|
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ |
БП-01/4-ӘП11 Шығарылым:5, 2023ж. Қайта қарау:4 Беттер 9 |
«Келісілді»
Колледж әдіскері
____ Г. Жаутикова
№5 Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: . Нәруыздарды құрамы бойынша жіктеу.
Зертханалық жұмыс "Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура,pH)"
Модуль: Жалпы білім беру пәндер
Пән атауы: Биология
Педагог: Матаева Алтынай Кожановна
2025 жылғы " 13 " _____02_______
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс (9 сынып)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Блум таксономиясы» (Ашық микрофон тәсілімен бақылау диктан, Сұрақты таңда деңгейлік тапсырмасы, Миға шабуыл сұрақтар, Тест сұрақтары)
Пәнаралық байланыс: Химия, физика
2. Мақсаты, міндеттері:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
-липидтердің құрылымдық компоненттері
-майлардың химиялық құрамы мен қызметі
-майлардың қасиеттері мен қызметін
-майлардың қасиетіне сипаттама беру
Тәрбиелік:
-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
-ой өрісін кеңейту:
-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;
-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;
-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;
Дамытушылық:
-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;
Құндылықтарды дамыту:
-сыни және креативті ойлау;
-білуге жаңаны тануға құштар болу;
-дұрыс қарым қатынас ортата білу;
2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
2.2.Күтілетін нәтижелер
Нәруыздарды құрылымы, құрамы мен қызметі бойынша жіктеуді оқып білу;
Нәруыздарды құрылымы, құрамы және атқаратын қызметі бойынша жіктеуді үйрену.
2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Сабақты жабдықтау
Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология
Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class
3.2.Техникалық құралдар, материалдар
Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.
ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін «Wordwall.net» тәсілі бойынша биологиялық диктант.
-
«Wordwall.net» тәсілі бойынша бақылау диктант.
Мұғалім тақтаға «Wordwall.net» платформасын LED-экран арқылы оқушыларға ұяшықтарды таңдатып, берілген сұрақтарды қояды . Студенттер ұяшықтарды таңдап жауап береді

1.
Липидтер дегеніміз
не?
Липидтер
– суда ерімейтін, бірақ органикалық еріткіштерде (бензол, эфир, хлороформ) жақсы еритін
органикалық қосылыстар. Олар биологиялық
мембраналардың құрамына кіреді және энергия көзі ретінде қызмет
етеді.
2.
Липидтердің құрылымдық
компоненттері
қандай?
Липидтер
негізінен үш компоненттен тұрады:
-
Глицерин (глицерол) – үш атомды спирт, липид молекуласының негізі.
-
Май қышқылдары – қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары.
-
Фосфат топтары немесе басқа функционалды топтар – күрделі липидтердің құрамына кіреді.
3.
Майлар қандай
химиялық элементтерден
тұрады?
Майлар
көміртек (C), сутек (H) және оттек (O)
атомдарынан тұрады. Кейбір күрделі
липидтер құрамында фосфор (P) және азот
(N) болуы мүмкін.
4.
Майлардың химиялық
құрылысы
қандай?
Майлар (триглицеридтер) үш май қышқылы мен бір глицерин молекуласынан
тұрады. Гидролиз кезінде олар глицерин
мен май қышқылдарына ыдырайды.
5. Қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының айырмашылығы қандай?
-
Қаныққан май қышқылдары – көміртек тізбегінде қос байланыстар болмайды (мысалы, пальмитин және стеарин қышқылдары). Олар көбінесе жануар майларында кездеседі.
-
Қанықпаған май қышқылдары – құрамында бір немесе бірнеше қос байланыстар бар (мысалы, олеин және линол қышқылдары). Олар өсімдік майларында кездеседі.
6. Майлардың қызметтері қандай?
-
Энергетикалық қызмет – 1 г май тотыққанда 9,3 ккал энергия бөлінеді.
-
Құрылымдық қызмет – жасуша мембраналарының құрамына кіреді.
-
Қорғаныштық қызмет – суықтан және механикалық зақымданудан қорғайды.
-
Реттеуші қызмет – стероидты гормондар мен дәрумендердің (A, D, E, K) құрамына кіреді.
7. Липидтердің қандай түрлері бар?
-
Қарапайым липидтер – майлар (триглицеридтер) және балауыздар.
-
Күрделі липидтер – фосфолипидтер, гликолипидтер.
-
Стероидтар – холестерин және оның туындылары.
8. Липидтердің ағзадағы маңызы
қандай?
Липидтер энергия көзі болып табылады, жасуша мембраналарын түзеді,
гормондардың синтезіне қатысады және ағзадағы жылуды сақтауға
көмектеседі.
Бұл жауаптар бақылау диктантына дайындалуға көмектеседі. Егер қосымша ақпарат қажет болса, сұраңыз!
9. Майлардың
биологиялық тотығу процесі қалай жүреді?
Майлар ағзада тотығу реакциялары арқылы
энергияға айналады. Бұл процесс митохондрияда жүреді және
β-тотығу (бета-оксидтеу) деп аталады. Май
қышқылдары ацетил-КоА молекуласына дейін ыдырап, одан әрі
Кребс циклінде (лимон қышқылы циклі) тотығады,
нәтижесінде АТФ түзіледі.
10. Липид алмасуының бұзылуы қандай
ауруларға әкелуі мүмкін?
Липид алмасуының бұзылуы атеросклероз,
семіздік,
гиперлипидемия,
майлы
гепатоз (бауырдың майлануы) және
қант
диабеті сияқты ауруларға әкелуі мүмкін. Бұл аурулар
қандағы холестерин мен триглицеридтердің артуынан пайда болады.
Дұрыс тамақтану және белсенді өмір салты бұл аурулардың алдын алуға
көмектеседі.
2. Кубизм тәсілімен сұрақтары
“Сұрақты таңда” деңгейлік тапсырмасы.
Мұғалім тақтаға төмендегі кестені іледі. Стикерлерге сұрақ жазып жапсырады. Студенттер сұрақты таңдап жауап береді.
-
-
-
-
1
1
2
1
3
3
4
2
5
2
6
3
7
3
8
3
9
1
10
2
11
2
12
3
13
1
14
2
15
2
16
2
17
2
18
1
19
2
20
3
-
-
-
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
Жаңа сабақтың жоспары:
Нәруыздар молекуласының сыртқы пішініне, құрамына, қызметіне байланысты жіктеледі.
Нәруыз молекулалары сыртқы пішініне байланытсы фибриллярлы нәруыздар және глобулалы (шар тәрізді) нәруыздар деп жіктеледі.
Фибриллярлы нәруыздар-ұзын жіп тәрізді молекулалар. Олардың полипептидтік тізбегі бір сызықты бойлай және бір-бірімен көлденеңінен жөрмелену арқылы байланысқан. Бұл нәруыздар жоғары механикалық беріктілігімен және суда ерімейтін қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар, негізінен, құрылымдық қызметтер атқарады: сіңір және буындар (коллаген, эластин) құрамына енеді, шаш, тырнақ, қауырсын (кератин), жібек талшығы мен өрмекші торын (фиброин) түзеді.
Глобулалы нәруыздарда бір немесе бірнеше полипептитік тізбектер жинақталып тығыз шумаққа оралған. Бұл нәруыздар, әдетте, суда жақсы ериді. Олар әртүрлі қызметтер атқарады. Бұлардың қатысуымен көптеген биологиялық процестер орындалады.

15 –сурет. Нәруыз молекулалардың пішіндері:
А-глобулалы нәруыз; Ә-фибриллярлы нәруыз
Нәруыз молекулаларының құрамына байланысты жіктелуі.
Нәруыз құрылымы бойынша екі топқа жіктеледі: қарапайым және күрделі нәруыздар. Қарапайым нәруыздар тек қана аминқышқылдарының қалдықтарынан тұрады, құрамына басқа химиялық қосылыстар енбейді. Күрделі нәруыздардың құрамына полипептидтік тізбектермен қатар, басқа да химиялық құрылымдар енеді.
Қарапайым нәруыздарға РНҚ-аза және басқа да көптеген ферменттер жатады. Фибриллярлы нәруыздар немесе коллаген, кератин, эластин құрылыстары бойынша қарапайым болып табылады. Хроматиндердің құрылысын қалыптастырушы астық тұқымдастарының дәндерінде жинақталатын нәруыздар – глютелиндер мен гистондар қарапайым нәруыздар тобына жатады.
Күрделі нәруыздар: металлопротеиндер, хромопротеиндер, фосфопротеиндер,
гликопротиендер, липопротеиндер. және т.б.
Металлопротеиндер. Металлопротеиндерге құрамында металл иондары бар нәруыздар жатады. Олардың молекулаларында мынадай металдар кездеседі: мыс, темір, мырыш, молибден, марганец т.б.
Хромопротеиндер қарапайым нәруыздардың өкілі, құрамында боялған қосылыстар кездеседі.
Фосфопротеиндер. Фосфопротеиндердің құрамында аминқышқылдары қалдықтарының гидроксил тобымен (күрделі эфирлі байланыспен) байланысқан фосфор қышқылының қалдықтары болады.
Фосфопротеиндерге құрамында казеин нәруызы бар сүт жатады. Оның құрамына тек фосфор қышқылының қалдықтары ғана емес, сонымен қатар кальций ионы да кіреді. Фосфор және кальций өсіп жатқан организмге, әсіресе сүйек қаңқасының қалыптасуы үшін қажет.
Липопротеиндер. Липопротеиндерге құрамында ковалентті байланысқан липидтері бар нәруыздар жатады. Бұл нәруыздар жасуша мембранасының құрамында кездеседі. Липидті (гидрофобты) компонент нәруыздарды мембранада ұстап тұрады.

17-сурет. Жасуша мембранасындағы липопротеиндер
Гликопротеиндер. Гликопротеиндердің құрамында простетикалық топ ретінде ковалентті байланысқан көміртек компоненті болады. Гликопротеиндер нағыз гликопротеиндер және протеогликандар болып жіктеледі.
Гликопротеиндер табиғатта кеңінен таралған. Олар жасуша мембранасының құрамында, бөлінділерге (сілекей т.б.), жасуша қабырғаларында, жасуша аралық заттар, дәнекер ұлпаларда т.б. кездеседі.

18-сурет. Гликопротеиндер
Атқаратын қызметтері бойынша жіктелуі. Нәруыздар құрылымдық, қоректік, катализаторлық, қорғаныштық, рецепторлық және қор жинаушы, тасымалдаушы, реттеуші т.б. қызметтер атқарады.
Құрылымдық нәруыздар. Коллаген, эластин, кератин, фиброин құрылымдық қызмет атқарушы нәруыздар жатады. Нәруыздар жасуша мембранасының қалыптасуына, көбіне өзектер түзуге немесе басқа қызметтер атқаруға қатысады.
Қоректік және қор жинаушы нәруыздар. Қоректік нәруыздар өсіп келе жатқан организмдерді аминқышқылдармен, фосфор және кальциймен қамтамасыз етеді. Қорға жиналатын нәруыздарға жұмыртқа нәруызы, өсімдік дәніндегі нәруыз жатады. Бұл нәруыздар ұрықтың дамуы барысында қолданылады. Адам және жануар организмінде қор ретінде жинақталмайды. Себебі олар жүйелі түрде қорекпен бірге түсіп тұруы қажет, олай болмаған жағдайда дистрофия (нәрсіздену) дамуы мүмкін.

Жиырылғыш нәруыздар. Жиырылғыш нәруыздар бұлшықет жұмысын, қарапайымдылардың талшықтары мен кірпікшелерінің қозғалысын, жасуша пішінінің өзгеруін, жасуша ішіндегі органеллалардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Мұндай нәруыздарға миозин және актин жатады. Бұл нәруыздарды тек бұлшықет жасушасындаға ғана емес, сонымен қатар кез келген жануарлар жасушасының ұлпаларында да кездестіруге болады.
Тасымалдаушы-нәруыздар. Қанда липидтердің, гормондардың және басқа заттардың тасымалдануын қамтамасыз ететін басқа да нәруыздар бар. жасуша мембраналарында глюкозаның, аминқышқылдарының, иондардың және басқа да заттардың тасымалдануына қатысатын нәруыздар бар.

