400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Натурал сандардың бөлінгіштігі

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Адилханова Тилекши Жаңабайқызы

Күні:

22.09.2025

Сынып: 5 «Ғ, Д, Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5. 1. 2. 8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5. 1. 2. 9 натурал сандардың еселіктерін табу;

Сабақтың мақсаты

- натурал сандардың бөлгіштерін табады;

- натурал сандардың еселіктерін табады.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыр кезеңі:

Аптамызыдың дәйек сөзі:

__________________________________________________________.

Оқушылармен амандасу, тексеру.

Оқушылар амандасады, құралдарын түгендеп, сабаққа назар аударады

Жарайсың!

Оқулық,құрал жабдықтары

Сабақтың ортасы

10 минут


Жаңа тақырыпты бойынша слайд қарау.


Оқулықтағы жаңа терминдерді дәптерлеріне көшіріп жазады

«Жарайсың!», «Керемет!» деген сөздерімен бағалаймын

5 сынып оқулығы


Жұптық тапсырма

«Сиқырлы Қорапша» әдісі

Оқушылар қорапшадан тапсырмалар алады, qr арқылы тапсырмалары орындай және ұялы телефон арқылы жұп болып тапсырмаларды орындайды.


Жауабы:

1.А

2.В

3.С

4.С

5.В

6.А

7.Д

8.Д

9.А

10.А

Дескрипторы – 3 балл

Бөлгіштерді дұрыс жазса – 1 балл

Еселіктерді дұрыс жазса – 1 балл

Дұрыс топтастырса – 1 балл

Тартпа қағаз және сілтемесі







Топтық тапсырма

«Жедел желі» әдісі

Функционалдық тапсырмалар

1-тапсырма.

Асханада 24 алма мен 36 алмұрт бар. Оларды бірдей саннан қораптарға салу керек. Әр қорапқа ең көп дегенде неше жеміс салынады?? Бөлгіш табу

2-тапсырма.

Автобус аялдамаға әр 20 минут сайын, трамвай әр 30 минут сайын келеді. Екеуі алғаш рет таңғы 8:00-де бірге келді. Қай уақытта олар қайтадан бірге келеді?? Еселік табу

3-тапсырма.

Спорт алаңында 18 ұл мен 24 қыз бар. Оларды бірдей топтарға бөлгенде ең үлкен топта неше оқушы болады?? Бөлгіш табу

4-тапсырма.

Мектеп қоңырауы әр 45 минут сайын соғылады, ал асхана үзілісі әр 60 минут сайын басталады. Олар алғаш рет 9:00-де сәйкес келді. Қай уақытта қайтадан сәйкес келеді?? Еселік табу

5-тапсырма.

30 оқушы шахмат ойынына қатысты. Оларды бірдей саннан топтарға бөлу керек. Қанша түрлі бөлуге болады?? Бөлгіш табу

6-тапсырма.

Светофордың қызыл жарығы әр 50 секундта жанады, жасыл жарығы әр 75 секундта жанады. Олар алғаш рет бір уақытта жанды. Қай уақытта қайтадан бірге жанады?? Еселік табу

7-тапсырма.

45 дәптер мен 60 кітапты қораптарға бірдей етіп салу керек. Әр қорапқа ең көп дегенде қанша дәптер мен кітаптан түседі?? Бөлгіш табу

8-тапсырма.

Айналым жүгіріс жолында бір бала 12 минутта бір айналым, екіншісі 18 минутта бір айналым жасайды. Екеуі алғаш рет бірге бастады. Қанша минуттан кейін қайтадан бірге келеді?? Еселік табу

9-тапсырма.

Мектепке 48 қалам мен 72 қарындаш жеткізілді. Әр сыныпқа бірдей саннан тарату үшін ең көп неше сыныпқа бөлуге болады?? Бөлгіш табу

10-тапсырма.

Шырақ әр 40 секундта жанады, қоңырау әр 56 секундта соғылады. Олар алғаш рет бір уақытта жанды. Қай уақытта қайтадан сәйкес келеді?? Еселік табу

Жауабы:

1. Жауап: ЕҮОБ(24,36)=12. Әр қорапқа ең көп 12 жемістен салуға болады.

2. Жауап: ЕКОЕ(20,30)=60 минут. Олар 9:00-де қайтадан бірге келеді.

3. Жауап: ЕҮОБ(18,24)=6. Ең үлкен топта 6 оқушыдан болады.

4. Жауап: ЕКОЕ(45,60)=180 минут (3 сағат). Олар 12:00-де қайта сәйкес келеді.

5. Жауап: 30-ның бөлгіштері: 1,2,3,5,6,10,15,30 — барлығы 8 түрлі бөлу.

6. Жауап: ЕКОЕ(50,75)=150 секунд. Олар 150 секундтан кейін бірге жанады.

7. Жауап: ЕҮОБ(45,60)=15. Әр қорапқа ең көп 15 дәптер және 15 кітаптан.

8. Жауап: ЕКОЕ(12,18)=36 минут. Олар 36 минуттан кейін қайтадан бірге келеді.

9. Жауап: ЕҮОБ(48,72)=24. Ең көп 24 сыныпқа бөлуге болады.

10. Жауап: ЕКОЕ(40,56)=280 секунд. Олар 280 секундтан кейін қайтадан сәйкес келеді.


Дескрипторы – 4 балл

Есептің шартын түсінеді - 1 балл

Бөлгіш немесе еселік табуға қажетті амалдарды орындайды - 1 балл

Дұрыс шешімін табады - 1 балл

Жауабын дұрыс және толық жазады - 1 балл

10 минут

Жеке тапсырма

Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану

А деңгейінің есептері № 171

В деңгейінің есептері № 187


Сұрақтағы кестеде 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 15 берілген.
Осы сандардың ішінде тек 45-тің бөлгіштері ғана жарайды.
Яғни жарайтындары:
1, 3, 5, 9, 15.

Жауап:
Сатушы гүлшоғын дайындаудың
5 тәсілі бар.
Әр гүлшоғында сәйкесінше:
45, 15, 9, 5, 3 гүл болады.


Жабауы:

А деңгейінің есептері №171

В деңгейінің есептері №187

Дескрипторы – 3 балл



5 сынып оқулығы


ЕБҚ тапсырмасы

Мақсаты: натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын біледі.

Тапсырма (4 балл)
8 санының бөлгіштерін жаз.
Содан кейін 8 санының алғашқы үш еселігін тап.



Жауабы:

Бөлгіштері: 1, 2, 4, 8

Алғашқы үш еселігі: 8, 16, 24

Дескрипторы – 4 балл

8 санының бөлгіштерін дұрыс жазады - 1 балл

Бөлгіштер санын толық көрсетеді - 1 балл

8 санының алғашқы үш еселігін табады - 1 балл

Еселіктерді дұрыс ретпен жазады - 1 балл

Тарапа қағаз

Соңы

5 минут

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі «Бағдаршам» әдісі – сабақта оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін тез анықтау үшін қолданылатын тиімді әдіс. ?Түсіндірме:

  • Жасыл түс ? – «Мен бәрін түсіндім, әрі қарай жұмыс істей аламын».

  • Сары түс ? – «Мен жартылай түсіндім, аздап көмек керек».

  • Қызыл түс ? – «Мен түсінбедім, маған толық түсіндіру қажет».


Оқушы сабақ барысында түсінген және өзің түсінбеген тұстарын жазады, немесе айтады.

«Жарайсың!», «Керемет!» деген сөздерімен бағалаймын

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 қыркүйек
197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі