400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп Ақтоғай ауданы Мүткенов ЖББОМ

Мерзімі:

Қатысқандар саны:: Қатыспағандар саны:

Сабақ

Сабақ тақырыбы:


Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.5натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу;

Сабақ мақсаттары:

-натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын біледі;

-натурал сандардың бөлгіштерін табу;

-натурал сандардың еселіктерін табу;

Бағалау критерийлері:

-Натурал сандардың бөлгіштерінің анықтамаларын тұжырымдай алады;

-Натурал сандардың еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдай алады ;

-Натурал сандардың бөлгіштерін табады;

-Натурал сандардың еселіктерін табады;

Тілдік мақсаттар:


Оқушылар :

- Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табу алгоритмін түсіндіреді

Құндылықтарды дарыту

Өзара сенімділік әрі сыйластық қарым-қатынасты қолдау және тұжырымдау.Тындырымды да ұқыпты тұлға қалыптастыру.

Оқушы бойында коммуникативті дағдыны қалыптастыру.

Бастапқы білім

Натурал сандардың бөлінуі мен көбейтілуін, жұп және тақ сандардың анықтамалары. Натурал сандардың еселіктері мен бөлгіштерінің анықтамалары.

Пән аралық

байланыс

информатика пәнімен байланысты.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ресурстарымен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы


Психологиялық ахуал тудыру: «Молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлемін.

  • Әрбір топқа 20 асықтан беру арқылы, асық саны өзара тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болады?

  • Әрбір топқа 3 асықтан беріп, оған тағы да осындай асық қосу арқылы арттырамыз


«Молекулалар» әдісі


Сабақ мақсатын қою.


«Бүкіл сынып орындайтын жұмыс» тәсілі арқылы оқулықтан тақырыпты талқылайды..

1 топқа: 15 - санының бөлгіштері мен еселіктерін жазу;

2 топқа: 17 - санының бөлгіштері мен еселіктерін жазу;

Оқулықпен жұмыс

«Бүкіл сынып орындайтын жұмыс тәсілі»


Осыған дейін меңгерілген білімді пысықтау


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, алдыңғы білімдерін қайталайды.

40 санының бөлгіштерін айтыңыз;

21 Санының еселіктерін айтыңыз;

27 санының барлық бөлгіштерін айтыңыз?

  • 18 санының алғашқы 4 еселігін айтыңыз?

Тілдік мақсат бойынша жұмыс оқушылардың жауаптарын анықтамаға сәйкестендіру арқылы іске асады.

Түсіну сұрақтары:

  • Қандай сандар натурал санның бөлгіштері деп аталады?

  • Қандай сандар натурал санның еселігі деп аталады?

  • Санның бөлгіші сол саннан үлкен бола ала ма?

  • Санның еселігі сол саннан үлкен бола ала ма?

  • Еселік сан өзінен кіші бола ма?

  • Санның қанша еселігі болуы мүмкін?

  • Санның қанша бөлгіші болуы мүмкін?

  • Қандай сан барлық сандардың бөлгіші бола алады?





Өтілген тақырыпты бекіту








1

Сыныппен жұмыс №572

Оқушылар есепті дәптерлерінде орындайды.

Жұптық жұмыс

Оқушылар топта ауысып тапсырмаларды орындайды:

1. Берілген сандардың ішінен 15, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16 табыңдар:

а) 20-ға бөлгіш;

б) 4-ке еселік;

в) 16-ға бөлгіш және 4-ке еселік;

г) 3-ке еселік және 18-ге бөлгіш.



Үлгі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар бағалау критерийлері мен үлгі арқылы бірін-бірі бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кейбір жаттығуларда бір шешімге келе алмаған жұптарға көмектесу арқылы бағалайды. Бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалайды.







Өзіндік жұмыс кезеңі

(10 мин)

Оқушылар жеке өзіндік жұмыс жасайды.

I топ
1. 42 саны берілген. Барлық бөлгіштерін өсу ретімен жазыңдар: ......................................................................... 
2. Берілген сандардың ішінен 12,14,25,34,42,45,51,68,85,100 табыңыз:

а)   5-ке еселік: ..................................

б)   17-ге еселік: ................................

3. 100 ден кіші 13-ке еселік сандарды жазыңыз..................................


II нұсқа
1. 36 саны берілген. Барлық бөлгіштерін өсу ретімен жазыңдар:
2. Берілген сандардың ішінен 12,14,26,39,42,45,52,68,84,117 табыңыз:
а)  7-ге еселік: ................................. 

б)  13-ке еселік: ................................
3. 100 ден кіші 14-ке еселік сандарды жазыңыз...................................

Бағалау критерийі:

Оқушылар 30 санының бөлгіштерін дұрыс табады


Оқушылар 1 санының бөлгіштерін дұрыс табады


Оқушылар 2, 3, 5 сандарының бөлгіштерін дұрыс табады


Оқушылар 6, 10, 15. сандарының бөлгіштерін дұрыс табады


Оқушылар 30 санының кемел сан емес екендігін дұрыс қорытындылайды


Мұғалім бағалау критерийі бойынша өзіндік жұмысты тексеру арқылы бағалайды.




Қорытындылау

Рефлексия.

2 минут

Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлеріне қайта оралтады.

  • Сабақтың мақсаты қандай?

  • Мақсатқа жеттіңіздер ме? (Оқушыларға кері байланыс парағын толтыру ұсынылады)

Әрбір оқушы тақырып бойынша бір нәрсе тұжырымдайды. Бір сөзді қайталап айтуға болмайды.

Үй тапсырмасы.

Мұғалім үй тапсырмасын орындаудың ережесін түсіндіреді.

1. Берілген сандардың ішінен 14, 21, 31, 42, 51, 63, 68, 75 табыңыз
а) 7-ге еселік сандарды
б) 17-ге еселік сандарды;  
в) 8-ге еселік сандарды
г) 2-ге еселік сандарды





Үй тапсырмасы


Үй тапсырмасын беру.



Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Жұптық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенденде бағыт беремін. Әлсіз оқушыларға жеке консультация алуға мүмкіндік беремін.

Қалыптастырушы бағалау жұптық жұмыстағы есептерді шығарудағы белсенділіктерін бақылау арқылы жүргізіледі.

Бірін-бірі бағалау. Өзін-өзі бағалау.

Физкультминуткалар немесе көз жаттығуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Кері байланыс



Shape2















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі