400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз Ашық сабақ 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі жайында балаларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеу!
Материалдың қысқаша нұсқасы

(сабақтың тақырыбы) Қош келдің Әз-Наурыз!

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

19.03.2025

Сынып: 3 сынып

Қатысушылар саны:20

Қатыспағандар саны:1

Тәрбие тақырыбы

Наурыз жыл басы

Құндылықты дарыту

Оқушыларға Наурыз мерекесінің маңызын түсіндіру;

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: А) халқымыздың әдет –ғұрып , салт- дәстүрлеріндегі ұлттық мейрамның ерекшелігі неде екендігін бала санасына тереңдете түсіндіру.

Ә) Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің келешек ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағылымы жайлы айта отырып, оқушылардың эстетикалық қызығушылығын арттыру.

Б) Әрбір оқушы жүрегінде ата – бабамыздың салт- дәстүрі мен әдет-ғұрпы , тілі мен мәдениетін қалыптастырып , оны құрметтей білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы мерекеміз – Наурыз туралы әңгімелесеміз.

Наурыз – табиғаттың жаңару, тіршіліктің жанданар кезеңі, яғни Жаңа жыл!

Бұл күнді халқымыз ерекше атап өткен, түрлі дәстүрлер мен ойындар өткізілген.

Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін уақыты. Қазақ халқы бұл күнді жаңа жыл деп есептеп, ерекше дайындалады. Бұл мейрамда адамдар бір-біріне қонаққа барып, мерекелік тағамдар әзірлейді, дастарқан жаяды.


Сұрақ-жауап:

  1. Балалар, сендер Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?

  2. Наурыз көже қалай дайындалады?

  3. Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?



презентация

Сабақтың ортасы

Наурыздың тарихы:

Наурыздың 22-сі күні күн мен түн теңеледі.

Бұл мереке тек қазақ халқында ғана емес, көптеген шығыс халықтарында аталып өтіледі.

Наурызда адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, ренжіскендер татуласады.

Салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар:

Бата беру – үлкендердің жастарға ізгі тілектерін айтуы.

Тілеу көже тарату – әр үйде дайындалатын қасиетті тағам.

Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, арқан тартыс ойындары ойналады.


Бесбармақ әдісі тапсырмалар:

1.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)

2.Бұл күні табиғатта қандай өзгеріс болады? (күн мен түн теңеледі)

3.Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)

4.Наурыз мейрамының басты асы не ? (Наурыз көже)

5.Наурыз көже неше дәмнен тұрады?(7)

6.Наурыз мейрамында қандай ұлттық ойындар ойнаған?(Қыз қуу, Көкпар, Арқан тартыс, Теңге ілу, Алтыбақан т,б.)

7. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?((Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын)


8. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.


1. Нұрайым: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

О, ағайын, ағайын Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың

2. Бектөре: Жыл басы – Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке Тіршілік жаңа оянды!

3. Аяна: Наурыз келді сан құрып Жасарып жаңғырып Құлпырды жер мен көк Мейірім таң күліп.

4. Санжар: Наурыз тойы — салтанат, Наурыз тойы — мархабат. Әр жүректен ән тарап, Шаттанады шартарап.

5.Елнұр: Көктем келді, балақай, Жасарды жер, алақай. Наурыз тойын тойлайық, Әсем әнге салайық.


Мақал-мәтел сайысы

Мұғалім мақалдың жартысын айтып, оқушылар жалғастырады.

Мысалы: «Жер – қазына, су – …»

(алтын).


6.Айару: Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.

7. Нұртай: Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса

8.Шұғыла: Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын бұл Наурыз!

9.Әлихан : Наурыз жауын, наурыз сән, Әсем әуен, сазды ән. Қыз бозбала қыдырған, Жаcыл желек, көк аспан.

10.Мансұр: Наурыз көктем, наурыз жыр, Ана мейірім, шуақ нұр. Жан иесін жаңартқан, Аққан бұлақ, нәзік сыр.

ІV. Жұмбақ 
— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан)


Наурыз мерекесіндегі дәстүрлер

? Тілек айту – адамдар бір-біріне жақсылық тілейді.
? Бата беру – үлкендер жастарға бата береді.
? Көрісу – адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасады.
? Ұлттық ойындар – «Асық ату», «Бәйге», «Көкпар», «Арқан тартыс» сияқты ойындар ойналады.
? Тазалық жасау – үйлерін тазартып, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алады.

















































































Оқушылар топпен жауап берді


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Оқушылар өз жұмыстарын таныстырады.

Сабақ соңында Наурыз көже немесе басқа ұлттық тағамдар ұсынылады.

Мұғалім қорытындылап, Наурыз мерекесінің маңыздылығын тағы бір еске салады.


Наурыз – халықтың береке-бірлігін, достығын нығайтатын мереке.

Әрқашан үлкендерді құрметтеп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек!


Қорытынды сұрақтар:

  1. Наурызда адамдар қандай ізгі істер жасайды?

  2. Ұлттық дәстүрлердің маңызы қандай?

  3. Наурыз мерекесінде өз отбасыңда қандай салттар сақталған?



презентация

































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
96
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі