәмі, иісі, нанның жұмсақтығы, сыртқы пішініне де қарап бағалайды. Нанға құрметпен қарау дәстүрі қалыптасқан. Өйткені, нанды емдік мақсаттарға пайдаланған. Жаңа піскен ыстық нанмен тұмауды емдеген, асқазан және ішек қату ауруларына қарсы пайдаланған.       Қазақ нанды астың атасы деп біледі. Дәмнің үлкеніне балап, аяқ асты етпеуге тырысады. Соған байланысты халқымызда мынандай тыйым сөздер бар: «Нанды баспа», «нанды төңкерме», «нанның үстіне зат қойма», «Нан бар жерде жан бар» «Нанды бір қолыңмен үзбе» «Ас атасы- нан».  Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс сапалы тамақтану – адамның денсаулығы мен жоғары жұмыс қабілеттігін сақтауға мүмкіндік берсе, балалардың өсуі мен дамуына ықпал етеді.Ағзаның дұрыс өсуі, дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды тұздар қажет. Дұрыс тамақтанбау жүрек, ас қорыту органдарының, зат айналысының бұзылуымен байланысты аурулардың пайда болуының басты себепшісі болып табылады. Ғалымдардың айтуынша, алғаш нан осыдан 15 мың жыл бұрын кездейсоқ пісірілді. Содан қанша заман өтсе де, нан әр уақытта адамдардың басты асы болған. Қазірде жаңа зерттеулерге байланысты, ғалымдар үйреншікті нанның ағзаға зиян қасиеттерін таба бастады. Сонымен нан зиян ба, пайдалы ма? Бұл тек қандай нан екеніне байланысты деген қорытынды жасады ғалымдар. Ақ нан әйелдерде жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін 2 есе жоғарылатады. Батон, багет сынды нандарда ағзаға сондай қажетті В тобының, Е және РР дәрумендері жоқ. Сондай-ақ обырдан қорғайтын селен де аз кездеседі. Пайдалы заттардың мұндай тапшылығы ақ нан пісіру барысындағы ұнның тартылу әдісіне байланысты. Күнделікті бірнеше тілім ақ нан жейтіндердің басқаларға қарағанда бүйрек обырына шалдығу қаупі көбірек. Бұған нан пісіруде қолданылатын ашытқы өз әсерін қосады. Ағзамызға түскеннен кейін ашытқы тез арада таралып, жайылады. Ашытқы ағзаның табиғи микрофлорасын бұзып, бактериялардың дамуына көмектесе алады. Әр тілім ақ нан жеген сайын, сіз бауыр, асқазан, асқорту жүйесіне зақым тигізе аласыз. Алайда нансыз ас жеу мүкін емес. Сондықтан нанның дұрыс түрін таңдаңыз. Ең пайдалы нан - бұталы дәндерден пісірілгені. Осындай нан ағзаға зиян әкелмейді, пайдасы да аз емес. Бұталы бидай, қарабидай дәндері ағзаны обыр мен сусамыр ауруларынан сақтайды. Бидайдың кебегі бұрын өндірістің қалдығы болса, қазірде кебек наны өте пайдалы саналады. Ол В және Е тобтарының дәрумендері мен микроэлементтерге өте бай. Сонымен, нанның пайдалы не зиян екені оның түріне, ұнның өңделу әдісіне байланысты екен       

















Қорытынды   Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш дастарқанға нан қоямыз. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. Барған үйден нан ауыз тимей шықпаймыз. Бұл нанның құдіретті ас екендігінің тағы бір белгісі. Ендеше дастарқаныңыздан нан үзілмесін! Әрбір адам ағзаның дұрыс әрекет етуі үшін тағамның маңызды екенін біледі.  Адам ағзасында өмір бойы үздіксіз зат айналысы мен қуат айналысы жүреді. Ағзаға қажетті құрылыс материалдары мен қуат көзі болып сыртқы ортадан негізінен тағам түрінде келіп түсетін нәрлі заттар табылады. Егер ағзаға тағам түспесе, адамның қарны ашады. Өкінішке орай аштық адамға қандай және қанша көлемде нәрлі заттар қажет екендігін білдіре алмайды. Біз көбінесе тәтті, тез дайындауға болатын тағамдарды пайдаланамыз да, сол пайдаланып жатқан азық-түліктің пайдалылығы мен сапалылығына мән бере бермейміз. Мен өзім нанның қандай үлкен еңбекпен, диқаншылардың маңдай терімен, қаншама адам еңбегімен дастарқанға келетініне көз жеткіздім. Апайдың үйреткен:«Нан қоқымын шашпаңдар,Жерде жатса баспаңдар.Теріп алып қастерлепТорғайларға тастаңдар!»- өлеңінің мағынасын енді түсіндім.

     







Пайдаланған әдебиеттер:
  • “Қазақ Энциклопедиясы”  
  • «Қазақы дастарқан» Атамұра баспасы  2010 ж.
  • Ғаламтордан алынған мәліметтер
  • Ауыз әдебиеттері.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!