20-сурет. Глюкозаның жасуша мембранасы арқылы тасымалдануы.
Нәруыз-ферменттер. Катализаторлық нәруыздар немесе ферменттер нәруыздардың алуан түрлі топтарын құрайды. Организмде жүретін барлық дерлік химиялық реакциялар ферменттердің қатысуымен жүреді. Қазіргі кезде бірнеше мыңдаған ферменттер белгілі.
Нәруыздардың қорғаныштық қызметтері. Бұл топқа организмді бөгде заттардың енуінен қорғайтын немесе олардың зақымдануынан сақтайтын нәруыздар жатады. Иммуноглобулиндер немесе антиденелер организмге енген бактерияларды, вирустарды, бөгде нәруыздарды анықтауға және оларды зарарсыздандыруға қабілетті.
Рецепторлық нәруыздар. Жасуша мембранасы көптеген молекулаларға, сонымен қатар жасуша ішіне дабыл жеткізуші молекулаларға да кедергі болып табылады.
Реттеуші нәруыздар. Реттеуші нәруыздар – биологиялық процестерді басқаруға қатысатын нәруыздар. Оларға кейбір гормондар жатады. Қан құрамындағы глюкозаны инсулин және глюкагон реттейді. Реттеуші нәруыздарға дененің өлшемін анықтайтын өсу гормоны және фосфаттар мен кальций иондарының алмасуын реттеуші паратиреоидті гормондар жатады.
IV. Жаңа сабақты бекіту - 10 мин
Нәруыздарды құрамы бойынша жіктеу
1-вариант: Есте сақтау деңгейі
-
Нәруыздардың негізгі құрылымдық бірлігі қандай?
A) Май қышқылдары
B) Моносахаридтер
+C) Аминқышқылдар
D) Нуклеотидтер
E) Фосфолипидтер
-
Нәруыздар қандай негізгі екі топқа бөлінеді?
+A) Қарапайым және күрделі
B) Органикалық және бейорганикалық
C) Қаныққан және қанықпаған
D) Катаболикалық және анаболикалық
E) Қызметтік және құрылымдық
-
Қарапайым (протеиндер) нәруыздарға қайсысы жатады?
A) Гемоглобин
B) Миоглобин
+C) Альбумин
D) Липопротеидтер
E) Фосфопротеидтер
-
Күрделі нәруыздардың құрамында қандай қосымша топтар болады?
A) Тек көмірсулар
B) Тек липидтер
+C) Ақуыз емес компоненттер
D) Тек су молекулалары
E) Тек минералды заттар
-
Фосфопротеидтер қандай қосымша топқа ие?
+A) Фосфаттық топ
B) Көмірсулар
C) Липидтер
D) Гем тобы
E) Металл иондары
2-вариант: Түсіну деңгейі
-
Егер нәруыздың құрамында көмірсулар болса, ол қалай аталады?
A) Фосфопротеид
B) Хромопротеид
+C) Гликопротеид
D) Липопротеид
E) Протеин
-
Нәруыздың құрамындағы металл иондары қандай қызмет атқарады?
A) Тек құрылымдық рөл атқарады
+B) Катализдік және құрылымдық қызмет атқарады
C) Тек энергия көзі ретінде қызмет етеді
D) Нәруыздың ыдырауын жылдамдатады
E) Нәруызды тұрақсыздандырады
-
Липопротеидтер қандай қызмет атқарады?
A) Қанның ұюына қатысады
B) Қорғаныштық қызмет атқарады
+C) Мембраналық тасымалдау қызметін атқарады
D) ДНҚ синтезіне қатысады
E) Тек энергия көзі ретінде пайдаланылады
-
Гемоглобин қандай нәруызға жатады?
A) Фосфопротеид
+B) Хромопротеид
C) Липопротеид
D) Гликопротеид
E) Протеин
-
Құрамында темір бар күрделі нәруыз қалай аталады?
A) Гликопротеид
B) Липопротеид
+C) Хромопротеид
D) Фосфопротеид
E) Протеин
3-вариант: Қолдану деңгейі
-
Егер зерттеуші нәруыздың көмірсуы бар-жоғын анықтағысы келсе, қандай әдіс
қолдануы керек?
A) Биурет реакциясы
B) Ксантопротеин реакциясы
+C) Молиш реакциясы
D) Нингидрин реакциясы
E) Фелинг сынамасы
-
Егер нәруыздың құрамында липидтер бар екенін анықтау керек болса, қандай зерттеу жүргізіледі?
A) Ксантопротеин реакциясы
B) Нингидрин сынамасы
+C) Судан III бояуымен сынама
D) Биурет реакциясы
E) Фелинг сынамасы
-
Зертханада гемопротеидтерді анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?
A) Күміс айна реакциясы
+B) Гемоглобиннің спектроскопиялық анализі
C) Крахмал йодпен бояу әдісі
D) Нингидрин реакциясы
E) Фелинг сынамасы
-
Егер нәруыздың фосфаттық топтары бар-жоғын зерттеу керек болса, қандай реакция қолданылады?
A) Молиш реакциясы
B) Ксантопротеин реакциясы
+C) Фосфомолибден қышқылымен реакция
D) Биурет реакциясы
E) Нингидрин реакциясы
-
Егер нәруыздағы металл иондарының болуын тексеру керек болса, қандай әдіс қолдануға болады?
A) Биурет реакциясы
+B) Лигандты бояулармен химиялық талдау
C) Нингидрин реакциясы
D) Ксантопротеин реакциясы
E) Фелинг сынамасы
V. Сабақты қорытындылау, баға қою – 5 мин.
Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
VІ. Үй тапсырмасын беру - 2 мин
Тапсырма: Күрделі нәруыздарға сипаттама беріп, мысал келтіріп және «Нәруыздардың қызметтері» сызбанұсқасын дәптерге сызып толтырыңдар.
Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология 32-37 беттер
![]()
![]()
Нәруыздар
![]()
![]()
![]()
![]()
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Нәруыздарды құрамы бойынша жіктеу. Зертханалық жұмыс "Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура,pH)"

шағым қалдыра аласыз