Материалдар / наурыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халқының ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:

1-жүргізуші: Игорь


Қайырлы күн көгілдір ару көктем,

Міне бізге мейрамды  ала келдің.

Қар еріп, жер көктеп, құс сайрап,

Келді міне наурызым көптен күткен.

2-жүргізуші: Софья

Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін бізге берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Бүкіл ел күткен Наурыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Наурыз — Қазақстан халқының ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

1-жүргізуші: Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы саналады. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Наурыз-бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйтқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған мерекенің бірі.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгін Наурыз мейрамына арналған «Білімдінің күні жарық» деп аталатын сайысқа 5-ші сынып оқушылары қатысады. Ендеше сол командалармен танысайық.

1 – команда: «Шаңырақ» командасы 5А сыныбы

2 – команда: «Қыран» » командасы 5Б сыныбы

3 – команда: « Бәйшешек» » командасы 5В сыныбы

1-жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады.

1 – кезең: «Кел, танысайық» 3ұ (ұран, сипаттама, эмблема)

2 - кезең: «Зымыран сұрақтар» 1-10 ұ ( 3 минутта 10 сұраққа жауап беру)

3 - кезең: «Өнерлі өрге жүзер» 5ұ (бата)

4 - кезең: «Қазақтың ұлттық тағамдары» 5ұ (тағаммен таныстыру: құрамы, дайындалу ерекшелігі, маңызы)

5 – кезең: «Капитандар сайысы». 4ұ (құттықтау сөзі, тапсырма)

6-кезең: Сөзжұмбақ 5 ұпай

32ұпай

2- жүргізуші:

Әділ – қазы шешеді,

Жеңімпазды, жеңісті.

Бізге айтып береді,

Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.


Оқу ісі жөнінде директордың орынбасары Омарова Ляззат Сембаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағалиева Әсел Габбасовна, Бейсебаева Жаудір Қасымовна.

1-жүргізуші: 1-кезең «Кел, танысайық» деп аталады. Бұл кезеңде әр команда өздерін таныстырады.

1 минут.

Команда капитаны команда аты және ұранымен таныстырады.

2-жүргізуші:

2- кезең. https://wordwall.net/ru/resource/54431846/cұрақтар

«Зымыран сұрақтар». Экранда әр топқа арналған викториналық сұрақтар беріледі.

4 түрлі бағыт:

  1. Тәуелсіздік рәміздері: ҚР Әнұранының авторы кімдер? ҚР Елтаңбасындағы шаңырақ ненің белгісі? «Бәйтерек» монументі ненің символы? (қандай ағаш, басындағы алтын шар нені білдіреді?)

  2. Көшпелілер мәдениеті: 1. «Алтын адам» қайдан табылған? Ежелгі көшпелілерден қалған алтынан жасалған зергерлік әшекей қалай деп аталады? Тұмар патшайымның аты қандай оқиғамен байланысты тарихта қалған?

  3. Ұлы тұлғалар: А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі 5 асыл істі ата. Ы.Алтынсариннің қазақ балаларына арнап не жазды? 3. «Сырдария» өлеңінің авторы кім? Үзінді жатқа айт.

  4. Кітап-білім бұлағы. 1.Әлемдегі ең ірі кітапханаларды ата. Қазақстанда ең алғашқы кітапхана қайда ашылған? Білім туралы 3 мақал айтыңдар.







1-жүргізуші:

3-кезең «Өнерлі өрге жүзер».

Бұл кезеңде әр топ өз өнерін ортаға сала отырып, бата беру дәстүрін көрсетеді.

5 а сыныбы «Сапар батасы» көрсетеді

Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Сәтті болып істерің,
Ырзығың сыртта шашылса,
Оны да түгел теріп қайт.
Айдарыңнан жел есіп,
Желіп барып, желіп қайт.
Бақ қосылып басыңа,
Дақ түспей ар мен бағыңа,
Сау-саламат өзіңмен
Кездесейік тағы да.Әумин!



5Б сыныбы «Ас батасын» көрсетеді

Әумин! — бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Дастарханың мол болып
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,

Таси берсін несібің!

Бақ-береке үйіңе

Мәңгілікке кеп қонсын, Әумин!

5В сыныыбы «Наурыз батасын» көрсетеді

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін. Әумин!

2-жүргізуші:

Наурызым міне келді жайраңдаған,

Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған

Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,

Көктемнің бұл күніне қайран қалам.

Келесі сайыс ұлттық тағамдармен байланысты.

1-жүргізуші:

4- кезең «Қазақтың ұлттық тағамдары» деп аталады. Бұл кезеңде әр команда қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстырады.

(команда өз дастархандағы қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстырып болғаннан кейін әділ қазы алқалары бағалайды.

5А Шаңырақ командасы « Бауырсақ» туралы айтып береді.

5Б Қырандар командасы «Наурыз көже» сырымен бөліседі.

5В Бәйшешек командасы «Құрт» туралы айтып береді.

2-жүргізуші:

5-кезең «Капитандар сайысы». Бұл кезеңде әр команданың капитандарына арнайы тапсырмалар беріледі.

1-жүргізуші: Әр команданың капитандарын ортаға шақырамыз.

Капитандар арасындағы сайыс. Капитандарды ортаға шақырамыз.

Эльмира Ермонтаевна жүргізеді:

(Суреттер беріледі)

«Кітап» Менің атым Кітап. .......

«Телефон » Менің атым Телефон. .............

«Мектеп» Менің атым Мектеп.............





2-жүргізуші: Капитандардың қаншалықты мықты екенін анықтадық. Енді соңғы кезеңге жеттік. Бұл «Сөзжұмбақ» сайысы.

1-Жүргізуші: 3 командаға да бірдей сөзжұмбақ беріледі. Ең бірінші шешкен, дұрыс шешкен команда жеңіске жетеді. Ал командалар дайын болса, бастаймыз. (Э.Ермонтаевна жүргізеді)

1-жүргізуші: Жеңімпаздарымызды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.



Награждение команд

2-жүргізуші:

Тарқалмасын Ұлы Наурыз мейрамы,

Тойға ұлассын қазағымның тойлары!

Әр жыл сайын ән мен жырға бөленсін,

Ұлыс күні Ұлы Отанның аймағы!

1-жүргізуші:

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман – есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

2-жүргізуші: Бүгінгі «БІЛІМДІНІҢ КҮНІ ЖАРЫҚ» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға алғысымыз шексіз.

1-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!



1-жүргізуші. 2-жүргізуші: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Қош сау балыңыздар! (вместе)















Лиза, Арулан, Арман, Ағжан, Данил, Адина «Шаңырақ»

Бата: Арулан

Бауырсақ: Арман

Капитан: Лиза

Ұран: Күш білекте емес, күш бірлікте.



Катя, Мерейли, Ақжан, Алан, Рауль, Алим «Қыран»

Бата: Алан

Наурыз көже: Ақжан

Капитан: Катя





Эмилия, Гордей, Эльмырза, Никита, Айдана, Самира «Бәйшешек»

Бата: Гордей, Никита

Құрт: Эльмырза

Капитан: Эмилия

















1 – кезең: «Кел, танысайық» 3ұ (ұран, сипаттама, эмблема)

2 - кезең: «Зымыран сұрақтар» 1-10 ұ ( 3 минутта 10 сұраққа жауап беру)

3 - кезең: «Өнерлі өрге жүзер» 5ұ (бата)

4 - кезең: «Қазақтың ұлттық тағамдары» 5ұ (тағаммен таныстыру: құрамы, дайындалу ерекшелігі, маңызы)

5 – кезең: «Капитандар сайысы». 4ұ (құттықтау сөзі, тапсырма)

6-кезең: Сөзжұмбақ 5 ұпай
















































Бағалау парағы

Кезеңдер

Тақырыбы

Ұпайлар

Алған ұпайлары

1-кезең

«Кел, танысайық»

3ұ (ұран, сипаттама, эмблема)


2-кезең

«Зымыран сұрақтар»

1-10 ұ ( 3 минутта 10 сұраққа жауап беру)



3-кезең

«Өнерлі өрге жүзер»

5ұ (бата)



4-кезең

«Қазақтың ұлттық тағамдары»

5ұ (тағаммен таныстыру: құрамы, дайындалу ерекшелігі, маңызы)



5-кезең

А.«Капитандар сайысы».

Б.Суретпен мәтін құрастыру

2ұ (құттықтау сөзі, тапсырма)

3ұ (суретті пайдалану, капитан әңгімелейді)


Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!