Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Натурал сандардың 2ге,5ке,10 ға бөлінгіштік қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикадан қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: математика, 5 сынып. Күні 02.11.2015 ж

Тақырыбы:

Натурал сандардың 2,5,10-ға бөлінгіштік белгілері

Мақсаты

1. Білімділік: Оқушыларға натурал сандардың 2,5,10-ға бөлінгіштік белгілерінің қасиеттерін меңгерту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын дамыту.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бір - біріне көмектесуге,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар натурал сандардың 2,5,10-ға бөлінгіштік белгілерінің қасиеттерін меңгереді.

Ресурстар

Электрондық оқулық,смайликтер, кішітіректер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ойлан, тап» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісі.

Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу,түгендеу. «Менің сүйікті пәнім» әдісін қолданып, оқушылар өздерінің қандай пәнді ұнататынын сағат тілі бағытымен айтып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

I. Қызығушылықты ояту. 14 минут

Қызығушылықты ояту мақсатында қайталауға арналған сұрақтар

1)Натурал сандар дегеніміз не?

2)Разрядтық қосылғыштар дегеніміз не?

3)Кластар дегеніміз не?

4)Нөл саны неліктен натурал сандар қатарына жатпайды?

Топтар өзара 3 топқа бөлінеді:

«Сантики», «Фантики», «Лимпопо».

«Ойлан, тап» әдісі бойынша шеңбершедегі сұрақтарға жауап беріп, артындағы әріптерден математикалық термин сөзді құрастыру.


II. Мағынаны тану. 23 минут

Өздігінен бағыт-бағдар беру.

Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.

Мысалы:18:2=9; 104:2=52; 1376:2=688;


2-бөлінетін сандарды жұп сандар деп атайды.


2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.


Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын сандар 5-ке бөлінеді.

Мысалы:125:5=25; 220:5=44;1000:5=200.


Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.

Мысалы:30:3=10; 120:10=12; 1070:10=107.


605

54,60,71,102,107,208,379,420,620,653,1000,5632,10895,13786 сандарының қайсысы жұп сан? Қайсысы тақ сан? Бір жолға тақ сандарды, екінші жолға жұп сандарды теріп жазыңдар.


606

144,173,184,278,391,415,520,997,990,646,825,975 сандарынан:

1)2-ге бөлінетін; 2)5-ке бөлінетін; 3)10-ға бөлінетін сандарды бөлек жолдарға жазыңдар.

607

Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, кестені толтырыңдар:



2-ге бөлінетін сандар

5-ке бөлінетін сандар

10-ға бөлінетін сандар

63*




37*




49*





608

Қосылғыштардың жазылулары бойынша:

а)916+328: б)270+565; г)315+650; е)450+315;

ә)542+914; в)813+216; д)710+312; ж)991+734 қосындыларынан:

1)2-ге бөлінетін; 2)5-ке бөлінетіндерін таңдап алып, бөліндіні табыңдар.


609

Көбейткіштердің жазылулары бойынща:

а)7*16; б)13*10; г)7*20*3; е)2*5*23;

ә)11*25; в)13*15; д)19*11*13; ж)21*3*6 көбейтінділерінен:

1)2-ге бөлінетін; 2)5-ке бөлінетін; 3)10-ға бөлінетіндерін таңдап алып, бөліндіні табыңдар.


610

354˂х˂361 қос теңсіздігін қанағаттандыратын х-тің:

1)2-еселік; 2)5-ке еселік; 3)10-еселік мәндерін жазыңдар.


611

Кітаптың 278-бетінен 344-бетіне дейінгі беттерін нөмірлеген сандардың өосындысы тақ сан ба, әлде жұп сан ба?


612

Шығарманың оқылған беттері оқылмаған беттерінен 4 есе артық. Шығармада 145 бет болуы мүмкінбе, әлде 144 бет болуы мүмкін бе? Немесе 142 бет болуы мүмкін бе? Шығарманың оқылмаған беттері нешеу?



III. Ой толғаныс. 5 минут

Қосындыға ,айырмаға оқушылар мысалдар келтіреді.

Әр оқушы 5 мысалдан келтіреді.

Постер арқылы құрастырылған есептерді «Айналмалы бекет» әдісі арқылы шығарады. Сағат тілімен бағыттас, топтар бірін - бірі тексеріп, бағалайды.

Үйге тапсырма 1 мин

613,614,615

Бағалау 2 мин

Формативті бағалау

Рефлексия


Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Н. Әлметова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
1370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12