Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Төрлет,төрлет Наурыз!»


Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау.Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп,қастерлеуге,қасиетін түсінуге баулу.Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларын танып, білуге,сыйлап,түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші: Армысыздар қонақтар,бүлдіршіндер! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Наурыз — жыл басы, наурыз — қуаныш мерекесі. Наурыз — бақыт пен шаттық мерекесі. Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық.

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші:Балалар біздер Ұлыстың ұлы күні ақ бата алып,шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме? Балалар:Қыдыр Ата,Наурыз әже

Жүргізуші:Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды,шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

Қыдыр ата:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейің

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын! Әумин!

Наурыз әже:

«Наурыз келсе,құт келгені,халайық!» Есік ашып,шашу шашып, Ел боп қарсы алайық(отырған қонақтарға шашу шашады)

Жүргізуші:Қыдыр ата!Наурыз әже!Ортаға жайғасыңыздар бүгін біздің «Төрлет наурыз» атты тойымыз болғалы жатыр бізбен бірге тойлаңыздар!

Қыдыр ата:Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ. Жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың өлең-шумақтарына береміз

Іңкәр:

Наурыз тойын жұп жазбай,

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық,

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Нұркелді:
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.

Диана:

Уа, халайық,халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Айсұлтан:

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән саламыз бәріміз

Би билейміз бәріміз.

Досымжан:

Наурыз айы-гүл айы

Наурыз айы нұр айы

Наурыз айда халқымның

Құлпыра түсер шырайы

(Ортаға әуенмен Алдар көсе келеді)

Алдар көсе:

Мен Алдармын,Алдармын,

Сақалымды талдармын

Сақал түгін мұрт та жоқ

Шайтанды алдадым

Сусыз жерде өсемін

Сондықтан да Көсемін. А-а-а-а-а-а-а-а-а-а

Сәлеметсіңдерме.балалар!

Жүргізуші:Қош келдің,Алдар көсе балаларымыздың өнерін бірге тамашала. Алдар көсе:Ия дұрыс айтасыз,балалардың өнерін тамашалауға келдім. Балалар мен сендермен «Тауық күрес» ойынын ойнағым келіп тұр. Ойын:«Тауық күрес»

Алдар көсе:Байқаймын балалар шеттеріннен мықты екенсіңдер. Барған жерімде сендерді мақтап жүретін боламын. Балалар мен енді басқа балалардында күштерін сынайын.Олай болса сау болыңдар.

Жүргізуші:Ұлдарымыздың «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

Би: «Қара жорға»

Наурыз мерекесін жыр -шумақтарымен. жалғастырмыз

Еркежан:

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт-дәстүрлерін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі

Сырымбет:

Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Балнұр:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа

Атам, әжем той тойлап,

Қуанып жүр балаша

Би билейміз тамаша

Ернар:

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүт бұлағын ағызған.

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан

Інжу:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме

Байлық, бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кен даламыздың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз

Халқымыз «Астыңдағы атыңнан құласаң да, ұлтыңның салтынан құлама» деген, ұлттық салт - дәстүрлерімізге кезек берсек.

Салт-дәстүр: «Құда түсу»

Жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған әнімізді шырқайық. Ән: «Қош келдің ,Әз Наурыз!»

Жүргізуші: Балалар 22- наурыз  аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Олай болса ортаға  Ай мен Күнді шақырамыз.

Ортаға Ай мен Күн шығады.

Күн:Сәулесі көп күнмін Түн:Жұлдызы көп түнмін Екеуі:Бірдей болып біздер Теңелеміз бүгін Күн:Ұзарамын мен енді Түн:Қысқаратын кез келді Екеуі:Ұйқы қанбай қалып, Жүрмеңдер тек жылап. Екеуі:Гүлмен жерді жайнатып Құлпыр,наурыз сен енді. Сәлеметсіңдерме балалар!Балалар біз сендермен қызықты ойын ойнағымыз келіп тұр. Ойын:«Күн мен түн» Жүргізуші:Келесі кезекте біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыздар. Би: «Қыздар биі »

Жүргізуші:Келесі кезекті өлең шумақтарына береміз:

Әбубәкір:

Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!

Елдана:

Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.

Сырым:

Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз!

Гұлнұр:

Жер үсті жасарады, жаңғырады.
Бар аймақ аңсай күткен сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән құлады.

Әлинұр:

Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.

Ендеше бүгінгі «Төрлет Наурыз» атты ертеңгілігімізді әсем әнмен аяқтайық. Ән: «Наурыз мереке»

Жүргізуші:

осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс- шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын.

Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Қош сау болыңыздар!



6


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
380
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12