Сынып:
5 «А»
Пән:
математика
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы:
«Натурал санның бөлінгіштігі
»
Сабақ
мақсаттары:
1. Оқушылардың натурал санның бөлінгіштігі
тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу; осы тарауға
енетін тақырыптарды қалай меңгергендерін анықтау; жай және құрама
сандар, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарын қаншалықты меңгергендерін
тексеру;
2. Есептеу дағдыларын дамыту; Ойлау, есте
сақтау қабілеттерін дамыту. Математикалық сөйлеу қабілетін
дамыту.
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу; Ұжымда жұмыс
істеуге үйрету; Достарын тыңдап, өз ойын айта білуге
үйрету;
Сабақ
типі: қорытынды
сабақ
Сабақ
түрі: ойын
сабақ
Сабақ
көрнекілігі: компьютер, слайдтар,
карточкалар
Сабақ
барысы:
I Ұйымдастыру
кезеңі. Салеметсіздер ме, балалар!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Натурал сандардың бөлінгіштігі»
тақырыбын қорытындылау. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді,
тақырыпты жазып қойыңдар. Сабақты бастамас бұрын топтарға бөлініп
алайық, сабақтың басында сендерге фигуралар бергенмін сол бойынша
бөлінеміз. Үшбұрыштар 1 топ, дөңгелектер 2 топ, төртбұрыштар үшінші
топ.
«Балалар, бүгін сендер жай
ғана оқушы емессіңдер, «Ашық акционерлік қоғамның мүшелерісіңдер
(ААҚ)» .
Әрбір АҚ-ның атауы бар. Сендердің АҚ қалай
аталатынын білу үшін менің сұрақтарыма жауап беріп, сол жауапқа
сәйкес әріпті таблицадан табасыңдар және сол әріптерден сөз
құрайсыңдар.
-
Мына сандардың қайсысы 3-ке
бөлініп, бірақ 2–ге бөлінбейді?
(720, 255, 638, 335)-
Жауабы: 255
-
Осы сандардың
қайсысы 9-ға
бөлінеді?- жауабы: 720
-
Осы сандардың қайсысы 2 –ге
бөлінеді, бірақ 9-ға бөлінбейді?
жауабы: 638
-
Бір санның барлық бөлгіштері
берілген. Бұл қандай сан?
(1,2,4,5,10,20)-
Жауабы:20
-
Санды жай көбейткіштерге
жіктеген. Сол санды ата.
( )- жауабы
:90
Сұрақ: Мұны қалай тексеруге
болады?
-
Ең кіші жай санды ең кіші
құрама санға көбейтті. Шыққан көбейтінді неге тең? – Жауабы:
2*4=8
Тақтада таблица
көрсетіледі:
№
|
Дұрыс жауапқа сәйкес
әріптер
|
Р
|
Г
|
Е
|
Е
|
Т
|
І
|
1
|
12
|
43
|
255
|
758
|
45
|
253
|
2
|
720
|
68
|
865
|
756
|
713
|
831
|
3
|
458
|
255
|
761
|
485
|
638
|
20
|
4
|
95
|
84
|
368
|
2
|
786
|
80
|
5
|
48
|
90
|
211
|
35
|
85
|
438
|
6
|
79
|
65
|
68
|
458
|
485
|
8
|
Нәтижесінде «ЕРТЕГІ» деген сөз
шығады.
Мұғалім: Акционерлердің ақшасына
ұйымдастырылған кафенің аты осылай
болады.
II Этап: енді кім акционер болатынан
анықтап алайық. Бүгін біздің сынып ААҚ болғандықтан, біздің
мекеменің акциясын сатып алған кез келген адам оның құрамына кіре
алады. Ақысы ретінде толтырылған анкеталарды
аламыз.
Тапсырма: Анкета-есепті
шығару.
3 топқа есептер беріледі. 1-топ тақтада, 2-топ интерактивті
тақтада, 3-топ ватманда есептеп
қорғайды.
Құрама санды жай
көбейткіштерге жіктеп, ЕҮОБ, ЕКОЕ
тап.
1-топ 2-топ
3-топ
ЕҮОБ (480; 216; 144) ЕҮОБ(280;
140; 224) ЕҮОБ(105; 350; 140)
ЕКОЕ (480; 216; 144) ЕКОЕ
(280; 140; 224) ЕКОЕ(105; 350; 140)
Сергіту
сәті. (Қызылөрік әніне
билеу)
III Этап: Акционерлерді
жинап алдық. Бірақ бізге кафе ашу үшін не
керек?
қ алғандарында
сұрақ белгісі тұр. Ол үшін бірінші үйге дұрыстап назар аударыңдар.
Ол сендерге басқа үйдегі сұрақты шешуге
көмектеседі.
(жауабы-9)-1-үйдегі сандар 2-ге бөлінеді,
екінші үйдегі сандар 9-ға бөлінеді
т.с.с).
Сергіту сәті «Қызыл өрік» әніне
билейді.
IV Этап: Егер біздің кафеде музыка
ойнап тұрса өте жақсы болар еді. Бірақ ол үшін сұрақтарға жауап
беру керек.
Балалар, сендерге музыкадан
беретін ағайларың үйреткен шығар, барлығы неше нота
бар?
Ноталар қалай аталады? Әр
нотаның өз мағынасы бар.
Енді осы ноталардың артында
есептер жасырылған соны орындайық.
Тақтада ноталар ілініп тұрады,
артында есеп жапсырылған. Әр топ екі есептен алып, тақатада дұрысын
жазады.
1-нота
1002+32
2-нота
(1001-999)5+86
3-нота
12-нің еселіктерінің 4-еуін жаз
4-нота
330
33
5-нота
135+85
қосындысы 5-ке бөліне ме, әлде 3-ке бөліне ме? Бөліндіні
тап.
6-нота
148
көбейтіндісі 19 және 13
сандарының қайсысына бөлінеді? Бөліндіні тап.
Оқулықпен
жұмыс. №337 1 топ 1, 2 топ 2, 3 топ 3, №343 1 топ 1,
2 топ 2, 3 топ 3.
Әр топтан бір баладан шығып, есепті
орындайды.
№337. 1)
а=22*3*7
в=2*32*7 ЕКОЕ(a;b)=
2*32*7*2=252
2)
а=2*33*5 d=22*5
ЕКОЕ(a;d)=
2*33*5*2=540
3)
e=2*3*11
f=23*3*11
ЕКОЕ(e;f)=
23*3*11=264
№343. 1)
42х-30у=6(7x-5y)
2)56x-24y=8(7x-3y)
3)
60m-36n=6(10m-6n)
Жұппен
жұмыс. Ортаға 2 топтан 1 баладан шығарып,
маңдайларына қағаз жабыстырамыз. Бір-біріне сұрақ қою арқылы
жауабын табу.
Резерв:
енді кафемізде музыка ойнап тұратын болады,
енді кафеге мәзір мен жарнама ойлап табуымыз керек. Мәзірді қызықты
формада ойлаған дұрыс болады. (балалар өздері ойлап
табады.).
Үй
жұмысы: №337(4,5,6)
№343(4,5,6)
егер жарнаманы ойлап үлгермесек, үйде ойлап
келемиз.
Ү. Рефлексия. Оқушылардың не үйрендік?
Не білдік пікірлерін білу?
қорытынды:
бағалау.
Ватманға балалардың тізімін жазып іліп
қоямын. Әр тапсырмадан соң, жақсы қатысқан балаларға «+» қоямын.
Соңында барлық «+»
есептеледі.