жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наноагромелиоративтік әдіс түрімен топырақтың құнарлылығын арттыру
Наноагромелиоративтік әдіс түрімен топырақтың құнарлылығын арттыру
Егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға
топырақ құнарлылығын арттыру, өндірістке озық технологиясын енгізу,
жерді химияландыру, яғни тыңайтқыштарды пайдалану, егістік
жерлердің құрылымын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.Қазіргі
уақытта еліміздегі экономиканы дамытудың маңызды фокторы ретінде
ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар айрықша рөлге ие
болуда. Бұл өндіріс құралдары ұдайы қымбаттай түсіп отырған сәтте
және түпкілікті өнім бағасының қымбаттау қарқыны саябырламай
отырған шақта өте қажет.[1]Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының
тиімділігін арттыру, сондай-ақ топырақ құнарлығын сақтап қалпына
келтіру мәселелері егіншіліктің ресурс үнемдейтін технологияларын
енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Бұл тәсілдердің кешені топырақ
құрлымының тозуына, құнарлығының азаюына, топырақ ылғалын жоғалтуға
және түсімділіктің азаюына қарсы бағытталған. Ресурс үнемдейтін
технологиялардың шешуші қағидаларының бірі рентабелді ауыл
шаруашылығы дақылдарын және топырақ құнарлығын жақсартатын
дақылдарды қамтитын ауыспалы егісті қолдану болып табылады.
Технологияларды қолдану арқылы топырақтың құнарлығын арттыру-ең
тиімді экономикалық бағыт. Егіншіліктегі ресурс үнемдейтін
технологиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге экологиялық
және экономикалық әртүрлі жағдайларда қолданылатын ауыл шаруашылығы
өндірісінің икемді жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді.
Еліміз өз тәуелсіздігініне ие болған кезден бастап, отандық ғылым
алдында бірқатар жаңа міндеттер қойылды. Елбасының халық қамынан
туындаған сарабдал саясатының нәтижесінде елдің ұлттық
қауіпсіздігін, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
өте маңызды мәселелер қатарына шығарылады.Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жер ресурстарына
бай, халқы көп алып елдердің ортасында тұрған Қазақстан
азық-түлікке деген әлемдік сұранысты қанағаттандыруға қабілетті
елдердің бірі ретінде қарастырылған. Алайда жер телімдерін осы
уақытқа дейінгі экстенсивті және тиімсіз түрде пайдалану мен
ескі шаруашылық жүргізу тәсілдері жеріміздің топырақ
құнарлылығының төмендеуіне ықпал еткендігі де шындық.Соңғы 10
жылда елімізде халық шаруашылығының барлық салаларына инновациялық
технологияларды енгізудің үдерісі жүріп жатқаны белгілі. Халқының
70 пайызы ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, өңдеумен айналысатын
Оңтүстік Қазақстан облысында инновацияны енгізу, осы ауыл
шаруашылығы саласына бағытталған. Ауыл шаруашылығы саласында озық
технологияларды өндіріске кеңінен өндіру еңбек өнімділігін
арттырудың бірден-бір жолы.[2]Сондықтан топырақты үнемі
күтіп-баптап, оның құнарлылығын жылдан-жылға арттыру қажет. Бұл
келешек ұрпақтар үшін де маңызды. Топырақтың экологиялық
қасиеттері: қоректік заттарды жинау қабілеті, яғни құнарлылығы, су
сыйымдылығы, кеуектілігі, ылғал өткізгіштігі, ауа және жылу
режімдері оның механикалық құрамымен, физикалық-химиялық
қасиеттерімен тығыз байланысты болып келеді. Топырақ құнарлығын
арттыруда тыңайтқыштардың рөлі өте зор.Егіншілікте заттар
айналымына ең күшті әсер ететін шара – органикалық және минералды
тыңайтқыштар енгізу. Тыңайтқыштар топырақ құрамына кешенді әсер
етеді, өсімдіктерді қажетті қоректік элементтермен толықтырады,
топырақтың химиялық, агрохимиялық және физикалық қасиеттерін
жақсартады, биологиялық белсенділігін арттырады, топырақтың
құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы, сіңімді түріне айналып,
мобилизациялануын туындатады.Топырақ құрамында болатын түрлі
минералды қосындылар мен күрделі органикалық заттар өсімдікпен
сіңіріліп, кейін жануарларға өтеді. Өсімдік пен жануарлардың
күрделі органикалық заттары кейін ыдырап, органикалық емес заттарға
айналады және бұл үрдіс топырақта өтеді. Жыл сайын егістік
бойындағы 2,5 млн. тонна қоректік заттар өнімнің өсуі үшін
шығындалады. Оны қалпына келтіру үшін жыл сайын топыраққа 1,8 млн.
тонна фосфорлы, 1,1 млн. тонна азотты және 0,4 млн. тонна калий
тыңайтқыштарын енгізу қажет.Кейінгі кезде Қазақстан егіншілігіндегі
күрделі экологиялық жағдайларды ескермеу салдарынан суарылатын
ауыспалы егістердегі топырақ құнарлылығы, оның ішінде қарашірінді
25-35 пайызға кемігендігі белгілі. Себебі, топырақтың агрохимиялық
және агрофизикалық жағдайы нашарлап, топырақ нығыздалып, эрозияға
ұшырап, еліміздің көпшілік аймақтарының топырақ экологиясы
бұзылған. Құнарлылығы төмендеген, ластанған жерлер көлемі
республикамызда 85-90 млн. гектарға жетіп отыр. Суармалы жерлердің
ауданы мен оларда егілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан алынатын
өнім күрт төмендеп кетті. Суармалы жерлерден түсетін табыс мөлшері
азайып, шаруалар кей жылдары шығарған шығындарын өтей алмай
қалуда.Қазіргі таңда құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі
құнарландыру шараларын қолдану қажет. Сол себепті, Қазақ су
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарыҚазақстанның
суармалы жерлерінде орын алған жағдайларды зерттеп, өнімділіктің
төмендеп кету себептерін анықтап, оларды қалпына келтіру бағытында
ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақстанның қара, күлгін қоңыр, сұр
топырақты аймақтарында жұмыс жүргізуде. [3]Топырақты тиімді
пайдаланудың ғылыми негізін ғалымдар мен мамандар жасаса, ал оларды
өндіріске енгізу шаруашылық субьектілері арқылы жүзеге
асырылатындығы белгілі. Ғалымдарымыз осы салада еліміз егемендік
алғаннан бері топырақтанушы ғалымдарымен бірге аянбай еңбек
етіп келеді. Олар жерді тиімді пайдалану үшін, біріншіден топырақ
ғылымының даму бағыттарын, екіншіден топырақ жамылғысының жағдайы
мен топырақта болып жатқан өзгерістердің заңдылықтарына
антропогендік фактордың әсерін анықтап, оны шешу жолдарына арналған
ұсыныстар дайындап өндіріске енгізіп келеді. Оның бірі қатты
тұзданған сілтілі топырақтарды игерудің жаңа
технологиясы.Егер айта кететін болсақ сондай тыңайтқыштардың бірі
өзіміздің Шымкенттегі фосфор зауытының қалдықтарына түрлі қоспалар
қоса отырып даярлаған фосфоргипс. Ол жыл сайын заводтан шығарылып
қайда тастарымызды білмей экологияға зиянын тигізіп отырған
қалдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.Жаңа технологияның бір
ерекшелігі тұздардың топырақтағы деңгейіне және топырақтың
механикалық құрамына, оның құнарлылығына байланысты түрлі
модификациясын пайдалануға болады. Ал екінші ерекшелігі – оның
егістікте тонналап емес, граммдап берілетіндігінде, яғни аз шығын
жұмсалатындығында.Сонымен бірге, топырақтанушы ғалымдар
тозғындауға, бүлінуге ұшыраған жерлерде наноагромелиоративтік
әдістерді пайдалана отырып топырақтың мелиоративтік жағдайын
жақсартуға және топырақтың құнарлылығын арттыруға, осы арқылы
ауыл шаруашылық дақылдардан қосымша 65 пайызға дейін өнім алуға
болатынын дәлелдеп, іс жүзіне асырып келеді. Нәтижесінде астық
дақылдарындағы дәннің белоктық заты (ұлпасы) бес пайызға
дейін көбейіп, көкөніс дақылдарындағы нитраттар бірнеше есе
азаятындығы, сонымен бірге дақылдар өніміне судың аз көлемде
қолданылатыны анықтады.Суармалы жерлерде орын алған жоғарыдағы
келтірілген кері әсерлерді жою әдістерінің бірі – фосфогипсті
сортаң топырақтарға мелиорант ретінде енгізу. Фосфогипсті суармалы
жерлерде химиялық мелиорант ретінде пайдаланудың тиімділігі, оның
химиялық құрамына тікелей байланысты. Себебі, оның құрамында
кальцийдің мөлшері 25,67-27,53 пайыз аралығында өзгереді. Сонымен
қатар, фосфогипстің құрамында фосфор, кальций, өсімдікке қажетті
микроэлементтер бар және оның ортасы қышқылды орта болып саналады.
Сондықтан, фосфогипстің құрамындағы фосфор топыраққа жылдам ауысып,
оның құнарлығын арттырады. Өзінің тиімділігі жағынан фосфогипс
гипстен асып түседі. Себебі, гипсті сілтілі топырақтарға
пайдаланғанда кальцитті қабықша пайда болып, оның ерігіштігі
төмендейді.Қазақстанның суармалы жерлерінде соңғы 15-20 жыл
аралығында құрамында кальций катионы бар минералды тыңайтқыштарды
жеткіліксіз мөлшерде пайдаланғандықтан топырақ құрамындағы
кальцийдің мөлшері сумен шайылумен қатар, өсімдіктермен шығындалу
нәтижесінде азайып кетті. Сондықтан, көптеген суландыру жүйелерінде
топырақтың сортаңдануы мен сілтіленуі кең көлемде орын алуда.
Топырақ құрамындағы кальций мөлшерінің азаюынан, оның құрылымы
нашарлап, топыраққа су тиген кезде ақпа батпаққа, ал кепкен кезде
тілім-тілім болып жарылатын қатты кесекке айналады.Атап айтсақ
біздің Мақтаарал ауданында топырақтың сортаңдануының екі түрі орын
алуда. Суармалы топырақтың сіңірімділік кешенінде магний катионының
шектен тыс (30 пайызға) артуы орын алып, магнийлі сортаңдану
үдерісі жеделдеуде. Қазақстанның қалған аймағында топырақтың
сіңірімділік кешенінде негізінен натрий катионы шектен тыс көп
жиналып, натрийлі сортаңдану орын алуда.Сондықтан сортаңданған және
сілтілі топырақтың құрылымын жақсартып, құнарлығын арттыру,
химиялық мелиорациялауды қажет етеді. Химиялық мелиорациялау
барысында мелиорант ретінде құрамында кальций катионы бар заттар
қолданылады. Мысалы, ондай мелиоранттарға гипс, кальцийлі хлор,
дефекат (қант өндірісінің қалдықтары), фосфогипс (фосфор
өндірісінің қалдықтары), күкірт қышқылы және т.б. заттар
жатады.Жалпы, Қазақстан бойынша ең тиімді және арзан химиялық
мелиорант фосфогипс болып саналады. Сондықтан, біз өзіміздің
колледждің оқу тәжірибе учаскелерімізде жүргізген зерттеулерімізде
фосфоргипсті қолдандық. Оны Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының қызметкерлері жасаған технология бойынша топыраққа
енгіздік.[4]Бұл технология негізінен, күзде егінді жинап болған
соң, топырақтың сортаңдығы мен сілтілігін анықтау мақсатында
топырақ үлгілерін химиялық сараптамаға алуды және жерді 25-30
сантиметр тереңдікке жыртуды қарастырады.Фосфогипсті топырақ бетіне
біркелкі етіп сеуіп сүдігер жырту кезінде топырақпен
араластырылады. Жауын-шашын, қысқы сор шаю суымен көктемге дейін
еріп топырақпен араласып топырақтың мелиоративтік жағдайын
жақсартады.Оқу тәжірибе учаскілерінде фосфогипстен сон топырақтың
мелиоративтік жағдайы жақсарып 2014 жылмен салыстырғанда мақтаның
өнімі 8ц/га артқанын көрдік. 2014 жылы сол тәжірибе учаскесінде 22
ц/га өнім алынған еді. Ал 2015 жылы топыраққа фосфогипсті
ендіргеннен кейін өнімділік 30ц/га жетті. Топырақтың сортаңдығы мен
сілтілігін анықтау мақсатында топырақтан үлгілер алып ауданымыздағы
мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында химиялық сараптама
жасағанымызды оң нәтиже бергенін көрдік.Топырақ құрамындағы
тұздардың мөлшері 0,55-0,80%-дан нашар 0,35-0,15 % төмендегенін
көрдік.
