Натурал сандардың бөлінгіштігі 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Натурал сандардың бөлінгіштігі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал математика пәнінің мұғалімдеріне қолдану тиімді. Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтары артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазастан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Сабақтың тақырыбы:

2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері тақырыбына есептер шығару





















Математика пән мұғалімі: Нурманбетова Раухан Энбекшиевна

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп:Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі


Сынып: 5

Қатысқандар саны:


Сабақ тақырыбы

2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері тақырыбына есептер шығару


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.5 - натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану.

 


Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып есептер шығару;

Оқушылардың басым бөлігі: натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолданып, есептер шығару;

Оқушылардың кейбіреулері: натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін мәтіндік есеп шығаруда қолданады.


Бағалау критерийлері

  1. Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланады;

  2. Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін анықтап , айта алады.

  • натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдап, жаза алады


- бөлінгіштік белгілері, санның бөлінгіштігі, қосылғыштар разрядтары, жұп сандар, тақ сандар, жұп сандар, тақ сандар, әріпті өрнек.


- Егер .... , онда...


Құндылықтарды дарыту

 

 

Зайырлы қоғам және руханият құндылығы бойынша топтық жұмыста бір-бірін құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынастарын бойларына сіңіреді. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.


Бастапқы білім

 

Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері; Жай және құрама сан; Бөлінгіштіктің негізі қасиеттері




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

  • оқушылардың ойларын шоғырландыру;

санау арқылы «Жұп сандар» және «Тақ сандар» топтарына бөлу.

«Сократ шебері» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы «Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері», «Жай және құрама сан», «Бөлінгіштіктің негізі қасиеттері» тақырыптарға шолу жасау.

Кері байланыс: Топтар өздерінің атауларына қысқаша анықтама беріп өтеді.

 

Сабақтың ортасы

27 мин

 

 

Мақсаты: «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға есептер шығаруға дағдыландыру.

І топқа: 31:2, 415:5, 702:3, 603:9, 350:10, 1780:9 бөлінділер қалдықсыз бөлінеді ме, бөлінсе мәнін табыңдар.

ІІ топқа: 625:2, 165:5, 128:3, 108:9, 1050:10, 892:9 бөлінділер қалдықсыз бөлінеді ме, бөлінсе мәнін табыңдар.

Топтың қатысушылары тақтаға шығып, мәндерін тауып жазады.

Интерактив-ті тақта, флипчарт

 

1-тапсырма

Мақсаты: «Кім шапшаң» ойыны бойынша оқушылардың білімдерін анықтау.

Қалыптастырушы дағдылар:

  •  Ойлау, шешім қабылдау;

  • Еркіндік, жылдамдық.

Жұмыс алгоритмі:

І топқа: 18, 46, 63, 222, 303, 846, 375, 4647, 287, 982, 5485, 165, 5536, 3187, 548 сандарының ішінен бір мезгілде 2-ге де, 3-ке де бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.

ІІ топқа: 24, 48, 83, 333, 408, 648, 572, 4748, 782, 892, 4785, 561, 6636, 5187, 948 сандарының ішінен бір мезгілде 2-ге де, 3-ке де бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.

Интерактив-ті тақта, Жеке жұмыс,

түрлі түсті жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш фигуралары

Бағалау критерийі

Білім алушы

- натурал сандардың 2-ге, 3-ке бөлінгіштік белгілерін анықтайды.

Дескриптор:

Білім алушы

  • Бір мезгілде 2-ге де, 3-ке де бөлінетін сандарды теріп жазады;

  • берілген сұрақ бойынша сандардың бөлінгіштік белгілерін қолданып, шешуін табады.



 

(Т) 2-тапсырма

Мақсаты: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша оқушылардың ортақ мақсатқа негізделген идеялар мен ойларды дамыту.

1 топқа: х — тақ сан болса, онда 5 х өрнегiнiң мәнi жұп сан бола ма? Тағы өзге қандай тұжырым жасар едіңдер?

2 топқа: 8b өрнегiнiң мәнi 10 санына бөлiнедi. 12b өрнегiнiң мәнi 10 санына бөлiне ме? Жауабын түсiндiрiңдер.

Оқулық, стикер

Үлестірме парақтары, бағалау парағы

Бағалау критерийі

Білім алушы

- натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану.

Дескриптор:

Білім алушы

  • берілген сұраққа қатысты тұжырым жасайды;

- жауабын түсіндіреді, дәлелдейді


3-тапсырма

Мақсаты: «Адасқандар сандар» ойыны бойынша оқушылардың ойлары мен білімдерін жетілдіру.

Екі топқа:

Дескриптор:

  • Топ мүшелері жұп сандар мен тақ сандарды табады;

  • Тапқан соң адасқан сандарды бағандарға орналастырады.

Интерактивті тақта, флипчарт

Саралау: Сыни тұрғыдан сұрақтар беру арқылы қолдау көрсету. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді?

  • Оны қайдан білдің?

  • Сенде қандай дәлелің бар?

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

4-тапсырма

Мақсаты: «Үшіншісі артық» әдісі арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дамытуда, тарихи мәдениетін қлыптастыруда, алған білімін өмірде қолдану.

Қалыптастырушы дағдылар:

  •  Ойлау, шешім қабылдау;

  • Ақпаратты басқару;

  • Бірлескен жұмыс;

Жұмыс алгортимі:

1 топқа: «Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Оның жасы 16-да болса, оның бойы 565 сантиметр болған.


 

2 топқа: Энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті "Ботай мәдениеті" ескерткішіне 2014 жылдар аралығында профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстары жүргізілді. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған.

Дескриптор:

  • артық деректі табады;

  • мәтіндегі сандардың ішінен 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады.













5-тапсырма

Оқулықпен жұмыс.

Қалыптастырушы дағдылар:

  •  Ойлау, шешім қабылдау;

  • Ақпаратты басқару;

  • Бірлескен жұмыс;

176

502 011; 331 102; 814 401 сандарын құрама сандар

деп айтуға бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.

177

0, 2, 5 цифрларын қолданып бір мезетте 2-ге, 5-ке,

10-ға бөлінетін барлық үштаңбалы сандарды жазыңдар.


Сабақты соңы

7 мин

«Тест» арқылы мұғалім сабақты қорытындылайды.

«Бір минут» әдісі арқылы оқушылар сабақты қорытындылайды.

Үй тапсырмасы

«Кері байланыс бутерброды» рефлексия


Интерактивті тақта, флипчарт








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.02.2019
1826
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі