жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Наурыз көже ішеміз" 7-сынып
|
Мектеп: №113 Әл-фараби атындағы жом |
|||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар: Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын! |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже ішеміз |
|||||
|
Күні |
Мұғалімнің есімі: Юлдашева Н |
||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
7.2.2.1 - кеңес беру, ұсыныс жасаудың түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;/айтылым/ 7.3.6.1 - тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу /оқылым/ 7.5.2.1 - жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру /тілдік бағдар/ |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: тақырып бойынша ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі, ыңғайлас салаластың жасалу жолдарын біледі. Оқушылардың басым бөлігі: ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолдана алады, тақырыпта айтылған мәселеге ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып талдау жасай алады. Кейбір оқушылар: ұлттық сөз әдебі формаларын және ыңғайлас салалас сөйлемдерді ауызша, жазбаша жұмыстарда орынды қолдана алады, өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелді жеткізе алады. |
||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
|
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым |
||||
|
Терминология: «тілеу көже», «тоқымқағар», « жеті түрлі дәннен». |
|||||
|
Сөз тіркестері: сүр ет, ақ мол, арпа жармасы |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы/ оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу/ |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Тарих, технология, дене шынықтыру пәндерімен байланысады, ортақ тақырыбы – ұлттық салт-дәстүр, оның шығу тарихы, наурыз көженің дайындалу технологиясы, Наурыз тойында ойналатын ұлттық ойындар. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Ғаламтордан тақырыпқа қажетті мәлімет алады, ұялы телефон, планшет, ноутбукты көмекші құрал ретінде ұтымды қолдана алады. |
||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Сабақ тақырыбы бойынша өткен оқу жылында қарастырылған Наурыз мерекесіне, оған қатысты сөздер мен сөз тіркестерін біледі. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
|
Басталуы 10 минут |
Оқушылардың зейінін бейімдеу; Жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Өтілген тақырыпқа байланысты оқушылар бір-біріне бата-тілек сөздерін айтады: «Ұлыс оң болсын!» «Ақ мол болсын!» «Қайда барсаң, жол болсын!» «Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!»
«Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын:
- Қызғалдақ Наурыз түні әр үйге келіп бақыт, жақсылық тілеуші адам?
Наурыз көжеге қандай азық-түліктер қосылған?
1991 жылы 15 наурыздағы Президенттің жарлығымен қандай мереке тойлана бастады?
Дескриптор:
«Санамақ» әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлемін.
|
|
|||
|
Ортасы 20 минут |
Жаңа сабақты түсіндіру 1 – тапсырма. Ж.Ж. Жаңа сабаққа байланысты сөздік жұмысын жүргізу. 1. Мұғалім оқиды, оқушылар қайталап, сөздік дәптерлеріне көшіреді. 2. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды. Жаңа сөздер Наурыз көже - молочно - просевной кислый суп Ұлттық тағам-национальное блюдо Тәрбиелік мәні-воспитательное значение Жомарттыққа-щедрости Ізгілікке- доброте Татулыққа- единству Дескриптор:
Кері байланыс беру Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау, марапаттау арқылы бағалау
2-тапсырма. Т.Ж. «Джигсо» әдісі арқылы оқушылар берілген мәтінді оқиды. Наурыз көже Наурыз көже - ұлттық тағам. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Келер жылғы молшылықтың белгісі ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, сүр ет, айран, май, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықты пайдалану арқылы пісіріледі. Әр үйдің дастарханы бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырған. Әрбір келген кісі сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. Көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілектерін айтып, бата берген. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. Дескриптор:
Кері байланыс беру Қ.Б. оқушылардың жауаптарын күлегештер арқылы бағалау 3- тапсырма. Т.Ж. «Т кестесі» арқылы халқымыздың бата беру, ізгі тілек айту салты – сөз әдебіне, ғылыми тілмен айтқанда, сөйлеу этикетіне жатады. Осыған орай 2 топ өз атауларына сай, яғни 1-топ - түрлі салт-дәстүрлерге байланысты бата-тілек сөздерін тақтадағы бірінші бағанаға, ал 2-топ – Наурыз мерекесіне байланысты бата-тілек сөздерін екінші бағанаға жарыса қатесіз жазамыз. Бұл тапсырманы орындауда белгіленген уақыт аралығында ( 3 минут) барынша көп сөз жаза білу керек. Үлгі:
Тұсау кесер – ешкімнің Наурыз – құт-береке ала жібін аттама! әкелсін!