Топырақта сортаңдану дәрежесіне қарай бөлу
|
Р/с |
Жылдар |
Сортаңдану дәрежесі |
Тұздылығы, % |
|
1 |
2014 жыл |
Күшті |
0,55-0,80 |
|
3 |
2015 жыл |
Нашар |
0,15-0,35 |
Біздің ғалымдар топырақтың құрамын жақсартумен бірге жерді емдейтін
дәруменді тапқан сыңайлы. “Ана Жер” ҒӨБ ЖШС президенті,
техника ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Усманов бастаған
ғалымдар жер қыртысын тыңайтатын әрі өсіріп жатқан дақылға пайдасы
мол МЭРС тыңайтқышын өндіріске қосып жатыр. Ауыл шаруашылығы
министрлігінде де тыңайтқыштың осы түрімен жұмыс жасау қолға
алынуда.“Б” МЭРС маркалы шағын биотыңайтқышының құрамында
өсімдікке қажетті темір, жез, цинк, молибден, марганец, бром және
кобальт элементтері бар. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 1 грамм
жер қыртысына 1,5 млрд-қа дейін микроорганизм беріледі екен. Осының
есебінен өсімдік қорек алады. Бактериялардың көптеген түрі ауадан
азот алып, топырақ құнарына сіңіріп, құрамын байытады.Диқандар
жерді суландыру кезінде негізінен аммиак селитрасы мен фосфор және
калийсіз азот тыңайтқыштарын пайдаланып келді. Дақылдың тез өсуін
қамтамасыз ететін тыңайтқыштардың жер құнарын деградацияға
ұшырататынын аңдай қоймайды. Ондаған жылдар бойы тек азот
тыңайтқыштарын алып келген жердің түбінде жарамсыздануына сол
диқандар емес, ең алдымен ғалымдарымыз да кінәлі-ау. Оған
тыңайтқышсыз қылтанақ шықпайтын біздің Мақтааралдағы жер алқаптарын
мысалға келтіруге болар.Мәселен, интенсивті технологияны
пайдаланып, гектарына 1000-1500 кило аммиак селитрасын сіңіріп
өсірген пиязды айтуға болады. Екі жыл қатарынан пияз егілгеннен
кейін бұл жерге 4-5 жылға дейін жоңышқа секілді жердің құнарлығын
көтеретін дақылдар екпесеңіз, жердің құнарлы қыртысынан айырылып
қаласыз.Ал, МЭРС тыңайтқышын пайдаланған диқандар мұны экологиялық
жағынан таза әрі өнімді жақсы алуға жәрдемдеседі дегенді айтады.
Жеріміздің ертеңін ойлаған біздерге де керегі осы емес пе?!
Қойылған мәселені шешуде негізгі құрал «Б» маркалы МЭРС
микробиотыңайтқышы болып табылады. Ол топырақтың әрбір грамын
гумус, биопестицид, минералды және органоминералды тыңайтқыштар
өндіретін микрозауытқа айналдырады. Біз бұл жаңалықты түбегейлі
және даусыз инновацияға теңгере аламыз.[1,2,3]«Б» маркалы МЭРС
микробиотыңайтқышы минералды тыңайтқыштар, ұрық дәрілеуіштері,
гербицидтер, фунгицидтер және инсектицидтермен бірге
қолданылады
МЭРС микробиотыңайтқышы топырақтанушы ғалымдармен бірге өндіріске
кең көлемде ендіріліп келеді. Оның берер пайдасы-өсімдіктерді
көптеген макро, микроэлементтер және микроорганизмдермен қамтамасыз
ете отырып, топырақта қоректік заттады тиімді, ал минералды
тыңайтқыштарды үнемді етеді және химиялық улы заттардың кері әсерін
азайта отырып дақылдардың экологиялық таза өнімін арттырып, сапасын
жақсартады. Бақылау нысандарымен салыстырғанда МЭРС
микробиотыңайтқышы өнімді бір жарым есеге дейін көбейтеді. 90
жылдық тарихы бар біздің МГЭАБ колледжінде 0,24 соттық жерде
жылыжайымыз бар. Ол жылыжайда «Фермер шаруашылығы», «Табиғатты
қорғау және экология» мамандықтарытарының студенттері оқу
бағдарламаларына сәйкес оқу тәжірибелерін, өндірістік тәжірибелерін
және диплом алды тәжірибелерін өтеді. Осы жылыжай бізге алған
теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұшастырып алған білімізді
нығайта түсуімізге мүмкіндік береді.Мен осы жылыжайда
микробиологиялық тыңайтқыштардың құнарлығын арттыруда алатын орны
ерекше екендігін көрсететін өз тәжірибемді жүргізуге мүмкіндік
алдым. Мен МЭРС микробиотыңайтқышының қиярды өсіру барысында
топыраққа тигізетін әсеріне тәжірибе жүргіздім. Ол үшін қаңтарда
қияр көшетін жылыжайға ектік. Егілген көшеттерді өз қамқорлығыма
алып күтіп баптадық. Көшеттерге үстеме қореқ ретінде суға
араластырылған МЭРС микробиотыңайтқышымен қоректендіріп отырдық.
МЭРС микробиотыңайтқышының құрамында өсімдікке қажетті темір, цинк,
молибден, марганец, бром және кобальт микроэлементтер мен қатар
микроорганизмдерде болғандықтан біздің отырғызған көшеттеріміз
жақсы өсе бастады. Тыңайтқыштардың құрамындағы микроорганизмдер мен
бактериялар ауадан азотты алып топырақтың құрамына сіңіріп,
топырақтың құрамын байытып құнарлығын арттырып отырды. Бұрынғы
пайдаланып жүрген көшеттердің өсуін тездететін амияк селитрасы,
фосфор, калийсыз азотты тыңайтқыштар берілген жоқ.Азот
тыңайтқыштарды үздіксіз беру топырақтың құнарын деградацияға
ұшырататынын біз білеміз.Ал біздің МЭРС микробиотыңайтқышын
бергеннен кейін 1грам жер қыртысына шамамен 1,6 млрд-қа дейін
микроорганизмдердің топыраққа енуі әсерінен топырақтың құнарлығы
күн санап арта бастады. Қиярдың гулдеуі жоспарлағаннан 6-7 күнге
ерте басталды. Ал жемістің құрамындағынитрат туралы айтпасақта
болады.Қиярдың өнімі көшетті отырғызу барысында топырақтың
құнарлығына тікелей байланысты. Менім зерттеулерімді салыстырғанда
2015 жылы 5 қаңтарда отырғызған көшеттің бір шаршы метрден 12,1кг
өнім жинаған, 2016 жылы 1 қаңтарда МЭРС микробиотыңайтқышын
пайдаланып, отырғызған көшеттің бір шаршы метрден 15,1 кг өнім
алдық.
“Б” МЭРС пайдаланғанда “Б” МЭРС пайдаланбағанда
Мен сіздерге МЭРС биотыңайтқышын пайдалануға арналған ақпаратты
ұсынып отырмын. Бұл көкөністермен қатар жеміс жидектергеде
пайдалануға тиімді екенін көріп тұрсыздар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген