жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз жыл басы
Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Наурыз-жыл басы».
Оқу іс-әрекеттің мақсаты:
Білімділігі: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, тарихын,өнерін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлеуге үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,ойлау қабілетін дамыту,ой өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту;
Тәрбиелігі:Оқушыларды мейірімділікке,әдептілікке,татулыққа,достыққа тәрбиелеу.
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Көрнекілігі: Наурыз мейрамына байланысты суреттер,дастархан мәзірі,қима суреттер,көктем туралы суреттер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке қолданылатын жаңа технология: Слайд,сын тұрғысынан ойлау,топпен жұмыс,автор орындығы.
Әдіс-тәсілі: Топқа бөлу,миға шабуыл,постер қорғау,сұрақ-жауап,мадақтау.
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, бейнелеу өнері, математика, сауат ашу.
Билингвалды сыңары: көктем-весна- sprunq мейрам- праздник-celebration бір,екі,үш, төрт, бес,алты-один,два, три,четыре,пять,шесть-one, two, three, four, five, six.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері I Ұйымдастыру кезеңі II. Өткен сабақты пысықтау III.Жаңа оқу іс-әрекеті Кіріспе IV.Автор орындығы Миға шабуыл V.Топпен жұмыс 1-топ «Сауат ашу» орталығы 2-топ «Бейнелеу» сурет орталығы 3-топ «Жапсыру» орталығы 4-топ «Сөйлеуді дамыту» орталығы Сергіту сәті Оқу іс-әрекетін қорытындылау Дидактикалық ойын: «Көктем гүлдері» Кері байланыс Бағалау |
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі. Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарап талпынып, Әлемдегі бар адамға Біз жақсылық тілейміз. - Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын. - Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай тақырыпты өтіп едік? -Бір жылда қанша мезгіл бар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем айларын атаңдар? -Наурыз айындағы мерекелерді атаңдаршы? -Балалар, бүгінгі жаңа сабағымызды бастамас бұрын тақтадағы сандарды санап, сандардың артындағы дыбыстарды қосып оқып, жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз. - Дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы- «Наурыз – жыл басы». -Балаларға, суретке қарап Наурыз мерекесі туралы түсінік беремін. Наурыз-қазақ халқында ертеден тойланып келе жатқан мейрам. Наурыз қазақша «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Осы кезде мал төлдеп, адамдардың аузы аққы тиген. Сондықтан «Ұлыстың ұлы күні» деп зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз-мейрамында қазақ халқы жеті түрлі тағам қосып «Наурыз көже» жасайды, ән шырқап, ойын-сауық өткізеді. -Балаларды автор орындығына отырғызып, көктем ,наурыз туралы әңгіме тақпақ айтқызамын. - Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. -Балалар бүгінгі өткен жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты тапсырмалар орындаймыз. - Топ ережесімен таныстыру 1.Тыныш отыру; 2.Бірін-бірі тыңдау; 3.Ойымызды ашық айту; 4.Әр пікір құнды деп есептеу; 5.Топпен бірлесе жұмыс жасау. 1-тапсырма: Көктем,Ана,Наурыз,Мейрам сөздерінің мағынасын айтып, дыбыстық талдау жасау 2-тапсырма: Көктем мезгілінің гүлі-қызғалдақтың суретін бояу. 3-тапсырма: Наурыз көжеге керекті жеті түрлі тағамның суретін жапсырып, 1-оқушы қорғайды. 4-тапсырма: Суретпен жұмыс Үй жануарларын атап төлдерін жапсыру -Балалар неге үй жануарлары дейміз? Пайдасы мен қасиетіін айтып беріңдер? Мынау-менің жүрегім, Бәрін өзі басқарған. Мынау-басым ақылды, Бәрін өзі атқарған. Мынау- менің оң қолым, Мынау- менің сол қолым. Бәрін өзі жасаған. -Оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? -Қандай тапсырмалар орындадық? -Ал балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетін қорытындылау ретінде «Сиқырлы алма» ағашымен ойын ойнайық. -Қараңдаршы балалар,көктем мезгілінің қандай гүлдері өсіп тұр? -Кәне осы гүлдерді алып, көрейікш, қандай сұрақтары бар екен? 1-сұрақ Көктем мезгілінің айларын ата? 2-сұрақ Наурыз көжеге қосылатын тағамды ата? 3-сұрақ Қандай ұлттық тағамдарды білеміз? 4-сұрақ Қандай ұлттық ойындарды білеміз? 5-сұрақ Наурыз айындағы мейрамдарды ата 6-сұрақ Қандай ұлттық киімдерді білесіз? Балалар, егер сендерге сабақ ұнаса тақтада ілулі тұрған күнге жапсырамыз. Егер сабақ қызықты болмаса бұлтқа жапсырамыз. Сабақ мүлде түсінбегендерің жауынға жапсырамыз. -Ал балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде, барлығың жақсы отырып, жақсы жауап бердіңдер. -Балаларды бағалап жұлдызшалар таратамын |
Балалар жақсы көңіл-күймен келген қонақтармен сәлемдеседі. -Көктем туралы -4 мезгіл . Күз,қыс, көктем,жаз Көктем -Наурыз,сәуір,мамыр -8наурыз «Аналар мерекесі» -22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мерекесі 1 2 3 4 5 6 Н А У Р Ы З Бір,екі,үш,төрт, бес,алты- один,два, три,четыре,пять,шесть-one, two, three, four, five, six. көктем-весна- sprunq -Балалар өз ойларын толық жеткізеді. Көктем, наурыз, ана туралы тақпақтарын автор орындығына отырып айтады. -Балалар топ ережесімен танысады.
-Көктем-мезгілге жатады. Көктем -6дыбыс, 2-буын, 2-дауысты, 3-дауыссыз дыбыс. - Балалар қызғалдақты атап,қандай түспен бояғандарын айтады. -Наурыз көжеге қосылатын тағамдар: су,тұз,ет, айран, бидай,тары, бұршақ Анасы Төлі Жылқы- Құлыншақ Түйе- Бота Сиыр- Бұзау Қой - Қошақан Ешкі- Лақ -Үй жануарларының сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен киім тоқимыз.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 19.05.2021 428
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген