400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Наурыз- жаңа күн, жаңа бастама»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепте өткен Наурыз мерекесінің қалай ұйымдастырылғанын сипаттайды. Бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың белсенділігін арттыру және мерекенің тәрбиелік мәнін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№7 Есқайыр Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте өткен «Наурыз – жаңа күн, жаңа бастама» атты наурыз мерекесі туралы


20 наурыз күні мектебімізде тәрбие ісі орынбасарлары мен мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың ұлы күні аталып өтті. “Наурыз – жаңа күн, жаңа бастама” тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оқушылар мен ұстаздарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кештің шымылдығын мектеп директоры Бейсова Майра Исламғалиқызы құттықтау сөзімен ашып, Наурыз мейрамының маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде татулық пен бірлікті, жаңару мен жасампаздықты ұлықтайтын бұл мейрамның әрбір қазақ үшін қасиетті екенін атап өтті. Шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншісі, әрі ата-анамыз Нұрханова Жайна ханым әннен шашу шашып, Наурыз мерекесімен құттықтады. Оқушылар мен мұғалімдер әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, оқушылар ұлттық ойындарға белсене қатысып, өзара сайысқа түсті. Арқан тарту, асық ату, қол күрес, қазақша күрес сынды ойындар арқылы балалар ұлттық дәстүрлерді сезініп, қызықты сәттерге куә болды. Мерекенің ең қызықты сәті – ұлттық тағамдардан дәм тату болды. Дастарханға наурыз көже, бауырсақ, шұбат, құрт сынды қазақтың дәмді тағамдары қойылып, балалар мен қонақтар Наурыз дәмінен ауыз тиді. Бұл күн – тек мереке емес, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін тағылымды сабақ болды. Оқушылар қазақтың ұлттық мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттырып, мейрамның шынайы мәнін ұғынды. Осындай думанды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны сөзсіз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 наурыз
95
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі