Тақырыбы:
«Наурыз – асыл
айым!»
Мақсаты: Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы
емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата
бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік
беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Жүру
Барысы:
Ұйымдастыру.
Көрнекілік: Кереге, қазақтың ұлттық ою-өрнек сырмақтары, кебеже, қамшы, тақырып жазылған плакаттар, шар, жалаушалар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар,
ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт
мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза,
құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол
- Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі.
Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек
айтып, бата береді.
Құрметті көрермендер бүгінгі біздің «Қош келдің – Әз - Наурыз!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Құттықтау сөз кезегін мектеп меңгерушісі Салтанат Тарихқызына жолдаймыз.
Лебізіңізге рахмет!
Ән: «Наурыз көктем!» Орындайтын Самиғолла
Дана
Армысыздар
ағайын!
Наурыз тойын жұп
жазбай
Қошеметпен қарсы
алайық!
Досқа құшақ
ашайық,
Өлең жырға
басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу
шашайық
Наурыз келсе,
ағайын
Құт келгені
халайық!
Есік ашып, шашу
шашып,
Ел боп қарсы
алайық
(шашу
шашылады)
жүргізуші:
Күттіріп келген жыл
басы
Бізбен бірге
жырлашы.
Дастарқанға
елімнің
Береке, ырыс
сыйлашы.
Ой, халайық,
халайық,
Әсем әнге
салайық.
Наурыз тойын
көңілді
Бірге қарсы
алайық.
Музыкалық сәлемдеме: Ән: «Көктем келді» Хамза
Еркеназ
Би: «Қазақ биі» 3-сынып қыздары
Жүргізуші:
Армысыз әлемнің алтын
шырағы,
Күн Ана!
Төрлетіңіз!
Атар таңға, батар күнге тәу - тәу! (Ортаға
Күн –Ана келеді)
- Күн
Ана
- О, Қасиетті Жер Ана! Алла - тағаланың
әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен
үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан, жан – жануарыңнан
бастап адам затына дейін, қуанып нұрын себу үшін, өзіңнің гүл
көктеміңде, Ару көктемімді шақырғалы
отырмын.
Жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған
тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару
көктем,
Шақыратын бәрімізді
бірлікке.
Көктем
Ару.
Армысыздар
халайық
Бармысыңдар
халайық,
Наурыз тойын жұп
жазбай,
Жылда қарсы
алайық.
Өшкен шырақ
жағылсын.
Көктемнің әрбір ақ
таңы
Қуанышпен,
ашылсын
Ашық болсын
күніміз
Ашылады
нұрымыз
Мерейлі жұрт
тойласын
Мейрам етіп бұл
күнді
Жүргізуші:
«Қара жорға» биін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
- Бүгін ұлыстың ұлы
күні!
Ата
бабаларымыздың
Сөзімен, айтсақ«Ақ түйенің қарны жарылған
күн».
Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды
шақырайық.
жүргізуші:
Наурыз келсе құт келгені
халайық,
Есік ашып шын
жүректен,
Ел болып қарсы
алайық!
Жер
Ана.
Зарыға күткен
жаңа жылым да,
Наурызым келді
- ау!
Жаңа – жылым
жарылқа, ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман
ет.
Жамандық әрі
кет, әрі кет
Алас, Алас! Бар
бәледен қалас
Наурыз батырым
келе ғой!
Наурыз
батыр.
Сәлем Анам алтын
күн,
Нұр шуағы
халқымның.
Ашық болсын
аспаным,
Аман болсын жас -
кәрің.
Жыл иесі
тұлпарым
Құт иесі
тұлпарым
Бақыт әкел
еліме
Құт – береке
молшылық
Дари берсін
жеріме.
жүргізуші:
Рахмет,
Наурыз
батыр,
Күн
Ана,
Ару
көктем,
Тойымызға келген қадамдарыңызға нұр
жаусын.
Ән. «Ертегілер»
Би. « Испан биі » 2-сынып қыздары қыздары
1-сынып «Көрісу көрінісі»
Терме : «Сыпыра жырау» Орынбасар Әсем
Би: 4-сынып «Оймақ биі»
Көрініс: «Шық бермес Шығайбай»
Рольде ойнаған оқушыларды таныстыру
Ән: «Мерекем» 4-сынып қыздары
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.
Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы
Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде
«Жалғыз шала сәуле болмас»деп, қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс
атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды Жыл бойы
дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп
тілейді
(Ортаға Қыдыр ата
келеді)
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп,
Қыдыр ата ортамызға келіп
түр
Сәлем беріп, алақанымызды жайып атамыздың ақ
батасын алайық
Қыдыр
ата.
Сұрасаң бата
берейін,
Үстем болсын
мерейін
Ықыласпен қол
жайсаң
Ақ тілекті
төгейін
Ұлыс оң
болсын
Ақ мол
болсын,
Қайда барсаң жол
болсын
Төрт түлік ақты
болсын,
Ұлыс береке
берсін,
Бәле-жәле жерге
енсін
Көйлектерін көк
болсын!
Қайғы уайым жоқ
болсын
Қуаныштарың көп
болсын
Аумин!
Би:
«Флешмок»
Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын!
Деніміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын!
Осымен «Қош келдің – Әз - Наурыз!» - атты
мерекелік кешімізді
аяқтаймыз.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Наурыз - асыл айым!"

шағым қалдыра аласыз