Материалдар / Нашақорлықтың алдын алу

Нашақорлықтың алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған кыскаша жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
567
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының жоспары:

Тақырыбы: Нашақорлық алдын алу

Мақсаты: Студенттерге нашақорлық жайлы түсіндіріп, оның алдын-алу шаралары туралы баяндау. Білім алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға , тазалыққа баулу.

Түрі:дөңгелек үстел

Формасы: пікір алмасу

Көрнекілігі: бейнероликтер.

Барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.

Миға шабуыл

1) Нашақорлық деген не? 

2)Адамдар неге нашақорлыққа барады? 

3) наша түрлері қандай? 

II. Мағынаны тану

https://www.youtube.com/watch?v=tGdf7M1gRUE видеороликке назар аударыңыз.

Бұл видеороликте не байқадыңыз?

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.

Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.

Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:

аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының терминологиясында бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі алдын-алу түсінігі бар.

Бірінші деңгейдегі алдын-алуда нашақорлықты пайдаланудың зиян екендігі айтылады. Бұл деңгейдің әдістемесінде негізгі төрт бағыт бар:

  1. жастар мен жасөсіпірмдер арасында белсенді тәрбие жұмысын жүргізу;

  1. тұрғындарды санитарлық-гигиеналы тұрғысынан тәрбиелеу;

  2. есірткіні пайдалану мен таратуда қоғамдық күрес жүргізу;

  3. әкімшілік-заңнамалық шаралары;

Нашақорлықты алдын-алудың екінші деңгейі – психикалық белсенді заттарды енді пайдаланып жүрген жандарды және оларды емдеу және есірткі қолдануды қайтадан бастап жүргендіерді анықтап, демеуші ем қолдану.

Үшінші деңгейдің міндетіне нашақорлыққа берілгендерді әлеуметтік-еңбекпен қамту және медициналық тұрғыда қалыпқа келтіру жатады.

Нашақорлыққа тұлғаның бейім келуі патомінез ерекшелігіне байланысты  болады. Яғни, тұрақсыз, қызба мінезді, әлеуметтік және психикалық нормаларға бей-жай қарайтын, депрессияға жиі ұшырайтын, әлеуметтің негізгі талаптарына негативті көзқарастағы жеткіншіктер есірткінің арбауына тез түседі.

Нашақорлықтың алдын-алуда балалар мен жеткіншіктер арасында санитарлы-танымдық шараларының маңызы зор. Бірақ, бұл жөнінде бірдей көзқарас жоқ. Кей мамандар медициналық насихаттауды мектептерде барлық оқу жылы бойы жүргізу керек десе, екіншілері оқу бағдарламасына есірткіге тәуелділіктің алдын-алу бойынша бағдарлама енгізу керек есептейді.



ІІІ. Нашақорлықты алдын алу шаралары

Қазақстанда нашақорлықты жеңу бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

  • есірткілерді еліміздің аумағына жасырын әкелуді болдырмау;

  • есірткілерді таратуға және қолдануға тыйым салу;

  • есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу.

Өскелең ұрпак арасында жеке басының психологиялык киындыктарын және өмір проблемаларын өз бетімен шеше алатын, психоактивті заттарды, оның ішінде есірткілерді қабылдауды кажет етпейтін, психикасының саулығын, жан-жакты дамуды тәрбиелеуге ыкпал ететін профилактикалық жұмыс басымды бағыт ретінде мойындалды.

Іс-әрекеттердің негізгі бағыттары:

  • Білім беру жүйесінде профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу аркылы есірткілер мен психоактивті заттарды тұтынуга байланысты, олардың зияны және салдары туралы балалар, жасөспірімдер мен жастардың хабардылық деңгейін арттыру;

  • Нашақорлықтың алдын алу бойынша бұқаралық ақпарат кұралдарын (БАҚ) кеңінен пайдалану;

  • Волонтерлік қозғалысты әрі карай жетілдіру;

  • Кең ауқымды акциялар өткізу;

  • Әдістемелік және акпараттық-оқыту материалдарын әзірлеу;

  • Балалар, жасөспірімдер мен жастарда есірткілерді тұтынудан бас тартуға және оның келеңсіз көріністеріне қарсы тұруға мүмкіндік беретін дағдылар калыптастыру.

  • Интерактивті окыту негізінде өз денсаулығына, дұрыс шешім кабылдау мен тәртібіне жеке жауапкершілік калыптастыру.

  • «Тең-теңге» принципі бойынша волонтерлерді, педагогтарды окыту( жастарға арналған семинар-тренингтер өткізу;

  • Балалар, жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында кол жетімді балалар клубтарын, үйірмелер, секциялар, аула клубтарын, жазғы лагерлер жұмысын ұйымдастыруды камтамасыз ету; • Пара — пар козғалыстар дамыту (велосипед козғалысы, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.);

  • Балалар, жасөспірімдер мен жастарды қамтумен акциялар (диспуттарі пікірталастар, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарды қатыстырумен теле- және радиохабарлар өткізу, сазды және мәдени көпшілікке арналған іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу;

  • Наркологиялық орталықтар, психологиялық көмек көрсету диспансерлері базасында ата-аналар үшін сабақтар, семинарлар өткізу, нашақорлықтың алдын алу бойынша отбасылық кеңес беру пункттерін ұйымдастыру;

  • Барлык мүдделі құрылымдардың өзара ыкпалдастық кызметін, сектораралық бірлескен жұмысты күшейтумен, жастардың есірткілерден бас тартуына бағытталған жастар мәдениетін қапыптастыруға ықпал ету;

  • Балалар, жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік колдау жүйесін дамыту;

  • Жастарға арналған денсаулық, кұпия кеңестер беру орталықтарын құру және дамыту, «сенім» телефондары жұмысын жетілдіру.


Міне қарап отырсақ мемлекет тарапынан нашақорлықты алдын алу үшін көптеген жұмыстар жүргізіп жатыр. Біздің тарапымыздан өз үлесімізді қосу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, достарымызды, жақындарымызды да өз қатарымызға қосуымыз қажет.

(https://www.youtube.com/watch?v=LCMMwsNj17w видеороликті тамашалау)


Қорытынды.

Әр адам баласы өмірге,табиғатқа,қарым-қатынас жасауға,достарына,отбасына,музыкаға, спортқа қуану,өзінің жетістіктеріне,оқуына,болашақ мамандығына қанағаттану,армандау және өз армандарын жүзеге асыру үшін дүниеге келеді.Біздің тобымыз осы нашақорлықтан жастардың бойын аулақ қылу үшін қандай шаралар атқаруға болатынын жоспарладық.Ең,бірінші біздің ұсынарымыз- салауатты өмір салтын ұстану,яғни баршаңызды спортпен айналысуға шақырамыз.Біздің тобымыздың үндеуі:

Жас жеткіншек!Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз.Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.Зиянды әдеттерден,ішімдіктен,шылымнан,есірткіден аулақ болыңыз.Бойыңызды ластамай,жан дүниеңізді таза ұстаңыз.Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар.Өз тағдырыңыз өз қолыңызда.Адам өмірге бір-ақ рет келеді,оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз.Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай,бойын аулақ сала алады.

Денсаулығыңыз мықты болсын,спортпен айналысыңыз.Сіз ел үшін керексіз-тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!

Бүгін жақсы және сәнді өмір сүру-

Бұл темекі тарту және ішу емес.

Бұл-есірткіні мүлде ұмыту.

Табиғатпен,спортпен дос болу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