жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Натурал сандардың жазылуына есептер шығару
Математикадан қысқа мерзімді жоспар.
|
Пәні: математика, 5 «Ә», «Б» сынып. Күні 02.09.2015 ж |
|||
|
Тақырыбы: |
Натурал сандардың жазылуы |
||
|
Мақсаты |
1. Білімділік: Натурал сандардың жазылуын , оқылуын, есептер шығарту. 2.Дамытушылық:Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. 3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бір - біріне көмектесуге,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Натурал сандарды жаза алады |
||
|
Ресурстар |
Электрондық оқулық,смайликтер, кішітіректер. |
||
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
«Ойлан, тап» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісі. |
||
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
Оқушылармен амандасу,түгендеу. «Менің сүйікті пәнім» әдісін қолданып, оқушылар өздерінің қандай пәнді ұнататынын сағат тілі бағытымен айтып, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру. |
||
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
|||
|
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||
|
I. Қызығушылықты ояту. 14 минут |
|||
|
Қызығушылықты ояту мақсатында қайталауға арналған сұрақтар 1)Натурал сандар дегеніміз не? 2)Разрядтық қосылғыштар дегеніміз не? 3)Кластар дегеніміз не? 4)Нөл саны неліктен натурал сандар қатарына жатпайды? |
Топтар өзара 3 топқа бөлінеді: «Сантики», «Фантики», «Лимпопо». «Ойлан, тап» әдісі бойынша шеңбершедегі сұрақтарға жауап беріп, артындағы әріптерден математикалық термин сөзді құрастыру. |
||
|
II. Мағынаны тану. 23 минут |
|||
|
Өздігінен бағыт-бағдар беру. Санауда қолданылатын 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12, .....сандары натурал сандар деп аталады. «Натурал» сөзі латынның «natura» сөзінен шыққан. Қазақша баламасы «табиғат» дегенді білдіреді. Натурал сандар 1,2,3,4,5,6,7,8,9 және 0 цифрларымен жазылады. Натурал сандарды 1 санынан бастап, санау ретімен жазғанда натурал сандар қатары құрылады. Натурал сандар қатары: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12, ..... Натурал сандар қатарының қасиеттері: 1)натурал сандар қатары 1 санынан басталады; 2)әрбір натурал саннан кейін одан 1-ге артық натурал сан бар; 3)натурал сандар қатары шектеусіз. Нөл натурал сандар қатарына жатпайды. Натурал сандар оңнан солға қарай әрқайсысында үш-үштен цифрлары бар кластарға топталады. Ең соңғы класта бір немесе екі цифр қалуы мүмкін. Натурал сандар кластары: бірліктер, мыңдықтар, миллиондықтар, миллиардықтар, триллиондықтар және т.б. Әрбір кластың үш разряды болады. Олар :бірліктер разряды, ондықтар разряды және жүздіктер разряды. Көп таңбалы натурал сандардың оқылу ережесі:
Көп таңбалы натурал сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады. Мысалы: 35749=30000+5000+700+40+9 35749=3*10000+5*1000+7*100+4*10+5 Разрядтық қосылғыштар Кез келген разрядтың әрбір 10 бірлігі одан жоғары (солға қарай) разрядтың бір бірлігін құрайды. Мысалы: 10 бірлік 1 ондықты; 10 ондық 1 жүздікті; 10 жүздік 1 мыңдықты, т.с.с. құрайды. Сыныпта шығарылатын есептер. №15 І.1)4915=4000+900+10+5; 4)25467=20000+5000+400+60+7; 2)6083=6000+80+3; 5)10803=10000+800+3; 3)15009=10000+5000+9; 6)206030=200000+6000+30. ІІ.1)24; 2)2424; 3)2424:24=101; №16 Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс: 1)кез келген натурал саннан 1-ге кем натурал сан бар; 2)санның ең жоғарғы разряды кез келген цифрмен жазылады; 3)1-ден өзге әрбір натуцрал саннан 1-ге кем натурал сан бар; 4)санның ең жоғарғы разряды 0-ден өзге цифрмен жазылады; 5)қандай да бір разрядтың әрбір 10 бірлігі одан жоғарғы разрядтың бір бірлігін құрайды. №17 Ұзындығы 16 м тоқыма баудан өлшеуіш құралдарды пайдаланбай, 6 м тоқыма бауды қалай қиып алуға болады? №18 Көп қабатты үйдегі пәтерлердің есіктерінің сыртындағы пәтер нөмірін көрсететін сан металл цифрлардан құрастырылады. Егер осы үйде 120 пәтер болса, барлық пәтерлер нөмірін көрсететін сандар неше металл цифрлардан құрастырылады? №19 а – натурал сандар қатарындағы қандай да бір сан.Осы қатардағы: 1)а санынан кейінгі келесі үш санды жазыңдар; 2)а санының алдындағы екі санды жазыдар. №20 0,1,2,3,4,5,6,7 цифрларының барлығымен жазылатын және цифрлар қайталанбайтын: 1)Ең үлкен санды жазыңдар; 2)Ең кіші санды жазыңдар. №21 1)7315санын кем дегенде неше бірлікке азайтқанда жүздіктер, ондықтар және бірліктер разрядтарындағы цифрлар өзгереді?Ж: 6 бірлікке 2)6457 санына кем дегенде неше бірлікті қосқанда жүздіктер, ондықтар және бірліктер разрядтарындағы цифрлар өзгереді? 4 бірлікті №22 Жанар ең кіші екі таңбалы санға ең үлкен үш таңбалы санды бірнеше рет қосты. Қосынды ең кіші бес таңбалы санға тең болды. Жанар ең үлкен үш таңбалы санды неше рет қосты? 10+999х=10000; х=10. №23 Кітап үшінші бетінен бастап 3 цифрымен нөмірленген. Кітаптың барлық беттері 1315 цифрмен нөмірленген. Кітаптың неше беті нөмірленген? А.432 бет В.475 бет С.448бет D.450 бет |
Сағат тілімен бағыттас есептерді шығарып, бір - бірін тексереді. |
||
|
III. Ой толғаныс. 5 минут |
|||
|
Натурал сандарға, разрядтық қосылғыштарға мысалдар келтіру. Әр оқушы 5 мысалдан келтіреді. |
Постер арқылы құрастырылған есептерді «Айналмалы бекет» әдісі арқылы шығарады. Сағат тілімен бағыттас, топтар бірін - бірі тексеріп, бағалайды. |
||
|
Үйге тапсырма 1мин |
№24,25 |
||
|
Бағалау 2 мин |
Формативті бағалау. «Смайликтер» әдісі бойынша топтар өзара бағаланады. |
||
|
Рефлексия |
|
||
Тексерілді: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Н. Әлметова.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген