Тақырып бойынша 11 материал табылды

Натюрморт бейнелеу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Бейнелеу өнері

Мектеп:№271 мектеп

Сыныбы: 4 «Ә»

Күні: 11.04.2018 ж

Мұғалімнің есімі:Серимбетова Гаухар

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

 Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру. Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. Ойлау қабілеттері мен шеберліктерін дамыту. Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Бейнелеу өнеріне қызығушылықпен қатысады.

Оқушылардың басым бөлігі: натюрморт жанры туралы түсінік қалыптасқан.

Кейбір оқушылар: натюрморт сала алады.Суреттің салыну жолын біледі.


Оқыту түрі

Білу, түсіндіру, қолдану.

Бағалау критериі

Натюрморттың салыну жалын меңгеруін бағалау.

Әдіс тәсілі:

Түсіндіру, сурет салу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ әдебиеті

Сөздік қор

Ахроматика, хроматика , графика, дизайн перспектив.


Құндылықты дамыту

Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Бейнелеу өнерінің эстетикалық мазмұнын оқушылардың бойына сіңіру.

Алдыңғы білім

3-сыныпта өткен натюрморт тақырыбын еске түсіру




Ж о с п а р

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы / 5 мин/

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.

ІІ.Психологиялық ахуал қалыптастыру

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы):

Қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер?

Қандай әйгілі суретшілерді білесіңдер?

Қазақтың суретшілерінің қандай туындыларымен таныссыңдар?

Бейнелеу өнерінің жанрларын ата.











Үй жұмысынан көрме ұйымдастыру.










Ортасы

/30 мин/

 І. Жаңа сабақ:Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?

Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеуарқылы суреттейтін өнер түрі.Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.

Кескіндеме.

Графика.

Мүсін.

Сәулет өнері.

Сәндік қолданбалы өнер.

Дизайн өнері.

Ал, енді, алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қайжанрына жатады?

- Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрмотр жанрына тоқталамыз.

Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.

Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.

Қарапайым натбрморт екі, үш заттан аспайтын, күделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.

Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.

Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық , қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық баба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.

 Сарамандық жұмыс:

Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.

Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.

Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.

Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялықденелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.

Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.

Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.





















Слайтта көрсеніледі







Натюрморт бейнеленген суреттер көрсетіледі.



























































Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады

Аяқталуы

/5 мин/

ІҮ. Сабақтың қортындысы:

Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)

Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)

Хроматикалық түстерді атаңдар. (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)

Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр).

Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі).

Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын, күннің әсеріне байланысты түстерлің өзгеруі).

Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу).

Перспективаның түрлерін ата. (жазықтық, ауа, сызықтық, жарық, көлеңке).

Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік).

Ү. Үйге тапсырма:

Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау. Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін, натюрмортты аяқтау.

ҮІ. Оқушыларды бағалау:

Оқушыларды жекелей бағалау

Жұмыс орындарын жинастыру. 

Қойылатын сұрақтар слайтта көрсетіледі

Қосымша ақпарат

1.Түстерді зерттейтін ғылым? (Түстану).

2. Түртапқыш тақтайша. (Палитра).

3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы? (Спектр).

4. Жаратылыстану ғылымына спектрді енгізген ғалым. (И. Ньютон).

5. Су бояуы. (Акварель).

6. Хайуанаттардың суретін салатын суретші. (Анималист).

7. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. (портрет).

8. Түстердің пайда болуын зерттеген ғалым. (Аристотель).





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
970
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12