Дескриптор:
Тапсырма соңында оқушылар екі бағанадағы дұрыс жазылған сөздерді санап, өзара бағалау және топтық бағалау жұмыстарын жүргізеді.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын: да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар Кері байланыс беру Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау, марапаттау, құптау сөздері арқылы бағалау
4 - тапсырма.
«Жасырын
жалғаулықты тап», яғни қажетті жалғаулықтарды қойып, сөйлемді
толықтырыңдар.
3. Ағаштардың бұтақтарында
бүршіктер пайда болады ... күн жылына бастайды. 6. Әр үйде наурыз көже пісіріледі ...ұлттық тағамдар дайындалады. 7. Наурызда адамдар бір-біріне бақыт ... береке тілейді.
Дескриптор:
Кейбір оқушылар тақырыпқа қатысты ұлттық сөз әдебі формаларын және ыңғайластық қатынастағы жалғаулық шылауларды қолдана отырып, ыңғайлас салалас құрмалас немесе ұсыныс, кеңес беру формасындағы сөйлем құрастырады. Үлгі: Наурыз тойы бүкілхалықтық мереке ретінде тойланады және сол арқылы біз ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейміз. Кері байланыс беру Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау, марапаттау арқылы бағалау
|
Плакат Оқулық оқулық 7-сынып Бәйшешек 2-бөлім Оқулық |
|||
|
Аяқталуы 10 минут |
Кері байланыс. «Тамаша идеялар» әдісі арқылы оқушының бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылаймыз. Өздерінің ұсыныс-тілектерін, кеңестерін «Ағаш жапырақтарына» жазу арқылы анықталады. «Наурыз мерекесін» жақсы өткізу үшін... Әр оқушы бір ұсыныс, кеңес беріп, бір тілек жазады. Оны «Наурыз ағашына» жабыстырады.
Үй жұмысы. «Наурыз тойы» тақырыбына эссе жазу. Эссе құрылымын төмендегі талаптарға сай жазып келеміз. Дескриптор.
|
Плакат, стикерлер |
|||
|
Қосымша ақпарат |
|||||
|
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Саралау сабақтың өн бойында жүреді. Қолдау көрсетуді қажет ететін оқушылардың қажеттілігіне қарай мәтіннен сұрақ дайындайды, Сонымен қатар, дереккөздерді пайдаланып зерттеу жасайды, оны эссе жазуда қолдана алады |
||||
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Тапсырма қызықты әрі тиімді орындалу үшін «Кім жылдам?», «Санамақ», «Джигсо», «Тамаша идеялар» әдістерін қолданамын. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындау барысында өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау жұмыстары жүреді. Сол арқылы оқушылардың сабақ барысында не үйренгенін және нені үйренгісі келетінін тексеремін.
|
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. «Кім жылдам» әдісі өте тиімді болды, оқушылар өтілген тақырыпқа байланысты өз білімдерін көрсете алды, үй тапсырмасын сұрау тез әрі жылдам жүзеге асты. Уакытты тиімді пайдалана алдым. 2. Кері байланыс ретінде «Тамаша идеялар» алу арқылы, оқушылардың сабақтан нені үйренгендеріне көз жеткізе алдым. Әр оқушы тақырыпқа байланысты идеясын ұсынып, дәлелді сөйлеуге үйренді. Бұл тапсырма да сабақ мақсатына сай жоспарланған болатын. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Белсенді оқытуға арналған әдіс-тәсілдердің көп болуы; 2. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай ойын түрінде қолданған әдіс-тәсілдердің болуы. (тиімді сабақ жүргізуге септігін тигізеді, оқушылардың қызығушылығын арттырады) Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім? Кейбір оқушыларымның тақырыпқа байланысты өз ойын қорытып айтып, ұсыныс тастауы – керемет жетістігім. Демек, оқушыларыма ой тастай алғандығым деп білемін. Оқушымның ұсынысы: - «Наурыз мерекесін» дәріптейтін, насихаттайтын көркем фильм түсірілсе... Өзге ұлт өкілдерінің қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін біле бермеуі. Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? Оқушылардың қажеттіліктеріне сай тапсырмалар мен белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін көбірек қолдануға көңіл бөлемін. Олар оқу мақсатына жетуге көмектеседі. |
|||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген