400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Натурал сандардың бөлінгіштігі» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы





Абишева Асия Жандосовна

Алматы облысы, Әуезов ауданы

Математика , информатика және физика

пәні мұғалімі

e-mail: abisheva.as@mail.ru











Бітірген оқу орны:

1. Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институты

2.Физика математика факультеті

Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі:жоғары

Тілдік дағдылары:Қазақша, орысша, ағылшын

Компьютерлік сауаттылығы: жоғары

Жалпы еңбек өтілі: 30жыл 9 ай

Педагогикалық өтілі: 30 жыл

Осы мектептегі өтілі: 15 жыл 9ай

Атқаратын қызыметі: «Математика» пән мұғалімі

Жеке қасиеттері:Жауапты, адамдармен, ұжыммен қарым-қатынас орнатуға бейімді, ұстамды, басқарушы қабілеті жоғары, ұжыммен жұмыс істей алады,ұқыпты, алға қойған мақсатына қол жете алады. Абишева Асия Жандосовна №123 мектеп-гимназияда математика пәнінен сабақ береді және математика, мектеп тренері болып , мұғалім ретінде мектептің өркендеуіне өзінің зор үлесін қосып келеді. Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті, ізденімпаз педагог. Өз ісінің шебері. Өз пәнінің теориясы мен әдістемесін жетік меңгерген маман, дарынды балалармен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алады.

Қызығушылық:саяхатқа шығу,би,музыка т.б.










Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1.B

«Натурал сандардың бөлінгіштігі»

Мектеп: №123 Қ.А.Яссауи атындағы мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абишева Асия Жандосовна

Сынып: 5а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Құрама сандарды жай көбейткiштерге жiктеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.7 Құрама сандарды жай көбейткiштерге жiктеуге үйрену.


Сабақтың мақсаты


Барлығы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге үйрену;

Басым көпшілігі: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алу және жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза алу;

Кейбіреуі: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуді мәтін есептерді шешуде қолдану.

Бағалау критерийі

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады;

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

бөлінгіштік белгілерін қолданып, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу алгоритмін талдайды;

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- жай сандар;

- құрама сандар;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-кез келген құрама санды бір санынан басқа екі көбейткішке жіктеуге болады;

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;

- кез келген натурал санды жай көбейткіштерге жіктеуге болады;

Құндылықтарға баулу


Сыни ойлауға, шығармашылыққа, өздігінен шешім қабылдауға, өзгелердің пікірін құрметтеуге, жауапкершілікке

Пәнаралық байланыс

Геометрия (№269, №267), физика (№267-3)

Алдыңғы білім


Жай және құрама сандарды, натурал сандардың 2-ге, 3-ке, 5-ке, бөлінгіштік белгілерді, дәрежені біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Ширату (оқушыларды қағаз қиындылары арқылы топқа біріктіремін, қағаз қиындыларында сұрақтар мен жауаптар жазылады)

Топтың аттары: «Құрама сандар», «Жай сандар», «санның 3-ке бөлінгіштік белгілері», «санның 5-ке бөлінгіштік белгілері»

Қағаз қиындылары (сұрақтар, жауаптар, есептер)



Сабақтың ортасы

15 минут

«Джигсо» әдісі. Жаңа тақырыпты ашу үшін әр топқа бірдей тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма: Құрама санды жай көбейткiштерге қалай жіктеледі?

2 тапсырма: 1-тәсіл бойынша 54, 32, 48, 96 сандарын көбейткіштерге жіктеңдер.

3 тапсырма: 2-тәсіл бойынша 24, 32, 48, 96 сандарын көбейткіштерге жіктеңдер.

4 тапсырма: Құрама санды жай көбейткiштерге жiктеп, көбейткiштерді дәрежемен алмастыр: 24, 32, 48, 96.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы өзара бағалау.

Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова,

Е.С. Байшоланов Математика 5 сынып Алматы. Атамұра, 2017


Постер, маркер, микрофон, Picture 3 үлестірмелі қағаздар


2 минут




15 минут

«Зымыран сұрақтар» әдісі. (Ауызша есептеу)

1) 1 2 · 1 0 2) 16 · 10 3) 46 · 10 4) 64 · 10

12 · 15 16 · 15 46 · 15 64 · 15

12 · 101 16 · 101 46 · 101 64 · 101

Жеке жұмыс: Сараланған тапсырмалар

Барлық оқушыларға:

№264. Құрама сандарды жай көбейткiштерге

жiктеңдер:

1) 14, 26, 35, 38, 52, 87;

2) 88, 136, 222, 246, 385, 435, 530, 555;

3) 396, 456, 504, 700, 594, 1170, 2310, 3100.

Көпшілік оқушыларға:

№268.

1) 105 = 3 · 5 · 7 теңдігін пайдаланып, 1, 3, 4, 5, 7, 12, 15, 20, 21 және 35 сандарынан 105-тің бөлгіштерін теріп жазыңдар.

2) 130 = 2 · 5 · 13 теңдігін пайдаланып, 1, 2, 5, 10, 13, 24, 26,31, 65 сандарынан 130-дың бөлгіштерін теріп жазыңдар.

Кейбір оқушыларға:

№272. Тiк бұрышты параллелепипедтiң өлшемдерi жай сандармен өрнектеледi.

Көлемi: 1) 66 см3; 2) 195 см3; 3) 255 см3

параллелепипедтiң өлшемдерi неше сантиметр?

Бағалау критерийлері

дескриптор







Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады;

1

Құрама сандарды жай көбейткiштерге

жiктей алады

2

Теңдіктерді пайдаланып, бөлгіштерін теріп жаза алады

3

Тiк бұрышты параллелепипедтiң өлшемдерін қолдана алады

Өлшемдерiн жай сандармен өрнектей алады


№263 есеп


Т.А.Алдамұратова,

Қ. С.Байшоланова,

Е.С. Байшоланов Математика

5 сынып Алматы. Атамұра, 2017




5 минут





3 минут

Жұппен жұмыс: «Үш қадамдық сұхбат»

жаңа тақырып бойынша жұптар диалог құрады (А оқушы В оқушыға сұрақ қояды, В оқушы жауап береді. В оқушы А оқушыға сұрақ қояды, А оқушы жауап береді. Жұптасып басқа жұппен диалог құрады)

Жұптар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бірін-бірі бағалайды


Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

Сабақ соңында «Блоб ағашы» әдісі арқылы рефлексия жүргізіледі.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында саралау тапсырмалары берілді, қолдау көрсетілді, оқушылардан күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстары оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірленді Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

«Джигсо» әдісі.

«Ашық микрофон» әдісі

«Зымыран сұрақтар» әдісі

«Үш қадамдық сұхбат» әдісі

Өзін-өзі бағалау

Өзара бағалау


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
















Shape1






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі